Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет4/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.47 Mb.
#13353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
76-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Осы Қағиданың 91-93-тармақтарының талаптарын қанағаттандыратын люк комингстерінің биіктігі егер Кеме қатынасының тіркелімі кеменің қауіпсіздігінің теңіз әрекетінің кез келген жағдайында сақталатындығына көз жеткізген болса, кішірейтілуі мүмкін немесе осы комингстер мүлде болмауы да мүмкін. Сонымен қатар, комингсіз люктердің жапқыштарының аса тығыздалып жабылуына басты назар аударылуы тиіс.

90.Ұзындығы 100 м және одан жоғары кемелердегі жүктемелер, люктердің жапқыштарына арналған ең аз есептік жүктеме мынадай түрде есептеледі:



1) кеменің бірден төрт ұзындығындағы басты жиегіне орналасқан 1-аудан люктерінің жапқыштары толқын жүктемесіне қатысты есептеледі, т/м, басты перпендикулярда мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

Жүктеме= 5+(Lн-100),                            (2)

 

Lн - L ұзындығына тең етіп қабылданады, бірақ 340 м жоғары емес;

 - осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес қабылданады, және 3,5 т/м2 дейін басты перпендикулярдың бірден төртіне дейін төмендейді. Люктердің әр жапқыштарының секцияларына қатысты қолданылатын есептік жүктемесі оның орта бөлігінде анықталғанға тең етіп қабылдануы тиіс.



2) 1-ауданның барлық басқа жапқыштары 3,5 т/м жүктемесінен алынып есептеледі;

3) 2-аудан люктерінің жапқыштары 2,6 т/м жүктемесі бойынша есептеледі;

4) егер 1-ауданның люгі су үсті бортының палубасынан стандартты биіктікке жоғары орналасса, ол қондырма палубасында орналасқан осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес көрсетілген жүктемеге қатысты есептеледі.

91. Ұзындығы 24 м болатын кемелерге люктер жапқыштарының жүктемесі мынадай түрде есептеледі:



1) кеменің бірден төрт ұзындығында басты жиегінде орналасқан 1-аудан люктерінің жапқыштары 2,43 т/м толқын жүктемесінен алынып есептеледі, олар басты перпендикуляр ұзындығынан алғанда 2,0 т/м дейін төмендейді. Люк жапқыштарының әрбір секцияларында қолданылатын есеп жүктемесі оның орта бөлігінде қолданылатындарға тең қабылдануы тиіс;

2) 1-ауданның люктерінің жапқыштары 2,0 т/м жүктемесіне есептеледі.

3) 2-аудан люк жапқышы 1,5 т/м жүктемесіне есептеледі;

4) егер 1-аудан люгі қондырманың стандартты биіктігінен ең аз дегенде, тең болып келетін су үсті борты палубасынан жоғары орналасса олар қондырма палубаларында орналасқан люктарға қатысты 13-қосымшада көрсетілген жүктемеге есептелетін болады.

92. 24 м-ден 100 м-ге дейін ұзындықтағы кемелерге люк жапқыштарына қатысты толқын жүктемесі осы Қағиданың 13-қосымшасында көрсетілген сызықтық интерполяциямен қабылданады.

93. Люктердің барлық жапқыштары мынадай етіп жобаланады:



1) жоғарыда көрсетілген жүктемелерге сәйкес анықталған ең жоғары қысым, оның беріктілік қоры тұрақтылықты жоғалтқан кезде 1,25 ең төмен қысымнан аспайды;

2) майысқандық 0,0056 ұшырылудан аспайды;

3) жапқыштардың жоғары беткейіндегі болаттан жасалған қапсырма қаттылық қабырғасы арасындағы аралықтан алып санағанда бір пайыздан кем болмайтын жуандыққа ие болады;

4) жүк люктерінің жапқыштарына осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында анықталған байланыс қалыңдығы мынадай коррозиондық қосуларға ұлғайтылады:

бір қабатты жапқыштар үшін - қапсырмалардың барлық парақшалары үшін және барлық кемелердегі қаттылық қабырғалары үшін 2 мм;

қорапты жапқыштар үшін - қапсырманың жоғарғы және төменгі парақшалары үшін 2 мм және жаппай тасымалдайтын, рудотасымалдаушы және аралас тасымалдаудағы кемелердің ішкі байланыстары үшін 1,5 мм және қапсырманың жоғарғы және төменгі беткейлері үшін - 1,5, сондай-ақ басқа кемелердегі басқа байланыстар үшін 1,0 мм;

контейнерлерді тасымалдауға арналған жұмырмалы түрдегі жүк трюмдарының люк жапқыштарына жоғарыда аталған коррозионды қосылулар орнына 1,0 мм үстеме қолданылады.

Ескертпе. Люк қақпақтарын есептеу және майыстыру кезінде жапқыштың беткейіне түсетін қысым 1,0 g тең болып келетін алаң және тікелей күшейтілім салмағының бірлігінен алғанда жоғарыда көрсетілген есептік жүктемеден есептелінеді.

94. Теңіздің әсері кезінде қапсырма және тығыздауларға қарағанда жапқыштардың нығайту және оларды су өткізбейтін құрал, Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлдануы тиіс.

95. Комингстерге тіреліп тұратын люк жапқыштары теңіздің кез келген жағдайында көлденең жүктемелерге қарсы тұратындай қабілеті бар құралдармен бекітіледі.

96. 1 және 2-аудандарда орналасқан машиналық бөлімшелерге апаратын саңылаулар тиісті қапсырмамен өңделіп, мықты болаттан жасалған шахталармен тұрақты қорғалуы тиіс. Егер осы шахталар Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған болаттан жасалған шахталармен, жәшіктермен және рубкалармен қорғалмаған болса, олардың беріктілігі арнайы қаралады.



Мұндай шахталарға кіретін есіктер осы Қағиданың 80-тармағын қанағаттандыруы тиіс.

Комингстердің биіктігі 1-ауданда орналасқан саңылауларға арналған палуба төсенішінен алғанда 600 мм-ден кем болмауы тиіс және 2-ауданда орналасқан саңылаулар үшін 380 мм-ден кем болмауы тиіс. Мұндай шахталардағы басқа да саңылаулар өз орындарында үнемі бекітіліп тұрған теңдес жапқыштармен бекітіледі.

Осы Қағиданың 162 немесе 163-тармақтарына сәйкес кемеде азайтылған су үсті борты тағайындалса, және олар басқа құрылғылармен қорғалмаса, мұндай шахталарда осы Қағиданың 73-тармағына жауап беретін екі реттік есіктер орналастырылады. Ішкі есіктердің комингстері сыртқы есік комингсінен 600 мм болатын комингстен қарағанда 230 мм биіктікте болу көзделеді.

97. Қазан люктерінің, түтін құбырларының және желдеткіштердің комингстері су үсті бортының ашық палубаларында немесе қондырма палуба үстіне қаншалықты мақсаттылыққа сай және жүзеге асырылатындай жоғары көтерілуі тиіс. Қазанды люктердің саңылауларының болаттан немесе соған тең болып келетін басқа да материалдардан жасалған берік жапқыштары болуы тиіс. Жапқыштар теңіз әсері кезінде су өткізбеуді қамтамасыз етеді.

Егер машиналық бөлімше желдеткіші комингісінің биіктігі немесе авариялық генераторлардың үй-жайлары осы Қағиданың 104-тармақтарының талаптарын қанағаттандырмаса, онда осы Қағиданың 105-тармағына сәйкес талап етілетін су өткізбейтін жапқыштар осы үй-жайлардың үздіксіз баламалылығын кепілдендіретін басқа да соған келетін құралдармен құбылып қолданылады.



Авариялық генератор үй-жайын үздіксіз ауамен қамтуға қажетті желдеткіштер егер олар жүзбелі болса және орнықтылық есебі кезінде төмен қарай бағытталған саңылауларды қорғаса, олардың жеткілікті биіктіктегі комингістері болуы тиіс және бұлар осы Қағиданың 104-тармағының талаптарына жауап беруі тиіс.

98. 1 және 2-аудандары немесе кез келген қондырмада орналасқан түтікшелер мен комингісіз үлкен емес люктер, жабық люктерді қоспағанда, су өткізбеуді қамтамасыз ететін берік жапқыштармен жабылуы тиіс. Жақын орналасқан бұрандалармен бекітілмеген қақпақшалар шарнирлерінде немесе Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған кез келген басқа материалда бекітілуі тиіс.

99. Машиналық бөлімшелердегі саңылаулар люктерін қоспағанда, су үсті бортының палубасындағы басқа да саңылаулар жабық қондырмамен, тұтқамен немесе беріктілігі тең болып келетін басқа да тамбурмен қорғалуы тиіс. Су үсті бортының палубасының астыңғы жағында немесе жабық қондырма шегіндегі үй-жайда орналасқан үй-жайға кіруге жол беретін ашық палубадағы мұндай кез келген қуыстар берік тұтқамен немесе ашылмалы тамбурмен қорғалады.

Мұндай рубкалардағы есік саңылаулары немесе осы тамбурларға ұқсайтын есіктер осы Қағиданың 73-тармағының талаптарын қанағаттандыратын есіктермен жабдықталады.

Егер рубка ішіндегі саңылау беріктілікті талап ететін ұқсас тамбурлармен қорғалған болса, және осы Қағиданың 71-72-тармағының талаптарын қанағаттандырған болса, тұтқаның ішкі саңылаулары осы талаптарға жауап бере алмайды.

Қондырманың стандартты биіктігіне кем емес іспеттес биіктіктегі берік рубканың жоғарғы төсеніштегі саңылауын берік рубкамен немесе осыған ұқсас тамбурмен қорғамауға рұқсат етіледі, егер мұндай рубка, квартердектің стандартты биіктігінен кем емес биіктігі бар жоғарыланған квартердекте немесе қондырмада орналасса. Көрсетілген саңылауларда Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған жабқыштары болуы тиіс.

100. Ортаңғы қондырманың және юттың есік кескіндері комингстерінің биіктігі егер соңғысы жабық қондырмаларға қойылған талаптарға сәйкес келсе, қосымша құралдардың болуы туралы рұқсаттан басқа, ол 600 мм-ден кем болмауы тиіс.



Ұқсас тамбурлардың аралықтарындағы есік кескіндері комингстерінің су үсті бортының палубасының үстінде орналасқан биіктігі қол жетімділіктің қосымша талаптарының бар болуында 600 мм-ден кем болмауы тиіс.

Су үсті борты палубасының астында орналасқан ұқсас тамбурлардың аралықтарындағы есік кескіндері комингстерінің биіктігі 1-аудандарда 600 мм ден және 2-ауданда 380 мм-ден кем болмауы тиіс.

Рубка аралығындағы су үсті бортының палубасының астында орналасқан үй-жайға апаратын есік кескіндері комингсінің биіктігі мыналардан кем болмауы тиіс:

егер жоғарыда орналасқан палубаға қосымша қол жеткізу қамтамасыз етілмеген болса 1-ауданда 600 м;

егер осындай қосымша қол жеткізу болса ол 2-ауданда 380 мм ден кем болмауы тиіс.

101. Егер қондырманың, рубканың және ұқсас тамбурдың беріктілігі осы Қағиданың 72-74-тармақтарының талаптарына жауап бермесе және сондағы жабылатын құралдар 72-74, 97, 98 және 125-134-тармақтардың талаптарына сәйкес келмесе, онда мұндай қондырманың ішінде орналасқан саңылаулар ашық палубада жабылмаған тәріздес қаралуы тиіс.

102. 1 немесе 2-аудандарда орналасқан су үсті борты палубасының астында немесе жабық қондырма палубаларының астындағы үй-жай желдеткіштері палубаға сенімді бекітілген болаттан немесе басқа да соған тең материалдан жасалған берік конструкциялы комингісі болуы тиіс.

1-ауданда орналасқан желдеткіштер палубаның төсеніші үстінен 900 мм кем болмайтын биіктіктегі комингстері болуы тиіс; 2-ауданда комингстер палуба төсенішінен алғанда 760 мм кем болмауы тиіс.

Желдеткіштердің комингстерінің кішірею мүмкіндігі әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

Егер қандайда бір желдеткіштің комингісінің желдеткіші 900 мм-ден асып кетсе, ол арнайы бекітіледі.

103. Ашық қондырма арқылы өтетін желдеткіштер су үсті борты палубасында болаттан немесе басқа да берік материалдан жасалған комингстерге ие болуы тиіс.

104. Комингісі палубадан 4,5 м жоғары болып келетін 1-ауданда орналасқан желдеткіштер және комингісі палубадан 2,3 м жоғары болып келетін 2-ауданда орналасқан желдеткіштерде жабылатын құрылғылары болмайды.

105. Осы Қағиданың 104-тармағында көрсетілген желдеткіштерден басқа, желдеткіштердің саңылаулары теңіз әсері кезінде су өткізбейтін сенімді жабылатын құрылғылармен жабылуы тиіс. Ұзындығы 100 м кіші болатын кемелерде жабылатын құралдары үнемі бекітіліп тұруы тиіс. Егер басқа кемелерде бұлар көзделмесе, жабылатын құрылғылар оларға арналған ыңғайлы жерлерде сақталады.



Жабылатын құрылғылар болаттан немесе соған тәріздес басқа да материалдардан жасалады. 1 және 2-аудандарда ағаштан жасалған тығындарды және желенді тыстарды қолдануға тыйым салынады.

106. Егер балласты немесе басқа да цистерналардың әуе құбырлары су үсті борты палубасының немесе қондырманың үстіне қарай жоғарыласа, онда мұндай құбырлардың шығып тұратын бөліктері берік конструкциядан көзделеді. Сұйықтық жерге ағып түсетін палубадан бастап қуыстың төменгі беткейіндегі биіктік су үсті борты палубасында 760 мм кем болмауы қондырма палубасы үстінде 450 мм-ден кем болмауы көзделеді. Егер мұндай биіктік кемедегі жұмысқа кедергі болатын болса, онда егер жабық құрылғылар, биіктікті ақтайтын болса, онда одан кіші биіктік мақұлданады. Әуе құбырларының ұштары цистернаға судың келіп түсуіне жол бермейтін арнайы жабылатын және үнемі жабық тұратын құрылғымен жабдықталуы тиіс. Ашық палубада орналасқан әуе құбырларының ұштарының жабылатын құрылғылары автоматты түрде қолданыста болуы тиіс. Танкерлерде тыныс алу клапандарын қолдануға рұқсат етіледі.

107. Су үсті борты палубасының төменгі жағында орналасқан жүк порттары мен соған іспеттес басқа да саңылаулар су өткізбейтіндей және корпустың қоршалып жасалған қапсырмасына сәйкес келетін берік конструкциядан жасалған есіктермен жабдықталуы тиіс.

Мұндай саңылаулардың саны осы конструкцияда кемені пайдалану кезінде мүмкіндігінше азайтылып, соған сәйкес болып келуі тиіс.

Саңылаудың төменгі жиегі борттың су үсті бортының палубасына қарама қарсы өткізілген кемеге тағайындалған ең биік жүк маркасының жоғарғы палубасынан төмен емес көзделеді. Егер Кеме қатынасы тіркеліміне кемені пайдалану кезінде оның қауіпсіздігі сақталатындығы дәлелденсе, саңылаулар аса төмен орналасуы ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Мұндай жағдайларда есіктер арасындағы үй-жайға судың келіп түсуін көрсететін теңдес болып келетін ішкі су өткізбейтін есіктер және жеңіл қол жетімді клапанда орнатумен кептірілетін және басқа да Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған әдістер қолданылады. Сыртқы есіктер әдеттегідей сыртқа қарай ашылуы тиіс.

108. Үлкен мөлшердегі артқы, алдыңғы және борт есіктерін ашу егер қолға арналған құрылғы осы мақсат үшін қол жетімді және ыңғайлы болмаса, әдеттегі жағдайларда энергия өнімінің жетектері көмегімен жүргізіледі.



Энергия көзінің жетектері қатарынан шығу кезінде есіктер сол қалпында қалдырылуына қатысты шаралар қолданылуы тиіс.

109. Осы Қағиданың 110-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Қағиданың 72-134-тармақтарына сәйкес жабдықталған есіктер су үсті борты палубасынан төмен немесе тұтқалардан сонымен қатар су үсті палубасында орналасқан үй-жайдан алынған кеменің ішкі қапсырмалануындағы құйылу саңылаулары кеменің ішіне судың өтпейтінін қамтамасыз ететін тұрақты да берік құрылғылармен жабдықталуы тиіс.



Көрсетілген үй-жайларда ашық ұштары бар әр құятын саңылаулар бөліктерін бөлу кезінде белгі алатын кемелерге арналған аралық палубасынан жоғары орналасқан оны орнынан мәжбүрлеп жабатын қайтарылмайтын клапанмен жабдықталған болуы тиіс. Мәжбүрлеп жабу клапанымен басқару құралы жеңіл қол жетімді болуы тиіс және клапанның ашық және жабық екендігін көрсететін көрсеткішпен орнатылуы қажет.

Мәжбүрлеп жабылатын қайтарылмайтын клапанның орнына аралық қондырма палубасынан алғанда жетегі немесе тиісінше су үсті борты палубасынан алғандағы тірегі болатын қайтарылмайтын және тірек клапаны орналастырылады.

Санитарлы құятын клапандар жетектерін және вахта орналасқан машиналық бөлімшелер бөлігіне борттан сыртқа қарай шығарылатын шпигаттардан бөліктерге бөлу белгісін алмайтын кемелер жергілікті деп аталады.

Егер жазғы жүк ватерсызықтың ара қашықтығы тікелей (орман су үсті бортымен) кеме ішіндегі құятын құбырдың ұшынан алғанда 0,01 асатын болса, құятын құбырларға мәжбүрсіз жабылатын екі клапан орналастырылады.

Сонымен қатар бір клапан бортқа орналастырылуы тиіс, ал екіншісі осы кемеге шекті болып табылатын пайдалану кезінде қол жетімді болып келетін орында ең жоғарғы ватерсызықта орналастырылуы тиіс. Егер екі қайтарылмайтын клапандар арасында жергілікті жетекті клапан орналасса, борттан сыртқа шығатын екінші клапан осы кеме шекті болып келетін ащы суда ең жоғарғы ватерсызықтан төмен орнатылуы тиіс.

Егер көрсетілген қашықтық құятын құбырдың ашық ұшына дейін 0,02 асып түсетін болса, онда борт жанына мәжбүрлеп жабылмайтын тағы бір клапанды орналастыру рұқсат етіледі. Сонымен қатар Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының 5-бөлігінің талаптарын қанағаттандыратын бір клапанды тек құятын құбырдың ұшы кеме ішінде авариялық ватерсызыққа дейін 300 мм кем болмайтын қашықтықта болса орнатылады.

Көрсетілген қайтарылмайтын клапандарға арналған талаптар теңізде міндетті түрде жабық болып тұратын құятын клапандарға қолданылмайды, мысалы борт сыртына өзі ағып кететін жоғарғы борттық балласт цистерналарын құрғату. Мұндай саңылауларға палубадан басқаратын тірек клапандарының болғаны жеткілікті.

Қоқыс салғыштарды қайтарылмайтын клапандардың орнына су үсті бортының палубасынан жоғары жерде қалдық өткізуді тиейтін және шектелетін жүйесі бар екі итермелегіш орналастырылады. Төменгі итергіш су үсті борты палубасынан жоғары орында қосымша басқарылуы тиіс. Екі итергіш арасындағы қашықтық блоктау жүйесінің жұмысына кедергі жасамауы тиіс.

Қоқыс салғыштардың ішкі ұшы жазғы жүк маркасы бойынша кеменің шөгінді кезінде ватерсызықтан 1000 мм кем болмайтындай көтерілетіндей етіп орналастырылуы және кеменің осы қалпынан кез келген борт жағына

8,50 қисаю бұрышына дейін бағыттауы кезінде ватерсызықтан жоғары болып қалу ұсыналады.

Егер қоқыс салғыштың ішкі ұшы жазғы ватерсызықтан 0,01 асып түссе, пайдалану шартында борттағы ысыру әрқашанда қол жетімді болған жағдайда, онда су үсті бортының палубасынан жоғары ысыру басқару талап етілмейді.

Баламалы түр ретінде жоғарғы ысырма теңіз суы әрекеті кезінде аспалы су өткізетін қоқыс салғышғыштың ішкі ұшында бір мезгілде төменгі итергіш орнына бекітуді орнатумен аспалы су өткізгішпен ауыстырылады. Қақпақ және жабулар олардың бір мезгілде ашылуына жол бермейтін блокталуы болуы тиіс.

Қақпақты қоса алғандағы қоқыс салғыш констукрциясының бөлшектері беріктілікті қамтамасыз ететін жуандықта болуы тиіс.

Итергіштер мен жылжымалы жапқыштардың жетектері жақсы көрінетін таңбалары болуы тиіс: «пайдаланылмаған кезде жабық тұруы тиіс» делінген таңбасы болуы тиіс.

Қоқыс салғыштың ішкі ұшы жолаушылар кемесіне түсірілуіндегі 300 мм жоғары етіп немесе Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының

5-бөлігінің талаптары қолданылатын жүк кемесіндегі ең жоғарғы авариялық ватерсызықта орналастырылуы тиіс. Керісінше жағдайда, мұндай кемелердің ішкі ұштары жеңіл қол жететін орында ең биік жүк ватерсызығынан жоғары, аралықтар палубасынан алынып басқарылатын жапқышының ашық немесе жабық жағдайын көрсететін көрсеткішпен және «пайдаланылмаған кезде жабық болуы тиіс» делінген таңбасын белгілеумен қайтарылмайтын су өткізбейтін жапқышпен жабдықталуы тиіс.

110. Жүктерді тасымалдауға арналған қапсырмадан өтетін және жабық қондырмадан бастау алатын шпигаттар егер су үсті борты палубасының борт сызығы кеменің 5о қисаюы кезінде суға түсірілетін болса ғана орнатылады. Керісінше жағдайда, Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының 8-бөлігінің талаптарына сәйкес кеме ішіне қарай жүзеге асырылуы тиіс.

111. Вахта орналасқан машиналық бөлімшелерде басты және көмекші механизмдердің жүйелерінің және құбыр өткізгіштерінің борт сыртындағы қабылдауыштар басқаруы жергілікті жетектермен жүзеге асырылады.

Басқару жетектері жеңіл қол жетімді болып келуі тиіс және олар клапанның ашық немесе жабық екендігін көрсететін көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс.

Толық автоматтандырылған машиналық бөлімшелер аталған клапандармен басқару қатысында осы үй-жайда судың келіп түсуі туралы белгі беретін құрылғылар көзделген болса, қызмет көрсететін персоналды қоса алғанда машиналық бөлімшелерге теңестіріледі.

112. Осы Қағиданың 109-тармағында көрсетілмеген және су үсті борты палубасынан 450 мм төмен болатын қашықтықта қапсырмадан өтетін немесе жазғы жүк ватерсызықтар 600 мм кем болып өтетін ашық палубалар мен осы үй-жайлардан бастау алатын шпигаттар мен тоспа құбырлар қапсырмадағы қайтарылмайтын клапандармен жабдықталған.

Егер құбыр өткізгіш жабық қондырмадан өтетін және су үсті борты палубасынан төмен деңгейде осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет