Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет5/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.47 Mb.
#13353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
116-тармағында көрсетілген жуандыққа ие болса, бұл клапандар орналастырылмайды.

113. Осы Қағиданың 125-134-тармақтарының талаптарына жауап беретін қондырмалардың және рубкалардан жасалған шпигаттар борт сыртына қарай бағытталып орналастырылады.

114. Осы тармақпен талап етілетін барлық борттық арматура және клапан болаттан, қоладан және Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған жұмсақ материалдан жасалуы тиіс.

Қоңыр шойыннан немесе сондай материалдан жасалған клапандар рұқсат етілмейді.

Осы тармақпен талап етілетін барлық құбырлар болаттан немесе соған тең Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған материалдан жасалады.

115. Егер осы Қағидамен басқасы айтылмаса, шпигаттар мен құятын құбыр өткізгіштер мыналардан кем болмайтын қабырға жуандығын көздейді:



4,5 мм - құбыр өткізудің сыртқы диаметрі кезінде 155 мм және одан кем;

6,0 мм - құбыр өткізудің сыртқы диаметрі кезінде 230 мм және одан.

Аралық мағынасын сызықтық интерполяциямен анықтау керек.

116. Борт қапсырылған және оған жақын орналасқан осы Қағидамен талап етілетін клапандар арасындағы кез келген шпигат және құятын құбыр өткізгіштер мыналардан кем болмайтындай қабырға жуандығын көздейді:



7,0 мм - құбыр өткізудің сыртқы диаметрі кезінде 80 мм және одан кем;

10,0 мм - құбыр өткізудің сыртқы диаметрі кезінде 180 мм және одан кем;

12,5 - құбыр өткізудің сыртқы диаметрі кезінде 220 мм және одан артық.

Аралық мағынасын сызықтық интерполяциямен айқындау керек.

117. Борт иллюминаторлары, терезелер олардың шынылары және штормды жапқыштары егер олар Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған берік конструкциядан орнатылса.



Иллюминатор деп алаңы 0,13 шаршы метрден аспайтын дөңгелек және сопақша саңылаулар түсіндіріледі. Терезелер әдетте дөңгелекшеленген бұрыштарымен тікбұрышты саңылаулар тәріздес болып келеді. 0,16 шаршы метрден астам алаңдағы дөңгелек және сопақша қуыстар терезе ретінде қаралады.

118. Борт иллюминаторлары егер олар орнатылған болса, ішкі үнемі ілгекке бекітілген штормды жапқыштармен жабдықталады:



су үсті борты палубасынан төмен жабық қондырмалардың бірінші қабатында және төменде орналасқан үй-жайға бағытталатын саңылаулардағы қорғаған су үсті борты палубасының жылжымалы тамбурларында немесе олардың жүзбелігі тұрақтылық есебінде ескерілетін су үсті борты палубасында орнатылады.

119. Осы Қағидамен талап етілетін штормды жапқыштар су үсті борты палубасынан төмен орналасқан иллюминаторлардың су өткізбейтін жабылуына және су үсті борты палубасында орналасқан теңіз суы әрекеті кезінде иллюминаторлар мен терезелердің жабылуын қамтамасыз етуі керек.

120. Борт иллюминаторлары ең төменгі нүктесі жазғы жүк маркасынан жоғары етіп орналасатын олардың палубадан қарама қарсы өтетін төменгі жиегінен орманды жазғы жүк маркасымен кеме енінің 2,5% немесе 500 мм-ге төмен болмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.

121. Су үсті борты авариялық талаптарды ескере отырып тағайындалатын кемелерде батудың кез келген сатысында немесе кеменің қаралған кез келген жағдайлардағы тікелей жүретін борт иллюминаторлары (олар орналасқан бөліктерге бөлінудің зақымдану жағдайын санамағанда) ашылмайтындай болуы тиіс.

122. Осы Қағиданың 126-тармағында аталған аудандарда терезелерді орнатуға рұқсат етілмейді.

Құятын тікелей қол жетімділікті қорғайтын екінші қабатты бортты қапсырмадағы немесе орнықтылық есептілігінде ескерілетін терезелер мен борт иллюминаторлары сенімді, ілгішке ілінген ішкі штормды жапқыштармен жабдықталады.

Осы Қағиданың 118-тармағында атап көрсетілген құятын тікелей қол жетімділікті қорғайтын борттан екінші қабатқа қарай борттық қапсырмадағы терезелер мен борт иллюминаторлары сенімді, ілгішке ілінген ішкі штормды жапқыштармен немесе егер оларға қол жетімділік қамтамасыз етілген жағдайда үнемі бекітілген ішкі штормды қақпақшалар жабдықталады.



Қондырманың екінші қабатындағы үй-жайларында егер каюталық ауыстырылымдар мен есіктер осы иллюминаторларды алшақтатса немесе терезелер қорғалмастан төмен қарай бағытталып орналасса терезелер мен иллюминаторларға штормды қақпақшалар орнатылмайды.

123. Стандартты биіктіктен кем болып келетін жоғарылаған квартердек немесе қондырма палубасында орналасқан рубкалар штормды қақпақшалар талаптарына қатысты егер жоғарылаған квартердек немесе қондырманың биіктігі квартердектің стандартты биіктігінен төмен болса онда олар штормды қақпақшалар талаптарына қатысты қаралады.

124. Жарық люктерінің иллюминаторлары борт иллюминаторларына арналғандай олардың кемедегі көлемі мен орналасуына сәйкес келетін жуандықтағы шынылары болуы тиіс. Жарық люктерінің иллюминаторлары кемеде орналасуына қарамастан, механикалық зақымданулардан қорғалады, ал оларды 1 және 2-аудандарда орнату кезінде үнемі бекітілген ішкі немесе сыртқы штормды жапқыштармен жабдықталуы тиіс.

125. Егер ашық палубалар мен қондырмаларда фальшборт құдықты туындырса, ондай жағдайда палубадан тоспа судың жедел құйылып оның кептірілуіне қажетті шаралар қабылданады.

Қағиданың 126, 127 және 128-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 1-аудандағы әр құдыққа кеменің әр бортынан алынған А, м2 штормды портиктің ең кішкентай алаңы егер құдық бөлігіндегі икемді ойпаттық стандартқа сәйкес келсе немесе одан артық болса, онда ол төменде келтірілген формулаға сәйкес анықталуы тиіс. Қондырма палубасындағы әр құдықтың ең кіші алаңы 2-ауданда осы формула бойынша алынатын бөліктен қарағанда 1/2 құрастыруы қажет.

Егер L фальшбортының ұзындығы құдық бөлігінде 20 м немесе одан кем болса, онда

 

A = 0,7 + 0,035l, болуы тиіс,         (3)

 

егер l артық болса 20 м, онда

 

A = 0,07l, болуы тиіс.                (4)

 

Қандай жағдайда да l-ді 0,lL артық қолдануға қажеттілік жоқ.

Егер фальшборттың орта биіктігі 1,2 м артық болса, онда талап етілетін алаң биіктігіндегі 0,1 м айырмашылығы бойынша құдықтың ұзындығының әр метріне 0,004 кв м алып қарағанда үлкейтілуі тиіс. Егер фальшборттың орта биіктігі 0,9 кем болса, онда талап етілетін алаң биіктігіндегі 0,1 м айырмашылығы бойынша құдықтың ұзындығының әр метріне 0,004 кв м алып қарағанда төмендетіледі.

126. Осы Қағиданың 124-тармағына сәйкес есептеліп шығарылған икемді майыспаған кемелерде алаң 50 % үлкейтіледі. Егер кеменің икемді ойпаттығы стандарттағыдан алғанда кем болса, онда пайыздық ұлғаю сызық интерполяциясымен алынады.

127. Орта беткейінде ені 0,85 кем болмайтын берік конструкциялы рубка орналасқан және 1,5 м аспайтын борт бойынша өтетін тегіс палубалық кемеде портик алаңы әр бортқа осы Қағиданың 125-тармағына сәйкес рубка алдындағы құдықтар бөліктеріне осы бөліктер ұзындығынан алғанда, құдықтарға арналмаған оның жалпы ұзындық 0,lL шегімен әрқайсысына бөлек айқындалады.

Су үсті борты палубасында кеменің орта бөлігінде орналасқан рубканың басты ұшында кеменің барлық ені бойынша қорғаушы ауыстырылмай орнатылып қойылса, онда портиктердің алаңы құдық үшін бастапқы беткейінен және осындай ауыстырылымның рубка енін шектеусіз алғанда орта беткейіне қатысты анықталады.

128. Егер жәшігі бар кеме осы Қағиданың 177-тармағының 5) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмаса, немесе люктердің үздіксіз бойлық комингстері (немесе артық бөлігінде үзілмеген болса) бөлінген қондырмалар арасында орнатылған болса, онда штормолық портиктердің ең кіші алаңы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес анықталады.

129. «Үзілулері» бар люктердің ұзына бойындағы комингстерінің алшақтанған қондырмалары арасында штормалы портиктердің қажетті алаңы мынадай етіп анықталуы тиіс:

1) фальшбортты штормалық портиктердің ең кіші алаңы егер құдық биіктігімен шектелген жабық люктері арасында орналасқан жоба алаңын есептей келе люктердің бойлық комингстарының қосынды үлесі комингстарды үздіксіз деп санай отыра, осы Қағиданың 136-тармағына сәйкес анықталған ұлғаюдан кем болмаса, осы Қағиданың 125-126-тармақтарына сәйкес есептелуі тиіс.

2) фальшбортты штормалық портиктердің ең кіші алаңы егер құдық биіктігімен шектелген жабық люктері арасында орналасқан проекция алаңын есептей келе люктердің ұзына бойындағы комингстарының қосынды үлесі комингстарды үздіксіз деп санай отыра, осы Қағиданың 125-126-тармағына сәйкес анықталған ұлғаюға сәйкес немесе одан кем болса осы Қағиданың 128-тармағына сәйкес есептелуі тиіс.

3) Люктердің ұзына бойлық комингстеріндегі үзілулер алаңы осы Қағиданың 129-тармағының 1) тармақшаларында көрсетілгеннен кем, бірақ осы Қағиданың 129-тармағының 2) тармақшаларында артық болған жағдайларда фальшборттағы А, м2 штормалық портиктердің ең кіші алаңы интерполяциялық формула бойынша есептеледі



 

A = A1 + A2 - p,                (5)

 

мұндағы A1 — суды ауыстырып құю үшін комингстар арасындағы үзілулерді есептей отыра, осы Қағиданың 129-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес белгіленген штормалы портиктердің ең кіші алаңы м2;

А2 — комингстерді үздіксіз деп есептей отыра, осы Қағиданың 125-тармағына сәйкес белгіленген штормалы портиктердің ең кішкентай алаңы м2;

p — құдықтың биіктігімен шектелген жабдықтау люгі арасында белгіленген жобаларды есептеумен люктердің бойлық комингстеріндегі үзілудің қосынды алаңы м2.

130. Кез келген бір жағынан немесе екі жағынан да ашылатын қондырмасы бар кемелерде мұндай қондырмаларға арналған штормалық портиктер алаңы және ашық палубада пайда болған құдықтарға және ашық қондырмамен хабарландырылатын кемелерге штормалық портиктер алаңы төменде көрсетілгендерге іспеттес анықталады.

131. Ең кіші ауданды анықтау үшін осы Қағиданың А (2) формула немесе (3) формула құдықтың және қондырмадағы ашық кеңістікте — lt ұзындығы сомасына байланысты есептелетінін қоспағанда, есепке қарастырылатын құдықтың ұзындығы — lw.алынады, құдықты қалыптастыратын, су үсті борты палубасының ашық қондырмасымен хабарландырылатын фальшборттардағы портиктердің алаңы, толықтай осы Қағиданың 125 және 126-тармақтарына сәйкес есептеледі.

132. Осы формула бойынша А ұлғаюы және ашық қондырма мөлшері есептеледі, бірақ есептік ұзындық ретінде lt қолданылады. Алынған алаң қондырма және құдығы арасындағы ауыстырылымдағы саңылау енін ескере келе және қондырма мен құдықтың ұзындығының қатынастарын назарға ала отыра, {bo/ lt){1—{lw/lt)2) коэффицентіне көбейтіледі. Осы Қағиданың 126-тармағына сәйкес түзетілген алаң су үсті борты палубасының ашық қондырмаларына арналған штормалы портиктердің алаңы болып табылады.

133. Егер қондырма мен құдық 2-аудандағы палубада орналасқан болса, онда жоғарыда аталғанға сәйкес алынған алаңдар мынадай коэффицентке көбейтіледі:

 

0,5hCT/hw,                       (6)

 

мұндағы hCT — қондырманың стандартты биіктігі,

hw — су үсті борты палубасы үстінен құдық палубасының жоғарылауы.

134. Осы Қағиданың 129-тармағында фальшборттағы көрсетілген штормалық портиктердің төменгі беткейлері мен тоқаралығы мүмкіндігінше палубаға жақын етіп орналастырылады. Талап етілетін штормалы портиктер мен тоқаралықтардың екіден үші қисық ойпаттықтың төменгі нүктесіне аса жақын орналасқан құдықтың ұзындығының жартысына орналастырылуы тиіс. Ойпаттығы жоқ кемелерде құдық бөлігінде портиктер мен тоқаралығы құдық ұзындығы бойына тегіс орналастырылуы тиіс.

135. Фальшборттағы штормалы портиктердің қуыстары бір-бірінен

230 мм қашықтықта орналастырылатын леерлер және пруттармен қорғалуы тиіс. Егер штормалы портиктердің қақпақшалармен жабдықталса, оның желінуін болдырмауы үшін жеткілікті саңылаулар көзделеді. Шарнирлердің корродирленбеген материалдан жасалған штырьлары мен мойынтіректері болулары тиіс. Егер жапқыштардың оларды бекітіп қосатын құрылғылары болса, олар Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданады.

136. Қондырма палубаларынан жоғары орналастырылған теңіз әрекеті кезінде су өткізетін люк қақпақшалары контейнерлі кемелерге қолданылады.

137. Мұндай жапқыштар ашық палубада орналасқан, ең аз дегенде су үсті борты палубасының нақты қондырмасының стандартты биіктігінен немесе ең аз су үсті бортына сәйкес келетін нақты тағайындалған су үсті борты кемесінен екі стандартты биіктігіне көтерілетін жүк люктеріне орналастырылады. Егер люк қақпақшасы немесе оның бөлігі басты перпендикулярды алғанда кеме ұзындығының төрттік шақырымы шегіне (0,25L,) орналастырылған болса, онда сондай люктік қақпақша орналасқан палуба жоғары көтерілуі тиіс және ол ең аз дегенде, су үсті борты палубасынан нақты немесе шартты деңгейінен алғанда үш стандартты биіктікке жоғарылап көтерілуі қажет. Су үсті бортының шартты палубасы люк жапқыштары орналасқан палуба биіктігін өлшеу мақсатында ғана қолданылады.

138. Люк комингстерінің биіктігі кемінде 600 мм құрайды.

139. Люк жапқыштары арасындағы саңылаулар зақымданбаған кеме орнықтылығын және авариялық орнықтылықты есептеу кезінде ашық саңылаулар ретінде қаралады. Бұл саңылаулар аса кіші болып келулері тиіс және 50 мм аспауы қажет.

140. Лабиринтті тығыздаулар, ватервейстер немесе соған іспеттес басқа да конструциялар саңылаулар бөлігінде қақпақшалардың периметрлері бойынша орнатылуы тиіс, олар солай орнатылу себебі трюмға судың келіп түспеуін қамтамасыз етеді.

141. Люк қақпақшаларының конструкциялы мөлшерлері және оны нығайту құрылғылары Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының

3-бөлігіне сәйкес анықталатын теңіз әрекеті кезінде суды өткізбеуге арналған конструктивтік элементтердің мөлшеріне тең. Жапқыштардың бөлшектеріне осы Қағиданың 93-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген коррозионды үлестемелер қолданылады.

142. Люк жапқыштарында 50 мм аспайтын саңылаулары бар трюмде стационарлы газды өртке қарсы жүйе орнатылған болса, онда бұл жүйенің өндірісі сондай теңіз сулары әрекеті кезінде су өткізбейтін соған іспеттес кемеде орнатылғаннан 10% ұлғайтылады. Саңылауды 50 мм үлкейту кезінде су шашыратудың стационарлы жүйесі көзделеді.

143. Теңіз әрекеті кезінде су өткізетін болып келетін жүк трюмдарының кептіру жүйесі люк қақпақшаларына алғанда саңылаудың жалпы алаңынан келіп түсетін, 100 мм/ч тең болып келетін, шөгін санының тоспа суының қосымша келіп түсуін ескеретін үлкейтілген өндірістілігі немесе соған іспеттес егер белгіленген болса, сулы спринклерлі жүйесі болуы тиіс.

Құрғататын магистральдің ішкі диаметрі кептіретін сорғыштың үлкейтілген өндірістілігіне сәйкес келуі тиіс. Әр жүк трюмінде тоспа құдықтарда судың ең жоғары деңгейін анықтап отыратын белгі беру құрылғысы көзделеді.

144. Теңіз әрекеті кезінде су өткізгіштік люк жапқыштарымен жабдықталған трюм контейнерлері қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кемелерде қауіпті жүктердің орналастырылу талаптарына қатысты ашық әмбебап трюмдері ретінде қаралады.

145. Шынжыр клюздар құбырлары және шынжыр жәшіктер жоғарғы палубаны қоса су өткізбейтіндей болуы қажет.

146. Шынжыр жәшіктерге қол жеткізу саңылаулары жақын орналасқан бұрандалармен бекітілген берік қақпақшалармен жабылуы тиіс.

147. Зәкірлі шынжырлар өтетін шынжыр клюздар құбырлары судың келіп түсуін көп болдырмайтын үнемі бекітілген жапқыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

148. Су үсті палубасының және қондырма палубаларының жәшіктердің және рубкалардың барлық ашық қуыстарында қоршаулар мен фальшборт нық орнатылады.



Фальшборт пен леерлік қоршаулардың биіктігі палубадан 1 м кем болмауы тиіс. Дегенмен, егер мұндай биіктік дұрыс жұмысты қамтамасыз етуіне кедергі болса, егер Кеме қатынасы тіркеліміне жеткілікті қауіпсіздік қамтамасыз етілгені дәлелденген болса, онда кіші биіктік қолданылады.

Леерді қоршаулардың ең төменгі леер жарығы 230 мм аспауы қажет. Басқа леерлер арасындағы қашықтық 380 мм аспауы тиіс. Егер кеменің дөңгешектенген ширстрегі болса, онда леерлі тіректер палубаның тегіс жағына орналастырылуы тиіс.

149. Экипажды тұрғын үй-жайларды, машиналық бөлімшелерге және басқа да жерлерге ауыстыру кезінде қорғау үшін ең аз болғанда осы Қағиданың 14-қосымшасында көрсетілген ең дегенде бір өтеліміне сәйкес келетін қол жеткізгіштік құралы көзделіп алынуы тиіс және ол кеменің ұлғаюы мен тағайындалған жазғы су үсті бортқа да сәйкес келуі тиіс.

150. Кез келген кемеде тасымалданатын палубалық жүк орналасқан бөлігіне және кемені пайдалану кезінде қолданылатын экипаж үй-жайына, машиналық бөліктерге және басқа да барлық жерлерге қол жетімділікті қамтамасыз ететін әрбір қуыс сол арқылы су кірмейтіндей етіп сенімді де тұрақты бекітілетіндей етіп жасалуы тиіс. Егер палубада немесе кеме палубасының астында ыңғайлы өтелімдер жоқ болса, онда палубалық жүк үстінен алғандағы леерлік қоршалым немесе құтқарушы леерлер түріндегі сенімді қорғау қамтамасыз етіліп, көзделуі тиіс.

 

 

4. «А» типті кемелерге су үсті бортын тағайындауға арналған арнайы шарттар



 

151. Осы Қағиданың 156-тармағында анықтама берілген А типті кемелердің машиналық шахталары стандартты биіктіктегі жабық ютпен немесе конструкциямен не болмаса биіктігі тең және беріктілігі теңдес болып келетін ютпен қорғалуы тиіс. Машиналар, шахталар егер оларда су үсті палубасынан алып қарағанда, машиналық бөлімшеге кіретін қол жеткілікті қуыс болмаса, қорғала алмайды. Дегенмен, осы Қағиданың 73-тармағының талабына сәйкес келетін 600 мм кем болмайтын комингсі бар есік 1-ауданда және 2-ауданда 380 мм кем болмайтын есік, егер олар шахта сияқты беріктілігі болып, траптан машиналық бөлімшеге болаттан жасалған немесе басқа да осыған теңдес болып келетін теңіз суы әрекетінде су өткізбейтін материалдан жасалып 230 мм кем болмайтын биіктіктегі комингсі бар үй-жайға немесе кіре беріс бөлмеге бағыттаса, сонда, машиналық шахтаға жіберілетін болады.

152. Өту көпіршелері және қол жеткізгіштік құралы кемені тағайындауды және жазғы су үсті бортының ұлғаюын ескере отырып, осы Қағиданың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет