Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет8/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.47 Mb.
#13353
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
33-қосымшасына сәйкес борттың 85% биіктігімен теңестірілуі тиіс.

215. Алдыңғы жаққа қарай түзетуді қоспағанда, барлық басқа түзетулер енгізілгеннен кейін алынатын су үсті бортына тікелей қосылуы тиіс.

216. Егер жүзбеліктің жоғалуына аса кіші геометриялық су үсті бортынан артық түзетілген кеме бортының биіктігінен алынып анықталатын, рецестің түбіне дейін өлшенетін су үсті бортына соңғы мағына қолданылады.

217. Су үсті палубасымен тағайындалған төменде орналасқан палубалардағы рецестер егер ашық палубадағы барлық саңылаулар жабылудың тұрақты құралдарымен жабдықталған болса, олар ескерілмейді.

218. Осы Қағиданың 213-216-тармақтарының талаптары түп тереңдеткіш снарядтарына, грунттасығыш шаландаларға немесе үлкен ашық жүк үй-жайлары бар және әр жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жататын кемелерге қатысты болмайды.

219. Осы Қағиданың 15 және 16-қосымшалары бойынша осы Қағиданың 159-164 және 165-166-тармақтарында көрсетілген ережелерді ескере келе, алынған егер олар қолданылатын болса, осы Қағиданың 198-200 және 204-206-тармақтарында көрсетілген түзетулер қолданылса және олар осы Қағиданың 207-212 және 213-217-тармақтарында қолданылатын болса, ең аз жазғы су үсті борты ретінде осы жоғарыда аталған су үсті борты көзделеді.

220. Осы Қағиданың 230-тармағына сәйкес есептеліп шығарылған ащы судағы су үсті борты осы Қағиданың 201-203-тармақтарында көзделген палубалы сызықтың жағдайына түзету жүргізілмеген су үсті борты кемінде 50 мм көзделеді. 1-ауданда жапқыштары орнатылған осы 82, 89-95 немесе 153-154-тармақтардың талаптарына жауап бермейтін жүк люктері бар кемелер үшін су үсті борты 150 мм-ден кем болмайтындай болуы тиіс.

221. Жазғы тағайындалған су үсті бортына және артқы жағындағы борт жанындағы ашық палубаның жоғарғы артқы жағына дейін сәйкес келетін ватерсызықтан алғанда артқы жақтағы перпендикулярындағы тікелей жүргізілетін қашықтық ретінде анықталатын артқы жағындағы ең қысқа биіктігі қамтамасыз етілетін кемелер үшін кемесінің 0,005 L ұзындығынан кем болмайтындай болуы тиіс.

222. Ең аз қысқы су үсті бортымен жазғы су үсті бортына 1/48 жазғы шөгінді қосумен алынған, көлденең кильдің жоғарғы бетінен жүк маркасы белгісінің дөңгелегінің ортасына дейін өлшенген су үсті борты көзделеді.

223. Егер осы Қағиданың 219-тармағына сәйкес есептелген ең аз жазғы су үсті борты осы Қағиданың 220-тармағына сәйкес шекті болатын су үсті бортынан кіші болса, қысқы су үсті бортына түзету шекті болып табылған жазғы су үсті бортымен енгізіледі.

224. Бірлікке тең болып келетін тығыздықтағы тұщы судағы ең аз су үсті борты мынадай формуламен анықталған ащы суда су үсті бортынан алынған ең аз есептеулер нәтижесінен алынуы тиіс:



 

/40Т,                (16)

 

мұндағы  — жазғы жүк ватерсызығы бойынша ащы судағы кеменің су ығыстыруы, т;

Т — жазғы жүк ватерсызығы бойынша ащы судағы 1см шөгінді қатысты тонна саны.

225. Егер осы Қағиданың 219-тармағына сәйкес есептелген ең аз жазғы су үсті борты осы Қағиданың 220-тармағында көрсетілген су үсті бортынан кіші болса, тұщы судағы су үсті бортына түзету жіберілген жазғы су үсті бортынан алынып есептеледі.

226. Егер жазғы жүк ватерсызығы бойынша су артуды орнатуға мүмкіндік болмаса, көлденең кильден жүк маркасының дөңгелек ортасынан алып өлшенген 1/48 жазғы шөгінді құрайды.

 

 

6. Орманды су үсті бортын тағайындалатын кемелерге арналған арнайы талаптар



 

227. Орманды палубалы жүк кемеге белгілі бір қосымша жүзушілікті беретін және теңіз әрекеттерінен қорғалудың аса ауқымды деңгейін беретін ретінде қаралады. Осы себептер бойынша, орманды палубалы жүктерді тасымалдайын кемелерге осы тараудың ережелеріне сәйкес алынып есептелетін су үсті бортын кішірейтуге және осы Қағиданың 62-65-тармақтарындағы талаптарға сәйкес бойынша маркаларды белгілеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, осындай арнайы су үсті бортын қабылдау үшін кеме оның конструкциясымен байланысты және осы Қағиданың 227-230-тармақтарында жазылған шарттарды қанағаттандыруы тиіс, ал палубалы орманды жүктің төсеме орнатылуы осы Қағиданың 231-240-тармақтарында жазылған шарттарды қанағаттандыруы тиіс.

228. Кеме стандартты биіктіктегі және 17L кем болмайтын ұзындықтағы бакқа ие болуы тиіс. Сонымен қатар 100 метрден асатын кемелер артқы жағында биіктігі стандартты болып келетін ют немесе жоғарылаған квартердекке немесе жалпы биіктігі юттың стандартты биіктігіне сәйкес келетін және соған тең болатын берік болаттан жасалған бетпешекпен жабдықталуы тиіс.

229. Кеменің артқы жағына қарай 0,25 ұзақтылығымен орналасқан түп аралық цистерналар Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған су өткізбейтін бойлық бөлінумен жабдықталуы тиіс.



230. Кеме биіктігі 1 метр болатын тұрақты арнайы жоғарғы жиегіне бекітілген фальшбортпен тіректермен ұсталып тұратын және дәл сондай биіктіктегі қажетті штормалық портиктермен, немесе сенімді леерлік қоршаулармен жабдықталған және ерекше берік конструкциямен жабдықталуы тиіс. Фальшборттың тіреулері бимстар бойынша палубаларға сенімді бекітілуі тиіс немесе басқа да осыған іспеттес арнайы жасалған орындарға нықты да мықты бекітілуі керек.

231. Жүк түсірілетін ашық палубадағы саңылаулар сенімді қорғалып ашылуы тиіс, ал желдеткіштер мен әуе құбырлары сенімді қорғалуы керек.

232. Орманды палубалы жүк қондырма арасындағы құдық ұзындығын құрайтын барлық ұзындық бойынша жайғастырылуы қажет.

Артқы жағынан шектейтін қондырмалары жоқ кемелерде соңғы люктің артқы жағына дейін орманды жайғастыру керек.

Орманды палубалы жүк қолда бар кедергілерді ескере отырып, борттарға мүмкіндігінше жақын жайғастырылуы қажет: леерлі қоршаулар, фальшборт қабырғалары, қапсырмалар, дегенмен, кеменің бортындағы еркін бос аралықтар 0,04 В аспайтындай болса.

Орман мүмкіндігінше қондырманың стандартты биіктігінен алғанда кем болмайтындай етіп, бірақ квартердектен жоғары болмайтындай етіп ауқымды жайғастырылуы қажет.

233. Осы кемеге шекті болып келетін орманды палубалық жүктің биіктігі кеменің тұрақтылығы туралы ақпаратта көрсетілуі тиіс. Қыста маусымды қысқы бөліктерде жүзетін кемеде ашық палубадағы палубалық жүктің биіктігі кеменің ауқымды енінен 1/3 аспауы тиіс.



Рейстің барлық сатыларында жеткілікті қорлардағы қамтамасыз етілуіне қатысты барлық шаралар қолданылуы тиіс және де көлемнің үлкейтілу мен кішірейтілуі ескерілуі тиіс, мысалға алатын болса, жүк дымқылданып суланса, сондай-ақ отпен майдың болмай ақталғаны салдарынан.

234. Орманды палубалы жүк ыңғайлы етіп жайғастырылуы және бекітілуі тиіс. Ешқандай жағдайларда жүк кемемен басқаруды, сонда көптеген жұмыстарды жүзеге асыруды қиындатпауы тиіс.

235. Егер қажет жағдайда тасымалданатын орманның тұқымы бойынша ағаштар, ормандар жеткілікті түрде берік болулары тиіс. Тұрақ өлшемдері кеменің ені бойынша қабылдау қажет.

Тұрақ беріктілігі фальшборт беріктілігінен асып кетпеуі тиіс.

Олардың арасындағы қашықтық тасымалданатын орманның ұзындығы мен тұқымына сәйкес келуі керек, дегенмен ол 3 м аспауы қажет. Тұрақтарды бекіту үшін берік бұрыштамалар, терім ұяшықтар немесе соған іспеттес болып келетін басқа да құралдар көзделуі тиіс.

236. Орманды палубалы жүк оны қоршайтын барлық қоршаулар бойына сенімді бекітілуі тиіс.



Найт арасындағы қашықтық найтқа жақын арадағы ашық палубадағы жүктің ауқымды биіктігінен алғанда мыналармен анықталады:

1) 4 м биіктік кезінде және олардан кем болғанда қашықтық 3 м аспайтындай болуы қажет;

2) 6 м биіктікте және одан асса, 1,5 м аспайтындай болуы тиіс;

3) аралық биіктікте орта қашықтығы сызықтық интерполяциямен алынуы тиіс.

Егер орманды палубалы жүктің биіктігі 6 м асатын болса, найттардың беріктілігі Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады. Осы найттарға арналған рамалар ширстрекке немесе 3 м аспайтын аралық арасында палубалы стрингердің парақшасына бекітілуі тиіс. Қондырманың ұшындағы үлестіріліміндегі қашықтық бірінші рымға қатысты 2 м аспайтындай болуы тиіс.

Рымдар мен найттар егер үлестірмен болмаса, палубалы орман жүгінің ұшынан 0,6 м және 1,5 қашықтықта көзделуі тиіс.

237. Найттар қысқа буынды шынжыр тәріздес немесе иілгіш болат тросты болып келеді, ал шынжырға арналған үзілмелі жүктелім немесе үзілмелі күшейтілім жалпы тросқа алғанда 133,4 кН құрауы тиіс.



Найттар әрқашанда қолжетімді лақтырлатын гактармен және талрептармен жабдықталуы тиіс. Талшық тростан жасалған найттар, найттың ұзындығын реттеуге мүмкіндік беретін ұзын звенолы шынжырдың қысқа тіліктерін қосуы тиіс.

Егер орманның 3,6 м ұзындығы болса, найттар арасындағы қашықтық кішірейтілуі керек немесе орман ұзындығына қатысты басқа да шаралар қолданылуы тиіс.

238. Тарту құрылғыларының қапсырмаларының үзілмелі жүктелімі және найтқа енгізілетін болаттан жасалған трос немесе шынжырлар басқа да қосымша бөлшектер және олардың бекітілуі 138,3 кН кем болмайтындай құрылуы тиіс. Әр компонент 55 кН болатын жүктемемен сыналуы тиіс.



Сынамалы жүктемеден кейін бекіту бөлшегі зақымдануларға немесе қалған дефаормацияға зақымдалмауы тиіс.

239. Жүк оған қарай бағытталатын өтулерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде түзетілуі тиіс. Тікелей 330 мм аспайтын леерлер арасындағы аралықта орналасқан леерлік қоршаулар мен құтқарушы леерлер олардың үстіне 1 м дейін жоғарылаумен, палубалы орманды жүктің әбір жақтары бойынша орнатылуы тиіс.



Егер жүк түзу орнатылмаса, ені 600 мм аспайтындай өту үшін жүктің беткейіне орналастырылған және құтқарушы леерге сенімді бекітілген немесе соған жақын бекітілген қауіпсіз беткейі көзделіп орнатылуы тиіс.

240. Рульді құрылғылары жүкпен зақымданудан сенімді қорғалуы тиіс және қолжетімді болуы тиіс. Басты руль жетегінің қирауы кезінде рульмен басқару құралының басқа аса сенімді құралы көзделеді.

241. Ең аз орманды жазғы су үсті борты осы Қағиданың 192-193-тармақтарына сәйкес, сонымен қатар осы Қағиданың 198-200 және 204-206-тармақтарында көрсетілген түзетулерді ескере отырып және қолданылатын болса, осы Қағиданың 165-166 және 213-217-тармақтарына сәйкес есептеліп шығарылады. Сонымен бірге осы Қағиданың 30-қосымшасында келтірілген пайыздар осы Қағиданың 34-қосымшасында келтірілгенмен ауыстырылады.

242. Ең аз қысқы су үсті борты ең аз орманды жазғы су үсті бортына 1/36 орманды жазғы шөгінді қоса отырып алынады.

243. Ең аз орман су үсті борты тұщы суда осы Қағиданың 224-тармағына сәйкес немесе орманды жазғы шөгінді ескере отырып, осы Қағиданың 225-тармағына сәйкес есептеледі.

244. Осы Қағиданың 162, 163-тармақтарына сәйкес кішірейтілген су үсті бортын алатын В типтес кемелерге орманды су үсті борты осы Қағиданың тиісті талаптарына сәйкес В типтес кәдімгі кемеге іспеттес алынады.



 

 

7. 24 м және одан жоғары және балық аулайтын жүк маркалары



 

245. Осы Қағиданың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кемелер ең аз су үсті бортын оларға арналған жүзу және тағайындалу аудандарынан алады:

1) жүзуі шектелмеген кемелер, жүзу ауданына қарамастан жолаушылар және желкенді кемелер;

2) R1 R2 R2-RSN R3-RSN жүзудің шектелген аудандарындағы кемелер;

3) осы Қағиданың 261-263 және 264-267-тармақтарына сәйкес R3 жүзуі шектелген аудандардағы кемелер.



Әр кемеде су үсті бортын тағайындау үшін осы Қағиданың 252-256-тармақтарында көрсетілген барлық талаптар орындалуы тиіс. Осы талаптарды орындаудан бас тарту әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

246. Әр кемеде палубалық сызық осы Қағиданың 155-226-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

247. Әр кемеге арналған жүк маркасының белгісі ішкі диаметрі 300 және ені 25 мм болып келетін, ені 25 мм болатын тікелей сызықпен бөлінген, оның ортасынан өтетін және ұзындығы 450 және ені 25 мм болатын тікелей сызықпен өтілген, осылайша, осы көлденең сызықтың жоғарғы беткейі дөңгелек ортасымен өтетін дөңгелек тәріздес болып келеді.

Дөңгелек ортасы кеме ұзындығының ортасына жазғы су үсті бортымен тағайындалған, палуба сызығының жоғарғы жиегінен осы Қағиданың 36-қосымшасына сәйкес алынып өлшенген қашықтықта кеменің ортасына орналастырылады.

248. Жүзуі шектелмеген аудандағы кемелерге арналған маркалар оларды пайдалану кезінде әр түрлі зоналарда және маусымды кезеңдерде осы Қағиданың 62-65-тармақтарына сәйкес қолданылуы тиіс.

Ең кіші су үсті борта бар жүзудің шектелмеген ауданына арналған кемелер үшін жүк маркасы осы Қағиданың 37-қосымшасында келтірілген.



Атап айтқанда Каспий теңізінде халықаралық рейс орындайтын кемелер су үсті борты жүзуі шектелген кеме ретінде алынып, осы Қағиданың ережелеріне сәйкес тағайындалады.

249. R1 R2 R2-RSN R3-RSN жүзудің шектелген аудандарындағы кемелерге оларды пайдалану кезінде түрлі бөліктер мен аудандар және маусымдық кезеңдерде осы Қағиданың 50-51-тармақтарындағы көзделгендер ішіне мынадай көрсетілген жүк маркалары қолдануы тиіс:



1) Жазғы жүк маркасы (Л);

2) Қысқы жүк маркасы (3);

3) Жаздағы тұщы суға арналған жүк маркасы (П);

4) Орманды жазғы жүк маркасы (ЛЛ);

5) Орманды қысқы жүк маркасы (ЛЗ)

6) Жазда тұщы суға арналған орманды жүк маркасы (ЛП).

Жүк маркаларын желкенді және жолаушылар кемелеріне тағайындау, сонымен қатар, артық су үстіндегі борттарға тағайындау осы Қағиданың 62-67-тармақтарының қолданыстағы ережелерімен жүргізіледі. Сонымен қатар, маркалар тек жоғарыда аталып өткендер қатарынан алынып белгіленеді, ал жолаушылар кемесіне арналған марка сондай қосымша бөліктерге бөлініп жүргізеледі.

R1 R2 R2-RSN және R3-RSN және R3 жүзудің шектелген бөліктеріндегі кемелерге жүк маркалары ең аз су үсті бортымен осы Қағиданың 38-қосымшасында көрсетілген.

250. Егер осы Қағиданың 13-тармағына сәйкес кемеге екі реттік су үсті борты тағайындалса, кеменің бортына қосымша жүк маркасы қойылмайды. Қосымша жүк маркалары осы Қағиданың 39 және 40-қосымшаларына сәйкес негізгі жүк маркасының дөңгелек орталығынан алғанда алдыңғы жаққа қарай (орман маркалары үшін - артқы жаққа) 1200 мм қашықтықтан қойылады.

251. Халықаралық рейстер орындамайтын және балық аулаумен айналыспайтын кемелерге жүк маркасын таңбалау және басу осы Қағиданың 8-тарауына сәйкес жүргізіледі.

252. Әрбір кемеде осы Қағиданың 67-154-тармақтары талаптары орындалуы тиіс.

Мынадай ауытқуларға жол беріледі.

253. R1 R2 R2-RSN және R3-RSN жүзудің шектелген аудандарындағы кемелерге есік комингстерінің, люктардың, желдеткіштердің және әуе құбырларының биіктігі кішірейтіледі.



Осы кішірейтілудің ұлғаюы жүзу жағдайынан алып қарағанда және конструкция ерекшеліктеріне алғанда әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады. Барлық жағдайларда кішірейтілген биіктіктер R3 жүзудің шектелген аудандарындағы кемелерге қатысты төменде көрсетілгендерден кем болмауы тиіс.

254. R3 жүзудің шектелген аудандарындағы кемелерде жолаушыларға арналған кемелерді қоспағанда, есіктер, люктер, желдеткіштер, әуе құбырлары комингстерінің биіктігі төменде көрсетілген мағыналарға дейін кішірейтіледі:

1) осы Қағиданың 74-тармағында көрсетілген есік комингстерінің биіктігі 230 мм дейін;

2) осы Қағиданың 76-тармағында көрсетілген люк комингстерінің биктігі 1-ауданда 450 мм дейін және 380 мм дейін 2-ауданда;

3) осы Қағиданың 96 және 99-тармақтарында көрсетілген есіктердің комингстерінің биіктігі 600-450 мм және 380-230 мм;

4) осы Қағиданың 100-тармағында көрсетілген желдеткіштер комингісінің биіктігі - 1 ауданда 760 мм дейін және 2 ауданда 600 мм дейін;

5) осы Қағиданың 102-107-тармағында көрсетілген әуе құбырларының биіктігі су үсті бортының палубасында 600 мм, сонымен қатар өзге де қондырмалар палубаларында бактар мен юттарда 380 мм болуы тиіс.

255. R2, R2-RSN, R3-RSN жүзудің шектелген бөліктеріндегі кемелерде және R3 бортты иллюминаторлары олардың төменгі беткейі су үсті палубасынан қарама-қарсы өтетін сызықтан төмен және жазғы жүк маркасының 0,025 В тең болып келетін ең төменгі қашықтықтағы нүктесінен төмен орналастырылмауы тиіс.

256. Осы Қағиданың 75-88 және 89-95-тармақтарында көрсетілген люк жапқыштарына арналған есептік жүктемелері R1, R2, R2-RSN, R3-RSN жүзудің шектелген аудандарындағы кемелер үшін Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкес кішірейтіледі.

257. Жүзудің шектелмеген аудандарындағы және оларға теңестірілген кемелерге арналған ең аз су үсті борттары және оларға теңестірілгендерге қойылатын су үсті борттары осы Қағиданың 245-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасына толық сәйкестікте есептелуі тиіс.

258. R1, R2-RSN, R3-RSN жүзудің шектелген аудандарындағы кемелер осы Қағиданың 253-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Қағиданың 17-тарауының 2-3-параграфтарын қоспағанда, осы Қағиданың 155-226-тармақтардың ережелеріне сәйкес, осы Қағиданың 222-223 және 224-226-тармақтарын қоспағанда, сондай-ақ осы Қағиданың 259 және 260-тармақтарының талаптарына сәйкес есептелуі тиіс.

259. А типті кемелермен осы Қағиданың 42-қосымшасына сәйкес су үсті борты тағайындалады. Осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет