Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011



жүктеу 3.49 Mb.
бет10/23
Дата23.02.2016
өлшемі3.49 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

6. Тәуекелдерді басқару


Ықтимал тәуекелдің атауы


Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдарлар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі

іс-шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымын дамыту



Сыртқы тәуекелдер

Геосаяси тәуекелдер

Транзиттік тасымалдауға бағытталған, көршілес елдердің аумағында жаңа балама маршруттардың пайда болуы


Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл

Бағалық тәуекелдер

Инфляциямен салыстырғанда энергия тасымалдауға ішкі бағалардың өсуі мемлекеттік және жеке көлік кәсіпорындардың шығындарының өсуіне әкеледі

1.Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін дамыту;

2. Жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында жаңа тарифтік саясатты іске асыру;

3. 2014 жылға қарай магистральдық желі қызметтерінің шектік тарифтерін 10 жылға бекіту;

4. Әуе тасымалдарының бәсекелі нарығын құру

Ішкі тәуекелдер

Техногендіқ тәуекелдер

Негізгі құралдардың айтарлықтай физикалық және моральдық тозуы және оның салдарынан авариялар мен техногендік апаттарының тәуекелдері

1.Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін дамыту;

2. Теміржол жылжымалы құрамын сатып алу;

3. 2014 жылға қарай темір жол көлігін басқарудың жаңа жүйесін енгізу;

4. ИКАО санатына ие әуежайлар санын ұлғайту (қауіпсіздікті арттыру);

5. Кемелердің қауіпсіз жүзуін қаматамасыз ету, сауда флотын құрғақ жүк кемелермен, салдармен және танкерлермен толықтыру


Министрліктен білікті құрамның кетуі

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен беделінің төмендеуі, оларды моральдық және материалдық жағынан жеткіліксіз ынталандыру, тұрғын-үй және басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі жоғары білікті мамандардың кетуіне әкеледі


1. Қажетті мамандықтар бойынша оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау, қолайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету осы тәуекел түрлерінің төмендеуінің негізгі себептері болып табылады.

2. Қызметшілердің біліктілігін арттыру;

3. Моральдық ынталандыру


2-стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту



Сыртқы тәуекелдер

Геосаяси тәуекелдер

Иран аумағы арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жобасын іске асыру Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың күрт нашарлауына және әскери қақтығыстың басталуына әкеп соғуы мүмкін

1. Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл;

2. Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамытудың мастер-жоспарын іске асыру



Экологиялық тәуекелдер

Ықтималдығы Шығыс Азия мен Еуропаның арасындағы көлiк әлеуетін iске асыру және жүк ағынының өсіру шаралары бойынша жоғарылататын экологиялық апатты арттыру

1. Озық техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту.

2.Халықаралық тасымалдарда цифрлық тахографтар енгізу



Бағалық тәуекелдер

Экономика сегменттерінде әлем конъюнктурасының нашарлауы жүк айналымдары көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі, көлік кәсіпорындары кірістерінің төмендеуіне әкеледі, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияларды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады.

Тәуекелдердің аталған түрін төмендету мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігінің дамуына байланысты.

Ішкі тәуекелдер

Министрліктен білікті құрамның кетуі

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен беделінің төмендеуі, оларды моральды және материалдық жағынан жеткіліксіз ынталандыру, тұрғын-үй және басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі жоғары білікті мамандардың кетуіне әкеледі


1. Қажетті мамандықтар бойынша оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау, қолайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету аталған тәуекел түрлерінің төмендеуінің негізгі себептері болып табылады.

2. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;



3. Моральдық ынталандыру

3-стратегиялық бағыт.

Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын дамыту

Сыртқы тәуекелдер

Мемлекеттік және атқарушы органдардың мемлекеттік кепілді тапсырыстарын қалыптастыру және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды ұйымдастырудағы белсенділігінің төмендігі

АКТ қызметтерінің, өндірісінің және инфрақұрылымының төмен дамуы.

Қазіргі заманғы технологияларға негізделген мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі

Шетелдік әріптестердің бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделілігінің төмендігі

Шетелдік технологиялық әріптестерді тарта отырып, АКТ өнімдерін шығару мүмкіндігінің болмауы

1. Бірлескен кәсіпорындар үшін преференциялар және жеңілдіктер беру

2. Өндірістің алғашқы кезеңінде (пайдалануға берілгеннен бастап 1-2 жыл) бірлескен кәсіпорын шығаратын өнімге мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету.

Азаматтық мәндегі радиожиілік спектрінің босатылмау мүмкіндігі

Телекоммуникация және пошта байланысының тиімді және сапалы жүйесін құру мүмкіндігінің болмауы

1. Осы тәуекелді төмендету үшін жобаның өмірлік циклінің әрбір кезеңінде мерзімдерді жоспарлауға және бақылауға әсер етеді.

2. Халықты байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету үшін радиожиілік спектрінің қажеттілігін негіздеумен оларды босату мәселелерін Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрінің ведомствоаралық комиссия талқылауына қайта шығару мақсатында тиісті іс-шараларды өткізу.

Ішкі тәуекелдер

Министрліктен білікті құрамның кетуі

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен беделінің төмендеуі, оларды моральдық және материалдық жағынан жеткіліксіз ынталандыру, тұрғын-үй және басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі жоғары білікті мамандардың кетуіне әкеледі


1.-Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

2. Моральдық ынталандыру.



4-стратегиялық бағыт.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, соның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау



Сыртқы тәуекелдер

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді уақтылы құрмауы.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың «электрондық үкімет» құрауыштарымен ведомстволық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыруда белсенділігінің төмендігі.

Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны және оны дамытудың төмен деңгейі.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру сапасының төмендеуі



1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді уақтылы құруы және ведомствоаралық ықпалдасуы.

2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарының және жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

3. Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін бағалау.

Электрондық форматта ұсынылған мемлекеттік қызметтерді пайдалануда халықтың төмен белсенділігі

Электрондық форматта алынатын мемлекеттік қызметтер санының төмендеуі

1. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерін кең насихаттау.

2. Мемлекеттік қызметтерді алу орындарында тұрғындарды оқыту.

Кеден одағы шеңберінде Ақпаратпен алмасу жөніндегі мемлекетаралық шлюздің уақтылы құрылмауы


Кеден одағы шеңберінде Ақпаратпен жедел алмасу мүмкіндігінің болмауы

1. Мемлекетаралық шлюзді құруға қаржылық қаражат уақтылы бөлу.

2. Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзбен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру

Ішкі тәуекелдер

Министрліктен білікті құрамның кетуі

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен беделінің төмендеуі, оларды моральдық және материалдық жағынан жеткіліксіз ынталандыру, тұрғын-үй және басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі жоғары білікті мамандардың кетуіне әкеледі


1. Қажетті мамандықтар бойынша оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тәуекелдердің түрін төмендетудің негізгі себептері болып табылады.

2. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;



3. Моральдық ынталандыру


____________________________________

7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар


Бюджеттік бағдарлама

(кіші бағдарлама)

001 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестiру және бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөнiндегi қызметтер»

100 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»

103 «Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету»

104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»

Сипаттау

Министрліктің орталық аппарат, ведомствалар және аумақтық органдар қызметкерлерін ұстау, көлік-коммуникациялық кешенін, байланыс және ақпараттандыруды дамытудың мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламасын, заңнамалық актілерді, заңнаманы қолдануды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ нормативтік- құқықтық актілерді, Министрліктің құзыретіне кіретін көлік-коммуникациялық кешені, байланыс және ақпараттандыру саласындағы техникалық талаптар мен басқа да нормативтерді әзірлеу және қабылдау; Болжамдарды әзірлеу және мемлекеттің мұқтаждығы мен экономикасының тасымалдар мен коммуникациялардағы қажеттілікті уақтылы сапалы қамтамасыз ету; көлік-коммуникациялық кешенінің, байланыс және ақпараттандырудың мемлекеттік үлестеріне және заңды тұлғалардың акция пакеттерімен иелік ету мен пайдалануға қатысты Үкіметтің шешімдері бойынша функцияларды жүзеге асыру; Біліктілік талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін кәсіптік қызмет саласындағы білім бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдерді, шеберлікті, машықтарды жаңарту. Жүйелі техникалық қызмет көрсету және жүйелі-есептік техниканы жөндеу. Жергілікті есептік жүйені, ақпараттық жүйелер мен бағдарлама өнімдеріне әкімшілік ету, сүйемелдеу.

Бюджеттік бағдарламаның түрі

мазмұнына қарай

Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтер көрсетудi жүзеге асыру

жүзеге асыру тәсіліне қарай

Жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму

Ағымдағы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет