2011 жылғы қорытындылар бойынша локомотивтер паркінде 1838,5 локомотив, соның ішінде 570,5 электровоз, 1246 тепловоз және 22 паровоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 72% жететін жоғары тозумен сипатталады. Локомотивтер паркінің 37% астамы нормативтік артық жүріспен пайдаланылады, ал парктің 50% қызмет ету мерзімі аяқталған. 2011 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 89 066 бірлікті құрайды, соның ішінде 54 801 бірлік немесе 62% мүкәммалдық, ал 34 265 бірлік немесе 38% жеке меншік болып табылады. Мүкәммалдық вагондардың жалпы санында пайдаланылатын парктің үлесі 93% (50 777 бірлік) құрайды. Тәуелсіз меншік иелерінің жүк вагондар паркі 3 есеге өсіп, 51 мыңнан астам вагонға ұлғайды.
Жүк вагондары мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы 67% («ҚТЖ»ҰК» АҚ алдын ала деректері бойынша) жететін оның жоғары тозуы болып табылады.
Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондар паркі 824 бірлікті құрады. Жолаушылар вагондарының 28 жыл нормативтік қызмет ету мерзімі кезінде бүгінгі күні қазақстандық вагондардың орташа жарамдық мерзімі 21 жылды құрайды. Электр поездардың мүкәммал паркінің 136 вагонынан – 123 вагон жұмыс паркінде тұр, келесі 5 жыл ішінде 82 электр поезы вагоны есептен шығаруы тиіс. Электр поездары паркінің тозу деңгейі осы уақытта 90% асады.
Қазіргі уақытта республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидия бөлумен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.
Саланың бәсекелестік моделінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияларға толық бақылау және тасымалдау процесіне тартылған активтерді, атап айтқанда вагондар мен локомотивтерді жаңартуға жауапкершілік қажет.
Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.
Көрсетілген тасымалдар сегменттерінен үш топты бөліп атауға болады.
1-топ – кірісі төмен тасымалдар: таскөмір (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктері (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас);
2-топ – кірісі жоғары тасымалдар: мұнай жүктері (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералдық тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт);
3-топ – өз шығынын өтейтін тасымалдар: тас көмір (импорт), мұнай жүктері (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктері (экспорт, облысаралық қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт).
Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да темір жол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.
Қатынастар бойынша мынадай жүктер тасымалданды:
Көрсеткіштер
|
Өлш. бірл.
|
Кезең
|
2008
жыл
|
2009
жыл
|
2010 жыл
|
2011
жыл
|
Республикаішілік
|
млн. тонна
|
140,0
(-0,2)
|
131,5
(-6,1%)
|
140,9
(+7,1 %)
|
148,7
(+5,5%)
|
экспорт
|
93, 4 (+10,1%)
|
85,6
(-8,3%)
|
96,0
(+12%)
|
97,9
(+2%)
|
импорт
|
20,0
(-10%)
|
15,8
(-21,3%)
|
16,9
(+6,9%)
|
17,9
(+5,9%)
|
транзит
|
15, 5 (+17,4%)
|
14,8
(-4,5%)
|
14,0
(-5,4%)
|
15,1
(+7,9%)
|
Тарифтердің жыл сайынғы артуын ескере отырып, 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі инвестициялар:
Атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Барлығы
|
Құны, млрд. теңге
|
|
Магистральдық желі
|
53,7*
|
69,3*
|
133,3*
|
78,4*
|
92,1*
|
426,8
|
Локомотив шаруашылығы
|
17**
|
29,1**
|
56,4**
|
55,7**
|
77,2**
|
395,4
|
Вагон шаруашылығы
|
12,9***
|
21,6***
|
133,7***
|
32,5***
|
73,3***
|
274
|
Барлығы
|
83,6
|
120
|
323,4
|
166,6
|
242,6
|
936,2
|
Ескертпе:
* «Қорғас-Жетіген» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желілерінің құрылысын есепке алмағанда,
** «Локомотив» АҚ және «Локомотив сервистік орталығы» АҚ
*** «Қазтеміртранс» АҚ және «Қазтранссервис»АҚ
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес темір жол инфрақұрылымының дамуына 201,2 млрд. теңге*, соның ішінде:
-
«Жетіген-Қорғас» темір жол желісін салуға 139,4 млрд. теңге*;
-
«Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салуға 61,8 млрд. теңге* бөлінді.
-
2015 жылға дейін 4 191км магистральдық желіні сауықтыру, 513 бірлік локомотив және 30 505 жүк вагонын сатып алу жоспарлануда.
Негізгі инфрақұрылымдық жобалар:
Р/с №
|
Жобалар
|
Ұзақтығы
км
|
Құны млрд. тг.
|
Қаржыландыру көздері
|
Іске асыру мерзімдері
|
Темір жол желілерін салу
|
1
|
Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара
|
146
|
61,7
|
Республикалық бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыз қаражаты
|
2009 – 2012
|
2
|
Қорғас – Жетіген
|
293
|
139,4
|
Республикалық бюджет, өзінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан
қарыз қаражаты
|
2009 – 2013
|
3
|
Бейнеу – Жезқазған
|
988
|
561
|
Анықталмаған
|
2012 – 2016
|
4
|
Арқалық – Шұбаркөл
|
214
|
133
|
Анықталмаған
|
2012 – 2015
|
Автожол саласы
Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км құрайды, олардың 97,1 мың км астамы жалпыға ортақ пайдаланылатын автожол. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдың ұзақтығынан 23,5 мың км республикалық маңызы бар 73,6 мың км жергілікті желіге жатады.
Соңғы 11 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қоса алғанда, 1 263,1 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте 2001 жылы қаржыландыру
7,7 млрд. теңге болса, 2011 жылы 189,5 млрд.теңге болды. Осы жылдары жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдың 97,1 мың км-ден 44 мың км жолдан астамын, соның ішінде 24,4 мың км республикалық желіде қайта жаңарту және әртүрлі жөндеулер жүргізілді.
Автожол саласындағы ең ірі жоба - «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңартуды іске асыру жалғастырылуда.
Осы жобаны 3 көзден қаржыландыру көзделген: қарыз қаражаты, республикалық бюджет және концессиялық негіздегі жеке инвестициялар.
Жобаны қаржыландырудың негізгі үлесін 9 Халықаралық қаржы институттарының сыртқы қарыздары құрайды және жалпы сомасы
3,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын Қарыз туралы келісімге қол қойылды.
Жұмыс төрт облыс (Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан) аумағында жүргізілуде. 6 мың бірлік техника, 30 асфальт-бетон және 24 цемент-бетон зауыттар және 32 бөлшектеу құрылғылары жұмылдырылған.
35 мыңнан астам жол құрылысшылары (соның ішінде 34,4 мың адам қазақтандық персонал және 566 адам шетелдік персонал) тартылды. Жоба бойынша 1 220 км ұзақтығында жол жабынын төсеу орнатылды.
2012 жылғы 1 қаңтарға республикалық маңызы бар автожолдар желісінің мынадай жай-күйі күтілуде: жақсы – 37 %; қанағаттанарлық – 40,5 %; қанағаттанғысыз – 22,5 %.
Жергілікті маңызы бар автожолдардың жай-күйі: жақсы – 15 %; қанағаттанарлық – 43 %; қанағаттанғысыз – 42 %.
2010 – 2014 жылдар кезеңінде шамамен 21 мың км автожолды қайта жаңарту және жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар 3,9 мың. км. қайта жаңарту, 5,6 мың.км. республикалық маңызы бар автожолдар және 11,5 мың км жергілікті маңызы бар жолдар.
Жаңалық нарықтық тәсілдерді енгізу болып табылады және осы мақсаттар үшін ақылы қызметті егізумен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолданудың маңызы аз емес. Осы бағыт бойынша «ҮАААЖ» жобасын іске асыру жоспарлануда.
Азаматтық авиация
Республикада 54 авиакомпания және әуе кемелерінің пайдаланушылары өз қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 34 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын және 1 авиакомпания коммерциялық емес әуе тасымалдарын, әуе кемелерінің 19 пайдаланушысы авиациялық жұмыстарды (авиация-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері) орындайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 411 әуе кемесі есепте тұр.
Қазақстандық авиатасымалдаушылары («Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ) 18 шет мемлекетінің аумағында ұшуды орындайды. Қазақстанға әлемнің 19 елінен тұрақты жолаушылар тасымалын 25 шетелдік авиакомпаниялары жүзеге асырады. Ішкі авиақатынастары саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.
Жер үсті инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту бағдарламалары іске асырылуда. Бүгінгі күні Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге жіберілген 15 әуежайдың 10-ы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары (ИКАО) бойынша санатталған: ИКАО санаты бойынша Астана мен Алматы қалаларының әуежайлары IIІ санат, Атырау
ІІ санат, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда әуежайлары I санат.
Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілген болатын, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға бағытталған шара және оны дамытудың жоғарғы динамикасын сақтау болып табылады.
2005-2008 жылдар кезеңінде Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің транзиттік қозғалысының өсуі жылына 10% жоғары болды.
Егер 2005 жылы транзит 84,8 млн. ұшақ-километрді құраса, ал 2008 жылы – 121,1 млн. ұшақ-километр, 2009 жылы – 114,2 млн. ұшақ-километр, 2010 жылы – 128,4 млн. ұшақ-километр, 2011 жылы – 155,7 млн. ұшақ-километр.
Су көлігі
Қазақстан Каспий бассейніндегі жүк ұйымдастыратын мемлекет болып табылады және экспортталатын жүктердің негізгі түрлері мұнай, металл, астық және басқалары болып табылады.
2011 жылғы Ақтау порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылғы тиісті кезең көрсеткішінің 94,7 %-ын құрайтын
12,2 млн. тоннаны құрады.
Көлемдердің төмендеуіне Иранға астық кіргізуге жоғары экспорттық баж енгізу және мұнай жеткізуге экономикалық эмбарго енгізу, сондай-ақ мұнай бөлігінің экспорт бағыттарының өзгеруі (құбыржолды пайдалану) экспорттық баж салығын енгізуге ықпалын тигізді.
2011 жылы «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме компаниясы
9,7 млн. тонна немесе өткен жылдың ұқсас кезең көрсеткішінің 111,3 %-ын тасымалдады.
Бүгінгі күні компания флоты 19 кемеден тұрады, оның ішінде: жүккөтергіштігі 12-13 мың тонна 6 мұнай құюшы танкер, жүккөтергіштігі 3 600 тонна болатын 8 барж-алаңдар, 5 буксир бар.
2014 жылы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру жоспарлануда.
Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде жүзеге асырылады: ұзақтығы 4040,5 км су жолдары учаскелеріндегі Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш.
Өзен көлігінің республикадағы көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлес салмағы аз. 2011 жылы кеме қатынасы көлігімен 1082 мың тонна жүк тасымалданған, 2010 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға кему байқалады. 112,9 мың жолаушы тасымалданған, бұл 2010 жылғы көлемнен 4,3%-ға артық. Кеме қатынасы көлігімен республика ішіндегі жүк тасымалдары 987 мың тоннаны (91,2%) құрады. Тасымалданған жүктердің елеулі үлесін – 878,7 мың тонна (81,2%) – құрылыс материалдары құрайды.
Ішкі кеме қатынасы жолдарының ұзындағы 2011 жылдың соңында 4094 км құрады.
Автомобиль көлігі
Нарықтық инфрақұрылымды дамытуда, ішкі жəне сыртқы сауданы кеңейтуде автомобиль көлігі маңызды рөл атқарады.
Республиканың автомобиль паркінде 414 мың жүк автомобилі, 98,4 мың автобус, 3553,8 мың жеңіл автомобиль бар. Бұдан басқа, республикада 50 мың мотокөлік, сондай-ақ 149,3 мың автомобиль тіркемелері тіркелген.
Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, республика автокөлігімен 2011 жылы 2475,5 млн. тонна жүк тасымалданды, жүк айналымы 121,1 млрд. ткм құрады. 2010 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 25,6%-ға артты , жүк айналымы 50,9%-ға артты. 16622,4 млн. жолаушы тасымалданды, жолаушылар айналымы 164,5 млрд. жкм құрады. 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер тиісінше 26,3%-ға жəне 30%-ға артты.
Халықаралық жол тасымалдары (бұдан әрі – ХЖТ) жүйесі бойынша тасымалдарға қазіргі уақытта шамамен 4650 автомобиль көлігі тартылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 39 елімен шамамен 109 мың дана рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілуде.
Тұрақты қатынас бойынша 135-нан артық халықаралық және
250 облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.
Автомобильдер паркі жоғары тозумен сипатталады – 12 жылдан жоғары пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 63% құрайды, соның ішінде 57% - автобустар, 59% - жеңіл және 84% - жүк автокөліктері.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы стационарлық көздерден атмосфераға зиянды заттар шамамен жылына 2,5 млн. тоннаны құрайды, ал көлік шығарындылары жылына 1 млн. тоннадан асады.
Еуро стандарттарды кезең-кезеңмен енгізу ескірген автомашиналарды әкелуді шектеуге, қазақстандық автожинау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ өндірілетін және импортталатын отынның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарының техникалық байқауда өткізу функциялары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен бәсекелi ортаға берiлген, ал техникалық байқауды ұйымдастыру мен жүргiзуге бақылау құзыреті Министрлiкке берілген.
Жаңа тәртіпке сәйкес көлік құралдарының техникалық байқауын техникалық бақылаудың стационарлық және ұтқыр желілері бар жекеменшік орталықтар жүргізеді, олар тежеуіш жүйесінің, рульдік басқарудың, аспалық бөлшектердің, атмосфераға шығарындылардың тиімділігін автоматты түрде анықтайды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Теміржол саласы
Теміржол саласында темір жолдар желісі жеткілікті дамымаған, негізгі құралдардың тозуы, жолаушы жылжымалы құрамының тапшылығы өсуде. Сервистің төмен деңгейі мен бәсекелестіктің болмауы орын алады, сондай-ақ темір жол көлігін жаңарту мен дамытуды жеткіліксіз қаржыландыру білінеді. Тариф белгілеудің қолданыстағы қағидаттары мен реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке бағдарлануын болдырмайды. Елдің транзиттік әлеуетін барынша тиімді іске асыру қажет және темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, олар өз кезегінде көлік-коммуникация кешенінде бәсекелес ортаны құруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ұзақ жылдар бойы жолаушылар тасымалдарын жүк тасымалдары есебінен, сондай-ақ экономиканың басқа салаларын (тау-кен өндірісі, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені) баға өсуіне қарай темір жол тарифтерінің түсуі есебінен тоғыспалы субсидиялауға жол беретін экономикалық саясат активтерінің «шығарылуына» және мемлекеттің көлік инфрақұрылымының сапасын нашарлатуға әкеп соқтырады.
Саланың негізгі қорларының жиналған тозуы теміржол көлігінің технологиялық тұрақтылығын жоғалту қаупін тудырады және өз ресурстары таусылып бара жатқан жылжымалы құрамды және инфрақұрылым объектілерін жаңартуға инвестицияның едәуір қажеттілігін анықтайды.
Теміржол көлігінің тиімділігі, қолда бар ассортимент, пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтің қол жетімдігі мен сапасы, қызметке инновацияларды енгізу деңгейі нарықтың қазіргі заманғы талаптарына толық жауап бере алмайды.
Теміржол көлігі жұмысының мемлекет экономикасының барлық салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, Министрлік «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, Қазақстан Республикасы темір жол көлігін одан әрі дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның темір жол көлігі бөлімінің негізін құраған кешенді тәсілдерді әзірлеу бойынша ауқымды, жүйелі жұмыстарды жүргізді.
Бұл ретте осы бағдарламаның негізгі міндеті саланың қолданыстағы институционалды құрылымын және саланың экономикалық моделі реформасын түзету негізінде реформалау үдерісін аяқтау болып табылады.
Табиғи-монополиялық қызмет (МТЖ қызметтері) және тасымалдау қызметін толығымен бөлу, тасымалдау қызметі тарифін қайта реттеу, тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдаумен байланысты шығындарын 100%-дық субсидиялау және т.б. көзделіп отыр.
Сондай-ақ бағдарламада жеке бастамаларды тартуға, магистральдық темір жол желісіне қол жеткізуге тең құқық бере отырып, бәсекелес нарықты құруға және жолаушылар тасымалдауды мемлекеттік субсидиялаудың тиімді тетігін енгізуге жағдай жасау көзделуде.
2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша вагондар:
Атауы
|
мүкәммал паркі
|
жұмыс паркі
|
жұмыс істемейтін паркі
|
жолаушы вагондары, бірлік
|
1 824
|
1 778
|
46
|
жүк вагондары, бірлік
|
54 801
|
50 777
|
4 024
|
Өсу нәтижесіндегі жолаушылар вагондарының тапшылығы
Жылдар
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
жолаушы вагондарының тапшылығы, бірлік
|
411
|
448
|
310
|
183
|
106
|
2011 жылдың қорытындысы жай-күйі бойынша локомотивтер
Атауы
|
Мүкәммал паркі
|
Пайдаланылатын парк
|
Пайдаланылмайтын парк
|
магистральдық тепловоздар, бірлік
|
648,5
|
503,5
|
145
|
электровоздар, бірлік
|
522,5
|
420
|
87,5
|
маневрлік тепловоздар, бірлік
|
485
|
399
|
82
|
Автожол саласы
Автокөлік инфрақұрылымының едәуір бөлігі нормативтік мерзім шегінен тыс пайдаланылады, басқасы осы мерзімге жақындайды, осыған байланысты көлік жұмысының кауіпсіздігі бойынша жағдай едәуір нашарлауда.
Қолда бар жол пайдалану техникасының жоғары тозушылығы; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капиталды қажет етуі; жол қызметінің жөндеуаралық мерзімін сақтау және республикалық маңызы бар автожолдарды дамытуды жеткіліксіз қаржыландыру; қолданыстағы автожолдар желісін техникалық параметрлерінің төмендігі (бірлікке түсетін жүктеме есебі, санаттары бойынша т.б.); екі жолақты қозғалысы бар жолдарда авариялық және қаза табу тәуекелінің жоғарлығы; жергілікті бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары деңгейінің төмендігі; 890 ауылдық елді мекенге қатты жамылғылы кіреберіс автожолдарының болмауы ескеріледі.
Азаматтық авиация
Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблемалар мыналар болып табылады:
1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтін өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі;
2) әуе кемелерін қабылдау-ұшыру үшін бірқатар өңірлік әуежайлардың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) авиация персоналының, атап айтқанда ИКАО талаптарына сәйкес ағылшын тілінің 4-деңгейін меңгерген ұшу құрамының жетіспеушілігі болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген проблемалар экономикалық жазықтық пен әуежайлар инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру мүмкіндіктеріне байланысты.
Осылайша әуе кемелерін жаңарту авиатасымалдардың кірістілігіне және бәсекелестікті дамыту деңгейіне байланысты, ол авиатасымалдаушылардың өз кеме паркін жаңартуға ынталандырады.
Азаматтық авиация саласы қалыптасуының бастапқы кезеңінде әуежайлар инфрақұрылымын дамыту мемлекеттiк бюджеттен қаржылық қолдауды талап етедi.
Ескіріп қалған өңірлік авиапаркті (АН-24, ЯК-40) шетелде шығарылған қазіргі заманғы әуе кемелеріне (Эмбраер, Бомбардье) ауыстыру қажет.
Жердегі инфрақұрылымның дамуы, оның ішінде әуежайларды қайта жаңарту, жердегі инфрақұрылымның материалдық-техникалық жарақталуы (ҰҚЖ, аэровокзал, арнайы техника және басқалар). Кейбір әуежайлардың ұшу-қону жолақтарының жай-күйі кауіпсіздік талаптарына толық мөлшерде жауап бермейді.
Кадр әлеуетін қалыптастыру.
Су көлігі
Су көлігі саласында порттық және қызмет көрсету инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, білікті отандық мамандар тапшылығы, кеме қатынасы шлюздерінің төмен техникалық жай-күйі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.
Осыған байланысты теңіз сауда флотын және теңіз операцияларын қолдау флотын сатып алу, мемлекеттік техникалық өзен флотын ауыстыру, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысы, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Автомобиль көлігі
Экологиялық жағдай мемлекеттiң экономикалық жақсы әл-ауқатының деңгейіне әсер ететін маңызды даму факторы болып табылады.
Елдегі экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламент бекітілді. Осы техникалық регламентте зиянды заттар шығарындылары бойынша Еуро экологиялық стандарты талаптарына сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын ел аумағына әкелуге және өндіруге тыйым салу белгіленген. Республика аумағында Еуро-2 экологиялық стандарттары 2009 жылғы 15 шілдеден бастап автокөлік құралдары бойынша және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап отын бойынша енгізілді.
Бұдан басқа осы шара қазіргі қолда бар автомашиналар паркін жаңарту үшін жағдай жасайды.
Саланың нормативтік-техникалық базасын үйлесімдеу шеңберінде экологиялық кауіпсіздік саласында 2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасының 15 мемлекеттік стандарты әзірленген.
Көліктегі қауіпсіздік шаралардың сақталуына тиімді бақылаудың жеткіліксіздігі, көліктің және объектілер инфрақұрылымының қанағаттанарлық емес жай-күйі көліктегі қазіргі заманғы жағдайдың едәуір қиын екенін айқындайды.
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиімді бақылауды ұйымдастыру бірінші кезектегі міндеттердің бірі және саланы дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі құрауыштардың бірі болып табылады.
Көліктегі авариялылық деңгейін белгілейтін негізгі факторлар:
1) көлік процесіне қатысушылар біліктілігінің жеткіліксіздігі мен тәртібінің төмендігі;
2) тасымалдауды ұйымдастырудың технологиялық процестерін сақтамау;
3) көліктік бақылау органдарының материалдық-техникалық жағынан жеткіліксіз жарақтандырылуы;
4) көлік құралдарының физикалық тозуы және қанағаттанарлық емес техникалық жай-күйі болып табылады.
Авариялылық деңгейінің жыл сайынғы төмендеу қарқынына қарамастан 2009
Достарыңызбен бөлісу: |