Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру



бет32/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Корсетілетін қызметті беруші Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алуға ұсынған құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым:

брокерлік қызметпен 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

дилерлік қызметпен 30 АЕК;

инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен 30 АЕК;

кастодиандық қызметпен 30 АЕК;

трансферагент қызметімен 10 АЕК;

бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметпен 10 АЕК;

қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметімен 40 АЕК болады;



  1. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  2. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Қызметті алушы:

қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың тұпнұсқасы;

3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариатта куәландырылған көшірмесі);

4) қызметті алушының жарғылық капиталының ең аз мөлшері төленгенін растайтын құжаттар;

5) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариатта куәландырылған көшірмелері;

6) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күніндегі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

7) Қазақстан Республикасының резиденті емес көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпарат қамтылған, мемлекеттік тілде және орыс тілінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар сауда тізілімінен заңды үзінді көшірме немесе басқа да заңды құжат;

8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;

9) қызметкерлердің тегін, атын және бар болған жағдайда әкесінің атын, олардың атқаратын лауазымын көрсете отырып, штаттық кестенің көшірмесі;

10) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;

11) ішкі аудит қызметінің тексерулерді жүргізуінің тәртібін, кезеңділігін және есепті жасауының мерзімін айқындайтын көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы ереже қажетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қызметті алушы бар болған жағдайда ішкі аудит қызметі туралы ережені ұсынады;

12) құрамы туралы мәліметтерді қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ереже қажетті.

Осы талап трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.

13) көрсетілетін қызметті алушыда бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге де жабдықтардың болуын растайтын мынадай құжаттардың:

жабдықты жеткізу шартының;

жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;

лицензиялардың санын көрсете отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шартының;

бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісінің;

қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаты, деректерге қолжетімділікті бөлу тетіктерінің сипаты, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері) көшірмелері қажетті.

Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға көрсетілетін қызметті алушыға бағдарламалық өнімді ақысыз берген жағдайда, осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат та: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорларды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушы бірінші басшының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен расталады;

14) өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы көрсетілетін қызметті алушының бухгалтерлік балансы;

15) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған көрсетілетін қызметті алушының соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептілігі;

16) директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған бизнес-жоспары (заңды тұлғаның атқарушы органы акционерлік қоғамынан басқа өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің
бизнес-жоспарын бекітеді) қажетті.

Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:

лицензияны алу мақсаттары;

қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және өтініш берушінің қызметі бағытталған нарық сегментіне шолу;

қызмет шегінде болжамды қызмет көрсетулер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі бойынша жоспарлар;

қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілігі мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың рәсімдері туралы ақпарат;

қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішіндегі шығындылықтың коэффициенттері;

инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;

қызметті алушының ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқарудың рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс;

17) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілген қызметті алушы үміткерлер үшін);

18) клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);

19) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі


2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы
27 тамыздағы № 240 қаулысының талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің қызмет етуін айқындайтын ішкі ережелер;

20) қызметті алушының басшы қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді айқындайтын құжаттар қажетті.

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 10), 12) және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің


1), 2), 17), және 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және парақтар саны көрсетіліп, тігістің түйініне желімденген жапсырманың үстінде ішінара соңғы парақтың артында қызметті алушының мөрімен расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамдарының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен расталады;

Осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалар қызметті берушіге өздерінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде мемлекеттік тіркелуі жөніндегі растау құжаттарын ұсынады.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қажетті.

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының


9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) 18), 19) және 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған кезде):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде) қажетті.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметті берушісі мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________
«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


__________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

__________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы толық атауы)

 

Өтініш

_________________________________________________________________

(бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)

 

жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.



Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

1. Атауы, орналасқан жері

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

_________________________________________________________________

(телефон, факс).

2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің нөмірі мен күні, БСН:

_________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушының банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысына даналар мен парақтар саны:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлер) өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.


 

(күні және қолы)

Мөрдің орны
________________

«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет