3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасына
_________________
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге
өтінішхат
_________________________________________________________________________________________________________________________________
(Қордың атауы)
____________________________________________________________________
(өткен орны)
Қор акционерлерінің жалпы жиналысының
_______жылғы «___» _________________ № _____ шешіміне сәйкес ____________________________________________________________________
(қайта ұйымдастырылатын Қордың атауы)
Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұрау салған қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде беруге толық жауап береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған тізбесі, даналарының және әрқайсысы бойынша парақтарының саны көрсетілсін): ________________________________________________________.
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, аталған өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме)
_________________________________________________________________
_________________________
(қолы) мөрдің орны
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тиісінше ресімделген құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – үш ай ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беру туралы қаулысы.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған өтінішхат;
2) акционерлердің жалпы жиналысының көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде тарату туралы шешімі;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқтығын растайтын құжат;
4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба.
Қызметті алушының бухгалтерлік балансына берілген түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, қызметті алушының кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат жария етіледі.
Бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба өтінішхат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады;
5) қызметті алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, қызметті алушының кастодиан банкінің бірінші басшысы және қызметті алушының инвестициялық портфелін басқарушы (ол бар болса) немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған, аталған ұйымдардың мөрлерімен расталған ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қызметті алушының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі;
6) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқтығын растайтын құжаттар:
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің жоқтығы туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың жоқтығы туралы хаты;
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу және депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты бұзу жөніндегі хаты;
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның «Қазақстан қор биржасы» АҚ алдында берешегінің жоқтығы туралы хаты.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын растайтын құжатқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қоюға және олар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының мөрімен расталуға тиіс.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасына
____________________
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беруге
өтінішхат
_________________________________________________________________________________________________________________________________
(Қордың атауы)
____________________________________________________________________
(өткен орны)
Қор акционерлерінің жалпы жиналысының
_______жылғы «___» _________________ № _____ шешіміне сәйкес ____________________________________________________________________
(Қордың атауы)
Қорды ерікті таратуға рұқсат беруді сұрайды.
Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұрау салған қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде беруге толық жауап береді.
«Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған тізбесі, даналарының және әрқайсысы бойынша парақтарының саны көрсетілсін): ________________________________________________________.
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, аталған өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме)
________________________________________________________________
_________________________
(қолы) мөрдің орны
________________
Достарыңызбен бөлісу: |