Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет37/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы елеулі түрде қатысуды иемденетін заңды тұлға туралы деректер


Өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрылтайшысы болып табылатын ЗТ-ның жарғылық капиталына

қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

(%-бен)


Өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрылтайшысы болып табылатын ЗТ-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін

сатып алуының бағасы

(%-бен)


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері болып табылатын ЗТ акцияларының саны туралы мәліметтер

(данамен)


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері болып табылатын ЗТ акцияларын сатып алу бағасы

(теңгемен)


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері болып табылатын ЗТ сатып алынған акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде)

(%-бен)


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ

қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

(%-бен)


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын басқа ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу бағасы

(%-бен)


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ сатып алған акцияларының саны туралы мәліметтер

(данамен


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ сатып алған акциялардың сатып алу бағасы

(теңгемен)


Сатып алынған акциялардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың сатып алып орналастырған акцияларының жалпы санына арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде)

(%-бен)


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






























________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның

мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіпте оның жария

компания мәртебесін кері қайтарып алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның өтініші негізінде ол белгілеген тәртіппен одан жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының акционерлік қоғамды жария компания деп тану туралы қаулысы, одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жазбаша жауап.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) мыналарды көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім берілген, еркін түрде жасалған өтінішін:

қоғамның атауын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерін (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес);

интернет желісінде қоғамның осы домендік аты тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетілген қоғамның корпоративтік web-сайтының мекенжайын;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шектелмеген инвесторлардың тобы арасында қоғамның жария етілген акцияларын орналастыру туралы жариялымның көшірмесін (мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі);

3) оның тіркеушісі қоғамның көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін ұсынуы алдындағы айдың аяғындағы жағдай бойынша жасаған қоғам акционерлерінің тізілімін;

4) әділет органының белгісі бар енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларымен қоғам жарғысының көшірмесін;

5) қор биржасы берген және қоғам Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне өтінішін ұсынудың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша белгіленген критерийлерге қоғамның сәйкес келуін растайтын құжаттар:

қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушіге қоғамды жария компания деп тану үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың көшірмесі бірінші басшының (не оны ауыстыратын тұлғаның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.

Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, әр парағы расталып, тігіліп және тігістің түйіні мен параққа жартылай жапсырылып, қағаз пломбамен бекітіліп ұсынылады. Бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші қоғамды жария компания деп танылуын көрсетілетін қызметті алушының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-1-бабы 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келгенде және ол Заңның


4-1-бабы 2-тармағының талаптарын сақтағанда жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-1-бабы 4-тармағында аталған жағдайлар басталғанда, қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу жөніндегі еркін нысанда жазылған өтінішімен көрсетілетін қызметті берушіге өздігінен жүгінуге құқылы.



Жария компания критерийлеріне акционерлік қоғамның сәйкес келмеуі туралы мәліметтер расталғанда, көрсетілетін қызметті беруші қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген



«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат беру).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша мына құжаттар:

1) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;

2) тарату комиссия мүшелеріне кандидаттардың тізімі;

3) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушыны тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, көрсетілетін қызметті алушының меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;

4) көрсетілетін қызметті алушының, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;

5) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушы тарату туралы шешімін қабылдаған күніне көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған көрсетілетін қызметті алушы кредиторларының тізімі;

6) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен, көрсетілетін қызметті алушының өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

______________

 

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатын алу туралы



өтініші

 

_________________________________________________________________



(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

_________________________________________________________________

(өткізілген орны)

акционерлердің жалпы жиналысының____жылғы___________

№_____хаттамасына сәйкес

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы, оның орналасқан жерін көрсете отырып)

ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруіңізді сұрайды.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды ерікті қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу құқығы берілген уәкілетті тұлға болып табылады.

______________________________________________________________

_________________________________________________________________

(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты, аталған өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме)

_________________________________________________________________

(уәкілетті тұлғаның лауазымы)

Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың дұрыстығына толығымен жауапты болады.

Қосымша: ___________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________

(жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы бойынша парақтар саны көрсетіледі):

_________________________________________________________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

____________________________________________________________________

(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың тіркелген күні мен нөмірі)
________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет