«Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш;
2) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен орталық депозитарийдің қағидалар жинағына кіретін қағида.
Орталық депозитарийдің қағидалар жинағына;
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен мәмілелерді тіркеу қағидасы;
2) тіркеушінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу қағидасы;
3) мемлекеттік бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу қағидасы;
4) эмиссиялық бағалы қағаздарын және өзге де қаржы құралдарын есепке алу қағидасы;
5) құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру қағидасы;
6) қаржы құралдарымен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидасы;
7) депоненттерге есептілік беру тәртібі;
8) бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
9) депоненттердің және олардың клиентерінің ақшасын есепке алу қағидасы;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидасы (сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кіретін мәселелерді реттейтін сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын қамтиды).
Қор биржасының қағидалары:
1) қор биржасына мүше болу санаттарын, қор биржасына мүшелікке кіру талаптары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін, қор биржасына мүше болуды тоқтата тұру және тоқтату талаптары мен тәртібін;
2) қор биржасы мүшесінің атынан қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен
сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып өзге іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
3) қор биржасының трейдерлерін сауда жүйесін пайдалануды міндетті оқыту тәртібін;
4) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысу тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;
5) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізуге болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізу, оларды осы тізімнен шығару және тізімнің санатын ауыстыру талаптары мен тәртібін;
7) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты жария ету жөніндегі);
8) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты жария ету мониторингін жүзеге асыру тәртібін;
9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық жүргізу тәртібін;
10) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;
11) қор биржасында сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау талаптары мен тәртібін;
12) қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесін;
13) қор биржасы мүшелерінің және қор биржасы трейдерлерінің биржа саудасының қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілігін, қор биржасы өндіретін биржалық айыппұлдарды төлеу мөлшері мен тәртібін;
14) қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру барысында туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібін;
15) қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасы құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;
16) листингтік комиссия қызметінің тәртібін;
17) бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сараптама комитеті қызметінің тәртібі;
18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және алдын алу қағидаларын;
19) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін, қор биржасы мүшелерінің осындай мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат ұсыну тізбесі мен мерзімдерін;
20) қор биржасының интернет-ресурсында барлық корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қор биржасының ресми тізіміне кіретін эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін;
21) эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген ресім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы мәселелері бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органының қарау және қабылдау тәртібін;
22) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы
2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиісті.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тіркеушінің қағидалар жинағын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш;
2) тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен, тіркеушінің қағидалар жинағына кіретін қағидалар, оған мыналар жатады:
эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерімен, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан
әрі – Заң) белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен мәмілелерді тіркеу қағидалары;
эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу қағидалары;
эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидалары;
бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілікті беру қағидалары;
бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара әрекеттесу қағидалары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге ережелер.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасаған кезде электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы талап етілмейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті
жүзеге асыру қағидаларын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың қағидаларын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш;
2) клирингтік ұйымның директорлар кеңесі бекіткен клирингтік ұйымның қағидалары, онда мыналарды айқындайтын ережелер қамтылады:
сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын, олардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық тұрақтылығын қолдау жөніндегі міндеттері көрсетілген талаптарды;
сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін тағайындаудың (қолданысын тоқтату, айыру) тәртібі мен талаптарын;
сауда-саттыққа клирингтік қатысушы клирингтік ұйымға сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық жағдайының, сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының клирингтік ұйым қағидаларының талаптарына сәйкестігі бойынша мониторингті жүзеге асыру үшін ұсынатын сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қызметі туралы ақпараттың тізбесін, сондай-ақ осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдерін;
клирингтік ұйымның сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа иелік ету тәртібін;
сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының, сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клирингтік ұйым қағидаларының талаптарына сәйкестігі бойынша мониторинг жүргізу тәртібін;
арнайы клирингтік (кепілдік) қорларын қалыптастыру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ клирингтік ұйымға жарналар мен алымдарды төлеу тәртібін және талаптарын;
клирингтік ұйымның резервтік қорларды қалыптастыру тәртібі мен талаптарын;
жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, оны салыстырып тексеру және айырмашылық болған кезде түзету тәртібін;
клирингтік ұйымның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алу және растау тәртібін;
сауда-саттыққа клирингтік қатысушының талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;
клирингтік қызметтің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, талаптары мен тәсілдерін;
клирингтік ұйымның сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нәтижелері жөнінде есептер беру тәртібін;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына,
сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібін;
клирингтік ұйымның және сауда-саттыққа клирингтік қатысушы арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;
клирингтік ұйымның есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасалатын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
клирингтік ұйымның орталық қарсы агенті функцияларын орындауының тәртібі мен талаптарын;
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-2-бабында белгіленген клирингтік ұйымның функияларын іске асыру үшін анықталуы қажет ережелерін.
Достарыңызбен бөлісу: |