«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі он бес жұмыс күні болады;
3) қайта ұсынылған өтінішті көрсетілетін қызметті беруші отыз жұмыс күні ішінде қарайды;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - микроқаржы ұйымына оны микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан
әрі – хабарлама) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;
2) салыстыру үшін жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
3) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік капиталдың ең аз мөлшерінің сақталғаны туралы мәліметтер;
4) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);
5) мыналарды:
микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;
микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы);
қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтерді көрсету және (немесе) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);
ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;
ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар), өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері туралы мәліметтер;
7) микроқаржы ұйымдарының жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;
8) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйелерінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесі;
9) берілген микрокредиттер бойынша табысты және корпоративтік табыс салығын есептелген соманы көрсететін соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесі (микрокретиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).
Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген тұрған орны өзгерген,
сондай-ақ осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды ұсынады.
Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі соңғы парағының артына микроқаржы ұйымының мөрімен расталып ұсынылады.
Ұсынылған құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие микроқаржы ұйымдары лауазымды тұлғаларының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
10. Мыналар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына ұсынылған құжаттар сәйкес келмеуі;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс дәйексіз мәліметтерді және ақпаратты беруі;
3) егер микроқаржы ұйымдары ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өткені туралы өтініш жасамауы;
4) егер микроқаржы ұйымының басшысында немесе құрылтайшыларының бірінде өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса, сондай-ақ тұлға бұрын уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылған жағдайда;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының
9) тармақшасында көзделген құжаттарды бермеуі микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Есептік тіркеуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы отыз жұмыс күні ішінде өтінішті қайтадан беруге құқылы немесе атауының өзгергені не қайта құрылғаны не таратылғаны туралы шешім қабылдайды.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
_______________
«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
____________________________________________________________________
(мемлекеттік реттеу, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Өтініш
Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеу жүргізуді өтінемін.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
1. Көрсетілетін қызметті алушының тұрған жері __________________
____________________________________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)
2. Жіберілген құжаттардың тізбесі, даналардың және оның әрқайсысындағы парақ саны: ____________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) анықтығына толық жауаптылықта болады.
Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, өтініш беруге уәкілетті адамның лауазымы
«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
_________________________________
(қолы)
20 __ жылғы «____» ______________
Мөрдің орны
________________
«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
Меншік капиталдың ең төменгі мөлшерін
сақтау туралы мәліметтер
Микроқаржы ұйымының атауы
|
Күні
|
Меншік капиталдың мөлшері (мың теңге)
|
|
|
|
Микроқаржы ұйымы басшысының
тегі, аты, бар болса – әкесінің аты _________________
(қолы)
Мөрдің орны
________________
«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
1-нысан
Көрсетілетін қызметті алушының
құрылтайшысы (қатысушының) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) ______________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(толық атауы)
Тұрған жері________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректері___________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, бар болса электронды поштаның мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _____________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес_____________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі ________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесі ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесіне ақша енгізу алдындағы көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушы) меншік капиталының мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесін төлеуге енгізілген сома ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушы) өзге заңды тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер: _________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Ұйымдардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер: ___________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушы) басшысы туралы мәліметтер: ___________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
20 __ жылғы «____» _____________.
Көрсетілетін қызметті алушы (қатысушы) құрылтайшысы
басшысының қолы _____________________________
мөрдің орны
________________
2-нысан
Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушының) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) _____________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
Туған күні ___________________________________________________________
Азаматтығы _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері _____________________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Тұрған жері _________________________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректері___________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, бар болса электронды поштаның мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы____________________
____________________________________________________________________
2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталдағы қатысу үлесі_____
____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушы) өзге заңды тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер: ________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________;
5. Мемлекеттік реттеу, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші осы микроқаржы ұйымының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлғаның бұрын бірінші басшы немесе қаржы ұйымының құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.
20 __ жылғы «___» _____________.
Көрсетілетін қызметті алушы
құрылтайшысының (қатысушы) қолы __________________________
________________
«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
нысан
Мәліметтер
_______________________________________________________________
(микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының лауазымы көрсетіледі)
1. Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда – қашан, қандай себеппен өзгертілгенін көрсету керек)
|
Күні және туған жері
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
|
Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(толық мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін, елді мекеннің кодын көрсету керек)
|
Азаматтығы
|
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректері
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
|
Қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушының өзге заңды тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:
№
|
Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері
|
Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері
|
Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы
|
|
|
|
|
2. Кәсіби деректері:
Білімі, оның ішінде жұмыс түріне сай келетін кәсіби білімі
|
___________________________________________________________________________________
(Оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауын мен тұрған жерін, оқу кезеңін, тағайындалған біліктілікті, білімі туралы дипломның реквизиттерін көрсету керек)
|
Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс саласындағы біліктілікті көтеру курстары, ғылыми дәрежесі
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(Оқу орнының атауын мен тұрған жерін, оқу кезеңін, білімі туралы дипломның реквизиттерін, сертификатты, куәлікті көрсету керек)
|
Қаржы қызметтері саласындағы жұмыс тәжірибесі
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылының, аудитор лауазымында істеген жылының, қызмет түрлері бойынша бухгалтер лауазымында істеген жылын көрсетуі керек)
|
Басшылық лауазымындағы жұмыс тәжірибесі
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдысы)
|
|
Жетістіктері
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетуі керек: мысалы, ғылыми жарияланымының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және т.б қатысуы)
|
Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат
|
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)
|
Енбек қызметі туралы мәліметтер:
№
|
Жұмыс кезеңі (айы/жылы)
|
Қызмет істеген және қызметтік міндеттерін атқарған ұйымының атауы, ұйымның координаттары
|
|
|
|
|
|
|
3. Басқа мәліметтер:
Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы
|
Иә/жоқ
(егер бар болса, онда қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы үкімнің күнін және нөмірін, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын көрсету керек)
|
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан қадағалау органдарының шеттетуі туралы деректердің болуы
|
Иә/жоқ
(егер бар болса, онда күнін және осындай шара қолданған органның
атауын көрсету керек)
|
Мемлекеттік реттеу, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші осы микроқаржы ұйымының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлғаның бұрын бірінші басшы немесе қаржы ұйымының құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер
|
Ұйымның, лауазымының атауы, жұмыс кезеңі
|
Қаржы қызметтерін көрсету мәселесі бойынша сот талқылауына микроқаржы ұйымының басшысы ретінде жауапқа тартылды ма
|
(қаралған мәселенің және соттың шешімінің күнін, сот талқылауындағы жауапкер-ұйымының атауын көрсету керек)
|
Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат
|
(еркін түрде)
|
Мен (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты), _____________________________________________________________,
осы ақпаратты тексергендігімді және оның анық және толық екендігін растаймын _____________________________
(қолы, күні)
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |