Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы



жүктеу 234.56 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі234.56 Kb.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      5) «II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2012 жылғы 8 тамыздағы 
№ 1033 қаулысымен    
бекiтiлген      

«II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң Табиғат ресурстарын және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), сондай-ақ «электрондық үкiмет»: www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң (бұдан әрi – Кодекс)  20-бабының 3-1) тармақшасына,  68 –  79-баптарына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпарат уәкiлеттi органдардың интернет-ресурсында, осы стандартқа 1-қосымшаға көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдардың үй-жайларында орналастырылған стендiлерде және порталда орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беру немесе қайта ресiмдеу, не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет II, III және IV қауiптiлiк санатына қызмет түрлерi бойынша жатқызылатын объектiлерi бар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап:
      1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн 1 (бiр) айдан артық емес;
      2) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу үшiн 1 (бiр) ай iшiнде;
      3) мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негiзде ұсынылады.
      9. Құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады. Порталда – демалыс және мереке күндерiнсiз тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар (пандустар) көзделген уәкiлеттi органның ғимаратында көрсетiледi;
      2) порталда – жеке кабинетiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады.


      1. Уәкiлеттi органға:
      1) II санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға өтiнiм;
      эмиссиялар нормативтерi бар жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
      өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы.
      2) III санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға өтiнiм;
      эмиссиялар нормативтерi бар жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
      өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы.
      3) IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға өтiнiм;
      есептiк немесе құрал-сайманды жолмен белгiленген және негiзделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерi.
      4) II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес рұқсатты қайта ресiмдеуге өтiнiм;
      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк;
      салық төлеушiнiң куәлiгi.
      2. Порталда:
      1) II санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түрiндегi өтiнiм;
      эмиссиялар нормативтерi бар жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi;
      қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi;
      өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi.
      2) III санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшiн:
      осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түрiндегi өтiнiм;
      эмиссиялар нормативтерi бар жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi;
      өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы.
      3) IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түрiндегi өтiнiм;
      есептiк немесе құрал-сайманды жолмен белгiленген және негiзделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерi электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi.
      4) II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу үшiн:
      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес рұқсатты қайта ресiмдеуге тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түрiндегi өтiнiм;
      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi;
      салық төлеушi куәлiгi электрондық өтiнiмге электрондық сканерленген көшiрме түрiнде қоса берiледi.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат, қажеттi құжаттар тiзбесi уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарында уәкiлеттi органдардың үй-жайларында орналасқан арнайы ақпараттық стендiлерде орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдардың кеңсесiне тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау тұтынушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.
      14. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды тапсыруының растамасы:
      1) уәкiлеттi органдар кеңсесiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi және қоса берiлген құжаттар саны) бар тұтынушының iлеспе хатының көшiрмесi;
      2) портал арқылы өтiнiш берген тұтынушыға порталдағы жеке кабинетiне тұтынушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн өтiнiштi қабылдау туралы хабарлама есеп жолданады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тұтынушы жеке өзi немесе сенiмхат бойынша өкiлi бару немесе порталда тұтынушының жеке кабинетi арқылы қабылданады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:
      1) рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдардың толық және дұрыс болмауы;
      2) Кодекстiң  73-бабында көрсетiлген талаптарға сұратылатын табиғат пайдалану шарттарының сәйкес болмауы.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның қызметi тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:


      1) адамның конституциялық құқықтарын және еркiндiгiн сақтау;
      2) қызметтiк парызын орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезiндегi сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) өтiнiштердi қараған кездегi лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;
      6) тұтынушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағым дайындауға жәрдемдесу осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар және телефондар бойынша уәкiлеттi органдардың кеңсесiнде жүзеге асырылады.


      21. Көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған аппеляция органына – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерiне осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар, телефондар және жұмыс кестелерi бойынша берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар және жұмыс кестелерi бойынша кеңсеге берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар еркiн нысанда қағаз тасығышта не электрондық пошта бойынша қабылданады.
      25. Шағымды қабылдаудың растамасы онда берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талонды тұтынушыға беру болып табылады.
      26. Қосымша ақпаратты тұтынушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдардың интернет-ресурсында және үй-жайларында орналасқан стендiлерден ала алады.

«II, III және IV санат объектiлерi


үшiн қоршаған ортаға     
эмиссияға рұқсат беру»      
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша           

Уәкiлеттi органдардың тiзiмдерi мен мекенжайлары

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Ресми сайты

Жұмыс кестесi

Телефон нөмiрi

Басшы телефонының нөмiрi

1

2

3

4

5

6

7

1

«Ақмола облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Көкшетау қ., Абай к., 89-үй

e-mail: dpr_2007@mail.ru

жұмыс күндерi
900 – 1830, түскi үзiлiс 1300 – 1430

(8-7162) 40-28-07

(8-7162) 25-19-86

2

«Ақтөбе облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Ақтөбе қ.,

Әбiлхайыр хан даңғ., 40-үй, 6-қабат



www.tabigi-aktobe.kz e-mail: nedra2004@inbox.ru

жұмыс күндерi
900 – 1800, түскi үзiлiс 1300 – 1400

(8-7132) 550930, 550934

(8-7132) 550930

3

«Алматы облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Талдықорған қ., Қабанбай батыр к., 26-үй

www.Priroda.raldykordan.net

жұмыс күндерi
900 – 1800 , түскi үзiлiс
130 – 1400

(8-7282) 270062

(8-7282) 271669

4

«Атырау облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Атырау қ.,

Әйтеке би к., 77-үй



www.tabigat-atyrau@ atyrau.gov.kz

жұмыс күндерi
830 – 1800, түскi үзiлiс
1230 – 1400

(8-7122) 320036

(8-7122) 354559

5

«ШҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Өскемен қ., Тоқтаров к., 40-үй

www.e-priroda.gov.kz

жұмыс күндерi
900 – 1800, түскi үзiлiс 1300 – 1400

т. (8-7232) 579468 ф. (8-7232) 261456

(8-7232) 268850

6

«Ақмола қ. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Алматы қ., Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4-үй

www.almatyeco.kz

жұмыс күндерi
900 – 1800, түскi үзiлiс 1300 – 1400

(8-7272) 2727864 (8-7272) 2620987

(8-7272) 716525

7

«Астана қ. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Астана қ., Ы.Дүкенұлы к., 23/1-үй

www.аstana.kz

жұмыс күндерi
900 – 1800, түскi үзiлiс 1300 – 1400

395968 ф. 226293

87055645211

8

«Жамбыл облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Тараз қ., Абай к., 133 а-үй

upr_ekologiya@mail.ru

жұмыс күндерi
900 – 1900, түскi үзiлiс 1300 – 1500

(87262) 436808

(8-7262) 451503

9

«СҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 38-үй

www.dpr.sko.kz

жұмыс күндерi
900 – 1800,
түскi үзiлiс 1300 – 1400

(87152) 465361

(8-7152) 466787

10

«Қарағанды облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Қарағанды қ., Лобода к., 20-үй

pr-resurs.kz

жұмыс күндерi
900 – 1800, түскi үзiлiс 1300 – 1400

(87212) 564127

(8-7212) 564127

11

«Қостанай облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Қостанай қ., Таран к., 10-үй

www. kostanay.gov.kz

жұмыс күндерi
900 – 1800, түскi үзiлiс 1200 – 1300

(87142) 533853

(8-7142) 540166

12

«Қызылорда облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Қызылорда қ., Абай к., 48-үй

www. e-kyzylorda.kz

жұмыс күндерi
900 – 1900, түскi үзiлiс 1300 – 1500

(87242) 235487 235157

(8-7242) 235028

13

«Маңғыстау облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Ақтау қ.,
23-шағын ауд., 100-ғимарат

e-mail: moup@mail.ru

жұмыс күндерi
900 – 1830, түскi үзiлiс 1230 – 1400

(87292) 426791

(8-7292) 426790

14

«Павлодар облысының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Павлодар қ., Жеңiс алаңы, 17-үй

e-mail: dpr_pvl@mail.ru

жұмыс күндерi
900 – 1830, түскi үзiлiс 1300 – 1430

(87182) 326618

(8-7182) 326618

15

«ОҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Шымкент қ., Желтоқсан к., н/ж

www.priroda-uko.kz

жұмыс күндерi
900 – 1900, түскi үзiлiс 1300 – 1500

т.(87252) 211704, ф. 41-00-82

(87252) 211704

16

«БҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орал қ., Бөген тұйық көшесi, 5/1-үй

www.priroda.westkaz.kz

жұмыс күндерi
900 – 1830, түскi үзiлiс 1300 – 1430

(87112) 240462

(8-7112) 509270

«II, III және IV санат объектiлерi
үшiн қоршаған ортаға       
эмиссияға рұқсат беру»      
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша            

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
әкiмдiктерiнiң тiзiмдерi мен мекенжайлары

р/с №

Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдiктерiнiң атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс мәлiметтерi

1

2

3

5

1.

«Астана қаласының әкiмдiгi» ММ

Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11-үй

тел: 8 (7172) 55-69-78; факс. 55-72-87 E-mail: ushastana@mail.ru

2.

«Алматы қаласының әкiмдiгi» ММ

Алматы қ., Республика алаңы, 4-үй

тел/факс 8 (7272) 71-65-89; 72-58-17 E-mail: otdelselhoz@mail.ru

3.

«Ақмола облысының әкiмдiгi» ММ

Көкшетау қ., Абай көш,, 89-үй

тел/факс 8 (716-2) 25-28-40, 40-24-46; E-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

4.

«Алматы облысының әкiмдiгi» ММ

Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38-үй

тел. 8 (7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43; E-mail: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

5.

«Атырау облысының әкiмдiгi» ММ

Атырау қ., Әйтеке би көш., 77-үй

тел. 8 (7122) 32-54-58; факс 35-45-91; E-mail: atirauagro@mail.ru

6.

«Ақтөбе облысының әкiмдiгi» ММ

Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан көш., 40-үй

тел: 8 (7132) 56-34-28, факс 54-17-39; E-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

7.

«Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Өскемен қ., Горький көш., 38/40-үй

тел. 8 (7232) 24-48-02, факс 24-23-04, 20-42-42; E-mail: ispaevt@yandex.ru

8.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi» ММ

Тараз қ., Абай көш.,125-үй

тел: 8 (7262) 45-54-86, 45-88-31, факс 45-42-05, 45-46-28

9.

«Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Орал қ, К. Аманжолов, көш., 75-үй

тел/факс (8-7112) 51-10-65 E-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru

10.

«Қарағанды облысының әкiмдiгi» ММ

Қарағанды қ. Лобода көш., 20-үй

тел/факс 8(7212) 56-09-99 E-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

11.

«Қостанай облысының әкiмдiгi» ММ

Қостанай қ., Әл Фараби көш., 66-үй

тел/факс 8 (7142) 51-17-82; E-mail: dsh-zem@ kostanay.kz, www. kostanay.kz; e.kostanay.kz

12.

«Қызылорда облысының әкiмдiгi» ММ

Қызылорда қ., Абай көш., 48-үй

тел. 8(7242) 23-50-80; E-mail: sh_kyzyl@mail.ru

13.

«Маңғыстау облысының әкiмдiгi» ММ

Ақтау қ., 14 шағын ауд., 1-үй

тел: 8 (7292) 60-51-18, 43-45-52; E-mail: so.mangistau@rambler.ru

14.

«Павлодар облысының әкiмдiгi» ММ

Павлодар қ., Академик Сәтпаев көш., 49-үй

тел. 8 (7182) 32-22-09, 32-72-32; E-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

15.

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Петропавл қ., Конституция көш., 53-үй

тел. 8(7152)36-17-66, факс 36-07-45; E-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz

16.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» ММ

Шымкент қ., Тоқаев көш., 17-үй

тел. 8 (7252) 53-91-86, факс 54-00-60; Е-mail: dsh_uko@mail.ru

«II, III және IV санат объектiлерi
үшiн қоршаған ортаға     
эмиссияға рұқсат беру»     
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша             

Нысан


Мемлекеттiк органның атауы

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат
алу үшiн және қайта ресiмдеу үшiн өтiнiм

_____________________________________________________________________


(табиғат пайдаланушының атауы)
_____________________________________________________________________
(өтiнiш берушi ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның мекенжайы)
_____________________________________________________________________

1. Жалпы ақпарат


Байланыс телефондары, факс___________________________________________
Өтiнiм берiлетiн өндiрiстiк объектiнiң атауы_________________________
_____________________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының санаты (өндiрiстiк объектiнiң қауiптiлiк сыныбы)______________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының есептiк нөмiрi*_______________________________
ЖИН/БЖН _____________________________________________________________
2. Өндiрiс объектiсiнiң қоршаған ортаны ластау көзi орналасқан өнеркәсiп алаңдарының тұрған жерi туралы мәлiметтер:

1-кесте. Өнеркәсiптiк алаңдардың орналасуы туралы мәлiметтер

Өнеркәсiп алаңының нөмiрi

Өнеркәсiптiк алаңның атауы

Облыс

Аудан, елдi мекен

Координаттары,
град. мин. сек.

Алатын
жерi, га

ендiк

бойлық

1

2

3

4

5

6

7

3. Ластаушы зат шығарындылары (төгiндiлерi) мен жыл бойынша орналасатын қалдықтар мөлшелерiне қойылатын лимит.

2-кесте. Ластаушы зат шығарындыларына қойылатын лимит

Заттардың
атауы

Ластаушы зат шығарындыларындыларының нормативтi мөлшерi

Ауаға шығарылатын ластаушы зат шығарындыларына қойылатын лимиттерi

Өтiнiм беру алдындағы жылдың нақты шығарындылары

г/сек

т/жыл

г/сек

т/жыл

г/сек

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

20__ жылы

Барлығы, оның iшiнде алаң бойынша



















1-алаң

оның iшiнде ингредиенттер бойынша:



















2-алаң және т.б.

оның iшiнде ингредиенттер бойынша:



















3-кесте. Ластаушы зат төгiндiлерiне қойылатын лимит

Заттар атауы

Ластаушы зат төгiндiлерiнiң нормативтi мөлшерi (жылдар бойынша)

Ластаушы зат төгiндiлерiнiң қойылатын лимит (жылдар бойынша)

Өтiнiм беру алдындағы жылдың нақты төгiндiлерi

мг/л

г/сағ

т/жыл

мг/л

г/сағ

т/жыл

мг/л

г/сағ

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

20__ жылы

Барлығы, оның iшiнде су ағызу бойынша:




























1-су ағызу бойынша

оның iшiнде ингредиенттер бойынша:




























2-су ағызу бойынша және т.б.

оның iшiнде ингредиенттер бойынша:




























4-кесте. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға қойылатын лимит

Қалдықтың атауы

Қалдықтың коды

Орналасқан жерi

Қалдықтардың нормативтiк мөлшерi (жылдар бойынша)

Қалдықтарға қойылатын лимиттер (жылдар бойынша)

Өтiнiм беру алдындағы жылда қалдықтарды орналастырудың нақты мөлшерi

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

6

20__ жылы

Барлығы, оның iшiнде түрлерi бойынша:
















5-кесте. Күкiрттi орналастыруға қойылатын лимит

Күкiрттiң
атауы

Орналасқан жерi

Нормативтiк мөлшерi (жылдар бойынша)

Қойылатын лимиттер (жылдар бойынша)

Өтiнiм беру алдындағы жылда орналастырудың нақты мөлшерi

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

20__ жылы

Барлығы:













Табиғат пайдалануға ұсынылатын шарттар:
_____________________________________________________________________
Қоршаған ортаға эмиссиялар осы өтiнiмде берiлген сипаттамаға сәйкес болатынын растаймыз.
4. Өтiнiмге мына құжаттар қоса берiледi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кәсiпорын басшысы _______________ ______________________________
   (жеке тұлға)      (жеке қолы)      (Т.А.Ә. толығымен)
      М.О.
Ескерту:
* Табиғат пайдаланушының тiркелу нөмiрi оны иемденген жағдайда көрсетiледi.

«II, III және IV санат объектiлерi


үшiн қоршаған ортаға эмиссияға 
рұқсат беру» мемлекеттiк     
қызмет стандартына         
4-қосымша             

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсыру сәтiнен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану процесi

4.1. Шағымдану тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың
%-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Көрсеткiштер Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi ҚР Агенттiгi Төрағасының бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау бойынша әдiстемелiк ұсыныстық нұсқаулыққа сәйкес есептеледi (сайт www.kyzmet.kz).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет