Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы



бет18/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Кеңес беру, диагностикалық бағыт ұсыныс беру мақсатында жеке және ұжымдық (топтық) қызығушылықтардың түрлі көріністерін, тұлғалық ерекшеліктер мен қабілеттерді анықтауға бейімделген бағыт.Кәсіптік бағдар беру жұмысының бұл бағыты өте өзекті,
өйткені ол баланың/жасөспірімнің болашақ мамандығына деген дайындығын, оның таңдауына ықпалын тигізетін құралдарды анықтауын, оған жақындау тәсілдемесін дербестендіруге мүмкіндік береді.Кеңес беру қызметі психологиялық диагностика мен қатар баланың/жасөспірімнің икемі бар мамандықтарға бағдар беру бойынша ата-аналармен жұмыс түрін қамтиды.Топтың және әлеуметтің бейінін және олардың басты құндылықтарын анықтау мақсатында жасөспірімнің өмірлік құндылықтарын бөлек тармақ ретінде қарастыру қажет. Бұл мектеп әкімшілігіне және ата-аналарға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жоғары сынып оқышуларының қабылдауын білу үшін, одан күтілетін нәтижені түсіну үшін және жасөспірімге ықпал ету стратегияларын анықтау үшін өте өзекті ақпарат.
Белсенді-дамытушы бағыт балалардың/жасөспірімдердің ерекшеліктерімен, қабілеттерімен, қызығушылықтарымен анықталатын бойында бар базалық ерекшеліктерін түзету мен жетілдірудің көмекші қызметін атқарғандықтан кәсіптік бағдар беру жұмыс құралының модульі болып табылады.Жұмыстың бұл бағыты балалардың/жасөспірімдердің мүмкіндіктерін анықтап дамытуға, оларда белсенді, тәжірибелі жолмен мамандықты таңдай алу қасиетін қалыптастыру.Ол негізінен болашақ мамандыққа деген қызығушылықтың тұрақтылығын қалыптастыруға, ондағы келешекті көре білуге мүмкіндік беретін жеке және топтық белсенділікке бағдарланған.Бұл тәсіл міндетті түрде пәндік және топтық белсенділікпен байланыста болу қажет. Ол жасөспірімге алғашқы кәсіптік дағдыларын
меңгеруге,болашақ мамандығын көруге, сондай-ақ жеке кәсіптік модель тәртібінде бастапқы кәсіптік және әлеуметтік қарым-қатынастарды да меңгеруге мүмкіндік береді. Жасөспірім санасында болашақ мамандығының бейнесін қалыптастыруда, онда өмірлік жағдайды бастан кешіру үшін мамандыққа үңілу аса маңызды.
Бағыттың әрқайсысына педагог-психологтен басқа ата-аналар мен мектеп әкімшілігі, кәсіптік бағдар берумен айналысатын мамандырылған консалтингті ұйымдар; жеке кәсіп орындары мен кәсіптік ассоциациялар қатырындағы әлеуметтік серіктестер, сондай-ақ ТжКБ жүйесіндегі және кәсіптік жоғары оқу орындары қатысатын (қатысуы керек!) өзіндік іс-әрекет түрлері тиісілі (іс-шаралар, белсенділік).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет