Қызығушылық қалай туындайды?
Ең алдымен әуесқойлық пайда болады – бұл жануарларда да іске қосылатын бағдарлық-зерттеушілік рефлексі. Әуесқойлық білімқұмарлыққа ауысу үшін зияткерлік белсенділік қажет. Әуесқойлық пәнге немесе құбылысқа деген қызығушылықты туындататын танымдық әрекетке деген қажеттілігін оятады. Сондықтан да баланың бойындағы әуесқойлықты жоғалтпау үшін және оның әрі қарай дамуына ықпал ету үшін ересектер әрдайым қолдау көрсетуі тиіс.
Оқушылардың кәсіптік қызығушылықтарын дер кезінде анықтау және дамыту олардың болашақ кәсіптік табыстылығына оң ықпал етеді.
Бірақ, оқушылардың кәсіптік қызығушылықтарын зерттеу келесі фактілермен күрделі:
біріншіден, іс-әрекеттеріміз бен сезімдеріміздің себептері барлық уақытта ашық көрініс таба бермейтіндіктен оларды түйсіну қиын;
екіншіден, мектеп оқушыларының мамандықтар туралы түсініктері ақпараттың жеткіліксіздігінен бұрмаланған немесе толық болмауы мүмкін;
үшіншіден мектеп жасында оқушылардың қызығушылықтары тұрақсыз;
төртіншіден, кәсіптік қызығушылықтарды диагностикалау әдістері жиырма жыл
бұрын әзірленгендіктен оларды қазіргі заман жасөспірімдері қиындықпен қабылдайды, сондықтанда толыққанды жауап бермеулері мүмкін.
Төменде ұсынылған әдістемелер оқушылардың өз кәсіптік қызығушылықтарын бейімділіктерін түсінуге және алынған нәтижелерді қабілеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын анықтау мақсатына қолданылатын көптеген тестілер бар. Олардың ішінде біз келесі бағыттар бойынша кейбір тесттерді іріктеп алдық:
Қабілеттілікті зерттеу (Г.Гарднердің көптік зият теориясы бойынша қабілеттілікті анықтау тесті);
Бейімділікті зерттеу (Жеке бейімділіктерін анықтау тестілері «Менің мінезімнің типі»; Кәсіптік дайындық сауалнамасы (Л.Н. Кабардова));
Қызығушылықты зерттеу («Профиль» әдістемесі).
Достарыңызбен бөлісу: |