Гарднердің көптік зият теориясы
Бұл теория бойынша әлемдегі барлық адам бойында белгілі бір дәрежеде дамыған зияттың 8 моделі бар және ол әр адамда әртүрлі бағытта дамуы мүмкін. Олардың барлығы зият қырларын қалыптастырады. Ол генетикаға және тәжірибеге негізделген, ал әр адам осы модельдердің бірегей үйлесімділігіне ие.
Зият модельдері
Атауы
|
|
|
Сипаты
|
|
|
Тілдік
|
Нақты тілде сөйлеу және жазу қабілетімен өз ойын тиімді білдіру.
|
|
Мұндай зият заңгерлерге, жазушыларға, шешен адамдарға тән.
|
Логико-
|
Логика көмегімен талдауға, математикалық амалдармен тиімді жұмыс
|
математикалық
|
істеуге, ғылыми әдістерді қолданып проблемаларды зерделеуге
|
|
қабілетті; сондай-ақ үлгілерді қарастыру және дедуктивті ойлау
|
|
қабілеті. Бұл санатқа ғалымдар мен математикатер жатады.
|
|
Музыкалық
|
Музыкалық шығармаларды орындауға, шығаруға және бағалауға,
|
|
ырғақ, тембр, саз бен ән нақышын ажырата алуға қабілетті. Мұнда
|
|
табысты музыканттар, композиторлар және музыкалық индустрияға
|
|
қызығатын адамдарды жатқызуға болады.
|
|
|
Тәндік-
|
Адамның өз денесін мәнерлі қолдана білу қабілеті. Мұндай зият
|
кинестетикалық
|
моделі тән адамдар кәсіптік бишілер мен спортшылар – олар өз алдарында туындаған міндеттерді физикалық шешуде үйлестірушілікті тиәмді қолдана алады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кеңістіктік
|
3D-кеңістігінде нысандарды орналастыру үшін бейнелер мен
|
|
үлгілерді тану, түсіну және оны қолдану қабілеті. Мұндай зият моделі
|
|
сәулетшілерге, мүсіншілерге, дизайнерлерге тән.
|
|
Тұлғааралық
|
Адамдардың ниетін, тілегін, уәжін түсіну қабілеті. Бұл зият моделі
|
|
басқа адамдармен ынтымақтастықта болуға көмектеседі. Бұл
|
|
психологтар, сатушылар және көшбасшылар үшін өте маңызды.
|
Тұлғалық
|
Өзін түсіну және өзінің сезімдерін, эмоцияларын, уәждемелерін дұрыс
|
|
түсіну мен бағалау қабілеті. Ол әртістерде, жазушыларда,
|
|
тәрбиешілерде жақсы дамыған.
|
|
|
Табиғи
|
Қоршаған әлем мен адамның өзара қатынасын тану және бағалау
|
|
қабілеті. Астрономдарда, биологтар мен зоологтарда табиғи зият
|
|
жақсы дамыған.
|
|
|
|
Г.Гарднер мен оның әріптестерінің пікірлеріне сай бұл теория бойынша кез келген адамның осы модельдерге сәйкес зият деңгейін анықтау өте күрделі процесс:
Ол зият тиімділігін дәлелдей алмайды. Ондағы сұрақтар тек адамның тілегі, қызығушылығы мен білігі, дағдылары туралы білуге бағытталған;
Нақты нәтижелер алу үшін адам бойында дамыған саналылық қажет, ал саналылықтың даму деңгейі әр адамда әртүрлі болады.
Г.Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес білім алушылардың қабілеттілікті анықтау үшін модификацияланған тесті әзірленді. Гарднердің көптік зият теориясына сай қабілеттілікті анықтау тесті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» психологтері құрастырып, 2012 жылдан бері тәжірибеде қолданылып келеді.
ІІІ. Қорытынды
Қорыта айтқанда, кәсібі бағдар беру жұмысының негізгі даму бағыттарына: ақпараттық, диагностикалық және белсенді дамушы бағыттарын жатқызады.
Әртүрлі жас санаттарына кәсіптік бағдар беру жұмысында саналы таңдау жасауға және жас ерекшеліктеріне сай оқушылар үшін мамандықтардың алуантүрлі әлемін кезең-кезеңімен ашуға мүмкіндік беретін іс-әрекет (белсенділік) түрлері өзекті.
Ақпаратық бағыт әртүрлі жас санаттарындағы оқушылар мен олардың ата-аналарын жалпы хабардар етуге жауапты:
еңбек іс-әрекетінің құндылығы туралы, адам өміріндегі оның маңыздылығы, материалды іргетасты қамтитын және әлеуметте бейімделуге, өзін-өзі тұлға ретінде танытуға мүмкіндік беретін сүйікті іс туралы;
мамандықтар әлемі туралы, ұзақ және қысқа мерзімдегі қазақстандық қоғамда әрі дүниежүзінде өзекті болатын жаңа мамандықтар туралы; жұмысшылар мамандығын немесе қызмет көрсету еңбегі мен техникалық мамандықтарын таңдаған жастар үшін қызметтік өсу жоспарлары туралы;
өңір/ел/дүниежүзі оқу орындары жайлы, оған түсу және онда оқу шарттары туралы, сондай-ақ, кәсіптік оқу орындарында алған мамандық бойынша келешекте қызметтік мансабы өсуі туралы;
балалардың/әртүрлі жас санатындағы жасөспірімдердің өсу мен даму ерекшеліктері туралы; олардың қызығушылық ошақтары мен қабілеттерінің даму қарқыны туралы, бойында қалыптасқан мінезі мен оның өзін-өзі ұстау модельіне, достарын, сүйікті ісі мен болашақ мамандығын таңдауына ықпал ететіні туралы;
таңдауын іске асыруға көмектесу үшін оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға септігін тигізетін дамыту бағдарламалары туралы;
басымдылғын түсіну үшін әртүрлі жастар санатындағы оқушылардың құндылық бағдарлары туралы.
Ақпараттық тәсіл кәсіптік таңдауда оқушылар мен олардың ата-аналарына қажетті білім беру есебінен және ықпалын тигізетін негізгі алаң ретінде анықтайтын базалық тәсіл деп қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |