Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы



бет6/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

2.3 ХХІ ғасыр мамандықтары

Адамзат тарихындағы әрбір ғасыр адам өмірінің түрлі салаларында жаңа мүмкіндіктермен және жаңалықтармен ерекшеленді. Бұл жаңа технологиялардың қарқынды дамуына, жаһандық компьютерлендіруге, маңызды медициналық жаңалықтарға байланысты. Ғылыми және техникалық жетістіктер әлемнің бейнесін түбегейлі өзгертеді, олар өркениет деңгейіне, өмірлік тәртіпке және жеке тұлғаның құндылықтарына әсер етеді. Сондықтан адамның кәсіптік қызметі де тыс қалмайды. 1988 жылы халықаралық стандартқа 9333 мамандық енгізілді, ал біздің елімізде мамандар 7000 мамандық саналды. М.Х.Тима (1975) жазбаларындағы әлеуметтанушылардың деректерінде оны жыл сайын біршама ескі мамандықтар жойылып бес мыңнан астам жаңа мамандықтар пайда болады


Барлық елдерде көптеген өзгерістер болуда, оның ішінде Қазақстанда да көптеген жаңа мамандықтар пайда болды. (Работа в ногу со временем: новейшие профессии 21 века//Электронный ресурс: https://timeforwoman.ru/career/superwoman/rabota-v-nogu-so-vremenem-noveyshie-professii-21-veka.html).
Қазіргі таңда төмендегідей топтастыруға болатын көптеген жаңа мамандықтар бар:

  1. Ғылым және ғарышпен байланысты мамандықтар;

  2. Бизнес және ақпараттық технологиялар саласы;

  3. Event-индустрия, жарнама және сауда;

  1. Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина.



Ғылым және ғарышпен байланысты мамандықтар

Халықаралық қауымдастық климаттың жаһандық өзгеру мәселелері туралы алғаш рет өткен ғасырдың 80-ші жылдарында сөз сөйледі. 21-жүзжылдықтың басында адамзат осы саладағы зерттеулерден практикалық қызметке көшті. Британдық ғалымдардың пікірінше, қоршаған ортаны қорғау жолындағы келесі заңды қадам климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі мамандардың пайда болуы.


Ағымдағы ғасырдың тағы бір болашақ еншісіндегі келесі бағыты – қозғалыс құралдары саласындағы инновацияларды әзірлеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Күн тәртібінде-көп функциялы энергия үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз машиналарды әзірлеу мәселесі тұр. Осылайша, таяудағы он жылда көліктің баламалы түрлерін әзірлеушінің мамандығы сұранысқа ие мамандықтардың бірі болады.
Ғарыш саласында адамзат басқа ғаламшарларды отарлау мен жерден тыс минералдық ресурстарды игеру алдында тұр. Футурологтар осы ағымдағы ғасырда астроиндустриямен байлансыты мамандықтарға сұраныстың күрт өсетіндігі туралы айтады. 2020 жылдан кейін танымал мамандықтар тізіміне ғарыш аппараттарының ұшқыштарының қатары толығады:

  • Космобиологтер – ғарыш жағдайында тірі ағзалардың мінез-құлықтарын зерттеуші, жерден тыс базалардан және орбиталық станциялардан ұшу үшін тұрақты экологиялық жүйені әзірлеуші мамандар.

  • Космогеологтер - Айда және астероидтарда пайдалы қазбаларды өндірумен және кен орындарын бағалау, анықтаумен айналысатын мамандар.

  • Космотуризм бойынша менеджерлер – ай базаларына, орбиталық станцияларға бару бағдарламасын құрайтын жаңа ғасырдың басқарушылары.

  • Ғарыш құрылыстарының өмірлік циклін жобалаушылар – астроинженерлер, одан әрі кәдеге жарату немесе қайта құру мүмкіндігін ескере отырып, жерсеріктері мен станцияларды әзірлеуге маманданған кәсіп иесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет