Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы



бет3/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіптік саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.
Кәсіптік бағдарлау:

  • кәсіптік ағарту – әртүрлі мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері туралы адамның белгілі білім (ақпарат) жиынтығымен қарулануы; олардың бірін дұрыс таңдау шарттары туралы; адамның кәсіптік және қоғамдық қызмет түрлеріне оң көзқарасын тәрбиелеу; уәжделген кәсіптік ұмтылысын қалыптастыру. Кәсіптік ағарту екі элементті құрайтын ақпараттан тұрады: кәсіптік насихат және кәсіптік үгіт – қажетті мамандықтар туралы адамға мәліметтерді хабарлау және сол мамандықтарды игеру шарттары мен тәсілдері туралы ақпараттандыру, республикаға, өңірлерге қажетті әлеуметтік маңызы бар әрі тапшы мамандықтарды насихаттау;

  • кәсіптік диагностика – кәсіптік бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін зерделеу;

  • кәсіптік консультация – қоғам сұранысы мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мүмкіндіктеріне сай мамандық таңдауда, кәсіптік мансапты жоспарлауда көрсетуге негізделген кәсіптік бағдар жүйесінің құрамдас бөлігі; адамның дара ерекшеліктерін ұзақ зерделеу негізінде кәсіптік өзіндік анықталуын дамыту бойынша адам қызметін мақсатты басқару. Кәсіптік консультация кеңес алушының зияткерлік, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін, жалпы және кәсіптік дайындық пен қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қабілеттерін, қандай да бір мамандық бойынша қызметкерге қойылатын медициналық және психологиялық талаптарды, мамандыққа қоғамдағы сұранысты, мамандық бойынша оқыту мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;

  • кәсіптік іріктеу – нақты еңбек түріне адамның жарамдылығын (сәйкестігін) анықтау;

    • 5) бағдарпсихофизиологиялық және психологиялық қызметтерді тестілеу, мотивацияны, құндылық бағдарды зерделеу тестілері т.б. Кәсіптік жарамдылық деңгейін анықтау тек қабілетті зерттеу тестілерімен шектелмеуі қажет.

6) кәсіптік бейімделу – адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек шарттары мен нақты мамандық ерекшеліктеріне бейімделудің белсенді процесі арқылы іске асырылады.


Оқушылардың кәсіптік бағдар мәселесіндегі ерекше орын білім алушының үнемі мектепте айналысатын оқу-тәрбие процесіне тиесілі.
Оқу процесіндегі кәсіптік бағдар – оқушыларға оқу процесі барысында мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің деңгейі нақты оқу әрекетіне тікелей тәуелді. Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіптік бағдар беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді. Мектеп оқушылары биология, химия, физика, тарих, қоғамтану, әдебиет пәндері бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен, еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады. Әр оқу пәні мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру міндетін шешуде сол пән шеңберіндегі мүмкіндіктер мен құралдарды қолданатыны түсінікті жайт. Егер физиканы, химияны, биологияны оқытуда пәндердің оқу материалы мазмұнымен қатар мамандықтардың сипатын ашуға бағытталса, қоғамтану, әдебиет, экономиканы оқытуда адамның таңдаған мамандығы бойынша өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыру мен өзін-өзі таныту мүмкіндіктері, еңбек, өндіріс, еңбекақыны ұйымдастыру секілді мәселелерге басымдылық беріледі. Осы және басқа да ұғымдарды оқу пәндерімен қатар түсіндіру оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауына тікелей қатысы бар және кәсіптік бағдар мәселесін шешуге көмектеседі.
Бұл ретте әрбір оқу пәнінің шеңберінде кәсіптік бағдар, мамандық туралы берілетін ақпаратты іріктеуде сол пәннің мазмұндық және пәндік ерекшелігін ескеру өте маңызды болып табылады.
Мектепте оқылатын жекелеген кейбір пәндер барысында кәсіптік бағдар туралы мәлімет беруді «қолайсыз» деп санайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай пәндер қатарына «математиканы» жиі жатқызады. Дегенменде бұл мұғалімнің оқу материалын өмір құбылысымен байланыстыра алу шеберлігімен байланысты.
Мұғалім оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады: оқушылардың болашақ кәсіптік қызметіне, мамандығына психологиялық дайындық, кез келген мамандықты таңдауға қажетті жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. (А.Я.Журкина, 2014).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет