Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы



бет4/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Кәсіптік өзін-өзі айқындау – жеке тұлғаның кәсіптік қызметке деген көзқарасын қалыптастыру процесі мен тұлғалық және әлеуметтік-кәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы жүзеге асыру тәсілі; қоғамда қалыптасқан кәсіптік іс-әрекет критерийлеріне қатысты өзін анықтау.
Кәсіптік өзін-өзі айқындау – бұл адамның өмір мен еңбек жолын қамтиды сондықтан да өмірде өзін-өзі айқындаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, яғни қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иелену, сол немесе басқа әлеуметтік топқа ену, белгілі бір өмір салтын, еңбек ету саласын және нақты мамандықты таңдау. Бұл тұрғыда тұлғаның кәсіптік өзін-өзі айқындауы әлеуметтік, адамгершілік, отбасылық өзін-өзі айқындау мәселелерімен мәндес қарастырылады.
Кәсіптік өзін-өзі айқындаудың теориялық негізі тұлғаның өзін-өзі айқындауының жалпы процесімен, тұлға әрекетіне ішкі шарттары арқылы сыртқы жанама әсерлердің, осы қадамға жоғары өзіндік жауапкершілікпен таңдау жасап өзін-өзі шектеумен, тұлғаның кәсіптік қалыптасуымен, өзін тұлға ретінде жүзеге асыратын және оның тұлғалық қасиеттерінің бейнесі ретінде көрініс тапқан қауымға қатынасы бойынша адамның белсенді ұстанымымен т.б. өзара байланысты.
Кәсіптік өзін-өзі айқындау – көпқырлы процесс. Келесі тәсілдер арқылы жүзеге асыру арқылы қолданылады: әлеуметтік тұрғыда – кәсіптік өзін-өзі айқындау тұлғаның алдына қоғам тарапынан қойылған міндеттер ретінде қарастырылады; әлеуметтік-психологиялық тұрғыда – кәсіптік өзін-өзі айқындау қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның жеке қалауының келісімі бойынша кезең – кезеңмен шешім қабылдау процесі ретінде қарастырылады; дифференциалды-психологиялық тұрғыда – кәсіптік өзін-өзі айқындау кәсіптік іс-әрекеттің бөлігі болып табылатын өмірдің дара стилін қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады.
Жастардың кәсіптік өзін-өзі айқындауы өзара байланысты кезеңдерден тұрады:

  1. Мектепке дейінгі кезең – балаларда адамдардың еңбегіне және олардың айналысатын әрекетіне деген жағымды қатынасының көрінісі. Демек, балада кәсіптік әлемге деген қатынасы, кәсіптік әлемге қарым-қатынас, алғашқы еңбек білігі оған қол жетімді қызмет түрлерінде қалыптастырудан басталады.

  2. Бастауыш сыныптарда) – кіші мектеп жасындағы оқушыларының еңбекке деген адал ниетін оятады, еңбектің адам және қоғам өміріндегі рөлін, түсінеді, ата-аналарының мамандықтарына қызығушылықтарын білдіреді т.б. Осының барлығына балалардың танымдық, ойын, еңбек, қоғамға пайдалы қызметтің алуан түрлеріне қатысуы ықпал етеді.

  3. Негізгі мектептің бірінші сатысы (V–VII сыныптар) – жеткіншектерде кәсіптік ниеттер пайда болады, олар мамандық таңдауға байланысты өз мүдделерін, қабілеттері мен қоғамдық құндылықтарын бірте-бірте түсіне бастайды. Осының барлығы жетекші танымдық және еңбек әрекеттерінде жүзеге асады.

  4. Негізгі мектептің екінші кезеңі (VIII–IX сыныптар) – бұл кезеңде мектеп оқушыларының кәсіптік сана-сезімі дамиды, оларда мамандық таңдаудың тұлғалық мәні пайда болады, өз идеялары мен нақты мүмкіндіктерін болашақ қызмет саласын таңдаудың қоғамдық мақсаттарымен байланыстырады; бұл кезеңде оқушыларды белсенді танымдық және еңбек әрекетіне баулиды, оларға мамандық таңдаудың ғылыми негіздерін зерделеуге, диагностика мен өзін-өзі диагностикалау әдістерін меңгеруге қолдау көрсетеді.

  5. Жалпы орта білім беру мекемелерінде оқу (мектеп, гимназия, лицей) - жекелеген оқу пәндерін тереңдетіп оқыту негізінде кәсіптік бағдарлау жүзеге асырылады, кәсіптік маңызды қасиеттердің қалыптасуына назар аударылады; оқушыларға өзін-өзі дамытуға және таңдаған кәсіптік қызметіне өздігінен дайындалуға көмек көрсетіледі.

  6. Мамандықты меңгеру – бұл колледждерде және жоғары оқу орындарында оқу процесі; осы кезеңде кәсіптік мамандарды даярлау аяқталады.

  7. Кәсіптік іс-әрекет - біліктілікті арттыру, сондай-ақ басқа кәсіптік қызметке қайта бағдарлау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет