Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу.
Бүгінгі таңда білім алушылардың біліктілігін беру рәсімінің нысандарының бірі құзыреттер бойынша және WorldSkills кәсіптік стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандар болып табылады.
Емтихан топтарын қалыптастыруды қоса алғанда, демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу процестері, сарапшыларды келісу және тағайындау рәсімдері, демонстрациялық емтихан өткізу орталықтарын (бұдан әрі – ДЕӨО) бағалау, тапсырмаларды таңдау, сондай-ақ демонстрациялық емтихан нәтижелерін өңдеу және мониторингілеу CIS және/немесе EDUWSK электрондық жүйесінде жүзеге асырылады.
WorldSkills Kazakhstan талаптарының үлгісін жүйеде пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында мынадай міндетті шарттар белгіленген:
Демонстрациялық емтиханды өткізу кезінде бірыңғай ақпараттық жүйені қолдану: демонстрациялық емтиханның барлық қатысушылары мен сарапшылары Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарын ескере отырып, CIS және/немесе EDUWSK электрондық жүйесінде тіркелуге тиіс.
Бірыңғай бағалау материалдары мен тапсырмаларын қолдану: демонстрациялық емтихан құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы, инфрақұрылымдық Парақ, бағалау критерийлері, емтихан тапсырмалары болып табылатын бағалау құжаттамасының жиынтығын (бұдан әрі - БҚЖ) пайдалана отырып жүргізіледі.
БҚЖ құрамына тапсырманың демонстрациялық нұсқасы (үлгі) кіреді.
БҚЖ демонстрациялық емтихан өткізуге шешім қабылдаған ұйым әзірлейді және бекітеді;
Тапсырманың демонстрациялық нұсқасын қоса алғанда, кодты жыл сайын сарапшы-ұйымдастырушылар осы әдістемелік ұсынымдарда белгіленген тәртіпке сәйкес 2 айдан кешіктірмей әзірлейді;
ТжКБ ұйымдарына сарапшы-ұйымдастырушы әзірлеген БҚЖ ТжКБ ұйымдарының үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестік бөлігінде келісу (сараптамалық қорытынды алу) үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестікке және/немесе WorldSkills ұлттық операторына жіберу ұсынылады;
Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған демонстрациялық емтихан БҚЖ WorldSkills ұлттық операторы келіседі;
БҚЖ WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарының конкурстық тапсырмалары негізінде және/немесе жұмыс берушілердің талаптарына, кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленеді;
ЕҚ және ТБ бойынша құжаттаманы демонстрациялық емтихан өткізу орталықтары (ДЕӨО) әзірлейді және бекітеді. ДЕӨО емтиханның технологиялық жабдықталуының ЕҚ және ТБ нормаларына сәйкестігі үшін толық жауапты болады. Барлық қатысушылар мен сарапшылар WorldSkills Kazakhstan қозғалыс әдеп кодексімен, құзыреттіліктің техникалық сипаттамасымен, БҚЖ үлгісімен, басқа да регламенттеуші құжаттармен өз бетінше танысуға тиіс.
Демонстрациялық емтихан өткізу алаңдарына қойылатын бірыңғай талаптар:
Демонстрациялық емтихан тапсырмаларын орындау және оларды бағалау рәсімі демонстрациялық емтихан өткізу орталықтарының (ДЕӨО) алаңдарында жүзеге асырылады.
ДЕӨО ретінде кәсіпорындар болуы мүмкін.
Демонстрациялық емтиханды бағалауға арналған емтихан комиссиясы, техникалық сарапшы және емтихан тобы:
Демонстрациялық емтиханды бағалау үшін емтихан комиссиялары әрбір базалық алаңда (ДЕӨО) құрылады.
Емтихан комиссиясы құрамына басқа өңірлердің тәжірибелі сарапшылары кіре алатын сарапшы - ұйымдастырушыдан және сараптамалық топтан құрылады.
Комиссияны жұмыс берушінің өкілі басқарады, жауапты хатшы күн сайын CIS жүйесіне демонстрациялық емтихан нәтижелерін енгізетін сарапшы-ұйымдастырушы болып табылады.
Емтихан комиссиясының құрамы білім беру ұйымы немесе өткізу базасы директорының бұйрығымен бекітіледі.
ДЕӨО демонстрациялық емтиханын өткізу кезеңінде жабдықтың техникалық жай-күйіне және оны пайдалануға, емтихан алаңының инфрақұрылымының жұмыс істеуіне, сондай-ақ алаңға қатысып отырған барлық адамдардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтауына жауапты техникалық сарапшы тағайындалады.
Техникалық сарапшы емтихан тапсырмаларының орындалуын бағалауға қатыспайды, сараптама тобының мүшесі болып табылмайды және CIS және/немесе EDUWSK жүйесінде тіркелмейді
Емтихан тобы бір құзыреті бойынша ДЕӨО бір алаңында бір ауысымда емтихан тапсыратын бір оқу тобынан емтихан алушылар тобы болып табылады. Бір оқу тобы бірнеше емтихан топтарына бөлінуі мүмкін.
Егер белгілі бір БҚЖ сәйкес емтихан, бір емтихан тобы үшін тапсырманы екі немесе одан да көп күн ішінде орындау қажет болса, емтихан күндері үзіліссіз дәйекті түрде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |