Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жодауы 01қыркүйек 2021 жыл; анықтамалар психология



бет8/9
Дата21.06.2022
өлшемі0.61 Mb.
#459391
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Есенова Диссер

6 Балық,Құс,Аң” ойыны
Психолог: Балық,құс,аң – деп шеңбермен қайталап жүреді де, аң-құс немесе балық,- деп бір қатысушыға нұсқау береді,сол кезде аталған аттын атауын айту керек.
Мысалы: Аң десем, Қасқыр деп.
Бұл ойында қатысушыларға зейінмен тұру ұсынылады, шапшаңдықпен айту, айтылған сөзді қайталамау.
7.Есте қалған қызықты бір оқиға жаттығуы.
Топ дөңгеленіп тұрады,қатысушыларға жүрек беріледі. Жүректі бір-бірлеріне кезектесе ұсынып,есте қалған қызықты оқиғаларын,қуанышты күндерін айтады.
Бірінің артында бірі шеңберде тұрып,бір-бірінің денесіне алақанмен массаж жасау. Оңға бұрылады: басына, желкесіне, арқасына, иығына,ішіне,,беліне,саусақ-қолдарына,біліктеріне.
.“Жарқыра менің жұлдызым”
Адам жүрегіне қандай тілек айтсаңыз,өзіңізге де сол тілек қайтып оралады. Бір-бірімізге рухани жылы сөздер айту арқылы,өзімізге тренинг соңында алған әсерлерін,пікірін келесі сөйлемдерді жалғастыру арқылы ұсыналады.
Релаксация
Баяу музыка ойнап тұрады. Релаксацияға арналған жаттығулар.
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Судың әуені, шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Терең дем алыңыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізді күні бойына жетер жігер, қуат алдық, біз көңілдіміз! Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді, бақытты, керемет жандармыз! Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге сүйіспеншілікпен қараймыз!



Қосымша Б
Психологиялық жаттығулар
Тақырыбы: "Метафора"
Жүргізуші: Әркімнің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны қандай ассоциациялар тудыратыны, мәнді ретінде қабылданатыны түсінікті, ал нелер байқалмайтынын білу қызық. Барлығымыз өз әріптесімізге көркем бейнесін бірігіп жасауға шығармашылық жұмысты жүргізуге қатысуды ұсынамын. Ол үшін алдымен, шығармашылық зат болғысы келген, өз еркімен шеңбер ортасына шығамын дегендерді шақырамын. Өтінемін. Қазір қатысушыларға тапсырма: "Біздің кейіпкерге қарағанда сендердің бойларыңда қандай бейне туады. Бұл бейнені қандай суреттен толықтауға болады. Оны қандай адамдар қоршауы мүмкін. Суреттің фонын қандай интерьер немесе пейзаж құрайды. Бұның бәрі қандай кезеңдерді еске түсіреді. Мысалы: біздің ортадағы өз еркімен шыққан бейнесі сендерді суда жүзген және мұхит жәндіктері қоршаған су перісі жайлы ой келуі мүмкін, мүмкін қайда барары белгісіз, шөл даламен келе жатқан жалғыз ел кезуші болуы мүмкін. Міне, осындай ойлар келуі мүмкін, яғни осындай ойларды өз шығармапшлық ойларымен ортаға салып бір-бірімізбен бөлісейік. Рахмет. Тағы өзін сыртынан көргісі келетін адамдар бар ма? Қане алган әсерлерімізбен алмасайық.
Тақырыбы: "Символика"
Назар аударыңдар! Сендердің әрқайсыларың бүгінгі кездесу уақытына өзіңнің жеке символикаңды иеленуің керек. Қазір әрқайсымызға үш символикалық атрибут ойлап табу немесе жасау керек: біріншіден, жалған есім: екіншіден, жеке ерекшелік белгі: және үшіншіден, девиз және ерекшелік белгі параққа салынуы керек. Ол қарапайым және символикалық болуы мүмкін. Девиз, қысқа және бейнелі болу керек. Сонымен, жалған есім, девиз және ерекше белгі. Мысалы: жалған есім "Дядя Вася", ерекше белгі - күрек, девиз - "терең қазамын". Егер тапсырма түсінікті болса жұмысқа кірісуге болады. Енді суреттеріңмен алмасуға болады және оларды талқылап жиналғандардың әрқайсына жеке мінездеме беруге тырысайық. Сонымен қатар сендерге топтың әр қатысушы-сының символикалық атрибуттары қаншалықты сәтті таңдалғанын бағалау керек. Бес ұпайлық жүйе бойынша әр қатысушыға оның таңдаған жалған есіміне, ерекше есіміне және девизінің жиынынша баға беріндер. Ендеше өз парақтарынды шеңбер бойынша жанымызда отырған адамдарға береміз, әрқайсысы оларға кезектеп баға қояды. Өтінемін. Тамаша. Ал, енді барлық ұпайларды санап арамызға кімнің осындай символикалық формада өзін жақсы көрсете білгенін айтамыз".
"Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып, топ ішінен көп жағынан саған ұнамды көрінетін кісіні таңдаймыз. Бұл кісідегі саған ерекше ұнайтын бес қасиетті белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ерекше ұнайтын бес қасиетгі жаз. Бастадық! Уақыттарың бітті
Тақырыбы: "Шеңбер бойынша фраза "
"Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр." Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".
Тақырыбы: "Жалпы назар аудару"
"Ойынның, барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалык әсер және жергілікті апатта қолданбай қоршаған-дардың назарын аударуға тырысыңдар. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға үмтылумен күрденеледі. Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтандар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз".




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет