1.2-мақсат. Ақша-кредит және өзге де мемлекеттік саясат саласында негізделген шешімдерді қабылдау үшін статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша талдамалық және стандарттық кестелерді уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету – жыл сайын, кемінде 29 кесте
1.2.1-міндет. Сыртқы экономикалық статистиканың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
ҚР Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланатын төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша ақпараттық материалдар саны (Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланатын 29 талдама және стандартты кесте)
Іс-шара: Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржы және нақты секторлардың субъектілеріне ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу
Төлем балансын жасау үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын республика кәсіпорындары Ұлттық Банкке резидент еместерге қойылатын қаржы талаптары және олардың алдындағы міндеттемелер туралы тиісті есептерді, резидент еместерден алынған қызметтер мен резидент еместерге көрсетілген қызметтер туралы, резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша жасалған халықаралық операциялар туралы есептерді береді. Сондай-ақ кәсіпорындар тауарлар экспорты мен импорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы тексеру сауалнамасын және кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасын толтырады.
Банктер: 1) резидент еместерге қойылатын қаржы талаптары мен олардың алдындағы міндеттемелердің жай-күйі туралы; 2) резидент еместерден тартылған қаржы заемдары мен коммерциялық кредиттерді пайдалану туралы; 3) резидент еместерге берілген кредиттер туралы; 4) резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша жасалған халықаралық операциялар туралы; 5) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген заемдарды, мемлекет кепілдеме берген заемдарды игеру және өтеу туралы; 6) қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есептер береді.
Ұлттық Банкке есептілік Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітетін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес беріледі. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1610 қаулысымен бекітілген 2012 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес Ұлттық Банк сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру шеңберінде 2012 жылы 17 зерттеуді (ведомстволық статистикалық бақылауларды) жүзеге асырды, оның ішінде 1 – 16ТБ бойынша ай сайынғы статистикалық бақылау, 14 – 1-7 ТБ, 9-11 ТБ, 14-15 ТБ, 17ТБ нысандары бойынша тоқсан сайынғы статистикалық бақылау, сондай-ақ жылдық «Кәсіпорындарды тауарлар импорты мен экспорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» біржолғы «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы».
Зерттеулердің нәтижелері Қазақстан Республикасының төлем балансында 2011 жылғы 4-тоқсанның және 2012 жылғы 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында және жалпы сыртқы борышында 2011 жылғы 31 желтоқсандағы, 2012 жылғы 31 наурыздағы, 2012 жылғы 30 маусымдағы және 2012 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша көрсетілді.
Ұлттық Банктің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес төлем балансы төлем балансы (ТБ) бойынша, сыртқы борыш (СБ) және халықаралық инвестициялық позиция (ХИП) 28 талдамалық кестені тоқсан сайын және шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік бойынша 1-кестені ай сайынғы негізде орналастыру жоспарланып отыр.
2012 жылы іс жүзінде 31 талдамалық кесте орналастырылды:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30-шы күні халықаралық резервтер мен шетел валютасындағы өтімділік бойынша – 1 кесте;
тоқсан сайын:
есепті кезеңнен кейінгі 35-ші күні Төлем балансының алдын ала қорытындысы – 1 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 90-ші күні:
ТБ бойынша – 3 кесте; ХИП бойынша – 2 кесте; СБ бойынша – 3 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 100-ші күні:
СБ бойынша – 8 кесте; ХИП бойынша – 12 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 120-ші күні:
СБ бойынша – 1 кесте.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 21 ақпандағы №62-7.58 тапсырмасына сәйкес ҚР Ұлттық Банктің веб-сайтында «Сыртқы сектор статистикасы / Төлем балансының статистикасы» бөлімінде 2011 жылғы 9 айдың есебінен бастап Жеке сектордың капиталды таза әкелуін / әкетуін бағалау орналастырылады.
Іс-шара: Сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру жөніндегі статистикалық әдіснаманы әзірлеу.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңының 8-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 7 және 22-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 408 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық қызмет шоттарын (сыртқы сектор статистикасын) қалыптастыру әдістемесі әзірленді.
3-іс-шара. Жаңа әдіснамаға сәйкес сыртқы экономикалық шоттар бойынша статистикалық нысандарды қайта қарау.
Жаңа әдіснамаға (ХВҚ-ның төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулығының 6-шығарылымы (ТБН6)) сәйкес сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыруға көшу шеңберінде сыртқы экономикалық шоттар бойынша статистикалық нысандар қайта қаралды, соның нәтижесінде жаңа нысандар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 325 бұйрығымен бекітілді.
ҚР Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсында жарияланатын жаңа әдіснамаға сәйкес төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша ақпараттық материалдар саны
Осы көрсеткіш 2013 жылы орындауға жоспарланды
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметіне жіберілетін сыртқы сектордың жекелеген факторлары және көрсеткіштері бойынша ақпараттық материалдардың саны (кемінде 4 ақпараттық материал)
Іс-шара. Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар жөніндегі шарттарға мониторинг жүргізу және борыштық міндеттемелері неғұрлым маңызды болып табылатын ұйымдардың сыртқы борышының жай-күйін бағалау.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдаманы орындау шеңберінде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, борыштық міндеттемелері 2011ж.30.09., 2011ж. 31.12., 2012ж. 31.03. және 2012ж. 30.06. жағдай бойынша барынша маңызды болып табылатын қаржылық және корпоративтік секторлардың ұйымдары туралы ақпаратты ұсынды (Ақпарат 2012ж.19.01. №25301/40; 2012ж.23.04. № 25301/331; 2012ж.25.07. № 25301/589; 2012ж.07.11. № 25301/816 хаттармен ұсынылды).
Таңдау есепті күнге сыртқы борышы 100 млн. АҚШ долларынан астам (кепілдік берілген сыртқы борышты ескере отырып) қаржылық емес сектордың кәсіпорындарына және банктік емес қаржы ұйымдарына және 300 млн. АҚШ долларынан астам сыртқы берешегі бар банктерге жасалды. Бұл ретте, егер 2011ж.30.09. көрсетілген тізбеге 78 кәсіпорын кірсе, онда 2012ж.30.06. жағдай бойынша олардың саны 87 жетті, ал банктердің саны (7 банк) өзгерген жоқ.
Осылайша, 2012ж.30.06. жағдай бойынша іріктелген кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің сыртқы міндеттемелері 108,3 млрд. АҚШ долл. болды, бұл жалпы сыртқы борыштың 82% құрайды.
Іс-шара. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышын кеңейтілген анықтамада бағалау.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2011ж.30.09., 2011ж.31.12., 2012ж.31.03. және 2012ж.30.06. жағдай бойынша мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, оның ішінде мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың, атап айтқанда олардың тәуелді және бірлесіп бақылайтын еншілес ұйымдарының борышы және жеке сектордың сыртқы борышы туралы ақпарат ұсынды (Ақпарат 2012ж24.01. №25302/65; 2012ж.23.04. №25302/330; 2012ж.26.07. №25302/591; 2012ж.07.11. №25302/815 хаттармен ұсынылды).
Ақпаратта мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындардың сыртқы борышының жай-күйі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері және Тұжырымдаманың 4.1-тармағына сәйкес келетін құрылымда жеке сектордың борышы туралы жиынтық ақпарат берілді. Есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес қалыптастырылған кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың тізбесін ескере отырып жүргізілді.
Осылайша, 2012ж.30.06. жағдай бойынша мемлекеттік сектордың, ҚР Үкіметі, Ұлттық Банк, мемлекеттің басым (50% астам) қатысуы бар ұйымдар) борышы және ҚР Үкіметінің шартты міндеттемелері 29,3 млрд. АҚШ долл. болды, жалпы сыртқы борыштың 22% құрады.
Іс-шара: Халықаралық әдіснаманы ескере отырып және басқа елдермен салыстыра отырып төлем балансының, халықаралық инвестициялық позицияның және сыртқы борыштың жеке көрсеткіштерін бағалау.
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен мәжілістің 2009 жылғы 16 қарашадағы №01-7.15 хаттамасының 1.2-тармағына сәйкес, Ұлттық Банкке төлем балансының нашарлауы тәуекелдерінің мониторингін қамтамасыз ету және тоқсан сайынғы негізде Президент Әкімшілігін хабардар ету тапсырылды.
Осы тапсырма шеңберінде елдің төлем балансының нашарлауы тәуекелдерінің жүйесі мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ төлем балансындағы ағымдағы жағдай және елдің төлем балансының жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін тәуекелдер факторлары (әлемдік экономика, мұнайдың әлемдік бағалары, Ресей рублі бағамының ауытқуы сияқты және басқалары) туралы ақпарат ұсынылады.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 2012ж.10.01. №25201/12; 2012ж.06.04. №25201/279; 2012ж.09.07. №25201/539; 2012ж.10.10. №25201/767 хаттармен ұсынылды.
Іс-шара: Жарғылық капиталына Ұлттық Банктің қатысуы бар компаниялардың борышының жай-күйін бағалау.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2011ж.30.09., 2011ж. 31.12., 2012ж.31.03. және 2012ж.30.06. Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарының ішкі және сыртқы міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақпаратты ұсынды (Ақпарат 2012ж.20.01. №25302/53; 2012ж.23.04. №25302/332; 2012ж.18.07. №25302/570; 2012ж. 16.10. №25302/759 хаттармен ұсынылды).
2012 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Ұлттық Банктің құрылымына 8 еншілес ұйым кіріп, олардың саны 2012ж.30.06. жағдай бойынша 10-ға жетті: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «ҚРҰБ «Q-BRO» резервтік орталығы» АҚ, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «ҚРҰБ қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК, «ҚРҰБ Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК, «ҚРҰБ Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК және «ҚРҰБ Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК. Тиісінше, Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарының жиынтық міндеттемелері 2012ж.30.06. 12,4 млрд. теңгені құрай отырып, 2012ж.30.09. 6,3 млрд. теңгеге ұлғайды.
Іс-шара: Нақты тиімді айырбастау бағамының мониторингі.
1) ҚР Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсында орналастырылатын нақты тиімді айырбастау бағамының индекстері туралы ақпарат
Отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ұлттық валютаның Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі болып табылады. Индекстің көтерілуі/төмендеуі бәсекеге қабілеттіліктің ықтимал нашарлауы/жақсаруы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ай сайынғы негізде теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамын есептейді. Нақты тиімді айырбастау бағамдары бойынша жиынтық кестелер ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі 50-ші күні) ҚРҰБ Интернет-ресурсында орналастырылды.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қаңтарда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде ҚР Үкіметіне ақпарат.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2012 жылғы 27 шілдедегі №541 ПАБ-1 тапсырмасымен Іс-шаралар жоспарының 40-тармағы бақылаудан алып тасталды.
3) Айырбас бағамы саясатының отандық өнім берушілердің бәсеке қабілеттілігіне ықпалын бағалау үшін нақты тиімді айырбас бағамын (НТАБ) Қазақстанның тауар айналымының динамикасымен салыстыра отырып талдау – ҚР Президенті Әкімшілігіне ақпарат.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2012 жылғы 27 шілдедегі №541 ПАБ-1 тапсырмасымен ҚР Президентінің қатысумен өткен мәжілістің 2012 жылғы 27 сәуірдегі №01-7.7 хаттамасының 1.2.3-тармағы бақылаудан алып тасталды.
4) Елдің бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг жүргізу шеңберінде ҚР Президентінің Әкімшілігіне ақпарат.
2012 жылғы 28 сәуірде бекітілген №01-38.66 Елдің бәсекеге қабілеттігінің кешенді мониторингін жүргізу және талдау әдістемесінің соңғы редакциясына сәйкес НТАБ индексінің көрсеткіші алып тасталды. Сондықтан жоспарланған Тікелей нәтижелердің көрсеткіші «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметіне жіберілетін сыртқы сектордың жекелеген факторлары және көрсеткіштері бойынша ақпараттық материалдардың саны» төртеу емес үшеу болды.
1.3-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
Мақсатты индикатор: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің көлемі
2012 жылғы 31 желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша халықаралық резервтер Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулер импортын 5.4 ай үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
1.3.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету
Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің көлеміне қатынасы
Өтімділік портфелі ақша-кредиттік саясатты іске асыру, өтімділікті жоғарғы деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет ету мақсатында операцияларды жүргізуге арналған. Мақсатты көрсеткіш кем дегенде 1 болған кезде арақатынас 22,95-ке жуық болды.
Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің өтімділік портфелінің көлемі
Өтімділік портфелінің көлемі 1 млрд. АҚШ долл. кем емес мақсаттық көрсеткіш болған кезде 4,89 млрд. АҚШ долларына жуық болды.
Өтімділіктің жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін ақпанда және қарашада тиісінше жалпы нарықтық құны шамамен 1 млрд. АҚШ доллары болатын қаражат және инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне 2,5 млрд. АҚШ долларын аудару жүзеге асырылды.
1.3.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі
2015 жылы қол жеткізу жоспарланды.
Сыртқы алтынның тұрақты көлемі
Сыртқы алтын портфелінің көлемі мақсатты көрсеткіш кемінде 1,5 млн. трой унциясы болған кезде шамамен 2,32 млн. трой унциясын құрады.
Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелерінің, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелерінің, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфеліндегі қолма-қол ақшаның үлесі
АВА сақталуын қамтамасыз ету үшін инвестициялық портфельдің активтері негізінен елдің эталондық портфельге кіретін мемлекеттік, агенттік борыштық бағалы қағаздарымен берілді. Олардың үлесі мақсатты көрсеткіш кемінде 70% болған кезде 90% астамын құрады.
Активтерді басқарудың тиімділігін арттыру үшін есепті жылдың ақпаны ішінде Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 16 қаулысына сәйкес АВА инвестициялық портфеліндегі еуроның үлесі Гонконг және Сингапур долларының пайдасына 5% азайды (тиісінше 3% және 2%). АВА инвестициялық портфелінің жаңа қосалқы портфельдері ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жыл ішінде ғаламдық акцияларға, инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға, дамушы нарықтардың облигацияларына, айырбасталатын облигацияларға орналастыру үшін шамамен 2 млрд. АҚШ доллар жалпы сомаға АВА инвестициялық портфелінен АВА стратегиялық портфеліне қаражат аудару жүзеге асырылды.
Ағымдағы жылдың мамырында Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 160 қаулысына сәйкес АВА инвестициялық портфеліндегі еуроның үлесі Дания кронасының пайдасына 2% азайды. АВА инвестициялық портфелінің жаңа қосалқы портфельдері ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 180 қаулысымен «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы құрылды.
Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 216 қаулысымен Қазақстан Республикасының халықаралық активтерін басқару тұжырымдамасын мақұлданды және 2012 жылғы тамыз ішінде Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 246 қаулысымен балама құралдардың портфелін АВА құрылымына енгізу бойынша жұмыс жалғастырылды.
1.3.3-міндет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
Соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша ҚР Ұлттық қорының оң кумулятивтік кірістілігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижесі бойынша, соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша алдын ала деректерге сәйкес шамамен 8,21% оң кірістілікке қол жеткізілді.
Активтерді басқарудың тиімділігін арттыру үшін есепті жылдың ақпаны ішінде Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 17 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (ҚР ҰҚ) жинақ портфелінің облигациялар портфеліндегі еуроның үлесі Гонконг және Сингапур долларының пайдасына 5% азайды (тиісінше 3% және 2%). ҚР ҰҚ жинақ портфелінің жаңа қосалқы портфельдері ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Ағымдағы жылдың мамырында Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 161 қаулысына сәйкес ҚР ҰҚ жинақ портфелінің облигациялар портфеліндегі еуроның үлесі Дания кронасының пайдасына 2% азайды. ҚР ҰҚ жинақ портфелінің жаңа қосалқы портфельдері ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 51 өкіміне сәйкес ғаламдық акцияларға және облигацияларға орналастыру үшін 10 млрд. АҚШ доллар жалпы сомаға ҚРҰБ тұрақтандыру портфелінен АВА жинақ портфеліне қаражат аудару жүзеге асырылды.
ҚР Ұлттық қорының тұрақтандыру портфелінің мөлшері
Өтімділіктің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға және кепілдік берілген трансфертті бөлу бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ҚР ҰҚ тұрақтандыру портфелінің мөлшері алдын ала деректер бойынша шамамен 20 млрд. АҚШ доллары болды.
Барлық валюталық түсімдер тұрақтандыру портфеліне шоғырландырылды.
2-стратегиялық бағыт.
Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру
2.1-мақсат. Ырықтандырылған валюталық режим және Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайларындағы валюталық реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде «Капитал қозғалысына шектеу» көрсеткіші
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес, ДЭФ бағалайтын көрсеткіщтер тізбесінен «Қаржы нарықтарын дамытуға арналған жағдайлар» субфакторынан «Капитал қозғалысын шектеу» көрсеткіші алып тасталды (http://www.minplan.kz/economyabout/568/39993/).
2.1.1-міндет. Валюталық реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайында
Нормативтік құқықтық және/немесе заңнамалық актілердің саны (2 акт)
Іс-шара: Валюталық құндылықтардың айналыс тәртібін реттеуді жетілдіру
Ұлттық Банк қойған міндеттерге қол жеткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның нормаларын іске асыру мақсатында валюталық құндылықтарды реттеуді жетілдіру мақсатында мынадай 2 нормативтік құқықтық / заңнамалық акт әзірлеу жоспарланды:
1) Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасы;
2) Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы.
2012 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған іс-шаралар бойынша мыналар жүзеге асырылды:
1) әзірленген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» жоба Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілді. Әділет министрлігі көрсетілген қаулының қабылданғаны туралы 2012 жылғы 20 ақпандағы №25108/386 хатпен хабардар етілді;
2) әзірленген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» жоба Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 42 қаулысымен бекітілді. Көрсетілген қаулы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 сәуірде №7584 тіркелді.
2012 жылы Ұлттық Банк Басқармасының мына қаулылары қосымша қабылданды:
1) «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 маусымда №7701 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 17 тамызда №7852 тіркелген).
2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және шынайы ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру
Ырықтандырылған валюталық режим талаптарындағы валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі резиденттердің валюталық операцияларына жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру болып табылатындықтан, валюталық бақылаудың негізгі мақсаты валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратты қамтамасыз ету болып табылады. Валюталық операцияларды жүргізу тәртібін жеңілдетумен қатар резиденттердің валюталық заңнама талаптарын сақтау мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру қажет, сондай-ақ оны орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың іске асырылуын күшейту керек. Осыған байланысты Ұлттық Банк міндеттерінің бірі валюталық бақылауды жетілдіру, оның ішінде валюталық реттеу және бақылау саласындағы Ұлттық Банктің бақылау-қадағалау функцияларын іске асырудың тиімділігіне қатысты жетілдіру (уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу) болып табылады. Бұл ретте Ұлттық Банктің қызметі 2012 жыл ішінде бұрынғысынша әртүрлі критерийлер бойынша тексеру ұйымдастыру кезінде селективтік бақылау жүйесін ендіру арқылы жүргізілетін тексерулердің тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |