Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін міндеттер көрсеткіштері
|
Ведомствоаралық іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган
|
Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған шаралар
|
Есепті кезеңде міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар нақты орындаған шаралар
|
Есепті кезеңде мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Стратегиялық бағыт
|
Мақсаты
|
Мақсатты индикаторлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚРҰБ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда осы бөлім көзделмеген
|
4. Тәуекелдерді басқаруды талдау
Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдар
|
Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар
|
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың нақты орындалуы
|
Орындамау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының құлдырауы
|
Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы
|
1. Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің қаражатын активтердің жоғары өтімділігін қамтамасыз ететіндей тиімді басқару
2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу
|
1. Валюталық әртараптандыру мақсатында АВА инвестициялық портфелінде еуроның үлесі гонконг және сингапур долларының, сондай-ақ дат кронасының пайдасына 7%-ға азайтылды (тиісінше 3%, 2% және 2%).
2. Инвестициялау құралдарын одан әрі тараптандыру АВА инвестициялық портфелінің активтерінің бір бөлігін ауқымды акцияларға, инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға, дамушы нарықтардың облигацияларына, айырбасталатын облигацияларға орналастыру үшін АВА-нің стратегиялық портфеліне аудару есебінен жүргізіледі.
3. Құралдарды әртараптандыру және активтердің кірістілігін ұзақ перспективада арттыру үшін Ұлттық Банк Басқармасының 25.05.2012 ж. №180 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ құрылды, оның мақсаты – балама құралдар нарығында инвестициялау. Сонымен қатар АВА құрылымына балама құралдар портфелі қосылды.
|
|
Әлемдік қаржы дағдарысы
|
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақсыздануы
|
Қаржы тұрақтылығына қауіп
|
Жүйелік дағдарыстың дамуы
|
1. ҚҚА мен Ұлттық Банк 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел жауап қату жоспарының шараларын іске асыру
2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру
|
1. Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
2. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту кеңесінің 12 отырысы өткізілді.
|
|
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономика-лық және саяси тұрақсыздық
|
Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы
|
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қабылданатын жедел жауап қату шаралары
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Ішкі тәуекелдер
|
Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бойынша
іс-әрекеттерінің үйлеспеуі
|
Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару тәуекелінің ұлғаюы
|
Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталдың жұмылдырылуына ықпал ететін шаралар бойынша келісілген шешімдер қабылдау
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы
|
Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сату үшін қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін
|
Тоқсанына 1 рет тексеріледі (әр тоқсанның 10 жұмыс күні). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелін толықтыру жүргізіледі
|
В соответствии с распоряжениями Председателя НБРК ҚРҰБ Төрағасының 14.02.2012ж. №30 және 28.11.2012ж. №132 өкімдеріне сәйкес, өтімділік портфелінде меншікті қаражаттың жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін тиісінше АВА ішінде инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне шамамен 1 млрд. және 2,5 млрд. АҚШ доллары сомаға активтер аудару жүзеге асырылды.
|
|
Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі
|
Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген аймақтарда қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы
|
Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақша жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу.
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Мамандардың тұрақтамау тәуекелі
|
Ұлттық Банк қызметі нәтижелігінің төмендеуі
|
Елдің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің мақсаттарына, міндеттеріне және құндылықтарына адалдық қағидаттарымен, өз ісіне берілген және адал қызмет ететін, сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне қарсы тұратын жоғары нәтижелі, кәсіби жетілген, жауапты және этикасы жоғары қызметкерлерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қызметкерлерді іріктеу, жалпыға қолжетімді (қашықтан) оқыту жүйесін жетілдіру және біліктілік деңгейін арттыру.
|
Қызметкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында мынадай жұмыс жүргізілді:
«ҚРҰБ бос техникалық қызмет орындарына арналған конкурс шеңберінде тестілеу» міндеті үшін сатып алынған «AVELife TestGold Studio 2008» бағдарламалық қамтамасыз ету тестіленді;
ҚРҰБ-нің және оның ведомстволарының қызметшілермен лауазымға тағайындау және еңбек шартын тоқтату қағидалары ҚРҰБ Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 261 қаулысымен бекітілді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 қазанда 7996 нөмірімен тіркелді.
|
|
5. Бюджеттік бағдарламаларды талдау
Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің атауы
|
Өлш. бірлігі
|
Есепті кезең
|
Нәтижеге қол жеткізбеу себептері/бюджеттік қаражатты игермеу
|
Жоспар
|
Факт
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
бюджеттік бағдарлама атауы
|
|
сипаты
|
|
бюджеттік бағдарламаның түрі
|
мазмұнына байланысты
|
|
сату тәсіліне байланысты
|
|
ағымдағы/даму
|
|
бюджеттік бағдарлама көрсеткішінің атауы
|
|
|
|
|
|
тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
түпкілікті нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
сапа көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
тиімділік көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
бюджеттік шығыс көлемі
|
бағдарлама бойынша барлығы
|
|
мың тг.
|
|
|
|
оның ішінде:
шағын бағдарлама бойынша
|
|
мың тг.
|
|
|
|
шағын бағдарлама бойынша
|
|
мың тг.
|
|
|
|
Осы бөлім Ұлттық Банк бюджеттік бағдарламаларға басқарушы болып табылмайтындықтан толтырылған жоқ, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмайды және өз қызметін Ұлттық Банктің Басқармасы бекітетін бюджет (шығыстар сметасы) қаражаты есебінен жүзеге асырады.
|
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға
арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы
2012 жылғы есепке
талдамалық жазба
Ұлттық Банк 2012 жыл бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру бойынша мынадай стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс жүргізді.
Мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт.
Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1- мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Инфляцияны ұстап тұру (6-8%) (көрсеткіш 2012 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізу үшін белгіленді)
2012 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 6,0% құрады.
Мақсатты индикаторлар:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Инфляция» көрсеткіші
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ ҒБИ) 2012-2013 жылдар үшін жариялаған ақпаратқа сәйкес Қазақстан «Инфляция» көрсеткіші бойынша рейтингте 2011 жылдың қорытындысы бойынша 7 позицияға көтеріліп, 110 орында (жоспар – 116) болды.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Пайыздық ставка спрэді» көрсеткіші
Көрсеткіш бойынша ақпарат Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде жоқ.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ ҒБИ) 2012-2013 жылдар үшін жариялаған ақпаратқа сәйкес Қазақстан «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші бойынша 2011 жылдың қорытындысы бойынша бір позицияға төмендеп, 13 орында (жоспар – 12) болды. Бұл ретте көрсеткіш 2010 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 35,3%, ал 2011 жылдың қорытындысы бойынша 39,5% құрады. Осыған байланысты Қазақстан позициясының нашарлауын көрсеткіштің нақты нашарлауына байланысты емес деп айтуға болады.
1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу
Экономиканы монеталандыру деңгейі (33%-дан төмен емес)
ЖІӨ негізінде есептелген экономиканы монеталандыру деңгейі (2012 жылғы жедел деректер бойынша – 30072,5 млрд. теңге) 35,0% құрады.
Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі (30% төмен емес)
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің10 өсу қарқыны 2011 жылғы 14,3%-бен салыстырғанда 2012 жылы 7,2% дейін бәсеңдеді, ал жинақ ақша 8 994,5 млрд. теңгеге немесе валюталық баламасы 59,8 млрд. АҚШ долл. жетті. ЖІӨ салыстырғанда депозиттердің көлемі 30,4%-дан 29,9%-ға төмендеді.
Депозиттік базаның өсу қарқынның бәсеңдеуіне заңды тұлғалардың төмендеуі себепші болды. 2012 жылы банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері 5 662,7 млрд. теңгеге дейін 0,7%, ал жеке тұлғалардың депозиттері 3 371,8 млрд. теңгеге дейін 23,8% төмендеді.
Валюталардың түрлері бойынша депозиттердің құрылымы өзгеріске ұшырады, бұл өзгерістерге шетел валютасындағы салымдардың шамалы ұлғаюымен салыстырғанда теңгедегі салымдардың неғұрлым жоғары өсу қарқыны себепші болды, бұл теңгедегі депозиттердің жалпы көлемдегі үлес салмағының 68,6%-дан 70,2%-ға дейін өсуіне алып келді. Ұлттық валютадағы депозиттер 2012 жылы 6 311,5 млрд. теңгеге дейін 9,6%, шетел валютасындағы депозиттер 2 683,0 млрд. теңгеге дейін 2,0% өсті.
Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары 2012 жылы 3 409,5 млрд. теңгеге дейін 23,6%-ға өсті. Халықтың теңгедегі салымдары 2 072,5 млрд. теңгеге дейін 29,7%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 1 337,0 млрд. теңгеге дейін 15,2%-ға ұлғайды, бұл халықтың салымдарын долларландыруға алып келді. Нәтижесінде халықтың теңгедегі депозиттерінің үлес салмағы 57,9%-дан 30,8%-ға дейін көтерілді.
2012 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 3,6% (2011 жылғы желтоқсанда 2,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,3% (8,4%) құрады.
Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (30% төмен емес)
Банктердің экономикаға берген кредиттерінің жалпы көлемі 2012 жылы 13,0% ұлғайып, 9 958,0 млрд. теңгеге (66,3 млрд. АҚШ долл.) жетті. Кредиттердің ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 32,0%-дан 33,1%-ға дейін көтерілді.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2012 жылы 7102,7 млрд. теңгені құрай отырып, 9,9% ұлғайды, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2855,3 млрд. теңгеге дейін 21,7% көтерілді. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 26,6%-дан 28,7%-ға дейін көтерілді.
Кредиттік белсенділіктің төмендеуі кредит нарығының валюталық сегментінде ғана байқалды, бұл өз кезегінде, теңгедегі кредиттердің жалпы көлемдегі үлес салмағының 64,5%-дан 70,7%-ға едкйін өсуін қамтамасыз етті.
Нәтижесінде, шетел валютасындағы кредиттер 2012 жылы 2 916,7 млрд. теңгеге дейін 6,8% төмендеді, ал ұлттық валютадағы кредиттер 7 041,3 млрд. теңгеге дейін 23,9% көтерілді.
Ұзақ мерзімді кредиттеу 2012 жылы 8 002,3 млрд. теңгеге дейін 12,4% көтерілді, қысқа мерзімді кредиттеу 1 955,7 млрд. теңгеге дейін 15,4% өсті. Тиісінше, ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы жыл ішінде 80,8%-дан 80,4%-ға дейін төмендеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2012 жылы 1 412,0 млрд. теңгеге дейін 5,2%-ға көтерілді, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,2% құрайды.
Салалар бойынша алғанда банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы саудаға 20,1%, құрылысқа 14,0%, өнеркәсіпке 12,0%, көлікке 4,3%, ауыл шаруашылығына 3,2% тиесілі болды.
2012 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,3% (2011 жылғы желтоқсанда – 10,8%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 21,2% (20,4%) болды.
1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің ставкалар дәлізінде нарықтық пайыздық ставкаларды қолдау
Ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу (6-8%)
Қаржы нарығындағы үдерістерді және жылдық инфляция қарқындарының бәсеңдеуін ескере отырып, Ұлттық Банк 2012 жылы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларын қабылданды:
- ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №24 қаулысы. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 7,5%-дан 7,0%-ға дейін төмендеді.
- ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы №112 қаулысы. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 7,0%-дан 6,5%-ға дейін төмендеді.
- ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №184 қаулысы. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 6,5%-дан 6,0%-ға дейін төмендеді.
- ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі №232 қаулысы. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 6,0%-дан 5,5%-ға дейін төмендеді.
1.1.3-міндет. Ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдаудың транспаренттілігін арттыру
Ақша-кредит саясатының мәселелері бойынша баспасөз-релиздерін шығару (2012 жылдың қорытындылары бойынша 12)
2012 жылы мынадай 14 баспасөз-релизі шығарылды:
1) «2011 жылдың алдын ала қорытындысы. Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 3 баспасөз-релизі;
2) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы. 2011 жылдың қорытындысы» 2012 жылғы 14 ақпандағы № 7 баспасөз-релизі;
3) «Қаржы нарығының ағымдағы ахуалы туралы» 2012 жылғы 6 наурыздағы № 9 баспасөз-релизі;
4) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы № 12 баспасөз-релизі;
5) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 13 баспасөз-релизі;
6) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 10 мамырдағы № 18 баспасөз-релизі;
7) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 1 маусымдағы № 24 баспасөз-релизі;
8) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 6 маусымдағы № 25 баспасөз-релизі;
9) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 27 баспасөз-релизі;
10) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2012 жылғы 2 тамыздағы № 29 баспасөз-релизі;
11) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 35 баспасөз-релизі»;
12) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 10 қазандағы № 38 баспасөз-релизі»;
13) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 42 баспасөз-релизі»;
-
14) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2012 жылғы 8 желтоқсандағы № 48 баспасөз-релизі.
«Инфляцияға шолуды» шығару (2012 жылдың қорытындысы бойынша 4)
2011 жылғы 4-тоқсан үшін және 2012 жылғы 1, 2, 3-тоқсандар үшін «Инфляцияға шолудың» шығарылымдары Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында орналастырылды
Достарыңызбен бөлісу: |