Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



бет10/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.46 Mb.
#22140
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қазақстанның халықаралық көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне кіруі не жұмыс істейтін ықпалдасу институттары шеңберінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру талаптарын бірегейлендіру

Іс-шара: Қазақстанның халықаралық көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне кіру не жұмыс істейтін ықпалдасу институттары шеңберінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру талаптарын бірегейлендіру мүмкіндігін пысықтау.

Халықаралық автосақтандыру жүйесін құру мәселесі сақтандыруды қадағалау және ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің сақтандыру қызметін реттеу органдары басшыларының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) шеңберінде бірнеше жыл бойы қаралуда.

Алайда ЕурАзЭҚ елдерінің осындай жүйені құруға мүдделі болмауына байланысты осы бағыттағы жұмыс тоқтатыла тұрды.

Сонымен бірге, ЕурАзЭҚ шеңберінде жүріп жатқан ықпалдасу процестерін ескере отырып, ЕурАзЭҚ шеңберінде автосақтандыру жүйесін құру бойынша іс-шаралар жүргізу қажеттігі туралы мәселе Кеңестің 2011 жылғы 23 қарашада өткен 14 мәжілісіне қайта шығарылды.

Аталған мәжілісте Ұлттық Банктің ЕурАзЭҚ-тың бір елінің аумағында ЕурАзЭҚ-тың басқа елінің көлік құралдарының қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының статистикасы туралы ақпараты қаралды.

Ұлттық Банктің ақпаратын қарау қорытындысы бойынша Кеңестің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 182 Шешіміне сәйкес Ұлттық Банкке және Ресей Федерациясының Қаржы нарықтары жөніндегі федералды қызметіне ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық сақтандыру компаниялары берген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерін тану туралы келісімінің жобасын (бұдан әрі – Келісім жобасы) әзірлеу және Кеңестің кезекті мәжілісіне ұсыну тапсырылды.

Сондай-ақ Кеңестің № 183 Шешіміне сәйкес Тараптардың заңнамаларына «жасыл карта» жүйесіндегі көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерін қоспағанда, сақтандырушылардың ЕурАзЭҚ-қа кез келген мүше мемлекеттің аумағында көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерін сатуға рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттігі танылды.

Кеңестің көрсетілген шешімін іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Келісім жобасын дайындап, ЕурАзЭҚ елдеріне келісу үшін жіберді. Келісім жобасын Кеңестің кезекті 15-мәжілісінде қарау көзделіп отыр.

ЕурАзЭҚ шеңберінде автосақтандыру жүйесін құру бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігіне жіберілді.

6.1.2-міндет. Халықаралық стандартар негізінде сақтандыру ұйымдарын пруденциалдық реттеуді одан әрі жетілдіру және исламдық қаржыландыруды ендіру

Risk based supervision ендіру арқылы пруденциалдық реттеу және Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу

Іс-шара: Risk based supervision ендіру арқылы пруденциалдық реттеуді жетілдіру және Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу

Осы іс-шара ұзақ мерзімді сипатында болғандықтан оның іске асырылуы келесі кезеңдерде жүзеге асырылатын болады. 2009 жылғы 25 қарашада Еуропа парламентінің және Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі кеңестің 2012 жылғы 1 қарашада күшіне енген 2009/138/EC директивасы (Solvency II) қабылданды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігін бағалау жүйесі Solvency ІІ реттеу моделінің тәуекелі негізінде құрылған экономикалық жүйеге көшуді болжайды. Тәуекелдердің есебі экономикалық капитал (берілген уақыт аралығымен және ықтималымен белгілі тәуекелдерді жабуға талап етілетін, нақты негізде бағаланған тәуекел капитал сомасы) тұжырымдамасына негізделеді (VAR).

Solvency ІІ жүйесінің Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған талаптары кезең-кезеңімен енгізіледі. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 19 қаулысымен сыртқы қайта сақтандырудың лимиттері қайта қаралады, сақтандыру сыйлықақыларын ұстап қалу лимиттері, ірі сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары, сондай-ақ әуе және су көлігінің тәуекелдері бойынша өздігінен ұстап қалудың ең төменгі мөлшері белгіленеді.

Сонымен бірге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары төлем қабілеттілігінің ең төменгі маржасын және кепілдік қорын есептеуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес Solvency ІІ берілген өлшемдерді ескере отырып, қайта сақтандыруды бағалау енгізілді, атап айтқанда қайта сақтандырушы қарсы агенттердің кредиттік рейтингісіне (қаржылық тұрақтылық рейтингісіне) немесе төлем қабілеттілігі маржасының нормативіне қарай ең төменгі төлем қабілеттілік маржасы ұлғайтылады. 2013 жылғы бірінші жартыжылдығында Solvency II стандартты моделіне сәйкес экономикалық капитал есебінің қосымша өлшемдерін енгізу жоспарланады.



7-стратегиялық бағыт.

Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау

7.1-мақсат. Тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құру

Мақсатты индикатор: Акциялар мен облигациялар нарығының ЖІӨ-ге капиталдануы – 54% (жыл қорытындысы бойынша).

Акциялар мен облигациялардың жалпы капиталдануы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 210,9 млрд. теңге құрады. ЖІӨ жоспарлы көрсеткіші (ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің болжамдық көрсеткіштер бойынша) – 31 442,7 млрд. теңге құрады. Акциялар мен облигациялар нарығының ЖІӨ-ге капиталдануы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 42,0% болды.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес Мақсатты индикатор мемлекеттік органның өзінің функциялары мен міндеттерін орындау деңгейін сипаттайтын мемлекеттік органның қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік органның міндеттері – жоспарлы кезеңде белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін орындалуы тиіс талаптар.

ҚРҰБ 2012 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес ҚРҰБ БҚМД заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды көздейтін осы стратегиялық бағыттың 7.1.1. міндетін іске асыру бойынша жауапты орындаушы болып табылады.

Өз тарапымыздан 2012 жылы ең жоғары капиталдандырылған эмитенттердің KASE өкілдік индексінің құрамына кіретін акциялары, атап айтқанда KAZAKHMYS Plc., ENRC, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары құнының төмендеуі байқалғанын атап көрсетеміз.

Оның үстіне, 2012 жылғы 27 желтоқсанда «БТА Банк» АҚ еурооблигацияларының, олардың қайта құрылымдалуына байланысты тоғыз шығарылымының делистингі жүзеге асырылды, облигациялар нарығы капиталдануының 1,3 трлн. теңгеге төмендеуіне әкелді.


Мақсатты индикатор: Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі – 30%-дан кем емес.

2012 жылы қаржы ұйымдары ҚР заңнамасының қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің құрамында тәуелсіз директорлардың 30%-дан кем болмауы жөніндегі талаптарын бұзған жоқ.


Мақсатты индикатор:

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Бағалы қағаздар нарығын реттеу» көрсеткіші

2012-2013 жылдары кезеңіне арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылсайынғы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 110 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 2 позиция жоғары.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Корпоративтік басқарудың тиімділігі» көрсеткіші

2012-2013 жылдары кезеңіне арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылсайынғы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 36 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 30 позиция жоғары.


Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің болуы» көрсеткіші

2012-2013 жылдары кезеңіне арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылсайынғы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2012 жылы Қазақстан 79 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 12 позиция жоғары.


Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің қол жетімділігі» көрсеткіші

2012-2013 жылдары кезеңіне арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылсайынғы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2012 жылы Қазақстан 78 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 25 позиция жоғары.


Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Жергілікті қор биржалары арқылы қаржыландыру» көрсеткіші

Аталған көрсеткіш бойынша теріс динамика байқалады. Мәселен, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан осы көрсеткіш бойынша 109 орында (жоспар 106), бұл жоспарланған деңгейден 3 позиция төмен.

Сонымен бірге, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 111 көрсеткіштен есептелетінін, оның 28 статистикалық деректер негізінде, ал қалғандары, оның ішінде «Жергілікті қор биржалары арқылы қаржыландыру» көрсеткіші – орташа және ірі кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша есептелетінін атап өткен жөн.

Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін ең проблемалық фактор деп респонденттер Қызметкерлердің төмен біліктіліктігін (17,2%; +4,9%), Сыбайлас жемқорлықты (15,7%; -1,6%), Салық режимін (9,6%; +0,7%) және қаржыландыруға қол жетімділікті (9,5%; -2,6%) айқындады.

Компания басшыларының пікірі бойынша бірнеше жылдар бойы бизнесті жүргізуге кедергілер арасында Сыбайлас жемқорлық бірінші орында келгенін, алайда осы жылы әдетте 2-ші және 3-ші орында болатын Қызметкерлердің төмен біліктілігі озғанын атап көрсеткен жөн.

Оның үстіне бүгінгі күні Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін сапалы қаржы құралдарының тапшылығы, және соның салдары ретінде қор нарығының төмен өтімділігі; сауда-саттық рәсіміне тартылған бөлшек инвесторлардың аз саны; бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы және адал емес әрекетер жасау сияқты бірқатар проблемалар бар.

Өз кезегінде, Ұлттық Банк қабылдайтын шаралар бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіруге, сол сияқты бағалы қағаздар нарығына қатысушылар: эмитенттер, дара және институционалдық инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар, оның ішінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ олар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтері туралы ақпараттың толықтығы мен қол жетімділігі арқылы жасауға бағытталған.

Атап айтқанда, қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бөлігінде инфрақұрылымда қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша өзара талаптарды және міндеттемелерді есепке жатқызуды жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының пайда болуын атап көрсетуге болады. Клиринг ұйымдарын құру болашақта бағалы қағаздар нарығында мәмілелер бойынша орталық қарсы агентін құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді және төлемеу тәуекелдерін, оның ішінде мерзімдік нарықтың құралдары бойынша барынша төмендететін болады,

Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында жаңа инфрақұрылымдық субъектісі – барлық эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыратын Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісін құруды атап өткен жөн, бұл бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу рәсімін жеделдетеді.

Өз кезегінде қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенін жетілдіру мақсатында уәкілетті орган KASE-мен бірлесіп KASE-ге мүше клиенттердің ұйымдастырылған қаржы құралдары нарығына тікелей қол жеткізудің «Direct Market Access» (DMA) және «KASE-ге қашықтықтан мүшелік ету» жобалары бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

«Direct Market Access» (DMA) және «KASE-ге қашықтықтан мүшелік ету» жобалары инвесторлық базаны кеңеюін қамтамасыз етуге және қор биржасының сауда жүйесіне тікелей қол жетімділікті беру және бөгде ақпарат жүйелеріне KASE сауда жүйесіне қол жетімділікті беру арқылы шетелдік инвесторларға рұқсат беру жолымен қор биржасына мүше клиенттердің белсенділігін арттыру есебінен қор биржасының сауда жүйесінде сатылатын қаржы құралдарының өтімділігін арттыруға арналған.

Сонымен бірге, KASE функциялары кеңейту мақсатында қор биржасының функционалы қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерге, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және қор биржасының ішкі ережелерінің талаптарын бұзуына мониторинг және талдау жүргізу жөніндегі функциялармен толықтырылды.

Сонымен бірге, KASE-нің айналысқа рұқсат берілген эмитенттердің заңнамада талап етілетін ақпараттың ашуына және қор биржасы мүшелерінің қаржылық ахуалына мониторинг жүргізуі көзделеді.

Сондай-ақ Ұлттық Банк эмитенттер қызметінің айқындылығын арттыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды іске асырды.


Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Заңды құқықтар индексі» көрсеткіші

2012-2013 жылдары кезеңіне арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылсайынғы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2012 жылы Қазақстан 99 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 11 позиция төмен.

«Заңды құқықтар индексі» (заңды құқықтарын қолданылу индексі) кепілдік қамтамасыз ету және төлеуге қабілетсіздік (банкроттық) туралы заңнаманың қарыз алушылар мен кредиторлардың құқықтарын қандай деңгейде қорғайтынын өлшейді және сонымен кредиттеуге ықпал етеді. Көрсетілген рейтинг «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің «Кредиттер алу» индикаторымен өзара байланысы бар, сондықтан осы индикатор бойынша рейтингінің төмен болу себебі мыналар болып табылады:


  1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларында кепілге қойылған мүліктің егжей-тегжейлі ерекше сипатталуы көзделеді, ал Дүниежүзілік банктің ұсынысы бойынша кепіл шартында белгілі сома емес, ал ең жоғары соманы көрсету арқылы міндеттемелерді жалпы сипаттау мүмкіндігін, сондай-ақ меншікке келешекте келіп түсетін мүлікке кепілдік құқықтарын беру мүкіндігін қарастыру қажет;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында кепілді кредиторлардың абсолютті артықшылығын және борышкердің оңалту және банкроттығы кезінде олардың талаптарын автоматты түрде тоқтата тұрудан босатуды көздейтін нормалардың жоқтығы.

Бірінші тармақ бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дүниежүзілік Банк сарапшыларына Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің қолданыстағы нормалары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу талап етіледі.

Екінші тармақ бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Оңалту және банкроттық туралы» және кепілді кредиторлар құқықтарының басымдығын белгілейтін нормалар көзделетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірледі. Осы заң жобалары Ұлттық Банкпен келісілді және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілген

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ең аз пакеті бар акционерлердің құқықтарын қорғау» көрсеткіші

2012-2013 жылдары кезеңіне арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылсайынғы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2012 жылы Қазақстан 89 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 24 позиция жоғары.


7.1.1-міндет. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және қор нарығының өтімділігін арттыру, қаржы нарығында инвесторлардың белсенділігін және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді ендіру, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асырудың айқындылығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету.

Қор нарығындағы тәуекелдерді шектеу және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің тәуекел-менеджменті рәсімдерін жетілдіру


Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздар нарығында клиринг қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау жолымен есеп айырысу жүйесі

Іс-шара: Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздар нарығында клиринг қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау жолымен есеп айырысу жүйесін жетілдіру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында Ұлттық Банкі Басқармасының мына қаулылары қабылданды:

1) бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын жаңа қызметті – клиринг қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілеуге бағытталған «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58;

2) «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59;

3) «Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119;

4) «Қаржы құралдарымен клиринг қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 205.


«Doing Business» Дүниежүзілік Банктің рейтингісінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша


өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданысқа енгізу және оны іске асыруда нормативтік құқықтық актілерді қабылдау рейтингісінде 10-орынды сақтай отырып, «Doing Business» Дүниежүзілік Банктің рейтингісінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Тәуекелдерді барынша азайту туралы заң экономикалық күйзелістер кезеңінде орын алған қаржы ұйымдарының қызметіндегі тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуде жеткіліксіз ақпарат айқындылығына, төмен капиталдануына және бизнес шоғырлануының жоғары деңгейіне байланысты жағымсыз құбылыстарды болдырмау мақсатында әзірленді.



Білікті инвесторды тану тәртібі, сондай-ақ білікті инвестор инвестициялауды

жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін белгілеу

Іс-шара: Білікті инвесторды тану тәртібін айқындау, сондай-ақ білікті инвестор инвестициялауды жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін белгілеу

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ішінде Ұлттық Банк Басқармасының мына қаулылары қабылданды:

1) заңды және жеке тұлғаларды білікті инвестор деп танудың тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ білікті инвестор деп танылған тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайтын «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 78;

2) білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындайтын «Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 79.


Инвестициялаудың ұжымдық нысандары бойынша ақпаратты ашу талаптары және бағалы қағаздар эмитенттері және нарықтың кәсіби қатысушылары ашатын ақпараттың қол жетімділігін және сапасын бақылау жүйесін жетілдіру

Орындалуы 2015 жылы жоспарланған.


Айла-шарғы мәмілелерін бақылау және жолын кесу және инсайдерлік ақпараттың пайдалануына және таралуына бақылауды күшейту

Іс-шара: Айла-шарғы мәмілелерін бақылау және жолын кесу және инсайдерлік ақпараттың пайдалануына және таралуына бақылауды күшейту бойынша жұмысты жалғастыру.

2011 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағамен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танудың және бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты пайдалануды бақылау, оның ішінде инвесторлардың қаржы ұйымдарының және эмитенттердің қызметі туралы хабардар болуын арттыру бойынша тетіктерін жетілдіруге, «инсайдерлік ақпарат» ұғымын нақтылауға бағытталған түзетулер көзделген, сондай-ақ инсайдер деп танылатын тұлғалардың тізбесі нақтыланды және инсайдерлік ақпаратты пайдалануға және басқаруға, сондай-ақ басқа да шектеулер белгіленді.


Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі

Орындалуы 2013 жылы жоспарланған.


8-стратегиялық бағыт.

Қаржы тұрақтылығын арттыру және жинақтаушы

зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға жағдай жасау

8.1-мақсат. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, дағдарыс ахуалдарының алдын алуға және салымшылардың (алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыратын тәуекелдерді бағалауға негізделген жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу жүйелерін жетілдіру

Мақсатты индикатор: Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша қаржылық тұрақтылығының біріктірілген индексінің мәні – 2,5 артық емес.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша осы индикатордың мәні 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,1 құрады (қанағаттанарлық, тәуекелдердің аса жоғары деңгейімен). 2012 жылдың басынан бастап көрсеткіштің мәні жоспарланған мөлшерден аспады.



Мақсатты индикатор: Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі – 20%-дан төмен емес.

«Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, зейнетақы активтері есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына жасалатын инвестициялардың жалпы мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің 50,5%-ын құрайды.



8.1.1-міндет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің тиімділігін көтеруге, сондай-ақ зейнетақы қызметтерін тұтынушылардың (салымшылардың, алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдерді шектеу және жинақтаушы зейнетақы қорларындағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру



1-іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізу және жетілдіру

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы Ұлттық Банктің Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:



  1. «Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56;

  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57;

3) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының қаржылық жай-күйі нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 66 қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің инвестициялаудың мультипортфельді жүйесі бөлігінде есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 68;

5) ЖЗҚ-ның немесе ЗАИБЖҰ-ның директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ЖЗҚ-ның немесе ЗАИБЖҰ-ның ішкі саясатын және рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындауға бағытталған «Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76;

6) «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 82;

7) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 93;

8) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 131;

9) «Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануының тәртібін белгілейтін «Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 166;

11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануының тәртібін белгілейтін «Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 167;

12) «Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 204.


Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларды қалыптастыру, әрбір қалыптастырылатын инвестициялық портфельге қатысты шартты бірліктер мен номиналдық кірістілікті есептеу бойынша міндеттерін белгілеу.

Аталған шараны іске асыру мақсатында 2012 жыл ішінде Ұлттық Банктің Басқармасы мына:



  1. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) консервативтік және орташа инвестициялық портфельдерін енгізуге және ЖЗҚ агрессивті портфелін енгізу мерзімін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 221;

Аталған қаулымен К1 меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу; ЖЗҚ консервативтік және орташа инвестициялық портфельдері үшін К2 номиналды кіріс коэффициентінің барынша төмен мәнін айқындау; консервативтік және орташа инвестициялық портфельдердегі зейнетақы активтері есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тәуекелдері бойынша мөлшерлеу бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілуде;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №374 қаулыларды қабылдады.



Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың номиналдық кіріс коэффициентінің ауытқуы кезінде салымшының теріс кірістілігін өтеу бөлігіндегі жауапкершілігі (К2) (1 НҚА)

ЖЗҚ-дағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі (1 НҚА)

Зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау (1 НҚА)

Іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін пруденциалдық реттеу, зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру

Аталған шараны іске асыру мақсатында 2012 жыл ішінде Ұлттық Банктің Басқармасы мына:



  1. «Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №28;

  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №35;

3) «Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың меншiктi активтері жөнінде есеп беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №85;

4) «Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №170 қаулыларды қабылдады. Аталған қаулыда ЖЗҚ/ЗАИБЖҰ ірі қатысушысына мыналар:

- Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің (мәнінің) қажетті деңгейін тұрақты және дереу қамтамасыз етудің шараларын қабылдау;

- Қордың және (немесе) Ұйымның қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайда, Қордың және (немесе) Ұйымның қайта капиталдандыру жоспарын көздейтін шараларды қабылдау;

- заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы Қордың және (немесе) Ұйымның ірі қатысушылары сақтауы міндетті Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдау бойынша шараларды қолдану талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту бойынша талаптар белгіленген.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың салымшының жинақталған зейнетақы қаражатының агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оған жоғалтқан жарналарын өтеу бойынша жауапкершілігі

Орындалуы 2015 жылға жоспарланған.


Жинақтаушы зейнетақы қорларын, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерінің құрылымын мульти портфельдерге бөлінуін ескеріп, меншікті капиталының жеткіліктілігін, ЖЗҚ номиналды кірістілігін және өтімділігін реттеу бөлігінде пруденциалдық реттеу

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін реттеу

Іс-шара: Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін пруденциалдық реттеу, зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін және ЖЗҚ инвестициялық қызметін пруденциалдық реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) әзірленді және 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 221 болып қабылданды.

Қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) консервативтік және қалыпты инвестициялық портфельдерін енгізуге және ЖЗҚ-ның агрессивтік инвестициялық портфелін енгізу мерзімін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуға байланысты әзірленді.

Көрсетілген қаулыда ЖЗҚ-ның меншік капиталының К1 коэффициентін есептеу кезінде қатысушы активтерінің тәуекел дәрежесі бойынша орташа алынған есебі бөлігінде өзгерістер көзделеді.

Сондай-ақ, қаулыда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 100 теңгеден бастап К2 номиналды кіріс коэффициентін есептеген кезде қолданылатын зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құнын есептеуді енгізуді ұзарту, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «B+»-тен «В» дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzВ+» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарға ЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыру бойынша норманы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту бөлігінде өзгеріс қамтылған.
Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

Іс-шара: Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту

Аталған іс-шараны іске асыру мақсатында Ұлттық Банкі Басқармасының мына:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілері және жинақтаушы зейнетақы қорлары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 қаулысы қабылданды, онда мыналар:

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне кіргізудің жеңілдетілген рәсімін, сондай-ақ осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген рәсімін;

исламдық бағалы қағаздарды биржаға жіберу бойынша талаптарды ырықтандыруды;

шетелдік эмитенттердің жоғары дамыған төрт елдің немесе аудиторлық есебі Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін беру мүмкіндігі көзделеді.

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 299;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі №227 қаулылары қабылданды.


9-стратегиялық бағыт.

АӨҚО-ны исламдық қаржыландыру жөніндегі

өңірлік орталық ретінде ұсыну және құру
9.1-мақсат. Исламдық қаржыландыруды дамыту
Мақсатты индикатор: Исламдық қаржы құралдарының, банктік және сақтандыру өнімдерінің саны.

2012 жылдың қорытындысы бойынша исламдық қаржы құралдарының саны 11 бірлікті құрайды. Сондықтан, Қазақстанда исламдық қаржыландырудың үдеу қарқынына байланысты және исламдық қаржы құралдарының саны үдеу өсуі нәтижелерінен мақсатты индикаторға толығымен қол жеткізілді.


9.1.1-мақсат. Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі параметрлері

Нормативтік құқықтық базаны әзірлеу

Іс-шара: Исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасын исламдық қаржыландыру мәселесі бойынша одан әрі дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі (бұдан әрі – Заң жобасы).

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасының мақсаты исламдық сақтандыруды ендіру, исламдық банктердің қызметіне қолайлырақ жағдайлар жасау, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандырудың бірқатар өзекті мәселелерін шешу арқылы Қазақстан Республикасында толық исламдық қаржыландыру жүйесін құру болып табылады.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына түзетулерді енгізу көзделген.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттары:

1) исламдық сақтандыру мәселелерін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, исламдық сақтандырудың негізгі қағидаттарын айқындау, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талаптарды белгілеу;

2) исламдық банктердің қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, оның ішінде исламдық банктік операциялардың тізбесін кеңейту, исламдық банктік операцияларға салық салу тәртібін айқындау;

3) сақтандыру төлемдеріне кепілдікті, оның ішінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне мемлекеттік қатысу арқылы жүзеге асыратын ұйымдардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

4) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру саласында өзекті проблемаларды шешу.

Қазіргі уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаруға енгізілді.


Сонымен қатар, Ұлттық Банктің норма белгілеу қызметі аясында қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында ҚРҰБ Басқармасының мына:

  1. «Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын не дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тұлғаға тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниеті туралы хабарламаны жіберу тәртiбi туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №29;

  2. «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы;

  3. «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №32;

  4. «Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №33;

  5. «Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететiн факторларды айқындау әдiстемесiн қолдану қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №34;

  6. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №38;

  7. «Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №53;

  8. «Инвестициялық қордың активтерінің және қаржы құралдарының тізбесіне кіретін, акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын және басқа да мүлікті инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №56;

9) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №61;

10) «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №67;

11) «Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №69;

12) «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы ақпаратты ұсыну, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №70;

13) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №71;

14) «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №72;

15) «Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларға ертерек ден қою шараларын және оларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №73;

16) «Екiншi деңгейдегi банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатқа қойылатын талаптарды және екiншi деңгейдегi банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №74;

17) «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2012 жылғы 24 ақпандағы №75;

18) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №77;

19) «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №87;

20) «Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №88;

21) «Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №89;

22) «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №95;

23) «Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның есеп беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №97;

24) «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №120;

25) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №122;

26) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №123;

27) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №124;

28) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмiлелердi тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзiндi көшiрменi ресiмдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №125;

29) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №126;

30) «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №127;

31) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №135;

32) «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және басқа да жабдықтарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2012 жылғы 28 сәуірдегі №165;

33) «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берушінің және лицензия негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168;

34) «Акционерлік қоғамының үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171;

35) «Заңды тұлғаның банк қарызын және (немесе) банк кепілдігін алу мақсатында ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №194;

36) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілері және жинақтаушы зейнетақы қорлары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырда № 195;

37) «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217;

38) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 229;

39) «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №233;

40) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №234;

41) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №235;

42) «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізбе жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымда тәуекелдерді басқару жүйесі болуы бойынша талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №276;

43) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және басқа да жабдықтарға талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №277;

44) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 278;

45) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 279;

46) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 297 қаулысы;

47) «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 қаулысы;

48) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарын қор биржасына айналысқа жіберуге рұқсат беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 қаулысы;

49) «Микроқаржы ұйымының есептілік беру тізбесін, нысандарын және қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 373 қаулысы;

50) «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы;

51) «Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулысы;

52) «Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 қаулысы;

53) «Пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 382 қаулысы;

54) «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №386 қаулысы;

55) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №379 қаулылары әзірленді және қабылданды.

Исламдық қаржыландыру бойынша оқыту семинарларын өткізу

2012 жылы исламдық қаржыландыру бойынша 18 семинар ұйымдастырылды. Оның ішінде Ұлттық Банктің қызметкерлері үшін «Al Hilal» ислам банкі» АҚ бірлесіп 2012 жылғы 6 ақпанда ұйымдастырған семинар. Бұдан басқа, 2012 жылғы 7-8 ақпанда банктер мен банктік емес ұйымдар үшін семинарды өткізуге жәрдемдесті. Сондай-ақ, «Исламдық қаржыландыру» тақырыбында Алматы қаласының мынадай жоғарғы оқу орындарының: ҚазХҚжӘТУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, ҚБТУ, ЕуроАзДу, UIB және ҚМЕБИ, профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттерге 8 семинар ұйымдастырылды, осыған орай, 522 студенттер білім алды, сондай-ақ Алатау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Бостандық, Түрксіб, Жетісу аудандары әкімшіліктерінің қызметкерлері үшін 7 семинар өткізілді, онда 182 адам білім алды. Бұдан басқа, қыркүйекте Ұлттық Банктің қызметкерлері үшін «Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту» тақырыбына семинар ұйымдастырылды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасы қабылдануына және исламдық қаржының негізгі қағидаттарын түсіндіру қажеттілігіне байланысты исламдық қаржыландыру бойынша оқыту семинарларды ұйымдастыру бойынша жоспарланған көрсеткіштер артығымен орындалды.

Исламдық қаржыландыру бойынша материалдарды шығару

2012 жылы исламдық қаржыландыру бойынша материалдардың 8 шығарылымы жүзеге асырылды: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін исламдық қызмет көрсету жөніндегі кеңеске (IFSB) қабылдау туралы» 2012 жылғы 23 ақпандағы № 8 баспасөз релизі, Islamic Finance News (Малайзия) басылымында «Recent Developments in Islamic Finance in Kazakhstan» тақырыбындағы мақала жарияланды.

Сонымен қатар, 2012 жылғы сәуірде «Islamic modes of finance and sukuk» халықаралық отырысқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат, сондай-ақ мамырда «Дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі үрдістері мен келешегі» мақаласы дайындалды. Осы мақала «VI Рысқұлов оқытулары» халықаралық ғылыми форумның «Қазақстанды ауқымды қаржылық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік-экономикалық жаңғырту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияның материалдарының тізіміне енгізілді.

Маусымда «Ұлттық Банк ақпараттандырады, түсіндіреді, түсіндірме береді» атты арнайы айдарда «Қазақстанды исламдық қаржыландырудың даму ерекшеліктері мен келешегі» тақырыбындағы мақала жарияланды.

Бұдан басқа, шілдеде «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы Ұлттық Банктің «Капитал әліппесі» телевизиялық жобасына қатысты, онда исламдық қаржыландыру және Сукук нарығы мәселелері түсіндірілді.

Тамызда «Хабар» ұлттық телеканалында «Сонымен, солай дейік..» телевизиялық бағдарламаға қатысты, онда 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол қартасына қатысты мәселелер талқыланды.

Қарашада «Хабар» ұлттық телеканалында мемлекеттік тілдегі «Көзқарас» телевизиялық бағдарламаның түсірілуіне қатысты, мұнда исламдық қаржыландыру қағидаттарына, 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол қартасына, исламдық қаржыландыру институттары мен құралдарына қатысты мәселелер талқыланды.

2012 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша исламдық қаржыландыру бойынша материалдарды шығару жөнінде жоспарланған көрсеткіштер исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын түсіндіру қажеттілігіне байланысты, артығымен орындалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет