16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
21/32
қызметшіні əскери қызметтен уақытында шығару (əскери
бөлім жеке құрамының
тізімдерінен алу) мүмкін болмаған жағдайда оны шығарған күні толық пайдаланылмаған
жыл сайынғы негізгі демалыс уақытының есебі əскери қызметшіге ұсыныла отырып
жүргізіледі. Егер демалыс бұдан бұрын демалыстар кестесіне сəйкес пайдаланылмаған
болса, мерзімінен бұрын шығару кезінде (келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін) əскери
қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы осындай тəртіппен есептеледі.
119. Əскери оқу орнын (əскери факультетті) аяқтаған əскери қызметшілерге жыл
сайынғы негізгі демалыс күнтізбелік есептеумен ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына
байланысты көрсетілген оқу орнын аяқтағаннан кейін беріледі.
120. Əскери қызметшілердің жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы демалысты
өткізу орнына дейін барып-қайту үшін
қажетті уақытты ескере отырып, тəулік санына
арттырылады. Егер əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыс бөлініп берілсе,
онда демалысты өткізу орнына барып-қайту үшін қажетті уақыт бір рет беріледі.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
121-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
121. Əскери қызметшінің баянаты жəне əскери бөлім (мекеме) командирінің
(бастығының) шешімі бойынша əскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі жəне қосымша
демалыстарды олардың арасын үзбей бірінен кейін бірін беруге жол беріледі.
122. Өткен жыл үшін жыл сайынғы негізгі жəне (немесе)
қосымша демалыстар
келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшіге дəлелді себептермен
берілмеген болса, демалыс келесі жылы оның баянаты бойынша демалысты өткізу орнына
барып-қайту уақыты ескеріле отырып беріледі.
Əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін, жыл сайынғы негізгі жəне
қосымша демалыстарды дəлелді себептермен пайдаланбаған офицерге көрсетілген
демалыстар соңғы берілген демалыстар аяқталғаннан кейінгі келесі күні бұл ретте оны
əскери бөлімнің тізімдерінен ала отырып, əскери қызметтен шығару кезінде беріледі.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
123-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
123. Жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыстар кезінде (кейіннен əскери
бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығара отырып, əскери қызметтен шығару жылынан
басқа) науқастанып қалған əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі немесе қосымша
демалыс, отбасы жағдайлары бойынша демалыстан басқа, демалыс уақытына тура келетін
науқастанған күндерінің тиісті санына ұзартылады. Бұл жағдайда əскери бөлімнің
(мекеменің) командирі (бастығы) əскери мекемеден немесе ол болмаған кезде, мемлекеттік
емдеу-профилактикалық мекемеден алынған анықтама негізінде демалысты ұзартуды
жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
124-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
124. Əскери қызметші отбасы мүшесінің, жақын туысының, жұбайының (зайыбының)
жақын туыстарының денсаулығы нашарлаған немесе қайтыс болған (қаза тапқан)
жағдайда, сондай-ақ демалыста жүрген əскери қызметшінің отбасы мүшелері, жақын
туыстары, жұбайының (зайыбының) жақын туыстары
табиғи немесе техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған кезде əскери қызметші демалыста жүрген
аумақтағы жергілікті əскери басқару органы бастығының əскери қызмет өткеру орнына
бару үшін қажетті уақытты есептемей, демалысты он тəуліктен аспайтын мерзімге ұзартуға
құқығы бар.
Жергілікті əскери басқару органының бастығы əскери қызметшінің демалысын
ұзартқаны туралы көрсетілген əскери қызметші əскери қызмет өткеретін əскери бөлімнің
(мекеменің) командирін (бастығын) дереу хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: