Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ


 Əскери атағын төмендету, одан айыру жəне əскери атағын қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет18/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
WWW- 2~1

 
16. Əскери атағын төмендету, одан айыру жəне əскери атағын қалпына келтіру
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 105-тармақ өзгертілді
105. Əскери қызметшілерді (əскери міндеттілерді) əскери атағында бір сатыға
төмендету, оларды əскери атағынан айыру жəне əскери атағын қалпына келтіру былайша
жүргізіледі:
1) жоғары офицерлер құрамын - Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) офицерлер құрамын (жоғары офицерлер құрамынан басқа) - уəкілетті органның
бірінші басшысы;
3) өзге де əскери атақтарды - лауазымды адамдар тізбесіне сəйкес.
Қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған əскери қызметшілер (əскери
міндеттілер) соттың əскери қызметшіге əскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза
тағайындалған, заңды күшіне енген үкімі бойынша əскери атағынан айырылады.
106. Əскери атағы бір сатыға төмендетілген əскери қызметшінің бұрынғы əскери
атағын қалпына келтіру атқаратын штаттық лауазымына қарамастан, төмендетілген
күнінен бастап алты айдан ерте емес үлгілі тəртібі болған жəне қызметін адал атқарған
кезде жүргізіледі. Бұл ретте əскери қызметшілердің төмендетілген əскери атақта болу
уақыты қалпына келтірілген əскери атағындағы еңбек сіңірген мерзіміне есептелмейді.
Əскери атағын қайта төмендетуге жол берілмейді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 107-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
107. Əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін, əскери атағы «кіші сержант»
(«екінші сатылы старшина») əскери атағына дейін төмендетілген офицерлер тиісті
құрамның əскери лауазымдарына тағайындаумен бір мезгілде сержанттар құрамына
ауыстырылады жəне мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін
əскери қызмет өткереді.
Тағайындау əскери қызметшінің əскери атағы төмендетілер алдында тікелей атқарған
лауазымына тағайындау құқығы лауазымды адамдар тізбесіне сəйкес берілген уəкілетті
лауазымды адамның жеке құрам бойынша бұйрығымен жүргізіледі. Шығару мерзімді
əскери қызмет əскери қызметшілері үшін айқындалған тəртіппен жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
108-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
108. Офицерлер немесе сержанттар құрамдарының əскери атағынан айырылған əскери
қызметші (əскери міндетті) «қатардағы жауынгер» əскери атағы беріліп, қатардағы
жауынгерлер құрамының əскери есебіне ауыстырылады.
109. Əскери атағынан айырылған адамға, жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, тек
соттың ақтау үкімі шыққан немесе ақтайтын негіздемелер бойынша қылмыстық істі
тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайларда əскери атағы қалпына келтіріледі.


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
20/32
Жоғары офицерлер құрамының əскери атағынан айырылған адамға əскери атағы Қазақстан
Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет