Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
WWW- 2~1

 
 
15. Əскери атақ беру
85. Əскери атақтар əскери қызметшілерге дербес беріледі. Əскери атақ алғашқы немесе
кезекті болуы мүмкін.
86. Əскери қызметшілерге:
1) жоғары офицерлер құрамының əскери атақтарын - уəкілетті орган бірінші
басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) полковник (бірінші дəрежелі капитан) əскери атағын - уəкілетті органдардың бірінші
басшылары;
3) өзге де əскери атақтарды - лауазымды адамдар тізбесіне сəйкес уəкілетті
органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.
ҚР Президентінің 2016.30.04. № 243 
Жарлығымен
 86-1-тармақпен толықтырылды
86-1. Жоғары офицерлер құрамының əскери атағы:


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
17/32
генерал-майор (контр-адмирал) жоғары офицерлер құрамы лауазымының алдындағы
лауазымда полковник (бірінші дəрежелі капитан) атағында болғанына үш жыл өтуі
бойынша жəне жоғары офицерлер құрамының лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткен
əскери қызметшіге берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант (вице-адмирал) генерал-майор (контр-адмирал) əскери атағында
кемінде үш жыл болған əскери қызметшіге берілуі мүмкін;
генерал-полковник (адмирал) генерал-лейтенант (вице-адмирал) əскери атағында
кемінде үш жыл болған əскери қызметшіге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары əскери атақ
мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.
87. Əскери міндеттілерге офицерлер құрамының əскери атақтарын Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрі береді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 88-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
88. Алғашқы əскери атақтар:
1) офицерлер құрамы үшін - лейтенант;
2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант (екінші сатылы старшина);
3) қатардағы жауынгерлер құрамы үшін – қатардағы жауынгер (матрос) болып
саналады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 89-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
89. «Лейтенант» əскери атағы:
1) офицерлер құрамының əскери атағы жоқ, жоғары білім беру бағдарламасы бойынша
жоғары əскери оқу орнын (əскери факультетті) аяқтаған əскери қызметшіге;
2) офицерлер құрамының əскери атағы жоқ, оқыған елдің заңнамасына сəйкес оқу
бағдарламасы оқуды аяқтағаннан кейін офицерлер құрамының алғашқы əскери атағын
беруді көздейтін шетел мемлекетінің жоғары əскери оқу орнын аяқтаған əскери
қызметшіге;
3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери даярлықтың толық курсын
аяқтаған жəне белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа – жоғары жəне (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін;
4) офицерлер құрамының əскери атағы жоқ, жоғары білімі бар жəне запастағы
офицерлер бағдарламасы бойынша əскери даярлықтың толық курсын аяқтаған, штат
бойынша офицерлер құрамының əскери атағы көзделген əскери лауазымға келісімшарт
бойынша əскери қызметке кірген азаматқа (немесе келісімшарт бойынша əскери қызмет
өткерушіге) - тиісті əскери лауазымға тағайындалған кезде;
5) офицерлер құрамының əскери атағы жоқ, жоғары білімі бар, штат бойынша
офицерлер құрамының əскери атағы көзделген əскери лауазымға келісімшарт бойынша
əскери қызметке кірген азаматқа (əскери қызметшіге) тиісті əскери лауазымға
тағайындалған кезде, бірақ офицерлердің əскери лауазымдарында үздіксіз бір жыл əскери
қызмет өткергеннен кейін (Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік
органдарында – тиісті əскери лауазымға тағайындалған кезде);
6) офицерлер құрамының əскери атағы жоқ, жоғары білімі бар əскери міндеттіге -
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін жетіспейтін мамандықтар
тізбесіне сəйкес жұмылдыру жоспары бойынша əскери бөлімнің офицерлер лауазымына
тіркелген жағдайда запастағы офицерлерді даярлау бойынша əскери жиындарды
аяқтағаннан кейін, бірақ оқу орнын аяқтаған соң бір жыл өткеннен кейін беріледі.
90. Офицерлер құрамының алғашқы əскери атағын құрылымында əскери қызмет
өткеру көзделген уəкілетті органның бірінші басшысы береді.
91. «Қатардағы жауынгер» («матрос») əскери атағы əскери атағы жоқ азаматтарға:
1) əскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген кезде;
2) запасқа қойылған кезде;
3) орта техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын
əскери оқу орнына (əскери факультетке) қабылданған кезде беріледі.
92. «Ефрейтор» («аға матрос») əскери атағы олар үшін əскери лауазымдар тізбесінде
тиісті əскери атақтар көзделген лауазымдарға тағайындау кезінде мамандығын табысты
меңгерген қатардағы жауынгерлер мен матростарға, бірақ алты ай өткеннен кейін беріледі.
93. «Кіші сержант» («екінші сатылы старшина») əскери атағы техникалық жəне
кəсіптік орта білім деңгейі бойынша əскери оқу орнын аяқтаған əскери қызметшілерге
беріледі.


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
18/32
94. «Кіші сержант» («екінші сатылы старшина») əскери атағы жəне кейінгілері қажетті
деңгейде даярлығы мен білімі бар, тиісті лауазымдарға тағайындалған əскери
қызметшілерге уəкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тəртіппен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет