Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
WWW- 2~1

 
 
20. Жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыс, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алған əскери қызметшілерге демалыс беру
126. Əскери қызметші əйелдерге жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыс бала
туғанға дейін ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн жəне бала туғаннан кейін күнтізбелік елу
алты (ауыр босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда - жетпіс) күн
беріледі. Есептеу жиынтықталып жүргізіледі жəне босанғанға дейін нақты пайдаланылған
күндердің санына қарамастан демалыс толық беріледі.
Көрсетілген демалыс əскери қызметшілерге тиісті медициналық мекеме берген
уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде беріледі.
127. Тікелей перзентханадан жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған əскери
қызметшіге ұл баланы (қызды) асырап алған күннен бастап жəне бала туған күннен бастап
елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге (ата-анасының біреуіне) демалыс беріледі.
 
 
21. Қосымша демалыстар беру
128. Əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қосымша
демалыстар беріледі.
Бұл ретте қосымша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы негізгі демалыс есебіне
қосылмайды.
129. Қосымша демалыстар əскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы əскери
қызметшілерге толық көлемде беріледі.
130. Депутаттыққа кандидат ретінде белгіленген тəртіппен тіркелген əскери
қызметшіге, əскери қызметші кандидат ретінде тіркелген күннен бастап жəне сайлау
нəтижелері ресми жарияланған күнге дейін оның қалауы бойынша демалыс беріледі.
131. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сəулелену көздерін, аса жоғары жиілікті
жəне (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты
лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға жəне радиоактивті
материалдарды, иондаушы сəулелену көздерін, аса жоғары жиілікті жəне (немесе) зымыран


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
23/32
отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты объектілерде авария
салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын əскери қызметшілерге
олардың баянаты бойынша ұзақтығы жылына он екі тəулікке дейін қосымша демалыс
беріледі. Демалыс өткен кезеңнің нақты жұмыс істеген уақытына қосымша демалыс беру
үшін қосымша демалыс ұзақтығын он екіге бөлу жəне шыққан тəулік санын көрсетілген
лауазымдардағы қызметтің немесе көрсетілген жұмыстарды орындаудың толық айлар
санына көбейту жолымен барабар есептеліп беріледі.
Қосымша демалыстың ұзақтығы (күнтізбелік күндерде) оларда жұмыс істеу еңбек
жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган бекітетін қосымша демалысқа құқық берілетін
Өндірістер, цехтар, мамандықтар мен лауазымдар тізімінде, ауыр жұмыстар, зиянды (аса
зиянды) жəне (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстар тізбесінде (бұдан əрі - Тізім)
айқындалады.
Əскери қызметшілер жыл бойы олар үшін Тізімде ұзақтығы əртүрлі қосымша демалыс
көзделген əртүрлі лауазымдарда əскери қызмет өткерген жағдайларда демалыс Тізімде
белгіленген осы лауазымдар бойынша қосымша демалыстың ұзақтығын қосу жолымен
əрбір лауазым бойынша зиянды еңбек жағдайларында нақты еңбек еткен уақытқа барабар
беріледі.
Лауазымдары Тізімге енбеген, бірақ жекелеген уақыт кезеңдерінде зиянды еңбек
жағдайлары бар тиісті жұмысты орындайтын əскери қызметшілерге қосымша демалыс
Тізімде лауазымдары көзделген əскери қызметшілерге берілетін негіздерде беріледі.
132. Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы жəне бітімгершілік
операцияларына қатысатын (қатысқан) əскери қызметшілерге жəне барлау қызметі
шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындауға қатысатын Қорғаныс министрлігінің
əскери барлау органдарының əскери қызметшілеріне Заңның 
49-бабына
сəйкес қосымша
демалыс беріледі.
133. Əскери қызметшіге:
1) ата-аналардың таңдауы бойынша - баланың анасына не əкесіне;
2) ата-анасының біріне - баланы жалғыз тəрбиелеп отырған;
3) іс жүзінде баланы тəрбиелеп отырған əжесіне, атасына, басқа туысына немесе
қамқоршысына;
4) жаңа туылған ұл (қыз) баланы (балаларды) асырап алған əскери қызметшіге оның
баянаты бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға байланысты қосымша
демалыс беріледі.
Қосымша демалыс уақытында əскери қызметшінің əскери лауазымы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет