Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
WWW- 2~1

 
 
28. Аттестаттауды өткізу
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
 142-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
142. Келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерді аттестаттау
уəкілетті орган бірінші басшысының шешімі бойынша кемінде үш жылда бір рет
өткізіледі.
Уəкілетті органдарда əскери қызметшілерді аттестаттауды ұйымдастыру жəне жүргізу
жөніндегі іс-шараларды орындау тəртібін олардың бірінші басшылары айқындайды.
Аттестаттау парағы уəкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін нысан бойынша ресімделеді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 143-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
143. Əскери қызметшілерді аттестаттау мерзімдері, санаттары мен үлгілік схемасы
айқындалғаннан кейін аттестаттауды дайындау жəне жүргізу жоспары əзірленеді.
Тиісті командирлер (бастықтар) бекітетін жоспарларда мынадай
іс-шаралар көзделеді:
барлық əскери қызметшілердің аттестаттау тəртібін зерделеу, аттестаттауды бекітудің,
жариялау мен жүргізудің соңғы мерзімдерін белгілеу;
барлық деңгейдегі командирлермен (бастықтармен), кадрлар жəне жасақтау
органдарының офицерлерімен, аттестаттау комиссияларының төрағаларымен жəне
мүшелерімен алдағы аттестаттау мəселелері бойынша сабақтар өткізу;
аттестаттаудың егжей-тегжейлі схемасын əзірлеу, оны тиісті командирлердің
(бастықтардың) бекітуі, басшылыққа алу жəне əскери қызметшілердің назарына жеткізу
үшін əскери бөлімдерге (мекемелерге) тарату;
аттестаттау парақтарының бланкілерін, аттестаттаушыларға жадуалдар мен басқа да
əдістемелік құралдарды дайындау жəне тарату;
əскери кеңестерде, басшылық құрамның кеңестерінде аттестаттауға дайындалу жəне
оны өткізу барысын, сондай-ақ аттестаттау тұжырымдарын іске асыру бойынша
міндеттерді қоюмен аттестаттау қорытындыларын талқылау.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
144-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
144. Аттестаттау қорытындылары бойынша тұжырымда аттестатталушының атқаратын
лауазымға сəйкес келетіні немесе сəйкес келмейтіні көрсетіледі, одан кейін кəсіби, іскерлік,
моральдық жəне психологиялық қасиеттеріне, жұмыс тəжірибесіне, қабілеттері мен
бейімділігіне, сондай-ақ қызмет мүдделеріне сүйене отырып, оны одан əрі қызметте
анағұрлым орынды пайдалану туралы пікір жазылады.
Бұл ретте мынадай ұсынымдар берілуі мүмкін:
1) жоғары лауазымға ұсыну немесе кадр резервіне енгізу туралы;
2) əскери оқу орнына оқуға жіберу туралы;
3) тең əскери лауазымға ауыстыру туралы;
4) төмен тұрған əскери лауазымға ауыстыру туралы;
5) əскери қызметтен шығару туралы;
6) тек Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының əскери
қызметшілеріне қатысты- жеке кəсіптік дамыту бағдарламасын меңгергені туралы.
145. ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
 алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 146-тармақ жаңа редакцияда
146. Əскери қызметшілер жүктілікке жəне босануға байланысты, бала үш жасқа
толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болған, қашықтан білім беру
технологияларын пайдаланып білім алушыларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерді
жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау
жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының жəне (немесе)
шет мемлекеттердің əскери, арнаулы оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алған кезеңде
аттестатталуға жатпайды. Олар əскери қызметке шыққаннан кейін алты ай өткен соң жəне
əскери қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
26/32
147. Əскери қызметшіге жасалған аттестаттау материалы аттестаттау комиссиясының
қарауына жатады.
Аттестаттау комиссиясы қажет болған жағдайларда отырысқа аттестатталушы əскери
қызметшілерді, сондай-ақ аттестатталушы əскери қызметшілер қарамағында болатын тиісті
командирлерді (бастықтарды) шақырады.
148. Бекітілген аттестаттаулар аттестатталған əскери қызметшілерге хабарланады жəне
олардың назарына қолын қойғызып жеткізіледі.
149. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген əскери қызметшілерді аттестаттау
тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет