16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments=… 6/32
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
) 21-тармақ өзгертілді
21. Өтініште:
1) азаматтың тегі, аты, əкесінің аты (егер жеке басын куəландыратын құжатта
көрсетілген болса), оның туған күні,
айы мен жылы, тұрғылықты жері;
2) азамат келісімшарт жасасуға ниет білдірген уəкілетті органның атауы, əскери бөлім
(мекеме);
3) келісімшарт жасасу көзделетін мерзім көрсетіледі.
Өтінішпен бірге азамат:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде сауалнама деректерін;
2) өзі қол қойған өмірбаянын;
3) жеке басы мен азаматтығын куəландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;
4) білімі туралы құжаттарының көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқалары
ұсынылмаған жағдайда нотариат куəландырған көшірмелерін);
5) бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесін;
6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
7) өзіне жəне зайыбына (жұбайына) табыстар мен мүлік туралы декларацияны
тапсырғаны туралы мəліметтерді;
8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездемені ұсынады.
Құжаттарды қабылдаған кезде тиісті лауазымды адам
құжаттардың көшірмелерін
олардың түпнұсқаларымен салыстырады (салыстыру үшін ұсынған жағдайда) жəне
түпнұсқаларды азаматқа қайтарады.
Əйелдерді қоспағанда, бұрын əскери қызмет өткермеген, əскери кафедрада оқымаған
адамдар Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында əскери даярлықтан
өткенін растайтын құжатты ұсынады.
22. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтардың
өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тіркеледі. Өтініші тіркелген
жəне қарауға қабылданған азамат келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге кандидат
(бұдан əрі - кандидат) болып табылады.
Кандидаттың
Заңның
38-бабында
айқындалған талаптарға сəйкес келуі тексеріледі.
Уəкілетті органдарда кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тəртібін
олардың бірінші басшылары айқындайды.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
23-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
23. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтермен жұмыс істеу көзделетін əскери
қызметті өткеру үшін кандидаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған
арнаулы тексеру жүргізіледі. Оларды мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған
арнаулы тексеру аяқталғаннан кейін ғана мұндай кандидаттарды əскери қызметке қабылдау
жүргізіледі. Мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеруді
ұйымдастыру жергілікті əскери басқару органдарына немесе əскери бөлімдерге
(мекемелерге) жүктеледі.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
24-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
24. Жергілікті əскери басқару органы немесе əскери бөлім (мекеме) кандидатқа жеке іс
ресімдейді.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
) 25-тармақ өзгертілді
25. Медициналық куəландыруды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс
істейтін медициналық комиссиясы жүргізеді.
1) алдын ала медициналық куəландыру - тіркелген жері бойынша медициналық
ұйымдардың дəрігер мамандары жүргізеді;
2) қорытынды медициналық куəландыру - əскерге шақыру (тіркеу) медициналық
комиссияларының жұмысы кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарында, сондай-ақ
Қарулы Күштер əскери-медициналық бөлімдері мен мекемелерінің əскери-дəрігерлік
комиссиясы жанында жүргізіледі.
16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments=… 7/32
Уəкілетті органдар басшыларының келісімі бойынша
кандидаттарды медициналық
куəландыру
ведомстволық
бағыныстылығына
қарамастан,
əскери-медициналық
(медициналық) бөлімшелерде жүргізілуі мүмкін.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
26-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
26. Медициналық куəландыру тəртібі жəне медициналық комиссиялардың құрамы
Əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларымен айқындалады.
27. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіру үшін белгіленген талаптарға сəйкес
келетін кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) іріктеу комиссиясы қарайды.
Іріктеу комиссиясы кандидат білімінің ол қаралып отырған əскери лауазымның əскери-
есептік мамандығына, кандидаттың дене дайындығының уəкілетті органның бірінші
басшысы белгілеген талаптарға, кəсіби жəне психологиялық іріктеу деректері негізінде
лауазымға тағайындалу үшін кандидаттың кəсіби жарамдылығының сəйкес келуін
тексереді.
Кəсіби жəне психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды тиісті мамандар жүргізеді.
Бұл ретте тексерілетін кандидаттардың
зияткерлік даму деңгейі, əскери қызмет өткеруге
психологиялық тұрғыдан жарамдылығы, əскери қызмет үшін қажетті кəсіби жəне жеке
басының қасиеттері бағаланады.
Іріктеу комиссияларын құру жəне оның жұмыс
тəртібін
, кəсіби жəне психологиялық
іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу
тəртібі
мен əдістемесін уəкілетті орган
айқындайды.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
28-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
28. Психологиялық іріктеу нəтижелері бойынша нақты əскери лауазымдарда
келісімшарт бойынша əскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай
қорытындылардың бірі шығарылады:
1) «ұсынылады»;
2) «ұсынылмайды».
29. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін
кандидаттарға қатысты арнайы
тексеру Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тəртіпте
жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
30-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
30. Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша
əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілеттіорганның басшысы айқындаған
тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулерді қолданып
тексеру жүргізіледі. Психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер
жүргізуді құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген уəкілетті органдар
ұйымдастырады.
31. Кандидатты келісімшарт бойынша əскери қызметке қабылдаудан бас тарту үшін
негіздер:
1) Заңның
38-бабында
айқындалған талаптарға сəйкес келмеуі;
2) келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге кедергі келтіретін арнайы тексеру
нəтижелері немесе кандидаттың оны өтуден бас тартуы;
3) дене дайындығы деңгейі бойынша талаптарға сəйкес келмеуі;
4) келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге кедергі
келтіретін психикалық-
физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулерді жүргізу нəтижелері болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: