Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



жүктеу 1.94 Mb.
бет3/9
Дата22.02.2016
өлшемі1.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.3 Саланы дамытудағы негізгі мәселелер

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің жалпы жүйелік мәселелері болып табылатындар:


      1) агротехнологиялардың артта қалуы, өндірістің негізгі құралдарының табиғи және сапалы тозуы;
      2) топырақтың құнарлығы жағдайын бақылаудың жоқтығы;
      3) суармалы судың нормативтен тыс шығындары, сонымен қатар табиғи ресурстардың басқа да түрлерін тиімсіз қолдануы;
      4) жерлердің жер өңдеу жағдайының нашарлауы;
      5) ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;
      6) қолданылатын тұқымдардың және өсірілетін малдар тегінің генетикалық потенциалының төмендігі;
      7) жемшөп базасының әлсіздігі, жайылымдардың құлдырауы;
      8) диагностикалық зерттеулердің Жануарлардың денсаулығын сақтау бойынша дүниежүзілік ұйымдардың талаптарына сәйкес еместігі (ОІЕ);
      9) ауыл шаруашылығы малдарының бірдейлендірудің бірыңғай жүйесінің жоқтығы және олар бойынша электрондық базаның болмауы;
      10) тауарлы балық шаруашылығының дамымауы;
      11) өндірістік қайта өңдеуге сапалы шикізаттың жетіспеушілігі және ішкі азық-түлік тауарларының нарығында терең қайта өңделген отандық өнімдердің үлесінің төмендігі;
      12) елдің ішкі сұранысын қанағаттандырмайтын маңызды азық-түлік өнімдерінің бар болуы;
      13) тамақ өнімдерінің заман талабына сай технологияда өлшем әдістері стандарттарының жоқтығы, халықаралық талаптармен үндестіктің төмен деңгейі;
      14) агроөнеркәсіптік кешен салаларында қолданылатын өлшем құралдарының тексеру базасы деңгейінің төмендігі;
      15) экономиканың аграрлық саласында инвестиция тартудың темен деңгейі;
      16) өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу жүйесінің дамымауы;
      17) білікті мамандардың жетіспеушілігі;
      18) ауылдық кооперацияның жеткіліксіз дамуы;
      19) ауылдық тауар өндірушілердің кредит қаражатына деген сұранысын толық қанағаттандыруға қаржы ресурстарының жетіспеушілігі.

3.4. Агроөнеркәсіп секторын дамытуды қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау

      Бүгінгі күні экономиканың аграрлық секторындағы қолданыстағы заңнамалық база толығымен нарықтық экономика талаптарына сәйкес келеді, халықаралық тәжірибе нормаларына бағытталған, ең бірінші тауар өндірушілердің кәсіпкерлік ықыласын қорғауға және қолдауға бағытталған.


      Жүйелі жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарыққа бағытталған болды. Ауылда нақты мүлік иесі пайда болды, ауыл тұрғындарының санасы өзгерді, нарық көзқарасына негізделген жаңа өндірістік қарым-қатынастар нығайды.
      1997 жылдан бастап жалға беру және кепіл беру қарым-қатынасы, өңірлік жер нарықтарын қалыптастыру, жерлерді пайдалану көрсеткіштерін ескере отырып, жердің пайдаланылмағаны үшін санкциялар қолдану дами бастады.
      Осы уақытта, қалыптасқан жағдай аграрлық саланың даму стратегиясын тұжырымдамалық анықтауды талап етті. Оның негізгі бағыттары Қазақстанның 2030 дейін даму стратегиясында анықталған болатын. 2030 стратегиясы шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілетті шараларында экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, тиімді іске асырылатын жалпы сипаттағы және арнайы мемлекеттік қолдау шараларының қолдану жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру тұрақтылығы қарастырылатын Ауыл шаруашылығы министрлігі 2000 - 2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірледі.
      Аталған Бағдарлама шеңберінде астық нарығын мемлекеттік реттеуге заңнамалық база құрылды. 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңы қабылданды, оның негізгі ережелерін нақтылайтын заңға қосымша нормативтік-құқықтық актілер әзірленді және қабылданды, элеваторларды лицензиялау бойынша жұмыс аяқталды, асыл тұқымды мал шаруашылығын және таңдаулы тұқым шаруашылығының жүйесі реттелді.
      Бірақ, агроөнеркәсіптік кешендегі кейбір тұрақтылық жағдайына қарамастан 2002 жылы қайта өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы техникасының және құрал-жабдықтардың тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі, агротехнологияларды сақтамау, егістіктің және ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігінің төмендеуі, АШТӨ-де айналым қаражатының дайындығы, өндіріс тұсімінің және өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сияқты өтпелі кезең мәселелері сақталып қалды.
      Экономиканың одан әрі өзгерістер логикасы агробизнестің тиімді құрылымын құрумен, агротехнологиялардың деңгейін жоғарлатумен, ауыл шаруашылығы өндірісін маркетингтік стратегияға көшірумен, ішкі нарықта импортты ауыстырумен, жақын және алыс шет елдермен экспортты жандандырумен байланысты аграрлық саланың жаңа сапалы деңгейіне өтуін талап етті.
      Осыған байланысты, 2002 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына  Жолдауында алдағы 3 жылды - ауылды көтеру жылдары деп атады және Үкіметтің алдына ауылды дамыту бойынша шараларды жинақтау туралы міндет қойды.
      Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы № 889 Жарлығымен бекітілген 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы әзірленді (бұдан әрі - Мембағдарлама), оның негізгі мақсаты тиімді агробизнесті кұру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті АӨК өнімін өндіру және сату, мемлекеттік қолдау шараларын рационализациялау болып табылатын.
      Мембағдарламаны іске асыру аясында агроөнеркәсіп кешенінің заңнамалық базасын одан әрі жетілдіру және ұлғайту бойынша, оны әлемдік тәжірибелік нормалармен сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте маңызды орынды табиғи ресурстарды қолдануда мемлекет пен АШТӨ арасында жауапкершілікті бөлуге және жаңа жеке меншік бастаманы дамытуға мүмкіндік беретін Жер, Су және Орман кодекстерін қабылдау болып табылды.
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі туралы», «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» заңдар қабылданды, олардың негізгі ережелерін нақтылайтын қосымша заң актілері бекітілді, элеваторларды лицензиялау бойынша жұмыстар аяқталды. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Астық туралы», «Ара шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру мәселесін есепке ала отырып тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
      Жер кодексінде бекітілген ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтының маңыздылығын атап өткен жөн. Жер қатынастары қайта құру мәселелерінде тарихи қадам жасалды және ауыл шаруашылығына арналған жерлер нарық айналымына тартылды.
      Су кодексін және басқа да заңға қосымша актілерді қабылдаумен су шаруашылығы саласында нақты реттеуге жағдайлар жасалған, олардың жұмысы реттелді, мемлекеттік органдардың ғана емес су пайдаланушылардың да міндеттері мен қызметтері нақтыланды, мемлекеттік бақылаудың сынды жүйесі құрылды.
      Жаңа Орман кодексіне енгізілген нормалар жергілікті атқарушы органдарға орман қорларын қолданылуда, қайта өндірісте, сақтау рөлі мен жауапкершілігін жоғарлатуға, аталған ортаға жеке меншікті қызықтыру үшін жол ашты.
      Мемлекет өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданып жатыр. Бұл мақсатпен Қазақстан Республикасының «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданған, онда өндірушілердің өнімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі ескеріледі.
      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және ветеринариялық жүйені халықаралық стандартқа сәйкестендіру мақсатында 2009 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республиканың «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен оны іске асыру үшін бірнеше нормативтік-құқықтық акт қабылданған.
      Елдің АӨК-нің тұрақтылығын көтеру мен оның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

3.5. Қазақстан Республикасына бейімдеуге болатын бар өзекті мәселелерді шешу бойынша позитивті дүниежүзілік тәжірибені шолу

      АӨК салаларын тұрақты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнімдерінің ұлттық бәсекелес басымдықтарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында бейімдеуге болатын шетелдік ауыл шаруашылығы тәжірибесін дамыту оң жақтары тұрақты зерттеледі.


      Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесі АӨК саласындағы мемлекеттік саясат ауыл шаруашылығын дамыту үшін өзекті фактор екендігін көрсетеді.
      Мысал ретінде биоэтанолды өндіру бойынша бразилиялық тәжірибені айтуға болады. Бразилия әлемде отындық этанолды өндірудің екінші ірі өндіруші және ірі экспорттаушы болып табылады. Бразилия және АҚШ әлемдегі жалпы көлемдегі 89% этанолды өндіреді. 2009 жылы Бразилия 24,9 млрд. литр өндірді, ол элемдегі қолданылатын отындық этанолдың 37,7% құрады. Ол әлемдегі биоотынның тұрақты экономикасымен бірінші мемлекет болып табылады, биоотын өндірісі бойынша озат және басқа елдердің дамуына үлгі жобасы болып табылады. Бүгінгі күні Бразилияда қант қамысынан этанол өндірісі ең сәтті болып табылады. Оған отыз жылдық этанол өндірісін дамыту мемлекеттік бағдарламасының арқасында қол жеткізілді және отынның қазбалы түрлерін қолданудан бас тарту нәтижесінде.
      Бүгін Бразилияда таза мұнай өнімдерін жанармай түрінде қолданатын көлік құралдары жоқ. 1976 жылы Бразилияның үкіметі 10-нан 20%-ға дейінгі мөлшердегі этанолды бензинмен араластыруды заңды түрде бекітті, бұл ішкі жанғыш двигателіне минималдық өзгерістерді қажет етті. 1993 жылы этанолдың минималдық мөлшері 22%-ды, ал 2007 жылы - 25%-ды құрды.
      Бразилиядағы этанол өндірісі дамуының негізгі аспекті АӨК саласындағы ғылыми зерттеулерге инвестициялар болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы зерттеулерге жауапты ЕМВRАРА, мемлекеттік компанияның мемлекеттік институттар және университеттермен бірігіп жасаған ғылыми зерттеулері Бразилияға биотехнология саласында және агрохимиялық тәжірибеде қант қамысын өсірудегі ең тиімді ауыл шаруашылығы технологияларын қолданатын әлемдегі негізгі жаңашыл болуға мүмкіндігін берді. Бір гектардан түсім тиімділігін арттыруға арналған шаралар соңғы 20 жылда қант қамысының жалпы жиналымын үш есе арттыруға мүмкіндік берді. Этанолдың гектардан шығуы 1975 жылы 2024 литрден 2004 жылы 5917 литрге дейін өсті, бұл өндіріс тиімділігінің жылына 3,77%-ға өскенін көрсетеді. Өндіріс процесіндегі инновациялар қантты шығару пайызын 98%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
      1976 жылдан 2008 жылғы кезең аралығында қант қамыстың жалпы өнімі 91 млн. тоннадан 650 млн. тоннаға дейін өсті, егіс алқабы 2 млн. га-дан 8,1 млн. га дейін өсті, түсім 465 ц/га-дан 797 ц/га дейін өсті. Бразилия этанолдың әлемдегі ең үлкен экспорттаушысы болып табылады. 2007 жылы Бразилия 933 млн. галлон (3 532,7 млн. литр) этанолды экспорттады, бұл ел өндірісінің 20% және әлемдік экспорттың 50% құрды. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың басқа мысалы Беларусь Республикасының сүт секторы болып табылады.
      2005 - 2009 жылдары ауылды қайта жандандыру және дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға 10 млрд. АҚШ доллары жұмсалды. Беларусияда мемлекеттік қолдаудың басым бөлігі сүт өнімін өндірушілерге беріледі. Елдегі өндірілген сүттің жартысы экспортқа жіберіледі. Белорусияның жалпы мемлекеттік шығындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығын қолдау үлесіне келеді. Мысалы 2005-2007 жылдары ауыл шаруашылығын қолдауға арналған шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының 8-9 %-ын құрды. Дүниежүзілік Банктің мәліметтері бойынша 2007 жылы жалпы ауыл шаруашылығын қолдау (салықтық жеңілдіктерді есепке алғанда) ЖІӨ-нің 5,4 %-ын және ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 29%-ын құрды. Олар 2005 - 2010 жылдарға арналған ауылды қайта жандандыру және дамыту мемлекеттік бағдарламасы негізінде үнемі артып отырады. Белоруссиядағы ауыл шаруашылығын бюджеттік қолдау басқа елдермен салыстырғанда аса жоғары (ЖІӨ-ге, бюджеттік жалпы шығындарға және шаруашылық егістіктерінің жалпы алқабына қатысты). 2009 жылы әлемдік саудадағы Белоруссияның үлесі іш майында 2008 жылы 7,7%-дан 10,8%-ға дейін, ірімшікте - 4,5%-дан 5,7%-ға дейін артты. Құрғақ бірыңғай сүттің әлемдік экспортындағы үлесі 2008 жылғы 1,4%-ға қарсы 1,6%-ды құрды, қүрғақ майсыздандырылған сүттің үлесі 5,1%-ға қарсы 6,7%-ды құрды. Жалпы Белоруссия 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда сүт және сүт өнімдерінің экспортын 530,1 мың тоннаға жеткізіп, 23,9%-ға ұлғайтты. Белоруссиялық азық-түліктің жалпы экспорты $2,218 млрд. құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға артты. 2009 жылы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі ұйымдарының үлесіне азық-түлік тауарларының жалпы экспортының 70% ($1,57 млрд.) келді. Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі ұйымдарының жалпы экспортындағы сүт өнімдерінің үлесі 56,7%-ды құрды.
      Протекционистік саясаттың оңтайлы мысалы ретінді Ресей Федерациясының қант өнеркәсібін және құс етінің өндірісін қорғау болып табылады.
      2004 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі импорттық баж салығының «икемді» (ауыспалы) тетігін енгізді, оның мөлшері аршылмаған қанттың биржалық құнымен (шикізат бағасы төмен болса, баж салығы жоғары болады және керісінше) анықталады. Импорттан қорғану тетігінің негізгі мақсаты - отандық қант қызылшасы кешенін қолдау үшін ішкі қант бағасының қажетті деңгейін қамтамасыз ету және аршылмаған қантқа әлемдік бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты жоғарғы бағалардан сақтап қалу.
      Ресей Федерациясы аршылмаған қантқа баж салығының жаңа тетігін енгізу нәтижесінде ақ қанттың және отандық шикізаттың өндірісі тез артты. Сәйкесінше қамыстан жасалған аршылмаған қанттың импорты да тез қысқарды. Осылай 2003 жылмен салыстырғанда аршылмаған қанттың импорты 2 рет төмендеді, ал қант қызылшасының өндірісі 2003 жылғы 19 млн. тоннадан 2008 жылы 30 млн. тоннаға дейін өсті.
      Ресейде құс шаруашылығына «АӨК дамуы» ұлттық жобасының шеңберінде қолдау жасалады. Бұл мақсатта жобамен қарастырылады:
      1) Ресей Федерациясы субъектілерінің 5 жылдан 8 жылға дейін алынған инвестициялық мақсаттағы кредиттердің пайыздарын төлеуге кететін шығындардың бөлігін бюджеттен субсидиялау.
      2) Федералдық лизинг негізінде техниканың, құрал-жабдықтардың және асыл тұқымды малдың көлемін ұлғайту.
      3) Ет импортын шектеу режимін сақтау.
      4) Отандық теңдесі жоқ мал шаруашылығына арналған технологиялық құрал-жабдықтарды енгізуді ынталандыру.
      Мал шаруашылығы салаларының, оның ішінде құс шаруашылығын жедел жаңарту үшін басты назар лизингтің дамуына және пайыздық мөлшерді субсидиялау арқылы несиелердің қол жетімділігін арттыру. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Үкіметімен 2006 жылдан бастап аналогтары Ресей Федерациясы территориясында өндірілмейтін мал шаруашылығы және мал шаруашылығын қайта өңдеуге арналған қазіргі заманға сай техниканы және құрал-жабдықтарды елге кіргізудегі кедендік баж салығын алып тастады. Асыл тұқымды малды және жемшөп базасын дамытуға да үлкен назар аударылды. 2020 жылға дейінгі әзірленіп жатқан құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы негізгі бағыт ретінде жем витаминдерін қосатын асыл тұқым базасын және жем өндірісін дамытуды қосады.
      Осылай 2006 жылдан 2008 жылдар аралығында құс етінің өндірісі 1,6 млн. тоннадан 2 млн. тоннаға дейін өсті.
      Украинада Аграрлық саясат министрлігімен әзірленген және бекітілген 2005-2015 жылдарға арналған «Украина соясы» салалық бағдарламасы қолданылады. Осы бағдарламаға сәйкес 2015 жылы сояның егіс алқабтарының өсімін 1 млн. га дейін және жалпы жиналым өсімін 1,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ол үшін соя өндірісін жыл сайын 120-150 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
      Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2009 жылы сояның жалпы жиналымы 2004 жылғы 363 мың тоннадан 2009 жылы 1 млн. тоннаға дейін артты, егіс алқабтары 250 мың га-дан 850 мың га дейін артты, бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштерден үш есе артық. Украина шаруашылықтарында сояның орташа түсімі 2004 жылы 11 ц/га құрған, ал 2009 жылы 16,8 ц/га құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 65%-ға жоғары. БҰҰ-ң мәліметтері бойынша соя экспортының көлемі 2004 жылғы 155 мың тоннадан 2009 жылы жарты миллион тонна шамасына дейін ұлғайды, бұл өз кезегінде бағдарламаның тиімділігін көрсетті.
      Сонымен АӨК мемлекеттік қолдау саласындағы халықаралық тәжірибе көрсеткендей мемлекеттің ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысуы және саланы дамыту бойынша бағдарламалардың болуы ауыл шаруашылығының оңтайлы дамуына ықпал етеді.

4. Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты, міндеті,
мақсаттық индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіші

Бағдарламаның негізгі мақсаты азық-түлік қауіпсіздігі мен өнімнің экспортын арттыратын бәсекеге қабілетті АӨК-ні дамыту болып табылады.



1-кесте

Мақсаттық индикаторлар

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

АӨК жалпы қосылған құнын жоғарылату 16 % кем болмауы тиіс

113,7

87,0

103,4

103,9

104,2

104,7

Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында бір жұмыспен қамтылғанға келетін 3000 АҚШ долларынан кем дегенде 2 есе арттыру

3000

3200

3600

4200

5000

6000

Аграрлық саланың экспорттық мүмкіншілігі жалпы экспорттың көлемінде 8 %-ға арттыру

3,9

4,3

4,7

5,4

6,5

8,0

Азық-түлік тауарлары ішкі нарығының 80 % отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету

67,8

73,6

75,3

77,6

79,9

82,0

      Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
      тұрақты даму принциптері негізінде ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және экспорттық орынды қамту үшін сапалы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;
      АӨК-ң қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту;
      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әлемдік ғылым трендіне сәйкес АӨК-нің маңызды бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру;
      АӨК қажет жоғары білікті кадрларды даярлау.
      Нәтиженің көрсеткіштері:
      Қажетті қаржыландыру жағдайында Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2014 жылы Бағдарламаның негізгі мақсатына қол жеткізіледі, әсіресе:
      ішкі нарықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдеу өнімдер өндірісі артады;
      бидайдың экспорттық потенциалы 35,3 %-ға, күріш жармасының 8,4 %-ға, сиыр етінің 10 есе, жіңішке жүннің 1,2 есе артады;
      ішкі нарықтың қажеттілігі толығымен отандық тауарлармен қамтамасыз етіледі;
      республиканың көлік-тракторлық паркінің жаңару қарқынының өсуі;
      2014 жылы жоғары білімі бар кадрлармен қамтамасыз етуді 91 %-ға жеткізу, техникалық және кәсіптік біліммен: орта деңгейлі мамандармен 87 %-ға дейін, жоғары білікті техникалық және еңбекте қызмет көрсету жұмысшылармен 82 %-ға дейін жеткізу.
      Мақсаттарға, мақсаттық индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - салалық бағдарламаның бағыттаушысы, әзірлеушісі.
      Бағдарламаны жүзеге асыру үшін және көрсетілген мақсаттарға, міндеттерге, мақсаттық индикаторларға қол жеткізу үшін мынандай мемлекеттік органдардың көмегі қажет: Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Жер ресурстарын басқару агенттігі, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі; сондай-ақ акционерлік қоғамдардың: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «ҚазАгроинновация» АҚ және мүдделі үкіметтік емес ұйымдар.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарлама кезең-кезеңімен 2010 - 2014 жылдары іске асырылатын болады.



5.1. Өсімдік шаруашылығы саласын дамыту

      Өсімдік шаруашылығы саласын дамыту саланы құрылымдық және технологиялық диверсификациясына байланысты сату нарығы бар, егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйесіне өту, өндіріске жаңа су ресурстарын сақтайтын технологияларды енгізу, кең химияландыру, айналысқа жаңа және қолданбаған суармалы жерлерді енгізу арқылы егіншілік мәдениетінің деңгейін көтеруге байланысты өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыруға бағытталады.


      Осы шаралар өндіріс кепілін арттыруға және моно дақылдарға, бір дақылдарды артық өндіріп, ал басқа дақылдарды мүлдем өндірмеуге алып соғатын қазіргі келеңсіздіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді.
      Астық дақылдарының егістік алаңдары жаппай белгіленген ғылыми негізделген егіс айналымдарымен сәйкестендіріледі. Бұл олардың алқаптарын 16,7 млн. га деңгейге дейін оңтайландыруға алып келеді.
      Сонымен қатар, егу технологияларын жетілдіру арқылы бидайдың орташа жылдық жалпы өндірісін 6%-ға ұлғайту және оның экспорттық әлеуетін 6,7 млн. тоннадан 9,2 млн. тоннаға дейін немесе 37%-ға көтеру жоспарлануда.
      Саланы дамытуды экономикалық ынталандыру және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында оның ынталандыру мүмкіндіктерін барынша қолдана отырып, АӨК субсидиялау одан әрі жалғасатын болады.
      Ауыл шаруашылығы саласын дамыту басымдылықтарының, сондай-ақ АӨК-дегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығымен айналысатын бір адамға шаққанда 2009 жылы 3000 АҚШ доллардан 2014 жылдың соңына қарай кемінде 2 есеге ұлғайту бойынша бағыттардың бірі өсімдік шаруашылығы өнімнің өнімділігін және сапасын арттыру болып табылады. Оған, сонымен қатар, басым дақылдар өндірісіне жүмсалған шығындарды одан әрі арзандату, ылғал қорын сақтайтын, суды сақтайтын технологияларды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, жоғары сапалы тұқымды қолдану арқылы қол жеткізіледі.
      Өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілеттігі көбінесе тұқым сапасына байланысты екенін ескере отырып, оның ішінде элиталық тұқымдар егілген алаңдардың үлесін 8 %-ға дейін ұлғайтуға бағытталған тұқым шаруашылығын дамытуды және мемлекеттік сорт сынау, тұқым шаруашылығы жүйесін және оларды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруді қолдау бойынша жұмыстар жалғаса береді.
      Майлы дақылдардың егістік алаңдарын ұлғайту және өз шикізаты есебінен республиканың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, үдемелі агро-индустриялдық әртараптандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде майлы дақылдар өндірушілерін мемлекеттік қолдау жалғасады, бұл майлы тұқымдардың жалпы жиналыным 2009 жылғы 703,6 мың тоннадан 2014 жылы 1,1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Жеміс-көкөніс және жүзім өндірісінің көлемін арттыру және ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында осындай дақылдар түрлерін өндірумен айналысатын АШТӨ-ге қаржылық көмек көрсету одан әрі жалғасады.
      Саланы әртараптандыру процесінде жеміс-көкөніс дақылдарын егу, сонымен бірге, өнеркәсіптік шағын жылы жай және парниктерді салу арқылы жабық топырақты алаңдары ұлғайтылады.
      2010 жылдан бастап іске асырылып жатқан өсімдік шаруашылығы саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары ынталандыруға және қайта өңдеу кәсіпорындардың шикізатпен қамтылуын арттыруға бағытталған.
      Оның ішінде картоп және жеміс-көкөніс қоймаларының бір жолғы сақтау қуатын 1,2 млн. тоннаға дейін ұлғайту есебінен жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және оларды тұтынушыларға жеткізу логистикасын одан әрі дамыту жоспарлануда.
      Аталған іс-шараларды іске асыру 2014 жылдың соңында ерте пісетін жеміс-көкөністер бойынша өз-өзін қамтамасыз етуге қол жеткізуге, жеміс-жидек дақылдары және жүзім бойынша импорттық тәуелділікті 25%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
      Қолданылмайтын суармалы жерлерді, негізгі мелиоративтік қорлардың тозуын және қанағаттанғысыз техникалық жағдайын қалпына келтіру, суарудың, ең алдымен тамшылап суарудың үдемелі әдістерін жаппай енгізу мәселелерін шешу алда тұр.
      Басты назар аграрлық саланың экспорттық мүмкіндікті ұлғайту ретінде бидай өндірісін ел экспортының жалпы мөлшеріндегі 2009 жылы 4%-дан 2015 жылы 15%-ға дейін өсіруге аударылады, ол стратегиялық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде бидай қоймаларын салу және жаңарту, бидай және оның терең қайта өңдеу өнімдері экспортының инфрақұрылымын дамытуды іске асыру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, бидай және оның қайта терең өңделген өнімдерін тауар биржалары арқылы өткізу бойынша жұмыс күшейтіледі
      Бұдан басқа, қайта өңдеу саласын дамыту арқылы бидай экспортының шикі заттық бағытын төмендетуге басты назар аударылады. Бұл ретте, бидай экспортының мөлшеріндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 32%-дан 50%-ға дейін арттыру көзделіп отыр, бұл әлемдегі ірі бидай экспортері ретінде қазақстанның орнын нығайтады.
      Бидай және оның қайта өңделген өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару, экспорттық мүмкіндікті арттыру үшін мыналар қажет:
      қазақстандық бидай өнімдерін өткізу кезінде стратегиялық маңызы бар мемлекеттерде астық импортының (қабылдау) инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныс енгізу;
      бидай және оның қайта өңделген өнімдерін экспортқа шығару кезінде жұмсалатын көлік шығындарын субсидиялау;
      «қазақстандық астық және оның қайта өңделген өнімдері» брендін дамыту;
      астық және ұн экспортының инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.
      Елдің фитосанитарлық қауіпсізідігін қамтамасыз ету және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің жаппай таралуына болдырмау, егіс алаңдарын жоғары сапалы тұқымдармен және жоғары өнімділік сорттармен қамтамасыз ету мақсатында АШТӨ отандық өндірістегі гербицидтерді, таңдаулы тұқымды қолдануын ынталандыруды жалғастыру, Кеден одағының кеден шекарасында өсімдіктер карантині бойынша шекаралық пункттерінде карантиндік лабораторияларды қосымша ашу және орналастыру, фитосанитарлық қауіпсіздігі, сорттық сынау, тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды материалды-техникалық жабдықтау қажет.
      Республиканың машина-тракторлы паркін жаңарту процесінде мемлекеттің қатысуы лизингтік бағдарламаларды қаржыландыруда көрсетілген.
      Ауыл шаруашылығы секторын дамыту үшін республикада едәуір әлеуеті бар және тамақ өнімдерін өндіру бойынша оның өңірлік көшбасшы қатарына кіруге барлық мүмкіншілігі бар екенін ескере отырып, республиканың машина-тракторлы паркін жаңарту АӨК дамытудың басым бағыты болып табылады. Бұл ретте, отандық машина жасау саласының жеткіліксіз дамуын есепке ала отырып, елдің машина-тракторлы паркін жаңартуға бағытталған жаңа механизмдерді енгізу арқылы мемлекеттік қолдау механизмдерін күшейтуге объективті қажеттілік бар.

2-кесте

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет