Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет8/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#143354
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5.3 Автомобиль көлiгiн дамыту

      Iс-шара екi кезеңде жүзеге асырылады.


      Бiрiншi кезең (2010 - 2012 жж.)
      2010 жылдан бастап халықаралық автомобиль тасымалдарын жүргiзетiн көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты цифрлық тахографтар енгiзiлетiн болады.
      Цифрлық тахографты пайдалану тиiстi инфрақұрылымды, арнайы сыйысымды дерекқорларды және қауiпсiздiк қағидаттарын әзiрлеу қажеттiгiн болжайды.
      Тахограф халықаралық жүк-жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автомобиль үшiн мiндеттi құрылғы болып табылады. Қазiргi уақытта ЕҚ елдерiнде барлық жаңадан жасалатын автокөлiк құралдары зауыттан тек цифрлық тахографпен шығарылады.
      Барлық тасымалдаушылардың ҚР аумағы бойынша жол жүру, қалааралық, облысаралық және облысiшiлiк қатынастарда жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұлғайту тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi сақтау қажеттiгiн ескере отырып, қозғалыстағы автокөлiк құралдарын өлшеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу қажеттiгi туындады. Жүйе бiлiктiк жүктеменi өлшеу және автокөлiк сыныптамасы арқылы автокөлiкке артық жүк тиеудiң алдын алу үшiн әзiрлендi. Жоғары жылдамдықты өлшеу жүйелерi ағынды тоқтатпай автокөлiктi өлшеудi жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Осы аспект жүк автокөлiгiнiң ағыны тығыз жерлерде маңызды роль атқарады. Платформалық салмақ 15 км/сағатқа дейiнгi жылдамдықта өлшеудi бiлдiретiндiктен, бұл уақытша шығындарға әкеп соқтырады және өлшеу қажет учаскелерден өтiп кетуге зор әсерiн тигiзедi.
      Жұмыс жүйесiнiң жалпы қағидаты жол төсемiнiң үстiне немесе жол төсемiне орнатылған датчиктерден түскен сигналдарды есептеуге және өңдеуге негiзделген. Көлiк құралымен датчиктердi кесiп өткен сәтте, жүйе көлiктiң жалпы массасын, массаны әр бiлiк және бiлiк тобы бойынша бөлудi айқындайды.
      2001 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда автокөлiк құралдары үшiн Еуро-3 экологиялық стандарттар енгiзiледi.
      Еуро-3 стандарттарын енгiзу 2001 жылдан бұрын шығарылған еуропалық автомобильдердi әкелуге тыйым салуға мүмкiндiк бередi.
      Еуро-3 нормалары Еуро-2-ге қарағанда салқын iске қосу параметрлерiн жеке ескередi және Еуро-2 нормаларымен салыстырғанда рұқсат етiлген уытты шығарындылардың көлемiн шамамен 25 %-ға (Еуро-1-мен салыстырғанда екi есеге) қысқартады.
      ҚР стационарлық көздерден зиянды заттардың атмосфераға шығарындылары жылына 2,5 млн.тоннаны құрайды, көлiк шығарындылары жылына 1 млн.тоннадан асады.
      Iрi қалалардың көпшiлiгiнде автокөлiк құралдарының ауа бассейнiн ластауға қосатын үлесi зиянды шығарындылардың жалпы көлемiнiң 60 %-ына жетедi және одан да асады.
      Жылжымалы көздерден зиянды заттар шығарындыларының ең көп көлемi Алматы қаласына тән, көлiк шығарындысы орта есеппен тәулiгiне 507 тоннаны құрайды, жылдық - 150-200 мың тонна немесе жалпы шығарындылар көлемiнiң 90 %. Облыстар бойынша жылдық көлiк шығарындылары: Қостанай облысында - 163,2 тоннаны, Алматы облысында - 131,0 мың тоннаны, Оңтүстiк Қазақстан облысында - 106,0 мың тоннаны, Қарағанды облысында - 100 мың тоннаны құрайды.
      «Көлiк» кiшi санатына жататын отынды жағу Қазақстандағы парниктi газдың эмиссия көзiнiң маңыздылығы бойынша алтыншы орында, ал оның жалпы ұлттық эмиссияға қосатын үлесi шамамен 4 % құрайды.
      Екiншi кезең (2013 - 2014 жж.)
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуро-4 экологиялық стандарттары енгiзiледi.
      Еуро-4 стандарттарын енгiзу 2006 жылдан бұрын шығарылған еуропалық автомобильдердi әкелуге тыйым салуға мүмкiндiк бередi.
      Еуро-4 нормасы барлық көрсеткiштер бойынша Еуро-3-ке қарағанда шамамен екi есе қатаңдау.
      Автокөлiк құралдарындағы зиянды заттардың шығарындылары бойынша техникалық регламенттiң ережесiн iске асыру Еуро стандарттарына сәйкес келмейтiн автокөлiк құралдарын Қазақстанға әкелудi шектеуге және республика аумағында шығаруды шектеуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, осы шара автомобиль отынының сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Соңында экологиялық стандарттарды енгiзу қолданыстағы автомашина паркiн жаңартуға жағдай туғызады, сондай-ақ экологиялық проблемаларды (әсiресе iрi қалаларда) және жолдардағы қауiпсiздiк деңгейiн көтеру проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi.
      2012 - 2014 жылдары Қазақстандағы автокөлiк құралдары қызметтерiнiң жай-күйiн талдау бойынша iс-шаралар өткiзiлетiн болады. Осы мақсатта қалааралық, қалалық және қала маңындағы жолаушылар тасымалдары, таксомоторлық тасымалдар, жүк және жолаушы автокөлiгi инфрақұрылымының жай-күйi бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу жоспарлануда.
      Сонымен бiрге IIМ бiрлесiп, тұрақты емес тасымалдар түрiнде жүзеге асырылатын тұрақты қатынастағы тасымалдар көлемiн төмендету бойынша жұмыс тобы құрылады.
      Автомобиль көлiгiндегi апаттылық деңгейiн төмендету және жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiледi, олардың негiзiнде қауiпсiздiктi арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу жоспарланып отыр.
      Ғылыми зерттеулерде көрсету жоспарланып отырған проблемалардың тiзбесiне:
      1) IIМ-нен ККМ-ге берiлетiн автомобильдердi техникалық тексеру жүйесiн ұйымдастырумен және жетiлдiрумен байланысты проблемалар;
      2) жолаушы тасымалдарының қауiпсiздiгiн арттыру проблемалары (автобус тасымалдарында қауiпсiздiк белдiгiн және жылдамдықты шектегiштердi енгiзудiң орындылығы, т.б.);
      3) автомобиль тасымалдарында цифрлық тахографтарды енгiзудiң проблемалары - әр түрлi тасымалдарда оларды енгiзудiң кезеңдiлiгi: облысаралық, облысiшiлiк жолаушылар және жүк, қалалық жолаушылар тасымалдары, қауiптi жүк тасымалдары;
      4) ЖКО төмендету бойынша алдын ала сақтандыру iс-шараларын әзiрлеу;
      5) Қазақстанның iрi қалаларында көлiк кептелiстерiнiң жай-күйiн талдау және оларды төмендету бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
      6) жол қауiпсiздiгiн арттыру: басқарудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу, автомобильдерге жүктiң артық тиелуiн бақылау деңгейiн көтеру, тасымалдаушыларды ынталандыру тетiктерi, автокөлiк құралдарын пайдалану және жол қозғалысы ережесi саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн санкциялардың тiзбесi және мөлшерлестiгi;
      7) автокөлiктегi қауiпсiздiктi арттыру мақсатында саладағы техникалық саясатты жетiлдiру - жолаушы автокөлiгiне қойылатын талаптарды қатандату мақсатында «Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн қайта пысықтау бойынша ұсынымдар әзiрлеу, халықаралық талаптармен үйлестiру арқылы қазiргi мемлекеттiк стандарттарды қайта өңдеу;
      8) жолаушылар мен жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер нарығында автомобильдердi қауiпсiз пайдалану талаптарын қамтамасыз ететiн тиiстi жағдайы жоқ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үлес салмағын азайту;
      9) автокөлiк құралдарының орташа қызмет ету мерзiмiн төмендету бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      10) жолаушылар және жүктер тасымалдарын ұйымдастырудың технологиялық процестерiн, оның iшiнде тасымалдаушылардың қызметiн лицензиялау арқылы қамтамасыз ету.

5.4 Әуе көлiгiн дамыту

      Iс-шараларды iске асыру екi кезеңде жүзеге асырылады.


      Бiрiншi кезең (2010 - 2012 жылдар)
      Ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру бойынша қажеттi iс-шаралар мыналар болып табылады:
      1) 2011 жылы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымдарды, авиациялық оқу орталықтарын, жолаушылар мен олардың багаждарын тексерудi жүзеге асыратын әуежайлар қызметтерiн мiндеттi сертификаттауды енгiзу;
      2) 2011 жылы ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша уақтылы түзету әрекеттерiн қабылдау мақсатында қақтығыстар, авиациялық оқиғалар, авиациялық техниканың ақаулары мен iстен шығуы бойынша қазiргi заманғы ақпарат жүйелерiн енгiзу;
      3) 2012 жылы авиакомпанияларда, әуежайларда, аэронавигацияда және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету ұйымдарында ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiн енгiзу.
      Екiншi кезең (2010 — 2014 жылдар)
      1) 2010 - 2014 жылдары - ұшулар қауiпсiздiгi саласында халықаралық авиациялық стандарттарды енгiзудiң бiрiншi кезеңiн iске асыру;
      2) 2010 — 2014 жылдар кезеңiнде - уәкiлеттi органның мамандарын IСАО, ЕАSА, ТРАСЕКА стандарттарына сәйкес оқыту;
      Әуе кемелерiнiң паркiн жаңарту және техникалық қызмет көрсетудi жетiлдiру.
      Әуе кемелерi паркiн қазiргi заманғы жаңа әуе кемелерiмен толықтыру мақсатында «Эйр Астана» АҚ 2012 - 2013 жылдары жеткiзiлетiн Эйрбас-3206 әуе кемелерiн меншiкке сатып алуды жоспарлайды.
      Әуе кемелерi паркiн жаңарту «ҚазКөлiкЛизинг» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
      2014 жылға қарай қазiргi заманғы жаңа ұшақтардың саны 40 бiрлiктi құрайды.
      Батыс және Ресей өндiрiсiнiң қазiргi заманғы тiкұшақтарының жалпы саны 35-40 бiрлiкке жетедi.
      Техникалық қызмет көрсетудi жетiлдiру мақсатында жетекшi шетелдiк компаниялардың консалтингтiк қолдауымен халықаралық талаптарға сәйкес әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша орталықтар құру жоспарлануда.
      Жерүстi инфрақұрылымын дамыту
      Азаматтық авиация саласында жерүстi инфрақұрылымын одан әрi дамыту мақсатында мыналар жоспарланады:
      1) 2010 жылы Ақтау және Қызылорда қалаларының әуежайларындағы ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылғаннан кейiн пайдалануға беру;
      2) 2015 жылға дейiнгi кезеңде:
      8 әуежайдың ұшу-қону жолақтарын қайта жаңартуды жүргiзу (Көкшетау, Семей, Қостанай, Орал, Талдықорған, Өскемен, Петропавл, Тараз);
      6 әуежайда (Алматы, Атырау, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Орал) жолаушылар және жүк терминалдарын салу және қайта жаңарту;
      Кендiрлi жаңа халықаралық әуежайын салу.
      Аэронавигациялық жүйенi және транзиттiк қозғалысты дамыту
      Аэронавигациялық жүйенiң одан әрi дамуы неғұрлым алдыңғы қатарлы және перспективтi технологияларды енгiзу есебiнен мыналарды қоса алғанда iске асырылады:
      1) ИКАО перспективалық моделi негiзiнде болашақтағы
аэронавигациялық жүйенiң (СNS/АТМ) прототипi болып табылатын Қазақстанның аэронавигациялық кiшi жүйелерiн бiрыңғай кешенге бiрiктiру;
      2) ғарышта орналасқан навигациялық жүйелердiң элементтерiн енгiзудi бастау және Еуропа мен Америкада тез қарқынмен дамып келе жатқан және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратын спутниктiк навигацияға көшу.
      Республикада бiрыңғай тiрек жүйесi ретiнде Дүниежүзiлiк геодезиялық координаталар жүйесi - 1984 (WGS-84) енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзу жоспарлануда.
      Авиациялық қызмет көрсетудi дамыту
      Әлемдiк экономикада орын алған жағдайға қарамастан 2009 жылы 10 жаңа авиабағыт ашылды, 2015 жылға қарай тағы да Еуропа, Азия және ТМД елдерi бойынша 30 жаңа авиабағыт ашу жоспарлануда.
      Осы салада таяу және алыс шетел қалаларына жаңа халықаралық авиажелiлердi ашу, сондай-ақ облысiшiлiк және жергiлiктi авиажелiлерде ұшулар географиясын кеңейту жоспарлануда.
      Тұрақты авиатасымалдарға авиациялық бағыттарды конкурстың бөлу жүйесi жетiлдiрiлетiн болады.
      Ел экономикасында үлкен маңызға ие iскер авиация; дамуды жандандырады. Қазiргi уақытта iскер авиацияда жалпы саны 15 әуе кемесi бар шамамен 7 авиакомпания жұмыс жасайды.
      Жеке мақсатта ұшулар орындайтын тұлғаларды сертификаттау және тiркеу рәсiмдерiн жеңiлдету және әуе кеңiстiгiн пайдалануда хабардар ету жүйесiн пайдалану, сондай-ақ осындай ұшуларды бақылауды жетiлдiру бойынша шаралар заңнамалық тәртiпте қабылданады.
      2014 жылы 4,5 млн. астам жолаушы тасымалданады (2009 жылы 2,7 млн. жолаушы, өсiм 60 %), әуежайлардағы қызмет көрсету кемiнде 9,5 млн. жолаушыны құрайды (2009 жылы 5,2 млн. жолаушы, өсiм 55 %).
      Тарифтiк саясат
      ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ авиабағыттың тиiмдi қызмет етуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын тасымалдар тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидиялануға жатады.
      2008 жылы мемлекет республикалық бюджеттен 9 авиабағытты субсидиялау үшiн 667,7 млн. теңге бөлдi, 2009 жылы республикалық бюджеттен 727,7 млн. теңге бөлiндi, 2010 жылға бюджет жобасын қарау кезiнде мынадай 6 авиабағыт бойынша 881,5 млн. теңге сомасында шығыстар қолдау тапты: Астана - Семей - Астана, Астана - Жезқазған - Астана, Астана - Петропавл - Астана, Астана - Өскемен - Астана, Қарағанды - Қызылорда - Қарағанды, Алматы - Көкшетау - Алматы.
      Республиканың әуе кеңiстiгiнде транзиттiк ағынның басым болуы және көршiлес мемлекеттермен жоғары бәсекелестiк аэронавигациялық қызметтерде, соның iшiнде әуежайлық қызметтер мен тасымалдау қызметтерiнде баға қалыптастыруда икемдi және ашық саясатты тұрақты пайдалануды талап етедi.
      Осы мақсаттарда, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу мақсатында тарифтер мен құнын қалыптастыру және қолдану принциптерi зерттеледi, соның нәтижесiнде тиiстi ұсыныстар мен қажеттi құжаттар әзiрленетiн болады.
      Бәсекелестiктi дамыту.
      Көлiк қызметтерiне төлеуге қабiлеттi сұраныс шектеулi, тұрғындар мен кәсiпорындардың елеулi бөлiгi үшiн тасымалдаулар тым қымбат. Әртүрлi көлiк түрлерi тұтынушы үшiн өз арасында қатаң бәсекеге түседi.
      Жолаушыға қызмет көрсету процесiне авиакомпаниялар, әуежайлар және аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерi кiредi. Қазiргi сәтте осы субъектiлер жаңғыртудың түрлi деңгейiнде және жалпы алғанда авиациялық қызмет көрсетулердi тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ету үшiн бiр бiрiнiң өндiрiстiк қуат талаптарына сәйкес келмейдi.
      Әуе тасымалдары саласында бағыттарды конкурстық бөлу қолданылады. Тасымалдаудың халықаралық нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың мүдделерiн ескере отырып, тасымалдау көлемдерiн реттеу саясаты жүргiзiледi, себебi осы нарықта қазақстандық авиакомпаниялар әзiрше бәсекелестiкке қабiлеттi емес.
      Әуежай қызметi саласында әуежайлар кешенiн жаңғыртуды жүзеге асыруды жалғастыру қажет, бұл ретте икемдi тарифтiк саясатты қолдану талап етiледi, өйткенi әуежайлар халықаралық тасымалдауларда шекаралас мемлекеттердiң әуежайларымен бәсекелестiкке түседi.
      Халықаралық нарықта бәсекелестiк бойынша ұқсас жағдай қазақстандық аэронавигациялық қызметтердi ұсынушы «Қазаэронавиагация» РМК-да қалыптасқан.
      Сондай-ақ әуежай қызметтерi саласында мынадай iс-шаралар көзделедi:
      1) тиiстi нормативтiк-құқықтық актiмен бекiтiлген басқа Әуежай
қызметтерiнiң тiзбесiн әзiрлеу;
      2) техникалық қызмет көрсетуде, багаж, жүк және поштаны өңдеуде, перронда қызмет көрсетуде, азық-түлiк тағамдарын жеткiзуде, алымсыз сауда жүргiзуде, автотұрақта және т.б. бәсекелестiктi дамыту. Бұдан басқа, авиакомпанияларға көрсетiлген салаларда өзiне-өзi қызмет көрсету мүмкiндiгiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету орынды;
      3) авиакомпаниялардың әуежайлар мен аэронавигациялық қызмет көрсетулерде кемсiтушiлiксiз қол жетiмдiлiк ережелерiн әзiрлеу және енгiзу;
      4) авиакомпаниялар өз бетiмен авиа жанар-жағармайларды сатып алу ниеттерi болған жағдайда әуежайларды оларды сақтау үшiн резервуар ұсынуға немесе әуежайларда баламалы отынмен қамтамасыз ету кешендерiн салу мүмкiндiгiн ұсынуға мiндеттеу.

5.5 Су көлiгiн дамыту

      Су көлiгiнiң негiзгi бағыттары:


      1) кеме жасау және кеме жөндеу өндiрiсiн салу;
      2) танкерлiк, құрғақ жүк флоты кемелерiн сатып алу және теңiз операцияларына қолдау көрсететiн флот салу;
      3) теңiз кадрларын даярлау мен қайта даярлауға халықаралық стандарттарға сай бiлiм беру жүйесiн құру;
      4) техникалық флот кемелерiнiң санын 147 бiрлiкке дейiн жеткiзгенше кезең-кезеңiмен жаңарту;
      5) Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында кемелер қозғалысын басқару жүйесiн құру.
      Шараларды жүзеге асыру екi кезеңнен тұрады.
      Бiрiншi кезең (2010 - 2012 жж.)
      Танкерлiк флотты жүк көтерiмдiлiгi 12 000 тонна екi кемемен толықтыру болжануда.
      Қазiргi уақытта ұлттық заңнаманы халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендiру жұмыстары жүрiп жатыр.
      Сонымен қатар мамандандырылған теңiз оқу орнын құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу жоспарлануда.
      Кадрларды даярлауды екi деңгейде қамтамасыз ету көзделуде: арнаулы орта - кеменiң қатардағы экипаж құрамын даярлау және жоғары деңгей - командалық құрамды даярлау.
      Бұл аталған шараларды жүзеге асыруға шетелдiк теңiз академиялары мен кеме қатынасы компаниялары, сондай ақ Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында жұмыс iстейтiн басқа да ұйымдар тартылатын болады.
      Нәтижесiнде Қазақстанда халықаралық талаптарға сай теңiз мамандарын даярлауға қабiлеттi оқу орындары құрылады.
      2009 жылы жарты ғасырдан берi үздiксiз пайдалануда болып келген Өскемен және Бұқтырма шлюзiн қалпына келтiру жобасын жүзеге асыру басталды.
      Шүльбi шлюзiн бүлiнуден сақтау мақсатында және экологиялық, экономикалық сипаттағы қауiпке жол бермеу мақсатында гидротехникалық қорғаныш құрылғы салу жоспарлануда.
      Бұл көрсетiлген шараларды жүзеге асыру кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi күшейтуге, Ертiс арқылы тасымалдаудың тиiмдiлiгiн арттыруға жағдай жасайды.
      Екiншi кезең (2013 - 2014 жж.)
      Құрық портында iрi кеме жасау-кеме жөндеу зауытын салу жоспарлануда.
      Сондай-ақ «Кеппел Қазақстан» компаниясының металл құрылғы зауытының өндiрiстiк алаңын кеңейту және үш жаңа металл құрылғы зауытын салу көзделуде.
      Бұл жобаларды жүзеге асыру қазақстандық кеме ұстаушылардың кемелердi жөндеп, жасаудағы сұранысының 40% дейiн қанағаттандыратын болады.
      2014 жылы отандық «Қазтеңiзкөлiкфлоты» кеме қатынасы компаниясы екi құрғақ жүк кемесiн сатып алады.
      Нәтижесiнде Ақтау порты арқылы ауыстырып тиелетiн мұнайдың 40% дейiн өз танкерлерiмiзбен тасымалдануын қамтамасыз ету және қазақстанда жасалған құрғақ жүк тасымалдау нарығына кiру жоспарлануда.
      2015 жылға дейiн 24 кеме ауыстырып, жаңартуды талап етедi. Бұл шараны толық мөлшерде жүзеге асыру iшкi су жолдарын ұстау және кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
      А. Бекович-Черкасск шығанағында (Құрық порты) және Жайық-Каспий бассейнiнде (Атырау порты) кемелер қозғалысын басқару жүйесiн құру, Ақтау портында кемелер қозғалысын басқару жүйесiн (бұдан әрi - КҚБЖ) жаңғырту және жергiлiктi КҚБЖ құру жоспарланған.
      Аталған шараларды жүзеге асыру адам өмiрiнiң теңiздегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, кеме жүргiзудiң тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны мүмкiн болған кеме қатынасының қолайсыз әсерiнен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Теңiздегi адам өмiрiн қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияның (СОЛАС-74) талаптарына сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында өңiрлiк құтқару операцияларын басқару жүйесiн (бұдан әрi - ӨҚОБЖ) құру қажет.
      ӨҚОБЖ Ақтау, Атырау, Баутин, Құрық порттарында және ретранслациялық пунктерде Апат кезiнде және қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған ғаламдық теңiз байланысы жүйесiн (бұдан әрi - ҒТБЖ) құру мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн байланыс жабдықтарымен жарақтандыру көзделуде.
      ҒТБЖ құралдарымен кемелер мен құтқару қызметiнiң жедел байланысы адамдар мен кемелердi құтқару операцияларын тиiмдi жүргiзiп, авариялық салдарын жоюды қамтамасыз етедi.
      Бұл жүйе Каспий теңiзiндегi қарқынды кеме қатынасы және көмiрсутектi шикiзат тасымалдау көлемi өскен жағдайда қажет болып отыр.

5.6 Көлiктегi қауiпсiздiктi күшейту

      Iс-шаралар 2010-2014 жылдар кезеңiнде жүзеге асырылатын болады.


      Автомобиль көлiгi.
      Халықаралық автомобиль тасымалын жүргiзушi көлiк құралдары экипажының жұмысына қатысты Еуропалық келiсiм шеңберiнде (КҚЕК) Қазақстанда тахографтар - қозғалыс жылдамдығын, жүрiп өткен жолды және жүргiзушiнiң еңбек пен демалыс тәртiбiн үнемi тiркеп отыратын құрал енгiзiлген. Бұл құралдың мақсаты жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазiргi уақытта ҚР облысiшiлiк, қалааралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автокөлiк құралдарын тахографтармен жабдықтау мiндеттi.
      КҚЕК келiсiмiне кiретiн, бiрақ ЕО мүше емес елдер үшiн цифрлық тахографтарды енгiзу кезеңi 2010 жылдың соңына дейiн деп белгiленiп отыр.
      Соған байланысты ККМ халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезiнде механикалық тахографтардан цифрлық тахографтарға көшу бойынша белсендi жұмыстар жүргiзуде.
      ҚР Президентiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығымен бекiтiлген «Еуропаға жол» мемлекеттiк бағдарламасының 7-бөлiмiне сәйкес еуропалық елдермен арадағы тауар айналымына жыл сайын қолайлы жағдай жасау арқылы ұлғайтып, 10% жеткiзу.
      Айтылғанды есепке ала отырып, халықаралық автомобиль тасымалдауын жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының ЕО елдерiнiң аумағына кiру рұқсатының болмауы Қазақстан мен ЕО елдерi арасындағы тауар-, жүк айналымын айқын төмендетедi, мемлекеттiк бюджетке сауда айналымынан түсетiн салық пен кедендiк алымдарды кем алғандықтан (ЕО елдерiне жасалған бiр рейс шамамен 4000 АҚШ доллары) қаржының кем түсуiне әкеледi.
      Әлемдiк статистика көрсеткендей, Келiсiм шарттарын КҚЕК сақтаған жағдайда жүргiзушiлер авариялық жағдайға осы шарттарды сақтамай жүретiн жүргiзушiлерден 2,5 есе аз ұшырайды екен. Бұл есептелген қозғалыс бағыты, толыққанды демалыс, қозғалыстың оңтайлы тәртiбi, жылдамдықты шектеу есебiнен болады. Бұл ретте тахограф жолдағы уақытты 5 минутқа дейiнгi дәлдiкпен, көлiк құралының жылдамдығын 5км\сағ дәлдiкпен, жүрiп өткен қашықтықты 1 км. дәлдiкпен анықтайды, сондай-ақ арнайы белгiлер арқылы қызмет түрлерiн бiлдiредi.
      Бұл тасымалдаушы кәсiпорындардың қаржы жағдайына оңтайлы әсерiн тигiзедi. Iссапарға байланысты шығындар 15% дейiн төмендейдi, ал бұл еңбекке ақы төлеу нақты жасаған уақытына жүргiзiлетiнiн бiлдiредi. Жанармай шығыны 12% төмендейдi, агрегаттар мен желiлер ресурсы ұлғаяды.
      Цифрлық тахографтар жүйесi қауiпсiздiк мiндеттерiн орындау арқылы және жүргiзушiлерге тиiстi оқытуды ұсыну арқылы жол қауiпсiздiгi статистикасын жақсартуға мүмкiндiк бередi.
      Жүк айналымының ұлғайғанын ескере отырып, республикаiшiлiк тасымал көлемiнiң үлесi бүгiнгi күнi жүк тасымалының жалпы көлемiнiң 90% құрайды. Болжамды бағалаулар ҚР аумағында жыл сайын жүк тасымалдау көлемiнiң 10-12% артып отырғанын көрсетiп отыр.
      Осыған байланысты экономикалық қауiпсiздiк стратегиясының негiзгi құрамы болып келетiн автомобиль жолдарының желiсiн сақтауды қамтамасыз етудегi басты мақсаттардың бiрi республикалық және жергiлiктi маңызы бар автожолдар арқылы ауыр автокөлiк құралдарының жүрiсiн бақылауды жүргiзу арқылы қазiргi және қалпына келтiрiлген автожол учаскелерiнiң тозуының алдын алу болып табылады.
      ҚР-ның автомобиль жолдарына (әлемдiк тәжiрибеде де) аса көп зиянды шамадан тыс тиелген автомобильдер, әсiресе бiлiкке асыра күш түсiретiн автомобильдер келтiредi.
      Сараптамалық бағалауларға сәйкес автомобильдiң бiр бiлiгiне рұқсат етiлетiн (10 тонна) бiлiктiк жүктен 2 тонна асып кеткен жағдайда жол қабатының тозуы 4 есеге артады екен.
      Осыған орай көлiктiк бақылау органдары жұмысының негiзгi күштерiнiң орналасуы қалыптасып келе жатқан халықтың тұтыну тауарларын тасымалдаудан, жүк құраушы орындардан (өнеркәсiп және қайта өңдеу кәсiпорындары, мұнай, газ конденсаты кен орындары, көмiр қабаттары, кен өндiрушi кәсiпорындар, т.б.), автомобиль жолдарының қалпына келтiрiлген және қайта жасалған учаскелерiнен экспорттық-импорттық және транзиттiк жүк ағымынан қалыптасатын көлiктiк бақылау посттарының жұмысына берiледi.
      ҚР-ның «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 11-бабына сәйкес техникалық құралдармен жабдықталмаған көлiктiк бақылау бекеттерiн құруға жол берiлмейдi.
      Бұл тұрғыда автокөлiк құралдарын өлшеу кезiнде автожолдардағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында автомобиль көлiгi саласында заңнаманың сақталуына бақылау жүргiзудiң сапасын жақсарту мақсатында көлiктiк бақылау органдарын стационарлық өлшеу және басқа да өлшеу жабдықтарымен техникалық жабдықтау қажет.
      «Көлiктiк бақылау бекеттерi жүйесiн дамыту» бюджеттiк бағдарламада айтылғандарды ескере отырып, 2012 жылға дейiн (1-кезең) 18 қолданыстағы iшкi көлiктiк бақылау бекетiн өлшеу жабдығымен (жол төсемiн абаттандыруды қоса) жоспарлы жабдықтау көзделiп отыр.
      Бұдан күтiлетiн тiкелей нәтиже: жүк пен жолаушы тасымалдауда қауiпсiздiк деңгейiнiң артуы, автомобиль жолдарының техникалық жағдайының жақсаруы, өлшеу жүргiзу уақытын 15-20 минутқа дейiн қысқарту есебiнен автокөлiк құралдарының жүру уақытының артуы, автожолдарды пайдаланушылардың шығындары мен жолдағы уақытты қысқарту, сондай-ақ автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау шығындарының азаюы.
      Жанама нәтижелер:
      1) ауыр және iрi габариттi көлiк құралдарының жүруiн сапалы деңгейде бақылауды жақсарту;
      2) өнiмнiң өзiндiк құнында көлiктiң құрамдас бөлiгiн төмендету, ал бұл отандық өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн күшейтуге әсер етедi.
      3) республика аумағынан өтетiн халықаралық бағыттардың транзиттiк әлеуетiн және бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн күшейту;
      4) автомобиль көлiгiнiң жұмысымен байланысты зиянды заттардың шығарылуын азайту.
      Өз кезегiнде, көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы көлiк бақылау бекеттерiнiң жұмысы тәжiрибеге енгiзiлiп жатыр.
      Жылжымалы бекеттер РФ, Беларусь Республикасында, сондай-ақ бiрқатар ЕО елдерiнде кеңiнен қолданылады.
      Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған жылжымалы бекеттер көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн арттырып, автожолдардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      Көлiктiк бақылау жүргiзудiң бұл түрi тасымал процесiне барлық қатысушылардың көлiктiк заңнама талаптарын мүлтiксiз сақтау арқылы көлiк саласында оңтайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына мүмкiндiк бередi, инновациялық технологияларды енгiзу арқылы көлiктiк жүйенiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттырады.
      Бұдан басқа жылжымалы посттарды қолдану бюджеттiк қаржыны үнемдеуге мүмкiндiк беретiнiн де атап өту керек.
      Мысалы, 1 стационарлық посттың жабдықталуына 42,5 млн теңге көлемiнде қаржы қажет етiледi. Ал көлiктiк бақылаудың «Хюндай» негiзiндегi жабдықталған жылжымалы постының орташа құны 16-18 млн. теңге құрайды.
      Көлiктiк бақылаудың бiр бекетiнен үнемделген бюджет қаржысы 24,5 млн. теңге құрайды.
      Салыстыру үшiн, көлiктiк бақылаудың 32 стационарлық посттарын жабдықтауға 1 360 млн. теңге көлемiнде қажет болған болар едi, ал 32 жылжымалы бекет алуға тек қана 512 млн. теңге көлемiнде қаржы қажет.
      Бюджет қаражатының үнемделуi 840 млн. теңгеден асады.
      Көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгi тек қана экономиканың өсуiне мүмкiндiк жасап қана қоймай, денсаулық үшiн салдары және басқа да әр түрлi мәселелердi, сондай-ақ жолдардың шамадан тыс толуы мен көлiк процестерiнiң қауiпсiздiгi сияқты маңызды мәселелердi шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды өзгерiс болып табылады.
      Бұдан басқа автожолдардағы апаттылықты төмендететiн негiзгi шаралар мыналар:
      1) жолдардағы инженерлiк құрылыстарды жақсарту, соның iшiнде кедергi қоршау мен қарсы көлiк ағымын бөлiп тұратын қоршауды орнату;
      2) авариялық ошақтарды жою;
      3) қозғалысқа қатысушыларға арналған ақпаратты жақсарту;
      4) жолдың қауырт учаскелерiнде белгiлер қою;
      5) жолды пайдалану ұйымдарында қозғалыс қауiпсiздiгi мамандарының бiлiктiлiк деңгейiн көтеру;
      6) метеожағдайларды хабарлау жүйесiн кеңiнен тарату;
      7) жолдарды жендеу, қалпына келтiру және салу жобаларына жол қозғалысы қаупсiздiгi тұрғысынан сараптама жүргiзу;
      8) жолдарды қысқы мезгiлде күтiп ұстау сапасын арттыру.
      Жолдардағы өткен жылғы авариялық себептерге талдау жүргiзу негiзiнде облыстық жол басқармасы мен негiзгi автожол бағыттары бөлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгi деңгейiн арттыру жұмыстарының жоспарын жыл сайын бекiту көзделуде.
      Темiр жол көлiгi.
      Апаттылықты болдырмау жөнiндегi бақылау ұйымдарына арналған стандарт талаптары негiзiндегi әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, көбiне техникалық құралдардың жай-күйi мен оларды пайдалануға қатысы бар мамандар мен орта буынды көпшiлiк мамандықтарға оқыту шараларын жүргiзу қажет.
      Жылжымалы құрамға, темiр жолдардың үстiңгi бөлiгiне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшiн заманауи диагностика құралдарын қолдануда көпшiлiк мамандықтар қажет.
      Су көлiгi. Су көлiгiндегi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру және көлiк оқиғаларына жедел әрекет ету тек қана көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының арнайы заманауи жүрдек су көлiгiмен жаңарту жағдайында ғана мүмкiн.
      Теңiз (250 бiрлiк), өзен (864 бiрлiк) шағын (25 464 бiрлiк) флотты бақылауды жүзеге асырғанда, сондай-ақ мұндағы үлкен қашықтық, шашыраңқылық, су қоймаларының, көлдер мен өзендердiң бiр-бiрiнен алыстығын ескере отырып, көлiктiк бақылау аумақтық органдарының бақылау-қадағалау қызметтерi қызметтiк су көлiгiнiң 92% дейiн тозуы себебiнен тиiстi дәрежеде орындалмайды.
      Бұл ретте көлiктiк бақылау органдарының арнайы су көлiгiнiң кемелер саны 2002 жылдан беру өзгерiссiз қалуда. Бұл жағдай қауiпсiздiктi қамтамасыз ету деңгейiн тексеру сапасына әсер етедi, сондай-ақ флоттағы апаттылықтың өсуiне әсер етедi.
      Бұдан басқа, тек арнайы су көлiгiн пайдаланып, аумақтық органдар ҚР кеме қатынасы су жолдарын пайдалану мерзiмiне бақылау жасай алады.
      Су көлiгiндегi объектiлердi бақылауға алып, толық қамту, кеме жүргiзушiлердiң жүзу және кемелердi қауiпсiз пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды тиiмдi жүргiзудi қамтамасыз ету, сондай-ақ су көлiгiндегi көлiк оқиғаларына жедел әрекет ету мақсатында көлiктiк бақылау органдары үшiн жүзу автономиялығы мен жылдамдық сипаттамалары жөнiндегi талаптарға сай болатын арнайы заманауи су көлiгiнiң 28 кемесiн сатып алу қажет.
      2015 жылға қарай 28 бiрлiк арнайы су көлiгiн сатып алу көзделуде. Соған байланысты 2015 жылға қарай кемелер саны 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» ҚР Үкiметiнiң қаулысына сәйкес болады.
      Көлiктiк бақылау органдарын арнайы заманауи су көлiгi кемелерiмен жарақтандыру флоттағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және авариялықтың өсуiн болдырмаумен қатар кемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым мен жыл сайынғы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн алынатын айыппұл мөлшерiнiң 30% ұлғаюына әкеледi.
      Одан басқа, кемелер салық салынатын объект болғандықтан тiркелген кемелер санының ұлғаюы салық салынатын базаны 10% арттыратын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет