Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет7/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#143354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

      Саланың аралық үлгiсi
      2011 жылы Екiншi жүк компаниясы «Ресей темiр жолдары» ААҚ құруға байланысты жалпы мүкәммал вагон паркiн нақты жою нәтижесiнде вагондарды операциялау қызметi «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагондардың меншiк иесi - «Қазтемiртранс» АҚ қатысы жоқ парк қағидаттарымен вагондармен операция жасайды.
      Саланың аралық үлгiсiнде МТЖ операторы және жүктердi Ұлттық тасымалдаушы қызметiн орындаушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ, локомотивпен тарту қызметтерiн ұсынушы «Локомотив» АҚ, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ және тәуелсiз жолаушылар тасымалдаушылар бiрдей жағдайда жүк вагон парктерiмен операциялау қызметтерiн орындаушы «Қазақтемiртранс» АҚ және басқа да жылжымалы құрам меншiк иелерi жұмыс iстейтiн болады.

7-сурет. Темiр жол саласының аралық моделi



      2011 жылы тасымалдау қызметiн кезең-кезеңiмен қайта реттеуге сәйкес географиялық және нарықтың өнiм шекарасын анықтап, белгiленген тәртiпте вагондарды операциялау бойынша «Қазтемiртранс» АҚ бағалық реттеу жойылады.


      Саланың нысаналы моделi
      Саланың нысаналы моделiн қалыптастыру бойынша iс-шараларды iске асырудың және МТЖ-ға жүктер мен жолаушыларды тасымалдаушылардың қол жеткiзуiнiң негiзгi шарты жолаушылар тасымалын жүзеге асыру және қолданыстағы заңнамалық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзгеннен кейiн тасымалдау тарифiн қайта реттеу шығындарын мемлекеттiң әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100 % субсидиялауды қамтамасыз етуi болады.

8-сурет. Темiр жол саласының жұмыс iстеуiнiң мақсатты институционалдық моделi



      Бұл кезеңде тәуелсiз тасымалдаушылардың бiрте-бiрте үлесi ұлғаюымен темiр жол тасымалдау нарығы қалыптасады.


      Саланың мақсатты үлгiсiмен тасымалдау нарығының оңтайлы құрылымына сәйкес ұлттық тасымалдаушылардың үлесi артқан құрылым болып табылады. Саланың мақсатты үлгiсiнде тәуелсiз тасымалдаушылар мен мемлекеттiк реттеуге ену үшiн әкiмшiлiк кедергiлердiң болмауына байланысты нарықта ұлттық тасымалдаушылардың артқан жағдайын сақтаудың негiзгi шарты бәсекелестермен салыстырғанда көрсетiлетiн қызметтердiң аса жоғары тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы шартты сақтаған жағдайда ұлттық тасымалдаушылар өзiнiң нарықтағы басым орнын жоғалтады.
      Ұлттық тасымалдаушылардың бәсекелi артықшылығы қызметтiң өзiндiк құнын төмендету факторы қызметтер масштабы болып табылады. Бiрақ, басқа өндiрiс факторларын тиiмсiз пайдаланған жағдайда ұлттық тасымалдаушылардың жалпы тиiмдiлiгi бәсекелестерден төмен болып, бұл оның нарықтағы үлесiнiң қысқаруына әкеледi.
      Темiр жол саласында институционалдық қайта құруларды iске асыру шеңберiнде:
      1) саланың активтерiн жаңарту мен жаңғырту iс-шараларын жүзеге асыру жалғасады;
      2) саланың инвестициялық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн тарифтердiң көтерiлуiн қарастыру аяқталды және тарифтердi инфляция деңгейiне индекстеуге көшу жүзеге асырылады;
      3) қолданыстағы заңнамалық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн жолаушы жылжымалы құрамын жаңартуға инвестицияларды мақсатты мемлекеттiк қаржыландыру басталады;
      4) локомотив паркi мен жолаушы вагондарын жаңартуға жеке инвестицияларды қаржыландыру басталады;
      5) әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100 % субсидиясы деңгейiмен өту жүзеге асырылды;
      6) темiр жол көлiгiнiң техникалық құралдары мен олардың құрамдауыштарын өндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi жобаларды iске асыру;
      7) жүк және жолаушылар тасымалдау технологиясын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды жетiлдiру;
      8) тасымалдаудың қарқындылығына байланысты магистральдық темiр жол желiсiнiң учаскелерiн санатқа бөлу және оңтайландыру бойынша жұмыс жүргiзiледi. Учаскелердi ұстау, қызметi аз учаскелердi концессияға беру тетiктерiн немесе оларды «желiлiк инфрақұрылымдық келiсiмшарт» шеңберiнде субсидиялау жөнiндегi сараланған стандарттарды әзiрлеу.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
      1) жүк пен жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау нарығында бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдай жасалады;
      2) тұтынушыларды қанағаттандыруға бағытталған темiр жол көлiгiн инновациялық дамыту жалғасады;
      3) жоғары сапалы логистикалық қызметтердiң көлiк нарығындағы сегментiнде темiр жол көлiгiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi көтерiледi;
      4) транзиттiк тасымалдың өңiрлiк және континенттiк нарығындағы Қазақстан темiр жолының бәсекеге қабiлеттiлiгi ұлғаяды.

5.2 Автожол саласын дамыту

      Қолда бар ресурстарды топтастыруды қамтамасыз ету қажет басым бағыттар болып анықталғандар:


      1) алдыңғы кезеңде басталған объектiлердi салу мен оңалтуды аяқтау;
      2) облысаралық және өңiраралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн жүк қауырттылығындағы бағыттарда бұзылған учаскелердi қайта жаңарту және күрделi жөндеу;
      3) авариялық көпiрлердi қайта жаңарту;
      4) перспективалы және транзиттiк бағыттарындағы жолдардың жеке учаскелерiн салу;
      5) профилактикалық алдын ала жөндеу, сондай-ақ автомобиль жолдарын қысқы күтiп ұстау жұмыстарының көлемiн арттыру.
      2010 - 2014 жылдар кезеңiнде республикалық маңызы бар автожолдардың 5 412 км салу және қайта жаңарту (соның iшiнде 915 км концессия қаражаты есебiнен) және 5 748 км жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 9 673 км жергiлiктi желiдегi автожолдарда жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу болжануда.

4-кесте. 2010-2014 жылдары жолдарды белгiлеу бөлiнiсiндегi жол жұмыстарының көлемi



Жоба атауы

Ұзындығы, км

2010

2011

2012

2013

2014

2010-2014

Республикалық маңызы бар жолдар

Республикалық маңызы бар жолдарды салу мен қайта жаңарту

550

797

959

967

1123

4396

Концессиялық негiзде республикалық маңызы бар жолдар салу және қайта жаңарту

 


124

314

407

70

915

Барлығы, республикалық маңызы бар жолдар салу және қайта жаңарту

550

921

1 273

1 374

1 193

5 311

Жөндеу (орташа және күрделi):

877

1 138

1 138

1 229

1 366

5 748

Барлығы, республикалық маңызы бар жолдар

1 427

2059

2411

2603

2 559

11 059

Жергiлiктi маңызы бар жолдар

1 410

1 527

1 994

2 251

2 491

9 673

Барлығы

2837

3586

4405

4854

5050

20 732

5-кесте. 2010-2014 жылдардағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша жол жұмыстарының көлемi

Жоба атауы

Көлемi, млрд. теңге

2010

2011

2012

2013

2014

Барлығы

Республикалық маңызы бар жолдар

Республикалық маңызы бар жолдарды салу мен қайта жаңарту (концессиямен)

126,2

290,6

448,2

454,9

239,5

1559,4

Республикалық маңызы бар жолдарды (орташа және күрделi) жөндеу, жол-пайдалану техникасын сатып алумен бiрге

22

25

27

27

30

131

Республикалық маңызы бар жолдар бойынша барлығы

148,2

315,6

475,2

481,9

269,5

1690,4

Жергiлiктi маңызы бар жолдар

Трансферттердiң есебiнен

20,9

20,3

26,9

30,3

33,3

131,7

Жергiлiктi маңызы бар жолдар бойынша барлығы

20,9

20,3

26,9

30,3

33,3

131,7

Барлығы

169,1

335,9

502,1

512,2

302,8

1822,1

РБ есебiнен

101,6

88,8

103,6

233,6

220,6

748,2

қарыз қаражаты

67,5

153

182,5

21,2

43

467,2

осының iшiнде концессия




94,2

215,9

257,4

39,2

606,7

      Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетiн алты негiзгi халықаралық дәлiз бойынша 3 680 км қамту жоспарланып отыр:

      1) Өзбекстан шекарасы - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас - Қытай шекарасы (жалпы ұзындығы 1 150 км-дiң 391 км қайта жаңарту);


      2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (2 066 км-дiң 1 383 км қайта жаңарту);
      3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл (1724 км-дiң 476 км қайта жаңарту);
      4) РФ шекарасы - Атырау - Ақтау - Түрiкменстан шекарасы (1402 км-дiң 346 км қайта жаңарту;
      5) РФ шекарасы - Павлодар - Семей - Майқапшағай - Қытай шекарасы (1094 км-дiң 425 км қайта жаңарту);
      6) Астана - Қостанай - РФ шекарасы (891 км-дiң 119 км қайта жаңарту). Автожолдардың 3 680 км-дiң 2 169 км бiрiншi екi бағытты қамтитын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзi жобасы шеңберiнде қайта жаңартылатын болады.
      9-суретте осы дәлiздiң қайта жаңартуға жататын бөлiгi көрсетiлген бағыты берiлген.

9-сурет. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн қайта жаңарту



      Бұдан басқа республикалық маңызы бар 1 631 км басқа да автожолдар салу және қайта жаңарту жоспарлаған.


      Республикалық және жергiлiктi маңызы бар автожолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша жоспарланған 28 жобаны iске асыру шеңберiнде жол-құрылыс шикiзатының, материалдар мен технологиялық құрамдауштардың өндiрiлетiн көлемiн айтарлықтай арттыру талап етiледi.

      6-кесте. 2010 — 2014 жылдары жол-құрылыс материалдарының қажеттiлiгi 



Атауы

2010

2011

2012

2013

2014

2010-2014 жж.жиыны

Салуға/қайта жаңартуға

Жөндеу

Жиыны

Фракциялы шағылтас, мың тонна

31683

48 874

55 983

52 478

62 987

252 002

8 307

260 309

Цемент, мың тонна

698

1 308

1 391

400

377

4 174




4 174

400 маркалы

279

523

556

160

151

1 669




1 669

500 маркалы

419

785

835

240

226

2 505




2 505

Битум, мың тонна

499

530

590

620

650

2 431

458

2 889

Металл конструкциялар, мың тонна

75

147

136

135

236

729




729

Арматура

38

71

65

55

92

321







Металлпрокаты

47

82

78

86

162

455







Минұнтақ, мың тонна

291

343

349

407

430

1 820

400

2 220

Геотекстиль, мың кв.м

7 424

11 294

13 386

21 583

26 755

80 442




80 442

Ж/б бұйымдар және конструкциялар, мың тонна

75

125

139

88

78

470

35

505

Бояулар, мың тонна

4 781

7 919

7 311

8 164

10 735

38 910

1 857

40 767

      Ақылы автожолдарды енгiзу
      Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшiн ККМ «Алматы - Қапшағай», «Алматы - Қорғас», «Астана - Қарағанды» автомобиль жолдарын қайта жаңартуды, концессиялық тетiк негiзiнде «ҮАААЖ» құрылысын iске асыру бойынша iс-шаралар жүргiзуде. Сонымен бiрге ККМ «Ташкент - Шымкент», «Орал - Каменка — РФ шекарасы (Өзiнкiге)» автомобиль жолдарын қайта жаңартуды iске асыру жөнiнде және сол сияқты концессиялық негiзде iске асырылуы жоспарланып отырған «Астана - Щучье» автожолында ИТЖ енгiзу» жөнiнде iс-шаралар жүргiзуде.
      Барлық жоғарыда көрсетiлген жобалар мынадай схема бойынша iске асырылатын болады:
      1) Салу және/немесе қайта жаңарту;
      2) Мемлекетке беру (актi бойынша);
      3) Мемлекеттiң объектiнi басқару және пайдалану құқығын ұсынуы (30 жыл мерзiмге).

      7-кесте. Ақылы автомобиль жолдарының жоспарланған жүйесi



Атауы

Ұзақтығы, км

Iске асыру жылдары

Құны, млрд.теңге

Астана - Щучье учаскесiндегi ИТЖ

237

2011-2012

20,5

Астана - Қарағанды

238

2011-2013

134,2

Алматы - Қапшағай

104

2011-2013

64,4

Алматы - Қорғас

301

2011-2013

169

Ташкент - Шымкент

102

2011-2013

122,7

ҮАААЖ

70

2011-2013

75,0

Орал - Каменка - РФ шекарасы

100

2013-2014

56

Барлығы

1152

 
 


606,7

      Ақылы автомобиль жолдарын пайдалануға беру кезiндегi маңызды сәттердiң бiрi автомобиль жолдарының ақылы учаскелерi бойынша АКҚ жүрiп өтуiне бажды (тарифтi) айқындау болып табылады.
      Дәстүрлi түрде ақылы автомобиль жолдары бойынша жүрiп өтуге пайдаланушы ақы төлейдi. Тариф, қаржыландыру құнын және қызмет ету мерзiмi iшiнде жөндеу жұмыстарының жоспарын қоса алғанда, жобаның толық құны негiзге алына отырып есептеледi. Тарифтi индекстеу инфляцияға сәйкес, сондай-ақ басқа да ерекше жағдайлармен көзделедi. Мемлекет тарифтердi арттыруды жоспарламаған жағдайда, өйткенi бұл әлеуметтiк қарсылықтар тудыруы мүмкiн, өтемақы төлеу тетiгi әзiрленуi тиiс.
      Әдетте жүрiп өту үшiн алымдар түсiмнiң 95 %-ын құрайды, қалған кiрiстер жарнама және байланысты қызметтердi ұсынуға арналған рұқсаттар есебiнен қалыптасады.
      Ақылы автомобиль жолдарын салу және пайдалану мәселесi тек автомобиль жолдары мен концессиялар саласындағы заңнамамен ғана реттелмейдi. Осы салада туындайтын құқықтық қатынастарға ҚР бюджет, салық және жер заңнамасының нормалары үлкен әсер етедi. Келтiрiлген заңнаманың кейбiр нормалары автожол жобаларын неғұрлым тиiмдi iске асыру мен инвестор тарабына тартымдылығы үшiн түзетулер енгiзудi қажет етедi.
      ККМ тәуекелдердi және жобалар бойынша жауапкершiлiктi оңтайлы бөлуге қол жеткiзiп, ҚР-ның автожол саласындағы концессиялық жобаларды одан әрi табысты iске асыру үшiн концессиялар туралы заңнамаға, бюджет, жер кодекстерiне бiрқатар түзетулер ұсынған болатын.
      Автосервистi дамыту
      Автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу қауiпсiз қозғалыс, жолдарды пайдаланушыларға жұмыс пен демалыс жағдайларын жақсарту және автотуризмдi дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау арқылы сервистiк қызмет көрсету деңгейiн арттырумен байланысты. Сала мен шағын және орта бизнестi дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттiк саясатты қаржыландырудың қолданыстағы жүйесiне сәйкес салынуы мен қаржыландырылуы тиiстi ұйымдастыру-құқықтық тәсiлдерi бар әр түрлi қаржыландыру көздерiнен жүзеге асуы қажет жол сервисi объектiлерiнiң екi тобы бөлiндi.
      Объектiлердiң бiрiншi тобы - бұл автомобиль жолдары кешенiне кiретiн объектiлер. Оларға жататындар: авариялық-шақыру байланысы, автомобильдердiң қысқа мерзiмдi тұрақ алаңдары, су көздерi, автобус аялдамалары, автопавильондар. Осы объектiлердi салу жол жұмыстарына көзделетiн жалпы қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      Объектiлердiң екiншi тобы - бұл ақылы сервис объектiлерi (мотелдер, кемпингтер, авто май құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану пункттерi, терминалдар және т.б.). Осы кәсiпорындарды қалыптастыру мен кеңейту мемлекет тарапынан реттеудiң қолайлы климаты бар осы қызметтердiң түрлерiне сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
      Қазiргi уақытта осы саланы дамытудың жүйелiк сипаты жоқ. Бұл жағдайда:
      1) негiзгi автожол маршруттарына жол бойы сервистерiнiң қолданыстағы объектiлерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi мен эстетикалық ресiмдеу шарттарына сәйкес келуiне тексеру жүргiзу;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен объектiлердiң орналасуының ықтимал белсендi орындарын белгiлеу және олардың игерiлу шамасына қарай үлгi жобалау шешiмдерiн даярлауға, жерлердi бөлуге, аймақтар мен коммуникацияларды жол учаскелерi мен пункттерiнiң желiлiк ғимараттарымен бiрлестiруге, сондай-ақ сервис объектiлерiн белсендi құру бойынша басқа мәселелердi шешуге көмек көрсету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет