Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi



бет6/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#143354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Бағдарлама кезең-кезеңiмен 2010 - 2014 жылдарда орындалады.



5.1. Темiр жол саласын дамыту

      Темiр жол саласының жұмыс iстеуiнiң оңтайлы жүйесiн құру шеңберiнде Бағдарламаның негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:


      1) темiр жол саласының нысаналы үлгiсiне сәйкес нарықты ырықтандыру және мемлекеттiк реттеу реформасы;
      2) тәуелсiз тасымалдаушылардың МТЖ және жергiлiктi темiр жол инфрақұрылымына кемсiтушiлiксiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету арқылы нысаналы үлгi шеңберiнде сала субъектiлерiнiң өзара әрекетi тетiктерiн әзiрлеу және практикалық енгiзу;
      3) темiр жол саласының нысаналы үлгiсiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық базаны құру;
      4) тасымалдау қызметiн және МТЖ ұйымдастырылған бөлу және темiр жол саласының нысаналы үлгiсiне сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясы тобының корпоративтiк құрылымын қайта ұйымдастыру;
      5) МТЖ қызметiн, жолаушылардың және жүктердiң әлеуметтiк мәнi бар тасымалдарын мемлекеттiк субсидиялауды және активтердi жаңартуды нысаналы қаржыландыруды қамтамасыз ету және тиiмдi тетiгiн құру;
      6) концессияның (МЖӘ) жаңа формаларын қолдану шарты бойынша, бiлiктi халықаралық жолаушылар операторлары қатарынан Қазақстан жолаушылар тасымалдауы нарығына стратегиялық инвесторларды қатыстыру;
      7) жөндеу қуаттылығын дамыту үшiн жағдай жасау;
      8) магистральды темiр жол инфрақұрылымының учаскелерiн, жергiлiктi инфрақұрылым объектiлерiн, жолаушы маршруттарын санаттарға бөлу және тариф белгiлеу мен ұстауға қатысты тәсiлдердi тиiстi саралау;
      9) концессияның (МЖӘ) жаңа формаларын қолдану шарты бойынша магистралды және локалды инфрақұрылымның аз әрекет объектiлерi жұмысын ұйымдастыру және оңтайландыру және бөлек объектiлердi жабу.
      Бұл ретте магистральды инфрақұрылым шеттетуге және жекешелендiруге жатпайды.
      Сала өндiрiсiнiң негiзгi құралдарын жаңарту және жаңғырту шеңберiнде мыналар көзделедi:
      1) жүктер мен жолаушылар тасымалы бойынша сапалы және техникалық қызмет көрсету параметрлерiне перспективтi талаптарға сүйене отырып, темiр жол көлiгi құралдарын жаңартылып жатқан техникалық сипаттамасын анықтау;
      2) ҚР экономикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту саясатын iске асыру шеңберiнде темiр жол көлiгiнiң кеңейiп келе жатқан сұранысы негiзiнде отандық машина жасау саласын құру;
      3) нысаналы институционалды құрылым және саланың экономикалық үлгiсiн енгiзу шеңберiнде мыналарды жүзеге асыру:
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарифтерiн кезең-кезеңiмен көтеру және қайта реттеу;
      кезең-кезеңiмен әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауына жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100 % мемлекеттiк субсидиялауға көшу;
      жолаушы жылжымалы құрамын жаңартуды нысаналы мемлекеттiк қаржыландыру;
      салаға жеке меншiк инвестициялар құю;
      компанияның ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы базасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ инвестициялық бағдарламасын iске асыру.
      Темiр жол саласы жұмысының оңтайлы жүйесiн құру
      Саланың нысаналы үлгiсi темiр жол көлiгiнiң тиiмдi және сапалы жұмысын қамтамасыз етуге, ашық нарық және бәсекелестiк жағдайында инвестициялар мен инновацияларды тартуға бағытталған және үш негiзгi сегменттi (қызмет түрi) қамтиды (4-сурет):
      1) жүк тасымалдары;
      2) жолаушылар тасымалы;
      3) магистральды темiр жол желiсi қызметтерi.
      МТЖ қызметтерi реттелетiн салаға жатқызылады. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды бәсекелестiк жағдайында вагондар мен локомотивтер паркi бар мемлекеттiк және жеке тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      Таңдап алынған операциялық үлгi реттелетiн саланы инфрақұрылым деңгейiне дейiн тарылту қажеттiгiне және тәуелсiз тасымалдаушылар инфрақұрылымға ашық қол жеткiзу негiзiнде тасымалдау қызметiндегi қолданыстағы мемлекеттiк реттеу тетiгiн өздiгiнен реттеудiң нарықтық тетiгiмен ауыстыруға байланысты.

4-сурет. Саланың нысаналы үлгiсi


 
 
 


 

 


Нарық құрылымы

Қызметтерi

Активтер

Мемлекет рөлi

Монополиялық сектор

МТЖ қызметтерi "ҚТЖ" инфрақұрылымы" АҚ

- Табиғи монополия

- Т/ж инфрақұрылымына тең қол жеткiзу
- Пойыздар қозғалысының кестесiн шоғырландыру
- Пойыздар қозғалысын диспечерлiк басқару
- Инфрақұрылымды басқару және ұстау

- Вокзалдар
- Iрiктеу станциялары
- Жолдар
- Электр желiсi
- Белгi беру және байланыс
- Моневрлiк локомотивтер

- пайдалану шығындарын жабу нәтижесiне қол жеткiзу үшiн тарифтердi икемдi реттеу
- Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

Бәсекелес сектор

Жүктер тасымалы ("ҚТЖ" - Жүк тасымалы" АҚ және  т.б. тасымалдаушылар)

- Бағыттардағы бәсекелестiк
- баға мен қызмет ұсыныстарына негiзделген бәсекелестiк
- Бағаны еркiн белгiлеу

- Жүктердi тасымалдау
- Жүк тасымалын жоспарлау
- Маневрлi жұмыстар
- Локомотивтер мен вагондарға техникалық қызмет көрсетудi басқару

- Жүк локомотивтерi
- Жүк вагондары
- Контейнерлер
- Терминалдар

- Мемлекеттiң араласуынсыз тарифтердiң артық қайта баланстау

Жолаушы тасымалы ("ҚТЖ" - "Жолаушы тасымалы" АҚ және т.б. тасымалдаушылары)

- Концессиялық тендерлер негiзiнде маршруттар үшiн бәсекелестiк
- МЖК келiсiмдердiң шеңберiнде бағаны еркiн белгiлеу

- Жолаушыларды тасымалдау
- Жолаушы тасымалын жоспарлау
- Локомотивтер мен вагондарға техникалық қызмет көрсетудi басқару
 
 

- Локомотивтер
- Жолаушылар вагондары

- МЖК келiсiмдердiң шеңберiнде төмен класты вагондарда тасымалдауға тарифтердi икемдi реттеу
- МЖК негiзiнде конкурстық жүйе жолымен қаржыландыру

      Қызметтiң негiзгi түрлерi (сала сегменттерi) және «ҚТЖ» ҰК» АҚ нысаналы құрылымы
      Салада жүктердi ұлттық тасымалдаушы, жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы және тәуелсiз тасымалдаушылар әрекет етедi. Ұлттық тасымалдаушылар МТЖ компаниясы - операторларымен бiрге «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтiк құрылымына кiретiн болады.
      Жүктердiң ұлттық тасымалдаушысы («ҚТЖ - Жүк тасымалы»2 АҚ) «Қазтемiртранс» АҚ және «Қазтранссервис» АҚ бiрiгу және «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының мiндеттерiн «Тасымал процесiнiң дирекциясы» АҚ беру жолымен құрылады.
      Мемлекетаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылардың ұлттық тасымалдаушысы («ҚТЖ - Жолаушы тасымалы» АҚ) «Жолаушылар тасымалы»3 АҚ, «Багаж тасымалы» АҚ, «Жолаушылартранс» ЖШС, «ЖЛВК» АҚ, «Вагонсервис» АҚ базасында құрылады.
      Қала маңындағы тасымалдарды жеке меншiк немесе жалға алынған жылжымалы құрамы және жергiлiктi инфрақұрылымның қажеттi объектiлерi бар мемлекеттiк және тәуелсiз тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      Ұлттық тасымалдаушылардан басқа лицензиясы және жеке немесе жалға алынған жылжымалы құрамы мен жергiлiктi инфрақұрылымның қажеттi объектiлерi бар басқа да тасымалдаушылар жұмыс iстейдi.

      _______________________


      2 Жұмыс атауы
      3 Жұмыс атауы

      «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральды желi дирекциясы» және «Тасымал процесiнiң дирекциясы» филиалдары базасында МТЖ операторы болып табылатын және Ұлттық және тәуелсiз тасымалдаушыларға тең жағдайда қызмет көрсететiн «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «ҚТЖ Инфрақұрылым» АҚ еншiлес компаниясы құрылады.


      Сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң негiзгi қызметiнде жүктер мен жолаушылар тасымалдаушыларына тең жағдайда қызмет көрсететiн жергiлiктi және магистральды темiр жол инфрақұрылымы объектiлерiнiң тәуелсiз операторлары қызмет етедi.
      Тиiсiнше, жүк тасымалдары, жолаушы тасымалдары және МТЖ қызметтерi бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтiк орталығы мен еншiлес компаниялары бар холдингтiк құрылымға қайта құру қарастырылған.
      Бұл жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтiк құрылымының шеңберiнде МТЖ операторлары, жергiлiктi инфрақұрылым операторлары, тасымалдаушылар, сондай-ақ темiр жол көлiгi саласында өзара қарым-қатынасты реттейтiн мемлекеттiк органдар арасында функцияларды, активтердi мен персоналды қайта бөлу жүзеге асырылады.
      Жүктер мен жолушы тасымалдаушыларына ұсынылатын МТЖ қызметтерiнiң тарифтерiн мемлекет реттейдi. Жүк тасымалдаушыларының қызметтерiне бағалар сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тетiгiн негiзiнде еркiн қалыптасады.
      Жолаушылар тасымалдаушылары, магистральды инфрақұрылымның шағын қызметтi және жаңадан енгiзiлген (немесе қайта құрылған) объектiлерiнiң тәуелсiз операторлары және жергiлiктi инфрақұрылымның жеке шағын қызметтi объектiлерiнiң тәуелсiз операторлары өз қызметiн концессия (МЖӘ) шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
      Осы бағдарлама iс-шаралары iске асырылғаннан кейiнгi «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымы 5-суретте ұсынылған.

5-сурет. "Қазақстан темiр жол" ҰК" АҚ холдингiнiң мақсатты құрылымы



      Жүк тасымалы нарығының нысаналы құрылымы


      Тасымалдау қызметiнде жетiлген бәсекелестiктiң нарықтық құрылымын жүзеге асыру келесi себептерге байланысты мүмкiн емес. Жетiлген бәсекелестiктiң негiзгi белгiсi бағасына аз бақылау жүргiзетiн және стандартталған өнiмi бар тәуелсiз әрекет ететiн «сатушылар» санының көптiгi болып табылады.
      Темiр жол көлiгiмен әрбiр нақты тасымал өз параметрлерi бойынша бiрегей қызмет болып табылады. Темiр жол көлiгiнiң қолданыстағы қызметтер прейскуранты (жүктер тасымалының тарифi) оларды жүктер түрлерi және бұл ретте он мыңдаған позициялардан тұратын қашықтық белдеулерi бойынша жасанды түрде реттеу жүргiзедi.
      Яғни, темiр жол көлiгiнiң қызметтерi қатты сараланған, бұл нарықта үстем жеткiзiп тұрушы болмаған жағдайда, жеткiзiп тұрушының көп болуы автоматты түрде монополиялық бәсекелестiгi бар нарық үлгiсiне әкелiп соғады.
      Монополиялық бәсекелестiк бағыттары, жүктердiң түрлерi, жылжымалы құрамның типтерi немесе клиенттер сияқты нарықтың белгiлi бiр сегменттерiне (тауарлар) мамандандырылған көптеген компаниялардың туындауын болжайды.
      Монополиялық бәсекелестiк үлгiсiн iске асырудың негiзгi кемшiлiгi нарықтың жекелеген сегменттерiнде жергiлiктi монополистер қатарының пайда болуы болып табылады. Монополиялық бәсекелестiгi бар нарықтарда ресурстарды тиiмдi пайдалануға қол жеткiзiлмейдi.
      Темiр жол көлiгiн реформалаудың экономикалық мақсаты жүктердi тасымалдауға экономика ресурстарын жиынтық тұтынуды оңтайландыруда Темiр жол көлiгiнiң экономикалық тиiмдiлiгi кәсiпорын қызметiнiң ауа мөлшерiне тiкелей байланысты.
      Масштаб нәтижесi бөлшектелген паркпен сол жүк ағынына бөлек қызмет көрсетумен салыстырғанда жүк ағыны мен вагондар паркiнiң бiрiгуi бос жүрiстердi едәуiр қысқартатын темiр жол көлiгiнiң ерекшелiгiмен күшейедi.
      Оның капитал сыйымдылығының жоғары деңгейiн есепке ала отырып, темiр жол саласының тиiмдiлiгiн сақтау және көтерудiң негiзгi факторлары жылжымалы құрамға ауқымды инвестицияларды жүзеге асыра алатын, нарықтың барлық сегменттерiнде жүйелiк бәсекелестiктi ұйымдастыруға қабiлеттi, iрi компанияның болуымен қамтамасыз етiлетiн шығындарды үнемдеу болып табылады. Сала тиiмдiлiгi барлық сегменттерде нарықтың «тауашалық» қатысушыларымен бәсекелесе алатын және жиынтық нарықтың мол үлесiн қамтитын нарықта iрi тасымалдаушы болған жағдайда ғана мүмкiн.
      Осылайша, «масштаб нәтижесi» мен бәсекелестiктi дамыту арасындағы оңтайлы арақатынасқа iрi тасымалдаушы басымдыққа ие нарық құрылымы кезiнде қол жеткiзiледi.
      Темiр жол саласына бәсекелестiктi табысты енгiзудiң халықаралық тәжiрибесi, темiр жол тасымалдар бәсекелес нарығының оңтайлы құрылымы нарықта 90% үлесi бар, жекелеген маршруттарда жұмыс iстейтiн тәуелсiз тасымалдаушылармен («тауашалық операторлары») нарықтың барлық сегменттерiнде бәсекелесе алатын тасымалдау қызметтерiнiң iрi жеткiзушiсiн («желiлiк интегратор») қамтитынын көрсетедi
(7-диаграмма).

      Бұл кезде тиiмдi бәсекелестiктiң маңызды жағдайы мыналарды кемсiтушiлiктi болдырмау болып табылады:


      1) оның қызметiн коммерциялау және әлеуметтiк-маңызды қызметтердi жүзеге асырудың нарықтық қағидаттарына өту есебiнен ұлттық тасымалдаушы;
      2) торапты және жергiлiктi темiр жолдар инфрақұрылымдарының қызметтерiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету арқылы тәуелсiз тасымалдаушылар.
      Басқа жағдайда Ұлттық тасымалдаушының бәсекелестiкке қабiлетсiздiк қаупi және олардың және тәуелсiз тасымалдаушылар арасында кiрiстi және шығынды қызметтердi бөлу бар.
      Ұлттық жүк тасымалдаушының өсу үлесiмен темiр жол тасымалы нарығының құрылымы қызметтер тиiмдiлiгi мен сапасын көтеруге арналған «тиiмдi масштабы» мен нарық күшi қысымының арасындағы оңтайлы қатынасты қамтамасыз етедi. Нарықта шоғырлануды жасанды төмендету тұтынушылар үшiн қызметтер құнының көтерiлуiне әкелiп соғады.
      Осыған байланысты нарық құрылымына мемлекеттiң араласуы және нарықта үйлеспеушiлiк пен экономикалық агенттер үшiн нарықтық сигналдарды бұрмалауды тудыратын баға белгiлеудiң нарықтық тетiгiн ауыстыру орынсыз.
      Осылайша, жүк тасымалы нарығының нысаналы құрылымына келесiлер кiредi:
      1) ЕО елдерiнiң тәжiрибесiне сәйкес 80-85% дейiн жоғары нарықтық үлесiмен «Желiлiк» ұлттық тасымалдаушы;
      2) қызметiн келешекте кеңейту арқылы бiр немесе бiрнеше бағыттарда (полигондарда) жұмыс iстейтiн тәуелсiз тасымалдаушылар;
      3) МТЖ қызметтерiне кемсiтушiлiксiз қол жеткiзудi мемлекеттiк реттеу.
      Жолаушы тасымалы нарығының нысаналы құрылымы
      Нысаналы үлгiде конкурстық негiзде мемлекет пен бiлiктi кәсiпкерлер арасында жасақталатын концессия шарттары (МЖӘ, франшиз) ұзақ мерзiмдi келiсiмдер негiзiнде жолаушы тасымалын ұйымдастыру және әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын субсидиялау тетiгiн жетiлдiру болжанады.
      Нысаналы үлгiде жолаушы тасымалын жүзеге асыратын компаниялар саласына тасымалдау процесiне (вагондар мен локомотивтер) тартылған активтер үшiн толық бақылау және жауапкершiлiк, олардың ұсталуы мен жаңаруы, сондай-ақ стратегиялық және операциялық жоспарлау шеңберiнде тасымалдау процесiндегi шығынды оңтайландыру қажет.
      Осыған байланысты тiкелей тасымалдаушылар, соның iшiнде Ұлттық жолаушы тасымалдаушысының да локомотивтерi мен вагондарын шоғырландыру көзделедi.
      Жолаушы тасымалының тиiмдiлiгiн көтеру мақсатында Қазақстанның барлық аймағы мен хабтардың тарту аймағында қысқа тармағындағы тасымалының түйiндерi арасында алыс жедел қатынас жолдарын ұйымдастыруды қарастыратын жолаушы тасымалының жаңа логистикалық үлгiсiн енгiзу арқылы төсем аймағы мен бағыттарды ұйымдастыру жүйесi қарастырылды. Бұл ретте темiр жол және автомобиль көлiктерiн бiрiктiрумен интермодальдық сервистi ұйымдастыру көзделуде.
      Функцияларды бөлу
      Темiр жол көлiгi негiзгi қызметiнiң операциялық-технологиялық қосалқы жүйесi тасымалды коммерциялық және технологиялық жоспарлау, өтiнiмдердi қабылдау мен тапсыру, жүк тиеу/түсiру, вагон мен поезд ағынын ұйымдастыру, локомотивтiк тартымды қолдану, диспетчерлiк реттеу, жылжымалы құрам мен МТЖ қызмет көрсетудiң ұйымдастырушылық-басқару және өндiрiстiк процестерiнiң жиынтығын қамтиды.
      Жаңа операциялық-технологиялық үлгiде негiзгi қызметтер жаңа субъектiлер арасында бөлiнедi.
      Жүк тасымалдаушының негiзгi қызметтерi:
      1) жүктердi жоспарлау (жылдық, айлық және жедел) шеңберiнде - клиенттерден өтiнiм қабылдау, тасымалдың жылдық жоспар-болжамын әзiрлеу, поездарды құрастыру бойынша жоспарға енгiзу үшiн ұсыныстар әзiрлеу, тасымалдың айлық жоспарын жасау, жүктердi тиеу/түсiру және тасымалын жоспарлауды жедел (тәулiктiк) жоспарлау;
      2) технологиялық процестердi нормалау шеңберiнде - өз локомотив паркi жұмысының технологиялық нормаларын әзiрлеу, МТЖ операторының поездар қозғалысының жиынтық кестесiне енгiзу үшiн ұсыныстар әзiрлеу, локомотивтер мен локомотивтiк бригадалар айналымының кестесiн жасау вагон паркiнiң пайдалану жұмысының техникалық нормаларын (осы функцияларды iске асыру тасымалдау процесiнiң жаңа технологиясына өтудi, қазiргi критерийлердi өзгертудi талап етедi);
      3) тасымалды реттеу шеңберiнде - вагон мен локоматив паркiн, жүк тиеу және түсiру жұмыстарын диспетчерлiк реттеу;
      4) тасымалдау процесiнiң шеңберiнде - тасымал құжаттарын ресiмдеу және дайындау, тасымал бойынша қызметтердi және клиенттермен есеп айырысуды ресiмдеу мен бағалау, жүктер мен вагондарды қабылдап - тапсыру, дайындау. Поездарды құрастыру/тарату, вагондарды тiркеу/ тiркеуден ағыту, тиеу және түсiру үшiн вагондарды беру және тазалау немесе техникалық және технологиялық шектеулер бойынша атаулы операцияларды өз бетiмен жүзеге асыру үшiн мүмкiндiктер болмаған жағдайда МТЖ операторына өтiнiм беру.
      Жолаушылар тасымалдаушылардың негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
      жолаушылар тасымалын жоспарлау және МТЖ операторының поезд қозғалысының жиынтық кестесiне қосу үшiн ұсыныстар әзiрлеу, өз локомотивтерi мен локомотив бригадаларының айналым кестелерiн әзiрлеу, вагон мен локомотив паркiн диспетчерлiк реттеудi, билет сатуды, жолаушыларды отырғызып, түсiрудi, құрастыру және аралық станцияларда вагондармен жабдықтауды, техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру, құрамдарды құрастыру/ажырату үшiн маневр локомотивiне, вагондарды берiп/тазартуға, тiркеп/ағытуға өтiнiм беру және жол парктерiнiң арасындағы құрамдардың орнын ауыстыруды, поездар мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
      МТЖ операторының негiзгi функциялары:
      1) тасымалдауды жоспарлау және технологиялық процестердi мөлшерлеу шеңберiнде - темiр жол станциялары мен жеке-жеке пункттер жұмыстарының технологиялық процестерiн әзiрлеу, жүк және жолаушылар тасымалдаушылардың ұсыныстарын жинақтау, МТЖ бойынша поездар
қозғалысының жиынтық кестесiн әзiрлеу, станциялар мен кiреберiс жолдардың бiрыңғай технологиялық процестерiн тармақ иелерiмен, тасымалдаушылармен бiрлесiп әзiрлеу;
      2) жедел жоспарлау және дипетчерлiк реттеу шеңберiнде - поездар қозғалысы мен станциялардағы маневрлiк жұмыстарды диспетчерлiк басқару;
      3) тасымалдау процесi шеңберiнде:
      4) магистральды желi қызметтерi мен тасымалдаушылармен есеп айырысуды ресiмдеп, бағалау;
      станцияларда маневрлiк операцияларды (поездарды құрастыру/ажырату, вагондарды тiркеу/ағыту, станциялардың парктерi арасында вагондардың (құрамдардың) орындарын ауыстыру, тасымалдаушының техникалық және технологиялық шектеулерден өздiгiнен жүзеге асыру мүмкiндiгi болмаған кезде жүк тиеу және түсiру кезiнде вагондарды берiп, тазартуды ұйымдастырып, орындау;
      вокзалдар, перрондар мен платформаларды ұстау және қызмет көрсету;
      магистральды және станциялық жолдарды, объектiлер және дабыл, байланыс жабдықтарын, техникалық және технологиялық нормаларға сәйкес электрмен жабдықтау объектiлерiн ұстау және қызмет көрсету, өрттен кейiн қалпына келтiру поездарын пайдалану және ұстау;
      поездарды тарту үшiн электрмен жабдықтау;
      вагондардың техникалық жағдайын бақылау (техникалық тексеру)  және техникалық қызмет көрсету (ажыратпай жөндеу);
      тасымалдау құжаттарын өңдеу және құрамдарды құрастырып/тарату және поездарды қабылдау, жөнелту үшiн қажеттi құжаттама әзiрлеу;
      негiзгi тасымалдау қызметтерiне нұқсан келтiрмей орындалатын, тасымалдау процесi операцияларын орындауға қатысты емес вагондарды қоюға арналған станциялық жолдарды беру;
      аралық станцияларда вагондарды жабдықтау және техникалық қызмет көрсету, беру/тазарту, тiркеу/ағыту;
      темiр жол көлiгi ақпараттық жүйесiнiң бағдарламалық-аппараттық кешенiн пайдаланып, ұстау.
      Локомотивтiк сервистiк инфрақұрылым операторының негiзгi функциялары мыналар: локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және локомотивтердi жабдықтау, локомотивтiк бригаданың демалысын ұйымдастыру.
      Жергiлiктi темiр жол инфрақұрылымы операторының негiзгi функциялары мыналар: кiрме жолдар, жүк қоймалары мен терминалдарға және басқа да жергiлiктi инфрақұрылым объектiлерiне технологиялық нормаларға сай қызмет көрсету, МТЖ операторымен, тасымалдаушылармен бiрлесiп, станциялар мен кiрме жолдардың бiрыңғай технологиялық процестерiн әзiрлеу.
      Бұрын да аталып өткендей, қазiргi уақытта тасымалды ұйымдастырып, жүзеге асырудың бiрiккен базалық технологиялық процесi «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесiнiң ұйымдастыру шеңберiнде қамтамасыз етiлген. Осы Бағдарламада қарастырылған институционалдық өзгерiстер саланың жаңа институционалдық-құқықтық құрылымы шеңберiнде тасымалдауға қатысушылардың қызметтерiн бөлетiн және базалық технологиялық процестiң функционалдық тұтастығын қамтамасыз ететiн нақты операциялық-технологиялық үлгiсi жаңа ережелерде жасалып, регламенттеледi.
      Активтердi бөлу
      МТЖ операторының қарамағына оның функцияларын жүзеге асыру үшiн келесi өндiрiстiк активтер мыналарды қамтиды:
      1) магистральды жолдар мен станциялардың жолдарын дамыту (жолдар, жасанды құрылыстар мен бөлiнген жолақтар);
      2) станциялық ғимараттар мен құрылыстар, соның iшiнде вокзалдар;
      3) электр желiлерi мен қосалқы трансформаторлық станциялар;
      4) телекоммуникациялық желiлер мен сигнал беру және байланыс объектiлерi;
      5) ақпараттық жүйенiң бағдарламалық-техникалық кешенi (жол ведомосын бiрiктiрiп өңдеудiң бiрыңғай кешенi, машинист бағытын бiрiктiрiп өңдеу жүйесi, пономерлiк есеп жүргiзудiң автоматтандырылған жүйесi және вагон паркiнiң орналасуын анықтау, «Экспресс» басқару автоматтандырылған жүйесi және басқалар);
      6) жол машиналары, ауыр техникалар, арнайы диагностикалық вагондар паркi;
      7) жолдарға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жеке технологиялық мұқтаждар үшiн қажет вагон паркi;
      8) қызметтiк және литерлiк вагондар;
      9) өрттен кейiн қалпына келтiру поездары;
      10) МТЖ қызметiне арналған кiрме жолдар, вокзалдар мен платформалар;
      11) темiр жол инфрақұрылымы объектiлерi мен тұрғындар аз қоныстанған станцияларды қамтамасыз ету үшiн қажет жылу және сумен жабдықтау;
      12) сумен жабдықтауға арналған көлiк құралдары;
      13) әкiмшiлiк және өндiрiстiк ғимараттар, автокөлiк және кеңсе жабдықтары;
      14) маневрлiк локомотивтер және депо инфрақұрылымы.
      Ұлттық жүк тасымалдаушының қызметтерiн жүзеге асыру үшiн меншiгiне берiлетiн өндiрiстiк активтерге мыналар кiредi:
      магистральдық жүк локомотивтерi;
      жүк вагондары мен контейнерлер;
      жүк қоймалары мен терминалдар;
      вагондарды даярлау пункттерi мен жуу-булау станциялары;
      депоның вагон жөндеу бөлiгi;
      кiрме жолдардың бөлiгi;
      арту/түсiру көлiктерi мен жабдықтары;
      бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирiнiң автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны және басқалар);
      әкiмшiлiк ғимарат, автокөлiк және кеңселiк жабдықтар.
      Ұлттық жолаушылар тасымалдаушының қызметтерiн жүзеге асыру үшiн меншiгiне берiлетiн өндiрiстiк активтерге мыналар кiредi:
      1) магистральдық жолаушылар локомотивтерi;
      2) жолаушылар, багаж вагондары, мейрамхана-вагондар;
      3) қызметтiк, литерлiк және арнайы вагондар;
      4) вагондардың тұру жолдары;
      5) бағдарламалық-техникалық құралдар (билет кассирiнiң автоматтандырылған жұмыс орны және басқалар);
      6) әкiмшiлiк ғимарат, автокөлiк және кеңселiк жабдықтар;
      7) жолаушылар пайдалану вагондарының депосы (ұсақ жөндеу, жабдықтау).
      Темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк реттеу және экономикалық саясат
      Саланы мемлекеттiк реттеу реформасын жүзеге асыру барысында мемлекет миссиясы сала секторларына байланысты теңестiрiледi.
      Саланың мақсатты үлгiсiнде жүк тасымалдау қызметтерiн қамтамасыз етуде және қызметтерге бағаны қалыптастыруда мемлекеттiң жауапкершiлiгiн алу қарастырылады.
      Жүк тасымалдаушылардың, соның iшiнде мемлекеттiк жүк тасымалдаушы ұсынатын қызметтердiң сапасы, көлемi мен түрлерi, сондай-ақ осы қызметтерге бағалар тағайындау нарық күштерiмен реттеледi.
      Секторда мемлекеттiк қадағалау құралдары ретiнде тасымалдың технологиялық процестерiнiң бүтiндiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және бәсекелестiктi қорғауға, тасымалдаушылардың МТЖ операторлары мен жергiлiктi инфрақұрылым иелерiмен өзара iс-қимылы кезiнде құқығын шектетпеуге бағытталған заңнама нормалары болады.
      Бағалар мен тарифтердi реттеу
      Экономиканың ауқымы едәуiр нәтиже берiп, капиталды көп қажет ететiн, желiлiк және инфрақұрылымдық салаларда жоғары шоғырлану өнiм (қызметтер) бағасын түсiрудiң бiрден-бiр елеулi факторы болып табылады.
      Жалпы нәтижесi қазақстандық нарыққа тән үлкен аумағы мен халықтың аз тығыздығымен күшейедi.
      ЕО елдерiндегi жүк тасымалы нарығын ырықтандыру тарифтердi едәуiр төмендетiп, қызмет көрсету икемдiлiгiнiң көтерiлуi және жүк тиеу-түсiру жұмыстары мен кедендiк рәсiмдеу секiлдi қосымша қызметтердi ұсыну сияқты клиенттер үшiн қосымша артықшылықтардың пайда болуына әкелдi.
      Сонымен қатар жүк тасымалдауға орташа бағалар төмендетiлдi (8-диаграмма).

8-диаграмма, Тұтастай алғанда тұтынушылар мен экономика үшiн жүк тасымалдары нарығын ырықтандырудан келетiн пайда



      ҚР қолданыстағы темiр жол көлiктерiнiң қызмет көрсетуiн тарифтiк реттеу қазiргi заманғы экономикалық қағидаттарға сай келмейдi және көбiнесе саяси, әлеуметтiк пiкiрлермен қабылданған, бұл жалпы жүк ағымы көлемiнiң нарықтық бөлiгiн жоғалтуға, қызмет сапасының төмендеуiне, темiр жол жүйесiнiң моральдық және жеке тозуына әкеледi.


      Мемлекеттiк реттеу реформасы кезең-кезеңiмен жүзеге асады. 2011 жылы мемлекеттiк реттеуден жүк тасымалдағаны үшiн вагон құрамын шығару, 2014 жылы - тасымалдау қызметiн қайта реттеу жоспарланып отыр (6-сурет)

6-сурет. Жүк тасымалдау нарығын мемлекеттiк тарифтiк реттеу әдiстерiн өзгерту



      Нарықты ырықтандыру нәтижесiнде қызметтердiң экономикалық құны негiзiнде тарифтердi нарықтық қайта теңгеру болады.


      2014 жылы бәсекелестiк үлгiсiн енгiзер кезде Қазақстанның Бiрыңғай кедендiк одаққа (бұдан әрi - БКО) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру шеңберiнде тарифтердi сәйкестендiру (яғни, жақындасу жағына қайта теңгеру) жұмыстарын кезеңiмен жүргiзу қажет болады.
      Жолаушылар тасымалдау нарығында плацкарт вагондарына билет бағалары концессия шарттары (МЖӘ) негiзiнде реттелетiн болады, бұл халықтың жүрiп-тұруына қол жетiмдi әдiстi ұсынады, бiрақ жайлы жабдықталған вагондардың (купе және жатын вагон) билет бағалары реттелуi сұраныс және ұсыныс нарығы арқылы анықталады. Бұнда реттелетiн қызметтерге баға белгiлеу қағидаттары жеткiзушiнiң баға белгiлеу сапасына, маусымына және сұраныс кезiнде байланысты белгiлi бiр ауқым шегiнде икемдiлiктi қамтамасыз етуi керек.
      МТЖ және жергiлiктi темiр жол инфрақұрылымы қызметтерiнiң тарифтерiн мемлекет реттейдi. Экономикалық тиiмдiлiгi мен клиентке бағытын көтеру мақсатында табиғи монополия субъектiсiнiң - МТЖ операторының реттеуiнде мыналар болады:
      1) ең шектi ынталандыратын тариф белгiлеу қағидаттарына негiзделедi;
      2) клиенттерге тән қажеттiлiктердi есепке алатын және белгiленген заңнамаға сай өндiрiс тиiмдiлiгiн көтеруге ынтаны қамтамасыз ететiн белгiленген шекте тарифтердi белгiлеудегi субъектiнiң тәуелсiздiгi;
      3) тарифтердi макроэкономикалық жағдаятты және тоғыспа қаражаттандыруды реттеу құралы ретiнде пайдаланбау;
      4) ережелер мен тәртiптердi түбегейлi жеңiлдетудi, сондай-ақ ақпараттардың толық тiзбесiн және тарифтердi белгiлеу жөнiнде шешiм қабылдау үшiн анық белгiлерiн қарастыру.
      Жеке субъектiлермен темiр жол желiлерiн (учаскелерi) салып, пайдаланудың заңнамамен қарастырылған мүмкiндiгiн ескерiп, инфрақұрылымдық қызметтердi бағалық реттеу бұл учаскелерде ұзақ мерзiмдi қаржылық және жобалардың коммерциялық параметрлерiн есепке алатын, концессиялық келiсiмдерден шығатын тетiктер негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк субсидиялау
      Тоғыспа қаражаттандыруды кезең-кезеңiмен тоқтату жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк бюджет жүктемесiн төмендету үшiн шығыны бар әлеуметтiк маңызды қызметтердi сәйкестендiру және оңтайландыру жұмыстары жүргiзiледi, сондай-ақ концессия (МЖӘ) тетiгi қолданылады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiнде МТЖ шағын қызмет көрсететiн учаскелерi, жергiлiктi инфрақұрылымның iске қосылмаған және толық емес объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлiп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаражаттандыру немесе объектiлердi концессияға беру жөнiнде тиiстi шаралар өткiзiлдi.
      Жолаушылар тасымалдау қоғамдық - маңызды қызмет, сондықтан қызмет құнының бiр бөлiгi мемлекет жабады. Сол кезде барлық тасымалдау құрылымындағы қызметтердi кiрiстi және шығынды деп бөлiп, бағыттарды оңтайландыру қажет.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражат әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын субсидиялау және қолданыстағы заңнама актiлерiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн жолаушы жылжымалы құрамды жаңартуды қаражаттандыруға бағытталады.
      Әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100 % бюджеттiк субсидиялауға шығу кезең-кезеңiмен қамтамасыз етiледi.
      Желiлiк инфрақұрылымдық келiсiмшарт
      Экономикалық теорияға сәйкес әлеуметтiк жақсы тұрмыс ең шегiне жетедi, соның салдарынан егер баға маржиналдық (шектi) шығындарға тең болса, экономикалық тиiмдiлiк қамтамасыз етiледi. ЕО елдерiнде мiндеттi норма ретiнде темiр жол инфрақұрылымының маржиналдық (шектi) щығындарға негiзделген баға белгiлеу қағидаты қарастырылады.
      Мұнда халықаралық тәжiрибе темiр жол инфрақұрылымын беру қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi болашақта өзiн қаржыландыра алмайтынын көрсетедi. Тиiмдi баға өндiрушi ұсынған бағадан гөрi қоғам өнiм үшiн төлеуге дайын бағаға көп бағытталған.
      МТЖ шағын қызметтi және толық емес объектiлерi, МТЖ қызметтерiне тарифтердi тоғыспа қаражаттандыруды алып тастау мақсатында, жолдың осы немесе басқа санаттарына жататын учаскесi мен олардың қозғалыс қарқындылығына қарай сараланады.
      МТЖ операторы мен жергiлiктi инфрақұрылым субъектiлерi қызметтерiнiң жекелеген учаскелерiнде тасымалдаудың төменгi қарқыны, осыған сәйкес қызмет бiрлiгiнiң жоғары шығынына байланысты экономикалық қол жетпеген жағдайда тарифтер пайдалану және капиталдық шығындарды жаппайтын деңгейде белгiленедi.
      Инфрақұрылым үшiн ұзақ мерзiмдi реттеушi шешiм ретiнде «Желiлiк инфрақұрылымдық келiсiмшарт» тетiгiн енгiзу жоспарланып отыр, соның шеңберiнде мемлекет аймақтардағы темiр жол көлiгiндегi өткiзу қабiлетi мен тарифтер деңгейiнiң ұзақ мерзiмдi қажеттiлiгiн анықтайды, ал темiр жол көлiгi - қаржыландыру және осы мiндеттердi орындау жұмыстарының қажеттi көлемi.
      «Желiлiк инфрақұрылымдық келiсiмшарт» қағидаттары:
      1) мемлекеттiң көлiк жүйесiндегi темiр жол тасымалының мақсатты рөлi мен үлесiн ескерiп, инфрақұрылымның өткiзу қабiлетiнiң ұзақ мерзiмдi қажеттiлiгiн анықтау;
      2) қызмет көрсететiн жүк станцияларының саны, инфрақұрылымның шағын қызметтi станциялары мен учаскелерiн жабу және консервация белгiлерi;
      3) желiлер мен учаскелердiң өткiзу қабiлетiнiң деңгейi;
      4) қозғалыстың техникалық жағдайы мен қауiпсiздiгiнiң мақсатты стандарттары;
      5) клиенттерге арналған қызметтердiң мақсатты стандарттары  және сапа деңгейi;
      6) инфрақұрылым қызметтерiнiң құны және өзгерiстер серпiнi.
      Сөйтiп, желiлiк инфрақұрылымдық келiсiмшарт шеңберiнде мемлекет:
      1) желiнiң өткiзу қабiлеттiлiгiнiң шынайы қажеттiлiгiнен шығатын инфрақұрылымдарды жетiлдiру бойынша өз мiндеттерiн анықтайды;
      2) уәкiлеттi орган жағынан индустриалдық-инновациялық дамытудың ұзақ мерзiмдi жоспарлары, сондай-ақ өндiрiстiк қуаттылықты бөлу негiзiнде экономиканы дамытуды қамтамасыз ету үшiн темiр жол инфрақұрылымы қызметтерiнiң қажеттiлiгiн анықтайды;
      3) инфрақұрылым объектiлерiне, сондай-ақ ережелер мен нормативтер арқылы жылжымалы құрамға техникалық нормативтiк талаптарды белгiлейдi;
      4) инфрақұрылымды дамытудың ұзақ мерзiмдi қаржылық үлгiсi негiзiнде инвестициялық қажеттiлiктi ескерiп, инфрақұрылымға қол жеткiзуге тарифтер деңгейiн белгiлейдi. Инфрақұрылымды жетiлдiрудiң қаржыландыру көзi МТЖ қызметтерiне қол жеткiзу тарифi болады. Мемлекет қаржылық үлгiде қарастырылған тарифтiк саясатты өзгерткен жағдайда мемлекет жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан жобалардың өтемақысын мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өтейдi.
      Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру
      Қазақстанның темiр жол көлiгi инфрақұрылымының басым бағыты болып жаңа темiр жол желiлерiн салу жолымен транзиттiк әлеуетiн дамыту болып табылады.
       Қазақстан, Түрiкменстан және Иран мемлекеттерi басшыларының тапсырмаларына сәйкес «Өзен - Түрiкменстанмен шекара» темiр жол желiсiнiң құрылысы басталды. Бұл желi Солтүстiк - Оңтүстiк халықаралық дәлiзiнiң бiр бөлiгi бола тұрып, Қазақстанды Парсы шығанағы елдерiмен тiкелей байланысын қамтамасыз етiп, 600 км жуық Солтүстiк - Оңтүстiк халықаралық дәлiзiнiң қазiргi бағытымен салыстырғанда тасымалдау қашықтығын қысқартады.
      Мемлекеттiк сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс құны 65 059 млн. теңгенi құрайды.
      Қорғас - Жетiген (ұзақтығы 293 км) жобасы Қытаймен темiр жол өткелiнiң екiншi шекара бекетiн ашуға мүмкiндiк берiп, Достық станциясын барынша жеңiлдетедi.
      Мемлекеттiк сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс құны 153 201 млн. теңгенi құрайды.
      Концессиялық негiзде Ералы - Құрық темiр жол желiсiн салу жобасын iске асыру жоспарлануда, оның мақсаты Қазақстан Республикасы Каспий маңы аумағындағы жағалау инфрақұрылымын дамыту және Құрық портына көлiктiк қызмет көрсету үшiн жағдай жасау болып табылады.
      Экономикалық интеграция
      ҚР, РФ және Беларусь Республикасы мемлекетаралық келiсiмiне  сәйкес 2010 жылдан бастап бұдан БКО енiп, 2012 жылға дейiн Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк қалыптастырады.
      ҚР, РФ және Беларусь Республикасының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгi - бұл нарықтық қағидаттар мен үйлесiм тапқан құқықтық нормаларды қолдануға негiзделген экономиканы реттеудiң бiртектес механиздерi жұмыс iстейтiн кеңiстiк, бiрыңғай инфрақұрылымы бар және тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күштерiнiң еркiн қозғалысын қамтамасыз ететiн келiсiлген салықтық, ақша-несиелiк, валюта-қаржылық, сауда және кедендiк саясат жүргiзiлуде.
      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн құру келесi кезеңдi көздейдi:
      1) еркiн сауда аймағын қалыптастыруды аяқтау;
      2) кедендiк одақты аяқтау;
      3) бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi аяқтау.
      4) Қазақстанның БКО және ДСҰ кiруiн ескерiп, iшкi темiр жол тарифтерiн сәйкестендiру және бiрыңғай экономикалық жағдай қалыптастыру үшiн БКО қатысушы-елдердегi темiр жол тарифтерiне жақындату жұмыстары жүргiзiледi.
      Бiрақ, БКО елдерiндегi темiр жол салалары реформалау жағдайында, мұнда саланың қолданыстағы және мақсатты үлгiсiнде түбегейлi айырмашылық бар. Айырмашылықтар, атап айтқанда, темiр жол көлiгiнiң нарықтық саласын заңнамалық анықтауын қамтиды.
      Мысалы, Қазақстанның темiр жол көлiгiндегi мақсатты үлгiсi бәсекелестiк саласы жүк пен жолаушылар тасымалы болады, ал табиғи монополиялар саласы темiр жол инфрақұрылымы болып анықталады. Ресей Федерациясында темiр жол саласының мақсатты үлгiсi талқылануда, соның шеңберiнде түрлi нұсқалар, соның iшiнде жүк тасымалы мен инфрақұрылымды монополиялық салаға жатқызып, вагондарды операциялау қызметiмен байланысты ашық бәсекеге нарықтың аса тар аясын қарастыратын нұсқалар да қарастырылуда. Беларусь Республикасында әзiрге вагондарды операциялау сегментiнде нарыққа қол жеткiзетiн элементтерi бар тiгiнен шоғырланған монополиялық темiр жол компаниясы сақталуда.
      Осыған байланысты, темiр жол көлiгi саласындағы БКО, монополияда қарсы реттеу және табиғи монополияларды реттеу заңнамасы келiсiмi үйлесiм тапқанда темiр жол қызметтерiнiң нарығына тепе-тең негiз қамтамасыз етiлуi керек. Яғни, бейрезидент тасымалдаушылардың немесе олармен үлестес резидент компаниялардың қазақстандық нарыққа қол жеткiзу шарттарының бiрi көршiлес мемлекеттер тарапынан қазақстандық тасымалдаушыларға тең дәрежеде қол жеткiзудi ұсыну болып тұрады.
      Сала өндiрiсiнiң негiзгi құралдарын жаңарту және жаңғырту
      Жүк қазақстандық вагондардың шығып қалу кестесiн ескерiп, қызметi мен тасымалдау көлемiнiң өсу қажеттiлiгiне қарай вагондарды күрделi жөндеудi қоса жаңарту 2015 жылға дейiн 44 000* бiрлiк құрайды.
      Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ көрсетiлген кезеңiнде өз және қарыздық қаражаттары есебiнен 20 500* астам жүк вагондарын сатып алу және де 5 000* жуық вагондарын күрделi жөндеу жұмыстарынан өткiзуiн көздеп отыр.
      2015 жылға дейiнгi кезеңде жолаушы айналымының өсуiн ескере отырып, жолаушы вагондарының iстен шығуының орнын толтыру үшiн бүгiнгi күнi модельдiк қатарда пайдаланылатын 580 * вагонды сатып алынуы қажет.
      Бұл ретте 2011 - 2013 жылдары бюджет қаражатынан кредиттiк негiзiнде 152* «Тальго» жолаушылар вагондарын және 1* дизелдi-рельстiк құрамды сатып алуын жоспарлап отыр.
      2015 жылға дейiн жүк және жолаушы тасымалының болжалды көлемiн қамтамасыз ету үшiн қызмет ету мерзiмiне қарай локомотивтердi шығару өтемақысын ескерiп, 664 локомотив сатып алу қажет.
      Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ көрсетiлген кезеңiнде өз және қарыздық қаражаттары есебiнен 357* жолаушы және жүк қозғалысындағы локомотивiн сатып алуын, сондай-ақ 290* астам тепловоз бен электровоздарды күрделi жөндеу жұмыстарын өткiзуiн көздеп отыр, бюджеттiк қаражат есебiнен 14 * жолаушы қозғалысындағы локомотивiн сатып алуын көздеп отыр.
      Инфрақұрылымдарды жетiлдiру шеңберiнде темiр жол көлiгiнiң телекоммуникацияларын дамыту және соның негiзiнде ұйымның инновациялық технологияларды енгiзу және тасымалдау процесiн басқару жөнiнде шаралар жүзеге асырылады.
      2015 жылға дейiн өткiзiлген нормативтiк тоннажбен жиналған жол ұзақтығын ескерiп, 3 088 километр жолды жетiлдiрiп, жаңартуды жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, жасанды құрылыс, жолдарды қорғау құралдарын, диагностика құралдарын, диспетчерлiк орталықтандыру жүйесiн және электрмен жабдықтау объектiлерiн тасымалдаудың болжалды көлемiн қамтамасыз ету үшiн негiзгi құралдар қызметiнiң мерзiмiне қарай шығару қарқынын ескерiп, қайта жаңартуды жүзеге асыру қажет.
      Қаржыландырудың мүмкiн көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен; «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражат есебiнен жыл сайынғы тарифтердi көтеру және кезең-кезеңiмен әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100 % субсидиялауға көшу (2015 жылға дейiн); жеке инвестициялар.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi жыл сайын белгiленген тәртiппен тиiстi жылғы бюджеттi қалыптастыру және анықтау барысында айқындалатын болады.
      Саланың инвестициялық қажеттiлiктерiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн мыналар жүзеге асырылады:
      1) 2010 жылы 17,6%-ға, 2011 жылдан бастап 2014 жылға жыл сайын 15%-ға кейiннен инфляция деңгейiн түзету арқылы тарифтердi көтеру;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражаттарының есебiнен жолаушы жылжымалы құрамды жаңарту;
      3) 2011 жылы вагон құрамын және 2014 жылдан бастап тасымалдау қызметiне тарифтердi қайта реттеу;
      4) әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100 % субсидиялау.

      _________________________


      * Iшкi және сыртқы параметрлердi өзгерту кезiнде түзету мүмкiн

      Темiр жол саласында институционалдық қайта құруды iске асыру


      Ұйымның технологиялық процесiн және тасымалдауды жүзеге асыруды реттейтiн қазiргi нормативтiк-құқықтық және әдiстемелiк базасы бiрыңғай орталықтандырылған жүйе шеңберiнде орындауға бағытталған. Саланың жаңа құрылымы субъектiлер арасында коммерциялық өзара қарым-қатынастың шығуын қарастырады, олардың әрқайсысының қызметi ұйымның бiрiккен технологиялық процесi мен тасымалдауды жүзеге асырудың жеке тобы болып табылады. Соған сәйкес, бiр субъектiнiң технологиялық қызметi (немесе оның тиiссiз дәрежеде жүзеге асыруы) басқа субъектiлерге экономикалық залал тигiзуi мүмкiн. Мұны және оны ескерiп, көлiктiң жоғары қауiптiң көзi болып табылатындықтан саланың субъектiлер қызметi лицензиялауға, нарықта әлсiз тәртiптi болдырмайтын және тиiстi сапасы мен қызмет көрсету қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қызмет бойынша мемлекеттiк бақылау мен қадағалауға жатады.
      Мынадай дайындық жұмыстары аяқталады:
      1) субъектiлердiң операциялық және реттеушi үлгiсiн әзiрлеу, оған сала субъектiлерiнiң технологиялық, коммерциялық және қаржылық өзара қарым-қатынасын және реттеу тетiгiн нақтылап жобалау кiредi.
      2) саланың мақсатты үлгiсiн және жүктер мен жолаушылар тасымалдаушылар қызмет тарифтерi есебiнiң әдiсiн әзiрлеудi (енгiзу) ескерiп, әзiрленген МТЖ қызметiне тариф белгiлеу әдiстемесiн енгiзу.
      «Темiр жол көлiгiнiң мәселелерi бойынша заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзiрлеу жоспарлануда.
      МЖӘ енгiзуi және жаңа тетiктерiн қолдану нысаның iске асыруына байланысты iс-шарлар, концессия сауалдары бойынша заңнаманы жетiлдiру арқылы жоспарланып отыр.
      Сондай-ақ реттелетiн, нормативтiк-құқықтық актiлерiн әзiрлеуi бойынша iс-шаралар жүргiзiледi:
      1) МТЖ операторы мен жергiлiктi темiр жол инфрақұрылымының субъектiлер қызметтерiне тарифтер белгiлеу;
      2) жүк тасымалдаушыларды лицензиялау ережелерi;
      3) концессияның жаңа нысандары бойынша конкурстарды өткiзу ережелерi.
      Мақсатты үлгiге сәйкес темiр жол саласының қызмет iстеу жағдайларының бiрi мемлекетаралық қатынаста темiр жол тасымалының құқықтық негiздерiн жетiлдiру болып табылады.
      ТЖЫҰ қатысушы-мемлекеттерiмен қол қойылған Мемлекетаралық жүк қатынастары туралы келiсiмге және вагон паркi, поездарды жасақтау жоспары, өзара есеп айырысу бойынша бiрқатар келiсiм және басқа темiр жол көлiгi бойынша орталық Кеңесi (бұдан әрi - ТКОК) шеңберiнде Келiсiмдерге өзгерiстер енгiзу қажет.
      ТКОК шеңберiнде қабылданған келiсiмдер бойынша ортақ парктi қолдану қағидаттары, поездарды жасақтау жоспарының негiздерi, вагондарды жөндеу сертификаттары, темiр жол көлiгi субъектiлерiнiң арасындағы есеп айырысу және басқалары қайта қаралады.
      Нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiруден басқа бiрқатар құрылымдық өзгерiстер жүргiзiледi:
      1) МТЖ қызметiне байланысты емес «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен «Көлiктiк сервис орталығы» АҚ тиесiлi кiрме жолдар заңнамада белгiленген тәртiппен iске асырылады. Болашақта тиiстi «Көлiктiк сервис орталығы» АҚ «ҚТЖ - Инфрақұрылым» ҰК» АҚ-қа қосылады.
      Осы шараларды iске асыруды қамтамасыз ету шеңберiнде «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгiзу жолымен тиiстi құқықтық жағдайлар жасалады;
      2) барлық темiр жол компанияларының вокзалдарға шектеусiз қол жеткiзуi және оларға тиiстi қызмет көрсету үшiн жағдайлар жасау «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамындағы вокзал шаруашылығын шоғырландыру және келесi шараларды жүзеге асыру қажет:
      «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ тиiстi «Вокзалсервис» АҚ 100% акциялар пакетiн «ҚТЖ» ҰК» АҚ сатып алу;
      «Темiр жол мүлiктерi» АҚ тиiстi вокзалдарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ өткiзу бойынша шаралар өткiзу;
      бұрын коммуналдық меншiкке берiлген вокзалдар, перрондар мен платформаларды белгiленген заңнама тәртiбiмен «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншiгiне беру;
      3) «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиiстi «Транстелеком» АҚ 49% акциялар пакетiнiң «Транстелеком» АҚ дамытуға инвестиция тарту үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асады;
      4) «Қазақстанның халық банкi» Халықтық зейнетақы қоры» АҚ қызметi «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағдарсыз болғандықтан «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиiстi акциялар пакетiн жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асады;
      5) «Орман қорғау» ЖШС құру нәтижесiнде орман-қорғау желектерiн күту қызметтерiнiң қымбаттауы мен сапасының төмендеуiне және осы қызмет түрiнде бәсекелестiктi дамытудың мүмкiн еместiгiне байланысты «Орман қорғау» ЖШС жойылады. Орман қорғау желектерiн күту функцияларын «ҚТЖ» ҰК» АҚ, одан әрi «ҚТЖ - Инфрақұрылым» ҰК» АҚ жүзеге асырады.
      Реформалау бойынша Еуропа тәжiрибесi инфрақұрылымға қызмет көрсету қызметтерiн шамадан тыс беру жағымсыз салдарға әкелгенiн көрсеттi. Мысалға, RailTruck (Ұлыбритания) жеке инженерлiк-техникалық персоналдарын азайтып, мердiгерлiк ұйым шарттары негiзiнде инфрақұрылымға қызмет көрсетудi басқаруға тырысты. Бұл Ұлыбританиядағы шарттық мiндеттеме институтының жоғары даму деңгейiнде бола тұра, авариялықтардың көп болуына әкелiп соқтырды. Нәтижесiнде бұл компания (кейiннен мемлекет меншiгiне айналды) жойылды;
      6) «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС жарғылық капиталындағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қатысу үлесi «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншiгiне өткiзiледi. Бұдан әрi «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС iрi өндiрiстiк және жөндеу қуаттылығы шоғырланған «ҚТЖ-Өндiрiс және жөндеу» АҚ болып қайта құрылады. Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиiстi «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ акциялар пакетi «ҚТЖ - Өндiрiс және жөндеу» АҚ өткiзiледi. «Локомотив» АҚ, «Локомотив жөндеу» АҚ және «Локомотивтiк сервис орталығы» АҚ еншiлес жөндеу кәсiпорындары «ҚТЖ - Өндiрiс және жөндеу» АҚ-қа берiледi;
      7) Жолаушылар тасымалдау саласында «Жолаушылар тасымалы» АҚ оған «Жолаушылартранс» компаниясы» ЖШС, «Багаж тасымалы» АҚ, «Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы» АҚ және «Вагонсервис» АҚ қосу жолымен қайта құрылады;
      8) Қазiргi уақытта жолаушылар тасымалын жоспарлау және
ұйымдастыру функцияларын «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асыруына байланысты,
бұл функцияларды «Жолаушылар тасымалы» АҚ өзi жүзеге асырады,
«Жолаушылар тасымалын басқарудың жедел-технологиялық орталығы» ЖШС
жойылады;
      9) Шығындарды оңтайландыру мақсатында «Темiр жолсу» АҚ, «Темiржолжылу» АҚ және «Темiр жол су жылу жабдықтау» ААҚ «Темiр жол жылу» АҚ және «Темiр жол су жылу жабдықтау» ААҚ «Темiр жол су» АҚ қосу жолымен қайта құрылады. Одан әрi «Темiр жол су» АҚ «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ-қа қосылады;
      10) Табиғи-монополия саласы мен тасымалдау қызметiн (магистральдық желi қызметтерi) толық бөлу үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 100% қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ты екi заңды тұлғаға бөлу жүзеге асырылады: «Қазақстан темiр жолы» ұлттық темiр жол компаниясы» АҚ және «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ. Бұл ретте «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ-қа магистральдық инфрақұрылым және МТЖ қызметтерiн ұсыну үшiн қажеттi басқа да активтер берiлетiн болады.
      «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ құру жөнiнде дайындық шараларын өткiзу мақсатында МТЖ иесi және оператор ретiнде жеке ұлттық жүк тасымалдаушыны жасақтау «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желi дирекциясы» және «Тасымалдау процесiнiң дирекциясы» филиалдары арасында қызметтер мен штатты бөлу жүргiзiледi.
      «ҚТЖ — Инфрақұрылым» АҚ жарғылық капиталына МТЖ берудi қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға тиiстi түзетулер енгiзiлетiн болады.
      Заңнамадағы түзетулер мыналарды қарастырады:
      МТЖ және оның объектiлерiн МТЖ («ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ) операторының жарғылық капиталына беру және одан өзге тұлғаларды шеттетуге тыйым салу;
      МТЖ («ҚТЖ — Инфрақұрылым» АҚ) операторының жалғыз акционерi ретiнде саланың мақсатты үлгiсiне сәйкес корпоративтiк орталық мәртебесiне ие «ҚТЖ» ҰТК» АҚ болады;
      11) Ұлттық жүк тасымалдаушының («ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ) функцияларын толық мөлшерде және дербес жүзеге асыру үшiн «Қазтемiртранс» АҚ-қа «Қазттранссервис» АҚ қосылатын және «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Тасымалдау процесiнiң дирекциясы» филиалы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Жолдар бөлiмшесi» филиалдарының тиiстi инфрақұрылымдары (активтер) берiлетiн болады.
      12) «Ертiс-сервис» ЖШС және «Қазығұрт-Оңтүстiк» ЖШС (жуу-булау стациялары) «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастырылады.
      13) Қазақстан Республикасының барлық аумағы жолдарында жүктердi күзетудi қамтасыз ету мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиiстi «Әскери темiр жол күзетi» АҚ 100% акциялар пакетi «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ жарғылық капиталына бередi.
      Күзету қызметi нарығындағы ұсыныстар мен жүктердi күзетудiң сақтандыру тетiгi мен жүктердi сақтауды қамтамасыз ететiн технологиялық шешiмдермен орнын басу үшiн баламаларды дамытуға апаратын «Әскери темiр жол күзетi» АҚ акциялар пакетiн сату мәселесiн қарастырады;
      14) «Локомотив» АҚ мен «Локомотивтiк сервис орталығы» АҚ тиiстi локомотивтер паркi «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ, «ҚТЖ - Жүктер тасымалы» АҚ, «ҚТЖ - Жолаушылар тасымалы» АҚ бөлiнiп, өткiзiледi;
      15) қызмет көрсетiп жатқан депо инфрақұрылымына тасымалдаушылардың тең қол жеткiзуi мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиесiлi «Локомотивтiк сервис орталығы» АҚ 100% акциялар пакетi «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ өткiзiледi.
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қарыздарды тарту бойынша қаржылық емес мiндеттемелерi, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазтемiртранс» АҚ, «Локомотив» АҚ қайта ұйымдастыру шараларын сақтау қажеттiлiгiне байланысты қарыздар туралы келiсiмдер мен оларды қамтамасыз ету кепiл шарттарын жасасқан кредиторлармен, қарызға қызмет көрсету жөнiндегi қаржылық агенттермен алдын-ала келiсiледi: Жапон халықаралық ынтымақтастық банкi (JBIC), Эксимбанк АҚШ, Еуропалық қайта құру және даму банкi, Instituto de Сredito official Испания Корольдiгi, АВN АМRО Ваnk N.V., Ваnk оf New Үоrk (еурооблигация бойынша шарттарға сәйкес басқаратын Сенiм қоры ретiнде), «Қазақстанның Даму банкi» АҚ, «Оңалту және активтердi басқару компаниясы» АҚ, Каzаkhstan Теmir Zholy Ғinаnсе В.V.
      Ескерту. 15) тармақшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет