Темiр жол көлiгiнiң операциялық үлгiсi
Темiр жол көлiгiнiң операциялық қызмет түрлерiне пайдалану, жөндеу, қосалқы, коммуналдық, өнеркәсiп және операциялық-технологиялық кiшi жүйенiң күрделi құрылымымен анықталатын басқа қызметтiң кең ауқымы кiредi.
Темiр жол көлiгiнiң негiзгi жүйе белгiлеу қызметi жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Темiр жол көлiгi жүйесiндегi қызмет бөлiгi тасымалдау процесiнде пайдаланылатын техникалық құралдарға қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты.
Темiр жол көлiгiнiң дәстүрлi үлгiсiнде негiзгi және қамтамасыз етушi қызметтiң барлық түрлерiн тұтас кәсiпорын-сала жүзеге асырады.
Саланың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында соңғы 20-30 жылда аталған экономикалық үлгi мен темiр жол көлiгiнiң институционалды құрылымы әлемнiң көптеген елдерiнде реформаға ұшырады. Қазiргi уақытта төмендегiлермен анықталатын бiрнеше негiзгi үлгiлер бар:
1) қызмет түрлерi - бизнес бойынша саланы сегменттеу;
2) саланың әрбiр сегментiндегi нарық құрылымы;
3) қызмет түрлерi бойынша операциялық функцияларды бөлу (сала сегменттерiне);
4) қызмет түрлерi бойынша автивтердi бөлу (сала сегменттерiне);
5) қызметтiң әрбiр түрi бойынша операторлар мен субъектiлердi институционалдық анықтау;
6) сала сегменттерi бойынша сараланған мемлекеттiк реттеу;
7) басқару институттарын заңмен бекiтiп, меншiк құқықтары мен реттеу функцияларын бөлу;
8) саланың әрбiр сегментiндегi экономикалық саясат.
Саланың қазiргi институционалдық құрылымы мен үлгiсi 1-суретте көрсетiлген.
1-сурет. Саланың қолданыстағы үлгiсi
Қызмет түрi (сала сегментi)
|
Қатысушылар
|
Нарық құрылымы
|
Мемлекеттiк реттеу
|
Әсер
|
МТЖ қызметтерiн көрсету
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ
|
Табиғи монополия
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ тарифтерi реттеледi
|
Ұзақ мерзiмдi әсер - активтердiң тозуы
|
Жүк тасымалдары
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ
|
Монополия
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ тарифтерi реттеледi
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың нарық өзгерiстерiне оперативтi шаралар қабылдауға қабiлетсiздiгi. Ұзақ мерзiмдi әсер - активтердiң тозуы
|
Жолаушылар тасымалдары
|
"Жолаушылар тасымалы" АҚ, "Қала маңындағы тасымал" АҚ, "Тұран-Экспресс" жолаушылар компаниясы" ЖШС, "Батыс қала" маңындағы тасымал" ЖШС, "Марал Нұр" ЖШС, "Дамир Транс" ЖШС және басқалар
|
Бәсекелестiк
|
"ЖТ" АҚ тарифтерi реттеледi
|
Жеке меншiк вагондары жоқ жеке меншiк тасымалдаушылар үшiн нарыққа жол ашық. Бұл ретте "Жолаушылар тасымалы" АҚ вагондары бәсекелестердiң пайдалануына директивтi берiледi. Мемлекет қызметтi жартылай қаржыландырады
|
Вагон паркiмен операциялар жүргiзу
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ, "ТрансКом" ЖШС, "Богатырь Транс" ЖШС, "Исткомтранс" ЖШС, "ПГК" ААҚ және басқалар
|
Бәсекелестiк
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ тарифтерi реттеледi
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың нарық өзгерiстерiне оперативтi шаралар қабылдауға қабiлетсiздiгi және нарықтағы үлестен айырылу, инвестициялық мұқтаждықтарды толық қаржыландырмау
|
Локомотив тартымын беру
|
"Локомотив" АҚ
|
Монополия
|
"Локомотив" АҚ тарифтерi реттеледi
|
Қызметтiң дербес болмайтын түрi. Реттеудiң ұзақ мерзiмдi әсерi - активтердiң тозуы
|
Вагондарды жалға беру
|
"Қазтемiртранс" АҚ және басқа да жеке меншiк вагон иелерi
|
Бәсекелестiк
|
"ҚТТ" АҚ тарифтерi реттеледi
|
Ұзақ мерзiмдi әсер - активтердiң тозуы
|
«Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамның (бұдан әрi - АҚ) (бұдан әрi - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) компанияларының салалары мен тобының қазiргi құрылымы темiр жол көлiгiнiң жекелеген секторларында бәсекелестiктi туғызуға бағытталған темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау нәтижесiнде қалыптасқан.
Саланың қабылданған үлгiсiнiң кемшiлiктерi темiр жол көлiгiнiң бiрiккен жүйесiн тасымалдау процесiнiң функциялары бойынша емес, қайта темiр жол көлiгiнiң негiзгi қызметiн артық фрагменттеуге және тасымалдау процесi функцияларының жүзеге аспайтын ажырауына әкелген активтер тобы бойынша қайта құрылымдау болып табылады.
Сонымен локомотив паркiн пайдалануды басқару тасымалдаушының поезд ағымдарын тиiмдi ұйымдастыру мiндеттерi кешенiнде шешiлетiн логистикалық қызмет бөлiгi болып табылады. Процестiң бiрiгуiнiң жоғары дәрежесiне қарай «локомотивтiк қызметтi» бөлу орташа жылдық және айлық жұмыс жоспарларын келiсу нысанында (келiсiмшарттық мiндеттемелер) ғана мүмкiн (тартым учаскелерi бойынша пайдаланатын локомотивтер паркi өлшемдерi).
Қолданыстағы үлгiде локомотив операторы локомотивтер мен бригадаларын жалға беретiн компания болып табылады, олар локомотивтердi пайдалану тиiмдiлiгiне ешқандай әсер етпейдi (локомотивтердiң өнiмдiлiгi, локомотив уақытындағы жалпы бюджетiнде пайдалы жұмыс үлесi) және парк пен депо инфрақұрылымының тиiмдiлiгi мен оңтайландырылуын арттыру үшiн ынталандырылмаған.
Дербес локомотив компаниясының барабар және тиiмдi операциялық және инвестициялық стратегияны (нарықтың нақты қажеттiлiктерiмен сабақтасқан) әзiрлеуге жағдайы жоқ.
Осыған ұқсас, қолданыстағы үлгiде тәуелсiз жүк тасымалдаушы вагон операторларының ғана қызметiн орындап, тасымалдау процесi операцияларының (тиеу-түсiру жұмыстарын ұйымдастыру, вагон паркiн ұстау және клиенттермен жұмыс iстеу) ауқымы шектеулi спектрге жауап бере алады. Бәсекелi нарықтың мұндай үлгiсi нарық күштерiнiң әсерiнен тасымалдау тиiмдiлiгiн едәуiр арттыруға мүмкiндiк бермейдi, өйткенi тасымалдау процесiнiң барлық құрамдастары инфрақұрылымдық функцияларға қосымша монополиялық секторда болады.
Темiр жол саласының бәсекелi үлгiсiнде жүк тасымалдарын жүзеге асыратын компанияларға тасымалдау процесiнде iске қосылған қағидатты маңызды ресурстармен, атап айтқанда вагондар мен локомотивтермен байланысты шығыстарды толық бақылау қажет.
Қолданыстағы үлгi нәтижесiнде бiрнеше субъектiлер арасындағы активтердiң бөлiнуiне қарамастан тасымалдау операциясының барлық операцияларын МТЖ операторы және жүк тасымалдаушы болып табылатын «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырылады.
Қазiргi уақытта республикада облысаралық қатынастағы темiр жол жолаушылар тасымалын субсидиялар бөлiнiп, конкурстық негiздегi мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бойынша мемлекеттiк және жеке компаниялар жүзеге асырады.
Жеке тасымалдаушылар қызметiнiң практикасы темiр жол көлiгiмен жолаушыларды тасымалдау рыногына жеке бизнестiң кiруiнiң қазiргi жағдайында бiрқатар кемшiлiктердi анықтады, солардың бiрi - жеке тасымалдаушы мен мемлекет арасындағы шартқа жеке жылжымалы құрам сатып алу, инфрақұрылымды дамыту мiндеттемелерiн қосуға мүмкiндiк бермейтiн жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру құқығының қысқа мерзiмдiлiгi.
«Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы» АҚ (бұдан әрi - «ЖЛВК» АҚ) құру жолаушылар вагон паркiн жаңарту проблемаларын шешкен жоқ. Тасымалдаушыларға «ЖЛВК» АҚ вагон паркiне шарттың қысқа мерзiмдiлiгi және жеке сектордың инвестициялар салуға уәжi болмаған жағдайда рұқсат беру жылжымалы құрамды тиiмсiз және шектi пайдалануға, негiзгi қорлардың одан әрi тозуына әкелiп соғады. «ЖЛВК» АҚ дербес, кәсiпорын ретiнде болуы вагон паркiн ұстауда қосымша шығындар туғызып, тасымалдың өзiндiк құнын ұлғайтады.
Саланың қазiргi институционалдық құрылымы жолаушылар тасымалдарының iргелi проблемаларын шешудi қамтамасыз етпейдi. Құрылымдық реформа қоғам мен мемлекет үшiн жолаушылар тасымалының тиiмдi жұмыс iстеу жүйесiн қамтамасыз етуi тиiс.
Бәсекелi рыноктың мұндай үлгiсi:
1) тәуелсiз тасымалдаушыларды тез тартуға мүмкiндiк бередi;
2) жеке инвенстициялар ағынын қамтамасыз етпейдi;
3) рынок үшiн бәсекелестiк әсерiнен тасымалдаудың тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етпейдi, өйткенi тасымалдау процесiнiң барлық құрамдастары инфрақұрылымдық қызметке қосымша монополиялық секторда болады.
Темiр жол саласының бәсекелi үлгiсiнде жүк тасымалдарын жүзеге асыратын компанияларға тасымалдау процесiнде iске қосылған қағидаты маңызды ресурстармен, атап айтқанда вагондармен және локомотивтермен байланысты шығындарды толық бақылау қажет.
Жүк тасымалдары рыногы
2008 жылғы жалпы жүк тасымалдау көлемiндегi 52% облысаралық қатынастағы жүк тасымалы құрайды, 35% - экспорттық қатынастағы, 7% - импорттық және 6% - транзиттiк қатынастағы.
Бұл ретте жүк тасымалдаудан түскен кiрiс былай бөлiнген: облысаралық қатынаста - 26%, экспорттық қатынаста - 39%, импорттық - 15%, транзиттiк қатынаста - 19% (1-диаграмма).
1-диаграмма. Жүктердi тасымалдау құрылымы мен 2008 жылы жүк тасымалдарынан түскен кiрiстердiң көлемi
Қолданыстағы реттеу тәжiрибесiне сәйкес тарифтер жүк түрi мен тобына қарай сараланған. Нәтижесiнде тасымалдаудан түскен кiрiс хабарлама түрiмен және жүк тобымен айқындалатын нарық сегментiне байланысты ерекшеленедi.
Көрсетiлген тасымал сегменттерiнен үш топты атауға болады.
1 - топ - төмен кiрiстi тасымалдар:
тас көмiр (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктерi (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас);
2 - топ - жоғары кiрiстi тасымалдар:
мұнай жүктерi (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералды тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт);
3 - топ - өз шығынын өтейтiн тасымал:
тас көмiр (импорт), мұнай жүктерi (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктерi (экспорт, облысаралық қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт).
Қазiргi уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады.
Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшiн «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтемiртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да темiр жол әкiмшiлiктерiнiң мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркiн пайдаланады.
«Қазтемiртранс» АҚ тиiстi вагондар операторы ретiнде «ҚТЖ» ҰК» АҚ рынокта тәуелсiз жеке вагондар операторларымен бәсекелеседi.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық жүк тиеудi қамтамасыз етудегi үлесi жалпы көлемнiң 63% құрайды, олардың iшiнде: 47% «Қазтемiртранс» АҚ вагондарымен, ал 16% басқа темiр жол әкiмшiлiктерiнiң вагондарымен қамтамасыз етiледi.
Қазақстандық жеке операторлары жеке вагондар паркiнде жалпы жүк тиеу көлемiнiң 33% тасымалдаған.
Қазақстандық емес вагондар операторларының үлесi осы кезең iшiнде жалпы жүк тиеу көлемiнiң 4%, ал вагон құрауышы тасымалдау тарифтерi бойынша жалпы кiрiс көлемiнiң 10% құраған.
2-диаграмма. Облысаралық және экспорттың қатынастарда (қазақстандық тиеу) 2008 жылғы темiр жол жүк тасымалдары нарығының құрылымы
2-диаграммадан көрiнгендей жүк тиеудiң 2, 20% қазақстандық емес парк вагондарымен қамтамасыз етiледi: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрi - ТМД) мүкәммалдық паркi - 16%, Ресей Федерациясының (бұдан әрi - РФ) және ТМД жеке операторларының жылжымалы құрамы - 4%.
Бұл ретте қазақстандық емес вагондар паркi рыноктың аса кiрiстi сегментiне iске қосылған және оның вагон құрамы бойынша кiрiс көлемiндегi тариф үлесi 35% тең.
Сонымен, мұнай тасымалының кiрiс сегментiндегi ТМД елдерiнiң жеке вагон паркiнiң тәуелсiз операторларының үлесi 45% құрады, сол кезде көмiр тасымалдау сегментiндегi олардың үлесi 1% аз (3-диаграмма).
3-диаграмма. Кiрiстердi және жұмыс паркi вагондарын тиесiлiгi бойынша бөл
2007 жылы «Ресей темiр жолдары» ашық акционерлiк қоғамының еншiлес қоғамы (бұдан әрi - ААҚ) - 200 мың жүк вагоны капиталы бар «Бiрiншi жүк компаниясы» ААҚ операторлық компаниясы құрылды. Бұл шешiм «Ресей темiр жолдары» ААҚ мүкәммал парк бөлiгiн өзiнiң қызметтерiне бағаларды мемлекеттiк реттеуден шығарып, еркiн баға белгiлеуге мүмкiндiк бердi.
2010 жылдан бастап «Ресей темiр жолдары» ААҚ «Екiншi жүк компаниясын («Бiрiншi жүк компаниясы» ААҚ ұқсас) құру және оған ресейлiк мүкәммал парктiң қалған вагондарын беру жоспарлануда.
Бұл ТМД және атап айтқанда Қазақстан кеңiстiгiнде жүк тасымалдау нарығындағы ахуалды түбегейлi өзгертедi. Мүкәммал вагондардың ортақ паркiн нақты тарату нәтижесiнде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық жүк тиеудi қамтамасыз ету үшiн мүкәммал вагондарды дербес пайдалана алмайды. Бұл ретте нарықта Globaltrans Investment plc (60 мың вагон), «Трансгарант» жауапкершiлiгi шектеулi қоғамы (17 мың вагон) және «Қиыр Шығыс көлiк тобы» ААҚ (12 мың вагон) сияқты жеке операторлық компаниялардың парк көлемдерiне бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ салыстырылмалы жағынан бәсекелестiк күшейе түседi.
«Екiншi жүк компаниясын» құрғаннан кейiн «ҚТЖ» ҰК» АҚ үлесi («Қазтемiртранс» АҚ) жалпы жүк тиеу көлемiнде 63%-дан 47%-ға дейiн, ал вагон құрауышы бойынша кiрiс көлемiндегi тариф 71%-дан 39%-ға дейiн (қазақстандық операторлық компаниялардың үлесi өзгермейдi) қысқарады.
Автожол саласы
Автомобиль жолдары - Қазақстанның көлiк-коммуникация кешенiнiң маңызды элементтерiнiң бiрi, оның тиiмдi қызметi мен тұрақты дамуы қазiргi заманғы жағдайларда экономиканың өсуiне өту, халықтың өмiр жағдайын жақсарту және деңгейiн арттыру факторлары болып табылады. Темiр жолдар мен су жолдарының аса төменгi тығыздылығы кезiнде Қазақстандағы автомобиль жолдары басым, ал көптеген өңiрлер үшiн жалғыз қатынас құралы болып табылады, оның арқасында тауар, құрылыс және ауылшаруашылық жүктерi келiп түседi, өнiм шығарылады, жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Нарықтық жағдайларда жүктердiң тасымалдануын тездету мен оларды сақтау факторлары аса маңызды. Осыған байланысты, жүк жiберушiлер, әсiресе жеке секторда жақын арақашықтықта ғана емес (300 км дейiн), алыс арақашықтық аймақтарында (1500-2000 км) автомобиль көлiгiне қайта бағдарланды. Өндiрiс және ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес өндiрiстерiн дамыту арқылы облысаралық тасымал, сондай-ақ iргелес мемлекеттермен байланыс ұлғаяды.
Еуроазиялық құрлық орталығындағы Қазақстанның географиялық жағдайы Азия — Еуропа қатынастарындағы қалыптасатын трансқұрлықтық маршруттардың көлiк магистралiн пайдалану үшiн қолайлы алғышартты құрайды, олардың көпшiлiгi қазақстандық автожол желiсiнiң учаскелерiн қамтиды. Халықаралық талдамалық орталықтардың бағалауы бойынша Оңтүстiк-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттарындағы транзит ағыны 330-400 миллиард Америка Құрама Штаттары (бұдан әрi - АҚШ) доларына бағаланады. Бұл ретте 20%-ға дейiнгi транзит ағыны РФ мен Қазақстан аумағы арқылы темiр және автожолдар маршруттары бойынша өтуi қажет деп шамаланады. Транзит тасымалы үшiн алымдар алу - бұл бюджеттiң тiкелей кiрiстерi.
Экономиканы дамыту мiндеттерi қуатты көлiк-коммуникация желiсiн құру және жаңғыртуды талап етедi. Бұл жағдайда алда тұратын:
1) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн қайта жаңарту жобасын аяқтау, халықаралық рыныкқа шығу арқылы жаңа көлiк маршрутын салу, көлiк магистралiн жаңғырту;
2) Щучье - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы, РФ шекарасы - Орал - Ақтөбе, Астана - Қостанай - Челябi, Жетiбай - Түрiкменстан шекарасы, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Таскескен - Бақты, Үшарал - Достық, Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы, Омбы - Павлодар - Майқапшағай, Құрты - Бурылбайтал, Бейнеу - Ақтау және т.б. автожолдарды қайта жаңартуды аяқтау;
3) Батыс — Шығыс және Солтүстiк - Оңтүстiк бағыттарында транзит маршруттарының сызбаларын белсендi енгiзу;
Жол жағдайына сипаттама
Қазақстандағы автомобиль жолдарының ұзақтығы шамамен 148 мың км құрайды. Соның iшiнде 93 мың км астамы жалпы пайдаланымдағы жолдар, 44 мың км астамы елдi мекендердiң көшелерi және шамамен 11 мың км өндiрiс кәсiпорындарына, кен орындарына, фермерлiк және орман шаруашылықтарына, технологиялық жолдар рөлiндегi басқа да өндiрiстерге кiреберiс түрiндегi шаруашылық жолдары.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары өзiнiң маңыздылығы бойынша ұзақтығы 23 495 км республикалық маңызы бар жолдарға бөлiнедi, соның iшiнде: ұзақтығы 12 992 км халықаралық маңызы бар және ұзақтығы 70 116 км жергiлiктi маңызы бар жолдар.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар жалпы пайдаланымдағы автожолдардың 25% құрайтынына қарамастан, оларға 50% автокөлiк тасымалы келедi. Өзiнiң кескiн үйлесiмi мен ұзақтығы бойынша республиканың жалпы пайдаланымдағы жолдар желiсi негiзiнен құрастырылған. Оларды толықтыру үшiн iргелес мемлекеттермен (Бейнеу - Жетiбай - Түрiкменстан шекарасы, сондай-ақ РФ бiрқатар шығулар) жолдардағы бiрнеше байланыстыратын учаскелердi салу қажет.
1-кесте. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi
№ р/с
|
Автомобиль жолының маңыздылығы
|
Жалпы ұзақтығы, км
|
Санаттары бойынша, км
|
Жобаның түрi
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
А/Б
|
Ц/Б
|
қара
|
қиыр/шағыл
|
топырақ
|
қиыр
|
шағыл
|
топырақ
|
1
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
1
|
Республикалық маңызы бар
|
23 495
|
941
|
3634
|
16915
|
1919
|
86
|
9795
|
97
|
7426
|
4220
|
34
|
1816
|
107
|
2
|
Жергiлiктi маңызы бар*
|
70 116
|
83
|
760
|
14451
|
44262
|
8982
|
6626
|
|
17789
|
11113
|
640
|
24584
|
9364
|
|
Барлығы
|
93 611
|
1024
|
4394
|
31366
|
46181
|
9068
|
16421
|
97
|
25215
|
15333
|
674
|
26400
|
9471
|
*ескертпе: жергiлiктi желi бойынша санаты жоқ 1578 км автодожол бар
Жалпы пайдаланымдағы жолдарда жалпы ұзындығы 122,1 мың қума метрден астам 3 291 көпiр мен жол өтпелерi бар, олардың 95 % металл және темiр-бетонды, 5% ағаш.
2-кесте. Жасанды құрылыстар
№ р/с
|
Автомобиль жолдарының маңыздылығы
|
Жалпы ұзақтығы, км
|
Көпiрлер
|
Құбырлар
|
бiрлiк
|
қ.м.
|
бiрлiк
|
қ.м.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Республикалық маңызы бар автожолдар
|
23 495
|
1211
|
57 017
|
13 951
|
274 524
|
2
|
Жергiлiктi маңызы бар автожолдар
|
70 116
|
2 080
|
65 058
|
29432
|
405 732
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
93 611
|
3 291
|
122 075
|
43 383
|
680 256
|
Қазiргi уақытта және перспективада халықаралық тасымалдар алты негiзгi маршрут бойынша жүзеге асады:
1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас және Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе — Орал - Самара («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзi құрамына кiредi);
2) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;
3) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрiкменстан шекарасы;
4) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
5) Астана — Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
Транзит тасымалдары Орта Азия республикалары, Ресей, Қытай арасында басым жүредi. Жоғарыда көрсетiлген алты негiзгi маршруттың ұзақтығы 8,3 мың километрдi немесе транзит дәлiзiнiң жалпы ұзындығынан 64% құрайды. Ұзақтықтың көп бөлiгiнiң (94%) асфальт-бетонды және қара қиыршықтасты жамылғы, топырақ жарылыстары тек бiр маршрутта (төртiншi) бар. Алайда техника-пайдалану сипаттамасы (тегiстiлiгi мен берiктiлiгi) маршруттың көп бөлiгiнде қанағаттанарлықсыз. Алты марштруттағы 431 көпiрден 36-i (ұзындығы - 2 739 қума метр) рұқсат етiлетiн жүктеме мен габариттен асатын ауыр салмақты және iрi габариттi көлiк құралдарын өткiзудiң ерекше режимi бар авариялық және авария алдындағы жағдайда, соның iшiнде Талас, Асса, Бадам, Илек өзендерi арқылы өтетiн көпiр. Жол бойындағы инфрақұрылым объектiлерi (техникалық қызмет көрсету станциялары, авто май құю станциялары, тамақтану және демалыс пунктерi) деңгейiнiң өте төмендiлiгi тасымалдаушылардың, жолаушылардың және автотуристердiң еңбек және демалыс режимiн дұрыс құруға мүмкiндiк бермейдi. Сондай-ақ автокөлiк құралдарына сапалы жанармай құйылуына кепiлдiк бермейдi.
Автомобиль көлiгi
Республикалық автокөлiк құралдары (бұдан әрi - АКҚ) паркiнде 2 621,1 мың жеңiл, 370,5 мың жүк АТС мен 92,4 мың автобус (ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәлiметтерi) бар.
2009 жылы автомобиль көлiгiмен жолаушылар тасымалдау көлемi 11,7 млрд. адам құрады, жолаушылар айналымы — 110,5 млрд. жкм құрады. 2008 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жолаушылар тасымалдау көлемiнiң өсуi 4,2%, ал жолаушылар айналымы бойынша 3,4% құрады. Жүк тасымалдау көлемi 1,69 млрд. тонна, жүк айналымы - 66,3 млрд. ткм құрады. 2008 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жүк айналымының өсуi 4,4% құраған, жүк тасымалдау көлемi 1,9% төмендеген.
Халықаралық жол тасымалы жүйесiндегi тасымалда қазiргi уақытта 5600 автомобиль iске қосылған. Жүк тасымалдау үшiн жыл сайын Еуропа мен Азияның 44 елiмен шамамен 109 мың дана көлемiнде рұқсат бланкiлерiмен алмасу жүргiзiледi.
Жүйелi қатынас бойынша 180 аса халықаралық және 254 облысаралық жүйелi жолаушылар маршруттары бар.
Автомобильдер паркi жоғары тозумен сипатталады 12 жылдан аса пайдаланудағы автокөлiк құралдарының үлес салмағы 63%, соның iшiнде 57% автобус, 59% жеңiл 84% жүк автомобильдерi құрайды.
ҚР стационарлық көздерден зиянды заттарды атмосфераға шығару жылына 2,7 млн. тонна құрайды, ал көлiктердiң шығаруы жылына 1,2 млн. тоннадан асады.
Еуро стандарттарын кезең-кезеңiмен енгiзу ескiрген автомашиналарды кiргiзудi шектеуге, қазақстандық автомобиль құрастырушы кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, шығарылатын және импортталатын отынның сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның iрi қалаларында автокөлiктердегi зиянды заттардың деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
«Қазақстан аумағында айналымға шығарылған автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттарды шығаруына, оларға орнатылған iштен жанатын қозғалтқыштарға, сондай-ақ осы қозғалтқыштарға арналған отынға қойылатын талаптар туралы Техникалық регламенттi бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсанда № 1372 қаулысы, 2009 жылғы 15 шiлдеден бастап автокөлiк құралдары бойынша Еуро-2, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуро-3, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуро-4 экологиялық стандарттарын кезең-кезеңiмен енгiзудi көздейдi.
2009 жылғы 15 шiлдеден бастап Еуро-2 экологиялық стандарттарына сәйкес келмейтiн автокөлiктердi ел аумағына кiргiзу және өндiруге шектеулер енгiзiлдi. Аталмыш шаралар Қазақстанның iрi қалаларындағы экологиялық жағдайды жақсартуға, автокөлiк тасымалы қауiпсiздiгiн жоғарылатуға және елiмiздегi автомобиль паркiн жаңартуға арналған жағдайлар жасауға бағытталған.
Саланың нормативтiк-техникалық базасын үйлестiру шеңберiнде БҰҰ ЕЭК (№ 24, 49, 83, 96) ережелерiне үйлестiрiлген мемлекеттiк стандарттар жасалып, бекiтiлдi.
Еуро стандарттарын енгiзудiң нәтижесiнде 2015 жылға дейiн 12 жылдан көп уақыт жүрген автокөлiк құралдарының үлес салмағын 63%-дан 50%-ға төмендету жоспарланып отыр.
Жекешелендiру мен нарықтық тетiктердi енгiзудiң нәтижесiнде Қазақстандағы көптеген жеке тасымалдаушылар автокөлiк саласының иелерiне айналды: автокөлiк қызметiн көрсететiн заңды және жеке тұлғалардың саны 150 мың данаға, жолаушы және жүк тасымалымен байланысты жұмыскерлердiң саны 800 мың адамнан асып түседi. Автокөлiк құралдарын көптеген тасымалдаушыларға бөлiп-бөлiп жiберудiң нәтижесiнде автокөлiк жұмысы туралы мәлiметтер жинау тетiгi жоқ, соның нәтижесiнде жолаушы және жүк тасымалының жағдайына тиiмдi талдау жасау жолға қойылмаған.
Қазiргi кезде автомобиль көлiгiнiң қауiпсiздiгi саласында опат болу мен жарақаттанудың жоғары деңгейiне, жол-көлiк оқиғалары санының көптiгiне байланысты қолайсыз жағдай туындап отыр. Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы қауiптiлiгi жоғары нысандардың бiрiне жатады. Сонымен 2009 жылы республика жолдарында 12 534 жол-көлiк оқиғалары орын алған, онда 2 898 адам опат болып, 14 788 адам жарақат алған.
Автомобиль көлiгiндегi авариялардың жоғары деңгейде болуының негiзгi факторлары мыналар:
1) жолаушы және жүк тасымалы қызметтерi нарығында автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалану талаптарын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайлары жоқ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi санының ұлғаюы;
2) тасымалды басқарудың заманауи құралдарының шектеулi енгiзiлуi;
3) тасымалды ұйымдастырудың технологиялық процестерiн сақтамау;
4) жүргiзушiлердiң бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi және көлiк тәртiбiнiң төмендiгi;
5) автокөлiк құралдарының физикалық жағынан тозуы және қанағаттанғысыз техникалық жағдайы;
6) жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы талаптардың сақталуын бақылау мен профилактикалық жұмыстар жүйесi тиiмдiлiгiнiң төмендiгi.
Облысаралық және халықаралық жолаушы тасымалында халыққа көлiктiк қызметтер ұсынудың нарықтық тетiктерi қалыптастырылған тасымалдаудың қауiпсiздiгi мен сапасы талаптарына жауап беретiн барлық көлiк операторларына тасымалдауға рұқсат берiлген. Бұл жерде қалалық, қала маңы, облысiшiлiк және облысаралық бағыттар бойынша автокөлiк құралдарының жылжымалы құрамының, өндiрiстiк базасының, қызметкерлер құрамының iс-тәжiрибесi мен бiлiктiлiгiнiң ең жақсы критерийлерi бойынша конкурстық негiзде тасымалдаушыларға таңдау жүргiзiледi.
Қазақстанда халықтың мүддесiн қорғау мақсатында тұрақты қалалық және қала маңы жолаушы тасымалы бағыттарында жолақысы реттелiп отырады. Сараптамалық бағалаулар бойынша үлес салмағы 10%-дан аспайтын кейбiр жеке бағыттарда бағаны реттеу кезiнде тасымалдау шығындары кiрiс көлемiнен асып түсiп жатады. Қазақстан заңнамаларында пайда болған шығындарды өтеуге демеу қаржы бөлу қарастырылған.
Көлiктiк қызмет көрсету нарығында таксомоторлы тасымалдар бойынша жоғары деңгейдегi бәсекелестiк қалыптасқан. Бұл тасымалдарды таксомоторлы компаниялармен бiрге жеңiлдетiлген патенттiк жүйе бойынша қызмет көрсететiн жеке тұлғалар, сонымен қатар жеке автокөлiк иелерi де атқарады. Дамыған бәсекелестiк таксомоторлы қызметтер бағасын мүмкiндiгiнше төмендетедi, сонымен қатар бұндай жағдай патент иелерiне салықтық жеңiлдiктер берудiң нәтижесiнде iрi таксомоторлы компаниялардың дамуына мүмкiндiк бермейдi.
2010 жылдың басындағы жағдай бойынша жүйелi жолаушылар қатынасымен қамтылған саны 100 адамнан асатын ауылдық елдi мекендердiң саны 4 938-ге жеткен, ал Қазақстан бойынша осындай елдi мекендердiң жалпы саны 6 623, ол 74,6%-ды құрайды.
Қазақстанның жолаушы және жүк автокөлiгiнiң инфрақұрылымы жоғары дамудың жеткiлiксiздiгiмен сипатталады. Қалааралық автотрассалардың көпшiлiгiнде қонақ үйлер, кемпингтер, автомай құю станциясы, ТҚС және басқа инфрақұрылымдық объектiлердiң жеткiлiксiздiгi байқалады. Бұл Қазақстан аумағының үлкендiгi, халқының орналасу тығыздығының және экономикасының төмендiгiмен байланысты. Жүктемесi жоғары кейбiр автомагистралдарда (Астана - Щучье, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» дәлiзi) инфрақұрылымдық объектiлер жобаға сәйкес салынуда.
Достарыңызбен бөлісу: |