Энергия тиiмдiлiгiн арттыру және энергия үнемдеу
Көлiк түрлерi бойынша энергия сыйымдылығы деңгейiнiң көрсеткiштерiнiң қазiргi жағдайы 8-кестеде көрсетiлген.
Темiр жол көлiгi
Темiр жол саласында поездар тартымының жоғары энергия сыйымдылығын есепке ала отырып, ресурс және энергия үнемдеуге бағытталған бiрқатар iс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда:
1) энергия аудитiн жүргiзу және олардың туындау көздерi бойынша өнiмсiз шығындарды анықтау;
2) өзiнiң сипаттамалары бойынша энергия сыйымдылығы төмен iстен шыққан локомотивтер паркiн жаңа буын тартым жылжымалы құраммен толықтыру;
3) жұмыс жоспарлаудың нысандары мен әдiстерiн және ресурстарды нормалауды жетiлдiру;
4) электр тартымға барынша өту;
5) жаңа техника мен технологияға арналған сервистi дамыту;
6) отын және ЖЖМ тапшы түрлерiнiң тиiмдi алмастырғыштарын қолдану;
7) энергия ресурстарын қолданудың сапасын жоғарылату;
8) энергетикалық ресурстар шығынын оңтайландыру және оларды бақылау үшiн автоматты аспаптар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалану;
9) энергия ресурстары шығыстарының нормаларын есептеудiң
жетiлдiрiлген әдiстерiн қолдану;
10) жабдықтау пунктiн оңтайландыру, энергиямен жабдықтаудың баламалы технологияларын енгiзудi оңтайлау;
11) реттейтiн және нормативтiк-техникалық актiлердi өңдеу және талдау;
12) қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн қажеттi деңгейде ұстау және жоғарылату.
Автомобиль көлiгi
Автомобиль көлiгiнде жобаланатын мерзiмде энергия ресурстарының үлестiк шығындарын төмендету келесi жағдайларда қамтамасыз етiлетiн болады:
1) қалааралық автобус бағыттары және жүктердi алысқа тасымалдауда автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жетiлдiрудiң есебiнен кемiнде 5%-дан;
2) Еуро-4 экологиялық нормалардың талаптарының деңгейiнде жүк автокөлiктерi мен автобустар паркiн барынша үнемдi жылжымалы құраммен жаңартудың есебiнен кемiнде 3%-дан;
3) аса тиiмдi мультимодалдi және тағы басқа заманауи көлiк үрдiстерiн қолдануды кеңейтудiң есебiнен кемiнде 2%-дан;
4) автоотынның үлестiк шығындарын төмендетуге тiкелей ықпал ететiн автокөлiк құралдарын пайдаланудың техникалық-пайдалану көрсеткiштерiнiң есебiнен (жүгiрiстi қолдану коэффициентi, жүк көтерiмдiлiгi, жолаушы сыйымдылығын пайдалану коэффициентi, жылжымалы құрамның техникалық дайындығын жоғарылату) кемiнде 4%-дан.
Көрсетiлген шараларды жүзеге асырудың нәтижесiнде автокөлiктiң энергия сыйымдылығы кемiнде 14% төмендетiлуi мүмкiн.
Көлiк қызметiнiң энергия сыйымдылықтарының ұсынылған көрсеткiштерiнiң негiзiнде көлiк жұмысының бiр бiрлiгiне энергетикалық қорлардың шығындарын төмендету бойынша болжалатын мақсаттық индикаторлар белгiленген.
Әуе көлiгi
Келесi жағдайларда әуе көлiгiнде энергияны сақтау неғұрлым үнемдi ұшақтарды пайдалану; жолаушылар ағыны мен рейстер ұзақтығына байланысты ұшақтар паркiн орналастыру мен пайдалануды жетiлдiру; ұшуды пайдаланудағы әдiстердi әзiрлеу және жетiлдiру; жаңа әуеайлақтық машиналар мен тетiктердi енгiзу арқылы iске асырылады.
Су көлiгi
Көлiктiң түрлерi бойынша энергетикалық шығындарды салыстыру бойынша су көлiгi көлiктiң ең аз энергия сыйымды түрi екендiгiн көрсетедi. (8-кестенi қара).
Су көлiгiн пайдалану процесiне байланысты қоршаған ортаға жағымсыз әсерiн төмендетудi қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар қабылданады:
1) ЖЖМ, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың, лас және сарқынды сулардың суға төгiлуiне жол бермейтiн «Су бетiн ластанудан қорғау ережесi» талаптарын ескере отырып, су көлiгi кемелерi мен жол жұмыстарын жүргiзу бойынша;
2) Су жолдарын су қатынасы жағдайында ұстау мақсатында жол жұмыстарын жүргiзу кезiнде су бассейiндерiнiң экологиялық жағдайына жағымсыз әсердi төмендету үшiн жаңа технологияларды өңдеу және енгiзу жұмыстары жүргiзiлуде;
3) Физикалық және моральдық жағынан тозған флоты энергия сыйымдылығы және экологиялық күшi төмен қозғағыш құрылғылары бар кемелермен жаңарту және жаңғырту.
Аталған шаралармен қатар қоршаған ортаға су көлiгi жұмысының жағымсыз әсерiн төмендетудi қарастыратын нормативтiк-техникалық базасын жетiлдiру жұмысы қоса атқарылады.
8-кесте. Көлiк түрлерi бойынша энергия сыйымдылығы деңгейiнiң көрсеткiштерi
Р/с
№
|
Iс-шара
|
Өлшем бiр.
|
Энергетикалық ресурстардың бiрлiкке жұмсалуы (электр энергия, жылу энергиясы, отын) Гдж/бiр.
|
Энергетикалық ресурстардың бiрлiкке жұмсалуы бойынша мақсаты индикатор(%)
|
Есептiк кезең (%)
|
Базалық жыл (2008)
|
2014 жыл
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
Темiр жол көлiгi**
|
1.
|
жолаушылар тасымалы
|
мың жолау.- км
|
0,48921
|
0,39435
|
19,40%
|
3,88%
|
7,76%
|
11,64%
|
15,52
|
19,4%
|
2.
|
жүк тасымалы
|
мың тн.-км
|
0,1384
|
0,1358
|
2%
|
0,4%
|
0,8%
|
1,2%
|
1,6%
|
2%
|
Автомобиль көлiгi
|
1.
|
жолаушылар тасымалы
|
мың жолау.- км
|
0,05509
|
0,04738
|
14%
|
2,8%
|
5,6%
|
8,4%
|
11,2%
|
14%
|
2.
|
жүк тасымалы
|
мың тн.-км
|
0,0651
|
0,05597
|
14%
|
2,8%
|
5,6%
|
8,4%
|
11,2%
|
14%
|
Әуе көлiгi
|
1.
|
жолаушылар тасымалы
|
мың жолау.- км
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
турбо бұрандалы әуе ұшақтарының түрi бойынша:
|
|
2,14
|
2,05
|
4,2%
|
0,84%
|
1,68%
|
2,52%
|
3,36%
|
4,2%
|
|
А319
|
|
2,23
|
1,75
|
21,5%
|
4,3%
|
8,6%
|
12,9%
|
17,2%
|
21,5%
|
|
А320
|
|
1,75
|
1,47
|
16%
|
3,2%
|
6,4%
|
9,6%
|
12,8%
|
16%
|
|
А321
|
|
2,04
|
1,40
|
31,4%
|
6,28%
|
12,56%
|
18,84%
|
25,12%
|
31,4%
|
|
В757-200
|
|
2,04
|
1,49
|
31,4%
|
6,23%
|
12,56%
|
18,84%
|
25,12%
|
31,4%
|
|
В757-300
|
|
2,49
|
1,15
|
53,8%
|
10,76%
|
21,52%
|
32,28%
|
43,04%
|
53,8%
|
Су көлiгi
|
1.
|
жолаушы тасымалы
|
мың жолау.- км
|
0,005
|
0,0045
|
10%
|
2,0%
|
4,0%
|
6,0%
|
8,0%
|
10,0%
|
2.
|
жолаушылар тасымалы
|
мың тн,- км
|
0,00014
|
0,00013
|
7,2%
|
1,44%
|
2,88
|
4,32%
|
5,76%
|
7,2%
|
** есеп «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жүргiзiлген (поездар тартымына)
12. Әкiмшiлiк кедергiлердi төмендету
ККМ көлiк қызметтерi нарығының барлық субъектiлерiне арналған әкiмшiлiк тосқауылдардың төмендетiлуiн көздейтiн жұмыстарды жүргiзуде.
Отандық тасушымалдаушылардың өтiнiмдерiн шетелдiк рұқсат ету бланкiлерiне өңдеудiң электрондық түрi енгiзiлуде, ол рұқсат ету бланкiлерiн барынша айқындығы мен транспаренттiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмiнде ККМ көрсететiн мемлекеттiк қызметтердiң 6 түрi қосылған. Сонымен бiрге қызмет сапасын жоғарылатуға мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк қызметтердiң, мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн, ашықтық және мемлекеттiк органның жұмысының айқындығын күшейтуге, қоғам және өкiмет аралығында керi байланыс механизiмiн орнататын стандарттар мен регламенттер дайындалып, бекiтiлдi.
Қазiргi уақытта автожолдарда бақылаудың жұмыс iстейтiн жүйесiнде бiрқатар кемшiлiктер орын алады:
1) АКҚ автоматтық есепке алудың және бiлiктiлiктiң жоқтығы;
2) бақылаусыз жүрiп өту мүмкiндiктерiнiң болуы;
3) жалпы ағыннан тек қана 25-30% АКҚ тексерiледi;
4) салмақ өлшемдерi асып кеткен өлшеуден өтетiн транзиттiк автокөлiктерде;
5) негiзгi өтпелi посттарда кептелулерге алып келген орында автокөлiк құралдардың жиналып қалуының фактiлерi орын алады.
Жоғарыда көрсетiлген кемшiлiктердi жою үшiн жүк таситын көлiк құралдарын тексеретiн технологиялық жүйенi жетiлдiрудi ұсынады. Жолдарды алдын ала өлшеу және автокөлiктiң автоматты классификациясын ұйымдастыру.
Бақылаудың осы жүйесiнiң артықшылықтары — 100 % жүк көлiктерi үшiн белағашқа түсетiн жүктеменi өлшеу қамтамасыз етiледi, бұл ретте:
1) бiлiкке түсiрiлетiн рұқсат етiлген жүктемеден асып кету арқылы жүк көлiк құралдарының қозғалысына байланысты республикалық маңыздағы жолдардың нормативтен тыс тозуын барынша төмендететiн әкiмшiлiк жазаның бұлтартпас қағидасы iске асырылады;
2) бұзушылықсыз қозғалатын көлiктер бекеттен тоқтаусыз сағатына 40-тан 60 км дейiн жылдамдықпен өте алады;
3) инспекторлардың қазiргi дербес құрамы көбейтiлмейдi, ал инспекторларға түсетiн жалпы жүктеменi төмендетудiң есебiнен анықталатын бұзушылықтарды өңдеу жылдамдығы артады, ол өз кезегiнде посттағы бұзушы жүк көлiктерiнiң кiдiру уақытын қысқартуға алып келедi.
Технологияларды қолдану:
1) нөмiр таңбасын автоматты айырып танулары;
2) автокөлiктiң автоматты сыныпталуы;
3) автоматты тiркеулер және қарқынды есепке алу автомобиль жолы бойынша қозғалатын автокөлiк құралдарының салмақ параметрлерiн бақылау сапасына адам факторының ықпалын «нөльге» дейiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсат етiлген бiлiк жүктемесiнiң алым мөлшерлемелерi мен қолданыстағы айыппұлдардың көтерiлуiн есепке ала отырып, салмақ көрсеткiштерiн бұзған автомашиналардың саны жыл сайын қысқаратын болады, бұл автомобиль жолдары желiсiнiң сақталуына оң әсер етедi. Осылайша, қолданыстағы жүйенi жетiлдiру посттарындағы бақылау тәртiбiн оңтайландыруға, iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымдардың түсуiн орташа алғанда 3-4 есе ұлғайтады, автомобиль жолдары желiсiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Тiкелей экономикалық әсер ету - мемлекеттiк нормалармен 25-35%-ға белгiленген жөндеу аралық кезеңде жолдардың тозуын төмендету арқылы қамтамасыз етiледi, соның нәтижесiнде көрсетiлген мерзiмде жол жамылғысының жарамды сапасы қамтамасыз етiледi.
Әлеуметтiк тиiмдiлiк бақылаушы органдар қызметкерлерiнiң тарапынан сыбайлас жемқорлық бойынша бұзушылық жағдайларын болдырмау арқылы қамтамасыз етiледi.
Соңғы 10 жылда дүниежүзiлiк тәжiрибеде осы жүйелер Еуропа, (Франция, Германия, Испания, Италия т.б.) Орта Азия елдерiнде (Үндiстан, Бiрiккен Араб Әмiрiлектерi, Түркия), Оңтүстiк-Африка Республикасында сияқты елдерде ойдағыдай қолданылады.
Сонымен қатар, ККМ көрсететiн мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру және жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк тосқауылдарды төмендету жөнiндегi реформа шеңберiнде қызметтердi көрсету процесiн автоматтандыру көзделiп отыр.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн автоматтандыру уақыт пен көлiк құралдарына шығынды үнемдей отырып, үйден немесе кеңседен электрондық жолмен өтiнiштер беру, мемлекеттiк органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету және қабылданатын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн арттыру, қоғаммен керi байланыс орнату тетiгiн құру мүмкiндiгiн қарастырады.
Деректер базасын ақпараттық-талдауды одан әрi дамыту мен жаңғырту, сонымен қатар электрондық үкiмет құру шеңберiнде мемлекеттiк органдар және ведомстволардың ақпараттық жүйелерiмен интеграция орнату жоспарланған (Е-лицензиялау, бiрдей электрондық Е-терезе).
Функционалдық деректер базасын жетiлдiру автоматғандырылған режимдегi мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге мүмкiндiк бередi.
Авиация саласында азаматтық авиация ұйымдарына транзиттiк авиатрафиктi тартуға көмектесу және бiрiншi кезекте транзиттiк ағынның ұлғаюына кедергi келтiретiн әкiмшiлiк барьерлердi жою бойынша шараларды үйлестiру жүзеге асырылады.
Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенция шеңберiнде авиакомпанияларға қонбайтын ұшуларға немесе техникалық мақсаттарда әуежайларға қонуға құқық беретiн мемлекеттер арасында әуе қатынасы туралы үкiметаралық келiсiмдер жасау қажеттiлiгiнсiз Транзит туралы келiсiмге қосылды.
Осы құжатқа сәйкес ҚР-ның әуе кеңiстiгiн кесiп өтуге байланысты шарттылықтар айтарлықтай оңтайландырылуы тиiс, өйткенi шекаралас мемлекеттермен транзиттi дамыту мақсатында мұндай шаралар қабылданған. Қазақстанның әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ұшуларды орындауға рұқсат беруден бас тартып, ЕО елдерiнiң тәжiрибесiне сәйкес оны қолданудың хабардар ету тәртiбiне көшу қажет (ұшу алдында «флайт-жоспарды» ұсыну жолымен).
Бортында оқ-дәрiлер, қару-жарақтар, әскери амунициялары бар азаматтық әуе кемелерiне рұқсат беруге байланысты рәсiмдердi заңнама түрiнде оңтайландыру қажет (анализ көрсеткендей мұндай ұшулардың үлесi ұшулардың жалпы санының 20-30% құрайды).
Мемлекетке Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң транзиттiк әлеуетiн көтеру бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн бiрқатар тұрақты жұмыс топтарын құруы қажет, олар мынадай деңгейлер бойынша қызмет өтулерi тиiс:
1) ҚР-ның Үкiметi деңгейiнде (тiкелей Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына бағынумен немесе топтың құрамына барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн енгiзумен);
2) ҚР-ның Авиациялық әкiмшiлiгi деңгейiнде (әуежайлар мен аэронавигациялардың өкiлдерiн енгiзумен);
3) аэронавигациялық провайдер («Қазаэронавигация» РМК) және әуежайлар деңгейiнде.
Проблемалық мәселелердi шешу үшiн ҚР әуе кеңiстiгiнiң транзиттiк әлеуетiн iске асыру кезiнде қатер төнуiне жауап ретiнде жедел шешiмдер қабылдау жүйесi жасалу қажет және жұмыс топтарының барлық ұсыныстары ҚР-ның Үкiметi немесе авиациялық әкiмшiлiгi деңгейiнде оларды iске асыру бойынша пәрмендi шараларды қабылдау арқылы жедел түрде қаралуы тиiс.
Елiмiздiң имиджiн жақсарту саласында әлемдiк авиациялық қоғамдастықта Қазақстан туралы транзиттiк ұшулар үшiн неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн ел ретiнде пiкiрлер қалыптасуына бағытталған белсендi мемлекеттiк саясат жүргiзу келесi қадам болуы тиiс. Бұл ретте Қазақстанның барлық елшiлiктерi мен шетелдiк өкiлеттiктерiн ҚР жүргiзiлетiн транзиттiк саясат туралы авиациялық қоғамдастықтың неғұрлым кең шеңберiн ақпараттандыруға бағыттау орынды.
Елдiң имиджiн жақсарту мақсатында авиатасымалдаушылардың, ИКАО мен ИАТА өкiлдерiн тарту арқылы бiрнеше iрi авиафорумдар өткiзу қажет (мысалы, негiз ретiнде жыл сайын «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өткiзетiн «карго-саммиттi» алуға болады). Сондай-ақ арнайы сайттарды құру, жарнама роликтерi мен ұлттық телеарналарда бағдарламалар жүргiзу сияқты басқа да РR-iс-шараларды қарауға болады.
ҚР әуежайларына шетелдiк тасымалдаушылар ұшулар орындаған кезде кедендiк және шекаралық формальдылықты оңтайлату қажет.
Мысалы, коммерциялық рейстерде ӘК экипажын әуежайға/әуежайдаң жеткiзу қажеттiлiгi жиi туындайды, бұл ретте қазiргi уақытта экипаж мүшелерiнен қазақстандық виза талап етiледi, бұл шетелдiк авиатасымалдағыштардың көрсетiлген операцияларды жүзеге асыруын қиындатады. Осыған байланысты шетелдiк әуекемелерiнiң экипаж мүшелерiнен ҚР визасының болуы туралы талаптарды жою, ал шекаралық бақылауды экипаж мүшесiнiң куәлiгi негiзiнде жүргiзу ұсынылады. Осы ұсыныс ҚР қатысушы болып табылатын Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл) «Формальдықты оңтайлату» 9-қосымшасына сәйкес келедi.
Қазақстанмен шектес елдер тарапынан жоғары бәсекелестiктi ескере отырып, транзиттiк авиатрафиктi тарту саласында сондай-ақ транзиттiк авиатрафик кезiнде әуежайлық және аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы тарифтiк саясатты жетiлдiру маңызды болып табылады. Бұл ретте әуежайлық және аэронавигациялық қызмет көрсету үшiн (бұдан әрi - АҚК) неғұрлым тартымды тарифтер жүйесiн жасау қажет, мүмкiн тарифтiк реттеу саласында стандарттық емес тәсiлдердi пайдалану арқылы (бiрлескен «пакеттiк» ұсыныстар деп аталатын).
Қосымша транзиттiк трафиктi тарту бойынша әуежай және аэронавигация қызметiнiң iс-әрекеттер стратегиясы келiсiлген болуы тиiс. Бұл ретте бiрiншi кезекте транзиттiк ӘК-ге қызмет көрсету үшiн тарифтердi бiр-бiрiмен тұжырымдамалық түрде байланыстыру қажет - шетелдiк авиакомпанияларға олардың ӘК-рi қайта жанар-жағар май құйып алу үшiн Қазақстанның кез келген транзиттiк әуежайларында қонған жағдайда АКҚ үшiн жеңiлдiктер ұсынуы орынды. Нұсқа ретiнде Қазақстан Республикасы ұлттық аэронавигациялық провайдерiмен және Қазақстанның 3-4 iрi әуежайларымен қосымша авиарейстердi тарту бойынша шаралар және келiсiлген тарифтiк саясат нақты жазылған келiсiмдердi жасау мүмкiндiгiн қарау орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |