153. Тәулік бойы медициналық бақылаумен медициналық көмек көрсетуге, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына мұқтаж пациенттер "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР - ДСМ-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес емдеуге жатқызуға порталы арқылы жоспарлы тәртіппен жіберіледі. 154. Пациенттерді стационарға шұғыл жатқызу МСАК мамандарының жолдамасынсыз жүзеге асырылады. 154. Пациенттерді стационарға шұғыл жатқызу МСАК мамандарының жолдамасынсыз жүзеге асырылады. 155. МСАК мамандары тіркелген тұрғындармен дені сау баланың қабылдауында, кабинетінде, денсаулық мектептерінде, жастар денсаулық орталығында (кабинетінде), пациенттерге үйде қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ ақпараттық байланыс арналары (радио, теледидар, әлеуметтік желілер) арқылы ақпараттық-түсіндіру профилактикалық жұмысын жүргізеді. 156. Үздік практика МСАК орталықтары мамандарымен халықтың денсаулығын жақсартуға (ерлер денсаулығы, ерлердің ұзақ өмір сүруі, дұрыс тамақтану, ауыл денсаулығы/салауатты ауыл, денсаулықты нығайтатын мектептер, балаға мейірімділікпен қарау, менталдық денсаулық және т.б.) бағытталған инновациялық технологияларды енгізу және МСАК ұйымдарына трансферт жүзеге асырылады. 157. МСАК мамандары "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151болып тіркелген) сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қашықтықтан медициналық қызметтерді ұсынады. 158. МСАК мамандары "Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21712 болып тіркелген) сәйкес психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмекті жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |