3 БӨЛIМ
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру
ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру
7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен
қамсыздандыру
22-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы Заңда белгiленген ставкалар бойынша төлеуге тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу үшiн бiр ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және онымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға мiндеттi.
3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
3-1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
3-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған;
2) осы Заңның 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.
4. Мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
4-1. Ұстап қалынған мiндеттi зейнетақы жарналарын Орталыққа:
1) заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнайы салық режимiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар қызметкерлерге төленетiн табыстардан — табыстарды төленген айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;
2) дара кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн және шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнайы салық режимiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына — есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;
3) арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде;
4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер — патент құнын төлеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
РҚАО-ның ескертпесi!
6) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6) бiржолғы талон негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын жеке тұлғалар — бiржолғы талон сатып алынған отыз күннен кейiнгi он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
7) Орталық - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей аударады.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсiмпұлдың толық және уақтылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
РҚАО-ның ескертуi!
7-тармаққа 2012.01.01 ҚР 2007.01.12 N 224 Заңымен өзгерiс енгiзiледi.
7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аударылады.
8. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi агенттер ретiнде қаралуы мүмкiн.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
22-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндеттi зейнетақы жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.
1-1. Қазақстан Республикасының судьялары үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьяның ай сайынғы кiрiсiнiң он процентi мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналары қосымша белгiленедi.
Судья келеңсiз себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде көрсетiлген жарналар республикалық бюджетке алынады.
2. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары мәлiмделетiн табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнiң он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерiнiң он процентiнен жоғары емес болып белгiленедi.
Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнiң он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерiнiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге және төленуге тиiс.
Арнаулы салық режимiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күнге есептелетiн, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде белгiленедi.
Дара кәсiпкер, адвокат, жеке сот орындаушысы және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын табыс мәлiмделетiн табыс болып табылады.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуiнiң) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.22 N 232 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
22-2-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарын олармен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебiнен енгiзедi.
2. Алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.
Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
22-3-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының
ставкасы
1. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеудi кәсiптерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қызметкердiң пайдасына салымшылар өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ ол қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентiнен жоғары болмауға тиiс. Бұл орайда ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы кiрiс Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен анықталады.
Ескерту. 22-3-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы
ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
2) алынып тасталды - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Салық органдарының өкiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы жояды.
5. Агенттiң банк шоты болмаған немесе агенттiң банк шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. V095559
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
7. Салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеушi агенттiң тiркеу нөмiрiн, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегi туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегi бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.
Ескерту. 22-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
23-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
зейнетақы төлемдерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болғанда;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердiң
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезiнде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
23-1-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
зейнетақы төлемдерi
1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу жасқа толған адамдардың
2) мүгедектердiң
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
23-2-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен
төленетiн зейнетақы төлемдерi
1. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
23-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған
зейнетақы қаражатын төлеу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлiгi болған жағдайда төленедi.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында, 22-бабының 3-2-тармағында аталған адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.
Егер осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитетi шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгiленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi түрiнде төленедi.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң және кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
4. Кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгiленедi.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
6. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асырудың тәртiбi мен алушы табыс ететiн құжаттардың тiзбесi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
Ескерту. 23-3-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
24-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы
мәлiметтер беру
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлейдi.
2. (алып тасталды)
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының бастапқы есебiн жүргiзуге мiндеттi.
4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей табыс етiп отыруға мiндеттi.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
25-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегерiп тастағандағы залалдарды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалыптасады.
1-1. Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтерiне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
2. Салымшының, алушының, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктiң және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қарыздары бойынша зейнетақы активтерi мен жинақталған зейнетақы қаражатына, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкротқа ұшыраған жағдайда, тыйым салуға немесе олардан өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкiн:
1) тiзбесiн уәкiлеттi органдар белгiлейтiн қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитетi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға;
5) жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгiленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге.
3. (алып тасталды)
4. Алушы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар және осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жетпеген адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн елу еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолғы төлем жасайды.
Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
26-бап. Зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау
және есепке алу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескерiледi.
2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.
2-1. Үлгiлiк кастодиандық шарттың нысанын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) мiндеттi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктiң бақылау жасауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөнiндегi, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.
6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде кастодиан банк пен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етiле отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн шартты бұзудың белгiленген күнiне дейiн жиырма күн мерзiмде жинақтаушы қордың талап етуiмен бiржақты тәртiппен бұзылуы мүмкiн.
7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде екi баспасөз басылымында тиiстi жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктiң оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңдарымен.
27-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының,
жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен
агенттердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
РҚАО-ның ескертуi!
1) тармақша 2012.07.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкiлеттi орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;
3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;
5) төлемдердi жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алуға;
6) өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне, бiрақ жылына екi реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аударуға;
РҚАО-ның ескертуi!
6-1) тармақшамен 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
10) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Агенттердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Орталықтан қызметкердiң мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болуы туралы растама алуға құқығы бар.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн алушылар:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бiр мезгiлде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бiр жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерiстер туралы осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде хабарлауға;
3) (алып тасталды)
4) осы заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мерзiм мен тәртiп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
27-1-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару
1. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аудару салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа зейнетақы қорымен жасасатын шарты бойынша Орталықтың электрондық хабарламасы бойынша жүзеге асырылады.
2. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың тәртiбi, сондай-ақ салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қоры iшiнде инвестициялық портфельдiң бiр түрiнен басқасына аудару уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
3. Салымшыда (алушыда) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлi жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екi және одан да көп шарты болған кезде бiрнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан бiреуiне аудару 2009 жылғы 1 шiлдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды салымшы (алушы) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшы (алушы) туралы ақпарат бар және салымшыға (алушыға) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен электрондық терминалдар арқылы аударуға мүмкiндiк беретiн электрондық құжат арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 27-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
төлемдерiн алушының құқықтары мен мiндеттерi
Ескерту. 28-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық
ережелерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен ережелерiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
5) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың ережелерiн;
5-1) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi, зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан-банк туралы мәлiметтер берудi;
РҚАО-ның ескертуi!
5-2) тармақшамен 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармақ 2, 3-шi бөлiктермен 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
6) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы ережелерiн белгiлейдi.
РҚАО-ның ескертуi!
2-тармаққа 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерiс енгiзiледi.
2. Зейнетақы ережелерiн акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсiледi.
3. Зейнетақы ережелерi жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оған нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
30-бап. Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен
жасасатын зейнетақы шарты
1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартты уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер мен талаптар қамтылады:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
РҚАО-ның ескертуi!
2-тармақтың 2) тармақшасына 2012.01.01 ҚР 2007.01.12 N 224 Заңымен өзгерiс енгiзiледi.
2) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтiк жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);
3) шарттың мәнi;
4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
5) зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары;
6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртiбi;
8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;
9) шарттың қолданылу мерзiмi;
10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережесi;
11) ерiктi зейнетақы жарналарының немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлiмет;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер болады.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жылда екi реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезiнен бастап күшiне енедi.
4. Салымшы (алушы) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқан кезде жiберушi қорлар жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтың электрондық хабарламасы негiзiнде он бес жұмыс күнi iшiнде алушы қорға жiберуге тиiс. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезеңде салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасасуына не жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуына жол берiлмейдi.
Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсiмi аяқталғаннан кейiн бұзылады.
Ескерту. 30-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
тараптарының және өзге де адамдардың
жауапкершiлiгi
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.
2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершiлiгiнiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және шарттармен белгiленедi.
РҚАО-ның ескертуi!
4-тармаққа 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерiс енгiзiледi.
4. Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына есептелетiн номиналдық кiрiстiлiгiнiң көрсеткiшi кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құрайтын болса, онда жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен номиналдық кiрiстiлiктiң көрсеткiшi мен кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнi арасындағы айырманы өз капиталының есебiнен қалпына келтiредi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша номиналдық кiрiстiлiгiн және кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiн есептеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Өзiнiң басқаруындағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiне қатысты зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен төмен емес кiрiстiлiк алуды қамтамасыз етедi.
Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына есептелетiн номиналдық кiрiстiлiгiнiң көрсеткiшi кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құраса, бұл жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға номиналдық кiрiстiлiктiң көрсеткiшi мен кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнi арасындағы айырманы өтеу туралы талап қояды.
РҚАО-ның ескертуi!
4-1-тармақпен 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшiн құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (аудару күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн уақтылы төлемегенi үшiн құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (аудару күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiндегi төлем сомасында өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
Орталық жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшiн құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (аудару күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |