Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


БӨЛIМ Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшелiктерi



бет8/8
Дата20.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#149434
1   2   3   4   5   6   7   8

4 БӨЛIМ
Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшелiктерi 

      Ескерту. 4-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн


               алу құқығы

      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:


      1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жеткен;
      2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз қалауы бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
      3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде он екi жыл алты айын әскери қызметте және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
      3. Әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына жетуiне байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

      61-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн Орталықтан төленетiн


               зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:


      1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болғанда - толық көлемде;
      2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар адамдарға әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша он жылға жетпейтiн болса, толық емес көлемде тағайындалады.
      2. Орталықтан толық көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың елу процентi есебiнен белгiленедi.
      3. Орталықтан толық емес көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сiңiрген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентi есебiнен белгiленедi.
      4. Әскери қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентiне, еңбек стажының әр жылы үшiн бiр процентiне көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың бiр процентiне көбейтiледi.
      5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың алпыс бес процентiнен асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.

      62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу

      Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
      Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк жылдар бойынша есептеледi.

      63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн


               ақшалай қаражатының мөлшерi

      1. Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi қызметтен босатылған (жеке құрам тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.


      2. Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерiне лауазымдық жалақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шенi бойынша жалақысы (қосымша ақы) кiредi.
      3. Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi соңғы қызмет атқарған жерiнiң тиiстi қаржылық органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.

      64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге


               асыру мерзiмдерi

      1. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерiн бюджет қаражаты есебiнен төлеу қызметтен босатылған (жеке құрам тiзiмiнен шығарылған) күннен бастап, бiрақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейiн жүзеге асырылады.


      2. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиiстi қызметтердi қамтуға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
      3. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
      4. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi, прокуратура органдарының, Кеден комитетiнiң, Төтенше жағдайлар комитетiнiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын прокуратура органдарының, iшкi iстер органдарының және Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерi жаңартылған кезде немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгiленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлген индекстеу ескерiле отырып төленедi.
      5. Әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерi жаңартылған кезде немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгiленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлген индекстеу ескерiле отырып төленедi.

      65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртiбi

      1. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлерi арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгiленген мөлшерi сақталып бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызметтегi стажы он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi үшiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма процентi мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
      Әскери қызметшiлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражаты негiзге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.

      66-бап. Әскери қызметшiлердi және құқық қорғау


               органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
               қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      1. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.


      2. Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5 БӨЛIМ
Қорытынды ережелер

      67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу


               жағдайы бойынша және жасына байланысты
               әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға
               мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
               жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн
               мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар

      1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.


      2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен


               қамсыздандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн
               жауапкершiлiк

      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

      69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет