Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымдары



бет6/8
Дата20.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#149434
1   2   3   4   5   6   7   8
41-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымдары
                 және жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды
                 тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты
                 қатысуы

      1. Осы Заңның 41-бабының 3-тармағында аталған шектеулердi ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда ғана, еншiлес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.


      Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымы еншiлес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымы өзiнiң толық атауында "еншiлес" деген сөздi көрсетуге және бас жинақтаушы зейнетақы қорының атауын пайдалануға мiндеттi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры аяқталған соңғы екi қаржы жылының қорытындылары бойынша қызметi залал шекпеген жағдайда және рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш берген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтаған жағдайда еншiлес ұйымды құруға құқылы.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға еркiн нысанда өтiнiш бередi және оған мынадай құжаттарды:
      1) еншiлес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекiту туралы хаттамаларды;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органының еншiлес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешiмiн;
      3) еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi туралы ақпаратты;
      4) еншiлес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      5) бизнес-жоспарды қоса ұсына отырып, еншiлес ұйым қызметiнiң түрi немесе түрлерi туралы ақпаратты;
      6) сатып алынатын еншiлес ұйымның жарғылық капиталының мөлшерi туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын еншiлес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесi немесе осы ұйымның акцияларының саны, сондай-ақ оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;
      7) еншiлес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi;
      8) аудиторлық ұйымның есебiн және сатып алынатын еншiлес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептiлiгiн;
      9) сатып алынатын еншiлес ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгi туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      10) жарғылық капиталына қатысу үлесiн немесе акцияларын сатып алу арқылы жинақтаушы зейнетақы қоры еншiлес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректердi, оның iшiнде:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi;
      құрылтайшысы (қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жинақтаушы зейнетақы қорының қатысу үлесiнiң мөлшерi, оны сатып алу бағасы туралы мәлiметтi;
      акционерi жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) жалпы санына проценттiк арақатынасы туралы мәлiметтi;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционерi жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын) қатысу үлесiнiң мөлшерi, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәлiметтi;
      акционерi (құрылтайшысы, қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) жалпы санына проценттiк арақатынасы туралы мәлiметтi;
      11) еншiлес ұйымды бақылау және бақылау негiзiн растайтын құжаттарды қоса тiркейдi.
      5. Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшiн:
      1) рұқсат алуға қажеттi құжаттарды табыс етпеу;
      2) еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3) - 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының белгiленген пруденциялық нормативтердi рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш берген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде және (немесе) өтiнiштi қараған кезеңде сақтамауы;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының болжамды еншiлес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтердi сақтамауы;
      5) өтiнiш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңiнде жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
      6) еншiлес ұйым қызметiнiң немесе жинақтаушы зейнетақы қоры жоспарлаған инвестициялардың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қоры клиенттерiнiң мүдделерiне нұқсан келуi болжанатын қаржылық салдарлардың талдамасы негiз болып табылады.
      6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берiлгеннен кейiн үш ай iшiнде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға мiндеттi.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың негiздерi туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымы құрылтай құжаттарына енгiзiлген барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      8. Уәкiлеттi органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзiне тиесiлi еншiлес ұйым акцияларын (қатысу үлесiн) үш ай мерзiмде өзiмен аффилиирленбеген тұлғаларға иелiгiнен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры еншiлес ұйымға бақылау жасау құқығын өзiне байланысты емес себептер бойынша меншiгiне иемденiп алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры осы фактi анықталған кезден бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органның еншiлес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшiн осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиiс.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде ғана жол берiледi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтiнiш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берiле отырып табыс етiледi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.
      Қомақты қатысуға уәкiлеттi органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзiне тиесiлi ұйым акцияларын (қатысу үлесiн) үш ай мерзiмде өзiне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелiгiнен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi. Егер жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты қатысуды жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша иеленсе, ол уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатын алу үшiн осы фактi анықталған кезден бастап бiр ай мерзiмде осы тармақпен көзделген құжаттарды табыс етуге тиiс.
      10. Уәкiлеттi орган:
      1) рұқсат берiлуге негiз болған дәйексiз мәлiметтер анықталған;
      2) еншiлес ұйым, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
      3) еншiлес ұйымды, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде бақылау белгiлерi болмаған жағдайларда еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты керi қайтарып алады.
      Еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат керi қайтарылып алынған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры үш ай мерзiмде еншiлес ұйымның, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өзiне тиесiлi акцияларын (қатысу үлестерiн) осы жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелiгiнен шығаруды жүргiзуге және растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      Еншiлес ұйымды құруға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты керi қайтарып алу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       41-2-бап. Ертерек ден қою шаралары


 
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерiн басқарумен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететiн мынадай факторларды:
      1) меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентiнiң төмендеуiн;
      2) номиналдық кiрiс коэффициентiнiң төмендеуiн;
      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететiн өзге де факторларды анықтау үшiн жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметке талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесiнде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген факторлар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлерiне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюын болғызбау жөнiндегi ертерек ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын табыс ету жөнiнде жазбаша түрде талап жiбередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлерi аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде әрбiр тармағы бойынша атқарылу мерзiмдерi мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлерi оны жоспарда белгiленген мерзiмдерде орындаудың нәтижелерi туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, оны iске асыруға кiрiседi.
      Iс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкiлеттi орган талаптар қою арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлерiне төменде тiзiп көрсетiлген ертерек ден қою шараларының бiреуiн немесе бiрнешеуiн:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертудi;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерiн лауазымынан шеттетудi;
      3) инвестициялық комитеттiң құрамын өзгертудi;
      4) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде дивидендтердi есептеп шығаруды және (немесе) төлеудi тоқтатуды;
      5) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымның басқаруына зейнетақы активтерiн берудi;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншiктi капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi мөлшерге дейiн, оның iшiнде олардың жарғылық капиталын арттыру жолымен ұлғайтуды;
      7) өтiмдi активтердiң үлесiн арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел дәрежесiн бәсеңдету мақсатында инвестициялық портфельдi қайта құрылымдауды жүргiзудi;
      8) әкiмшiлiк шығыстарды қысқартуды, оның iшiнде қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу жолымен қысқартуды қолданады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған iс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде табыс етпеген немесе осы жоспардың iс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкiлеттi органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлерiне осы Заңда көзделген шектеулi ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртiбi және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететiн факторларды анықтау әдiстемесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
       Ескерту. 41-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      42-бап. Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал етудiң шектеулi


               шаралары және санкциялар

      1. Уәкiлеттi орган пруденциалдық нормативтердiң және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң бұзылғандығын, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бұзылғандығын тапқан, жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi анықталған, сондай-ақ уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулi шараларының бiрiн қолдануға:


      1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жою жөнiнде орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiн қызметiнен шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;
      3) мiндеттеме-хат талап етуге;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келiсiм жасауға құқылы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою және (немесе) жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшiлiктердi болдырмау жөнiнде кепiлдiгi қамтылуға тиiс.
      3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту жөнiнде жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша келiсiмнiң осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғандығы жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      5. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
      7. Уәкiлеттi орган санкция ретiнде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздемелер бойынша және тәртiппен консервациялау енгiзуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айыппұл салуға және өндiртiп алуға;
      3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн тану үшiн жеткiлiктi деректердiң негiзiнде, сонымен бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн керi қайтарып ала отырып, осы Заңның 40-бабында көрсетiлген адамдарды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетуге құқылы.
      8. Уәкiлеттi орган мынадай негiздемелердiң кез-келгенi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы:
      1) негiздемесi бойынша лицензия берiлген ақпараттың дәйексiздiгi;
      2) лицензия берiлген сәттен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң басталуын бiр жылдан астам уақытқа кешiктiруi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн жүйелi түрде (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы;
      4) уәкiлеттi орган белгiлеген нормативтердi және жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi жүйелi түрде (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн жүйелi түрде (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
      6) жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде жоймауы;
      7) есептiлiк пен мәлiметтер бермеу немесе қасақана дәйексiз
есептiлiк пен мәлiметтер беру;
      8) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзуы.
      9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру және бұрын тартылған салымшыларға зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметiн жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады.
      10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметiне берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдi жинақтаушы зейнетақы қоры екi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарлама жариялау арқылы он күн iшiнде салымшылар мен алушыларды хабардар етедi.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерiн белгiленген мерзiмде жоймаса, уәкiлеттi органның лицензиядан айыруы үшiн негiз болып табылады.
      12. Өзiне қатысты уәкiлеттi орган ықпал етудiң шектеулi шараларын немесе санкция қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. Уәкiлеттi органның аталған шешiмдерiне шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      13. Егер уәкiлеттi орган iрi қатысушылардың немесе олардың
лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң тәртiп бұзушылығы, заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқандығын айқындаса, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында келтiрiлген шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына да қолданылады.
      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi реттелуi өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорына осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген шектеулi ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры жазбаша нұсқаманың, мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша келiсiмнiң оларда көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн хабардар етуге мiндеттi.
      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау


                 ұғымы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.


      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 8-тармағының 3) - 7) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.
       Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi


                 уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын
                 уақытша басқарушы)

      1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.


      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
      3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 42-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына


                 консервация жүргiзу туралы шешiмi

      1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:


      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
      3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
      5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
      6) консервациялау режимiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
      7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
      2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
      Ескерту. 42-3-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау


                 кезеңiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы
                 зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша
                 әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын
                 уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi

      1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:


      1) эмитентi аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң акцияларды пайдалану және оған билiк ету бойынша құқығы тоқтатыла тұрады;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлерi жұмыстан шеттетiледi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң барлық құқықтары, сондай-ақ эмитентi аталған қор болып табылатын акцияларды пайдалану құқығы уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша меңгерушiсiне) өтедi;
      3-1) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысына) ауысады;
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
      1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
      4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.
     Ескерту. 42-4-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi


                 уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы
                 қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:


      1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
      2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
      4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
      5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      Ескерту. 42-5-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      42-6-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
      2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
      3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
      Ескерту. 42-6-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      42-7-бап. Iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаларға,


                 сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi
                 қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкiлеттi орган iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына:


      1) iрi қатысушы мәртебесiн иемденуге уәкiлеттi органның келiсiмiн алмаған;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденгеннен кейiн осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетiлген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн әрекеттердi iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы жасаған;
      5) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн, iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғалардың, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мен оның iрi қатысушысы, iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлға арасында уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергi келтiретiн қатынастар орын алған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамын тiкелей немесе жанама иеленетiн ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына олардың осы Заңның 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына алып келген iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi үшiн мәжбүрлеу шараларын қолдануға да құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкiлеттi орган:
      1) iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғадан, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорының оған тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi акцияларының санын дауыс беретiн акциялардың он процентiнен төмен деңгейге дейiн азайтуды талап етуге;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорын тәуекелге ұрындыратын, iрi қатысушы мен ашық жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы iрi қатысушыға қатысты операцияларды (тiкелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы не iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлғаның акцияларын сенiмгерлiкпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкiлеттi органға сенiмгерлiкпен басқаруға үш айға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      Уәкiлеттi органның акцияларды сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асыру кезеңiнде акциялардың меншiк иесi сенiмгерлiкпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруға құқылы емес.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының белгiлерiн иеленушi тұлға уәкiлеттi органға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзiне тиесiлi барлық акцияларын өтiнiшхатта көрсетiлген тұлғаларға сату туралы өтiнiшхат беруге құқылы.
      Өтiнiшхатта көрсетiлген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiшхатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкiлеттi органға сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген күннен бастап екi ай iшiнде акцияларды сенiмгерлiкпен басқаруға беру үшiн негiздер жойылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган сенiмгерлiкпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткiзу жолымен иелiктен шығарады. Көрсетiлген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкiлеттi органға сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген тұлғаларға аударылады.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының белгiлерiн иеленушi тұлғаның акцияларын сату жөнiндегi iс-шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      Ескерту. 42-7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру, бөлiп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Pұқсат беру талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешiмi;
      жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн жазылатын құжаттар;
      қайта құру нәтижелерiнiң қаржылық болжамы, соның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейiнгi есептiк балансы;
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтiнiштi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жариялау арқылы өзiнiң барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерiстер туралы хабардар етуге мiндеттi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн оның атауы өзгерген жағдайда да мiндеттi болып табылады.
      3. Бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға мiндеттi. 
      Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде өзiнен екi және одан да көп заңды тұлға бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
      2) бiрiктiру нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде өзiне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негiзiнде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi қолда бар лицензиясы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтiк қордан ашық қор етiп түрiн өзгерткен жағдайда қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға мiндеттi.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

      44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат


               беруден бас тарту

      Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:


      1) қайта құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
      2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;
      3) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату



      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры:
      1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
      1-1. (алып тасталды)
      1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысы зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттар және (немесе) ашылған жеке зейнетақы есепшоттары болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi тарату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Ерiктi және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкiлеттiгi осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      4. (алып тасталды)
      5. (алып тасталды)
      6. Тарату комиссиясы бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде тарату балансы мен есебiн уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне табыс етуге мiндеттi.
      Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгiленген тәртiппен құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
      Тиiстi кезектiлiк басталғаннан кейiн кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың барабарлық принципiн сақтай отырып мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүзеге асырылады.
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05. N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде


                 тарату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.


      Өтiнiшке мына құжаттар:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
      2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны ерiктi тарату туралы шешiм қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын ақпараты;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының болмауын растайтын құжат;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
      5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
      6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына және осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қойып, олар қордың мөрiмен расталуға тиiс.
      2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиiс.
      Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
      Өз еркiмен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры ерiктi тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап он күн iшiнде орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында ол жөнiнде ақпарат жариялауға мiндеттi.
      3-1. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
      Ескерту. 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп


                 таратудың ерекшелiктерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:


      1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияларынан айыруға;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
      Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыруға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселенi қарайды.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиясынан айыру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындайды, оған оның барлық органдарының өкiлеттiктерi берiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын iс-әрекет жасаған органдарының өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады.
      Уәкiлеттi орган лицензиядан айырғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп тарату туралы сотқа өтiнiш бередi.
      Уәкiлеттi орган лицензиядан айыру жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екi мерзiмдi баспасөз басылымында жариялайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындаудың тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзу жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткiзудi аяқтағанға дейiн өз қызметiн жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебi жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған уәкiлеттi органға және сотқа табыс етiледi.
      Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) атқарылған жұмыс туралы есебiн сот бекiтедi.
      Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткiзу аяқталған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыдан) қабылдап алу және тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iстiң материалдарына тiркеу үшiн сотқа жiберiледi.
      4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi және өзге де қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауына болмайды.
      6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
      2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық қызметi органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
      Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      7-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратуға байланысты шығыстар, осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен жүргiзiледi.
      7-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнiнде сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялау жөнiндегi шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң тоқтатылуын әдiлет органының мемлекеттiк тiркеуiне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыру жөнiндегi шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату жөнiндегi шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
      8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
      Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. 45-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы


                 қорларының таратылу процесiндегi бақылау
                 өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:


      1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
      2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
      6) тарату шығыстары сметасын түзудiң және бекiтудiң ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлеуге;
      7) тарату комиссияларының қолма-қол ақшаны кассада сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргiзу ережелерiн орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерiнiң жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақша тапсыру мерзiмдерiн айқындауға құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 45-3-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет