9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы
46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын
құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердiң жарғылық капиталға салған салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттемелерiнiң сомасын шегерiп тастағаннан кейiнгi оның активтерiнiң құны.
Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық
капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. Алып тасталды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi екi миллиард теңгеден кем болмауға тиiс. Оны қалыптастырудың тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшерiне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
3. «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру кезiнде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларына ақы төлеу тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен жүзеге асырылады.
4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер басқа тұлғалардың акцияларға орналастырылған активтерiн және жарғылық капиталына қатысу үлестерiн шегере отырып, өз капиталының шегiндe жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкi туралы декларация беру бөлiгiндe белгiленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толық төленуге тиiс.
6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерiнен құрылтай құжаттары мен қаржы есептiлiгiн табыс етудi талап етуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
сыйақылары
1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) инвестициялық табыстың он бес процентiнен;
2) айына зейнетақы активтерiнiң 0,05 процентiнен аспайтын шекте белгiлейдi.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн.
Комиссиялық сыйақының шамасы кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталардан бiр ай бұрын хабарлануға тиiс.
Комиссиялық сыйақыны өндiрiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi болады.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп
берiп отыруы. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу
және есептiлiк
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есептi жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қаражаты және зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептеменi және бастапқы статистикалық деректердi бөлек бередi.
2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiне және инвестициялық кiрiстiң салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуiне уәкiлеттi орган бақылау жасайды.
2-1. Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 69, 2010.03.19 № 258-IV, 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебi аудитордың – орындаушының және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгi туралы тәуелсiз пiкiрiн және осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiне қатысты есепке алуды жүргiзу және есептiлiктiң жасалуы тәртiбiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiне тексеру нәтижелерi туралы ақпаратты қамтиды.
Ескерту. 49-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
49-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның iрi қатысушысының есептiлiгi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысы жыл сайын уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күн iшiнде қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны табыс етуге тиiс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлға болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күн iшiнде кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердi қамтитын есептiлiктi, сондай-ақ:
1) басқа тұлғалармен бiрлесiп жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешiмдерге шарттың негiзiнде не өзгеше түрде ықпал етудi жүзеге асыру туралы, оның iшiнде осындай ықпал ету мүмкiндiгiн айқындайтын өкiлеттiктердi табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдардағы өзiне тиесiлi қатысу үлестерiн (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзiнiң атқаратын лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзiне тиесiлi қатысу үлестерi (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздерi туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;
5) кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердi, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөнiндегi декларациясы болған кезде, оның көшiрмесiн беруге тиiс.
3. Есептiлiктi беру тәртiбi мен нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушы уәкiлеттi органға:
1) есептi тоқсаннан кейiнгi күнтiзбелiк тоқсан күн iшiнде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жүз жиырма күн iшiнде аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны;
3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмiлелер туралы тоқсан сайынғы есептi табыс етуге тиiс.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысының жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбада, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) iрi қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетiлуi тиiс:
1) iрi қатысушының қызметi түрлерiнiң сипаттамасы;
2) iрi қатысушы оның қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиесiлi акциялар саны), қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы, iрi қатысушы оның iрi қатысушысы (iрi акционерi) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептiлiгi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға iрi қатысушының iрi қатысушысы (iрi акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң мөлшерi (өзiне тиесiлi акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы және қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы, iрi қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншiлес және тәуелдi ұйымдары туралы мәлiметтер.
Жинақтаушы зейнетақы қорында немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) iрi қатысушысы болмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы қаржылық есептiлiктi және осы тармақта көрсетiлген ақпаратты тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрмей беруге тиiс.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы – заңды тұлғаның басшы қызметкерлерiнiң құрамы өзгерген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы – заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса тiркей отырып, көрсетiлген өзгерiстер болған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға басшы қызметкерлердiң мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жүз сексен күн iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi уәкiлеттi органға табыс етуге тиiс.
Қазақстан Республикасының резидентi емес – жеке тұлға болып табылатын, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.
7. Егер Қазақстан Республикасының резидентi – қаржы ұйымы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы болып табылатын жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы осы баптың 5-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты бередi. Бұл ретте, егер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы уәкiлеттi органға осы қаржылық есептiлiктi талап етiлген кезеңде табыс етсе, қаржылық есептiлiк және оған түсiндiрме жазба табыс етiлмейдi.
Ескерту. 49-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
49-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның iрi қатысушыларына аудит
1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргiзу жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушылары үшiн мiндеттi.
Аудиторлық есептiң көшiрмесi көрсетiлген құжат алынған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.
2. Өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама түрде иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiгiн осы Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргiзуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиiс.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға аудиторлық есептiң көшiрмесiн және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тiлдерiнде табыс етедi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық ахуалына әсерiн тигiзетiн, аудиторлық есепте көрсетiлген бұзушылықтарды көрсетiлген тұлғалар аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган бұзушылықтар жойылғанға дейiн:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты тиiстi лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Осы есептi алған күннен бастап бiр жыл iшiнде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган:
1) жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды лицензиясынан айыруға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Ескерту. 49-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары және Орталық жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
2-1) сот орындаушыларына - сот орындаушысының сот санкция берген қаулысының негiзiнде олардың жүргiзуiндегi атқарушылық құжаттар бойынша;
3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
4) уәкiлеттi органға - салымшының (алушының) өтiнiшiне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты;
5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыретi шегiндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
5-1) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға - «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртiппен;
6) салымшының (алушының) өкiлдерiне - нотариатпен куәландырған сенiмхат негiзiнде;
6-1) Орталыққа - мiндеттi зейнетақы ай жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшiн;
6-2) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтiнiшiне байланысты туындаған мәселе бойынша;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда жазбаша сұрау бойынша өсиетте аталған адамдарға, олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша ұйғарым негiзiнде соттарға берiледi.
6. Жеке зейнетақы шотының болуы және ондағы ақша туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша нотариат кеңселерiнe, жеке нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге берiледi.
Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. Заңдарымен.
11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
басқару
51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн басқару тәртiбi
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтiң осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
1-1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алады.
1-2. Рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң белгiлi бiр рейтингiн иеленген заңды тұлға - қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама түрде иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билiк етуге құқығы жоқ.
1-3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншiктi капиталы Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншiктi капиталының елу пайызынан аспауы керек.
Осы тармақтың талабы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншiктi капиталын Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншiктi капиталынан:
1) бөлiнбеген пайда есебiнен;
2) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық меншiктi капиталын азайту есебiнен елу пайыздан асатын мөлшерге дейiн ұлғайтқан жағдайға қолданылмайды.
1-4. алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1-5. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйым – орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
1) Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң
2) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiнiң елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң иелiгiндегi, меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының не оларға ұқсас Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының
3) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң (сенiмдi тұлғаларының) не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың қаражатына иелiк етушiлер болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiндегi, меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен оқшауланған болады.
5. алып тасталды.
Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
53-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күн iшiнде уәкiлеттi органға зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық басшы қызметкерлерiне зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылының iшiнде төлеген кiрiстер туралы мәлiметтердi қамтитын есептiлiктi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша ұсынуға мiндеттi.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудiң басқа түрлерiн есептеу жөнiндегi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iшкi саясатына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесiнiң және (немесе) басқармасының мүшелерi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi лауазымында бола алмайды.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерiне қойылатын өзге де талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бiр және одан да көп ұйымдармен шарт негiзiнде және (немесе) уәкiлеттi орган беретiн, қызметтiң осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
3. (алып тасталды)
4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
55-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу
1. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде және тәртiппен өз қызметi туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мақсаты үшiн банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмiлелердi, зейнетақы активтерiн басқаруға шарттар жасасуды, эмитенттiң инвестициялық портфелiндегi облигацияларды акцияларға айырбастауын, артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыруды, эмитенттен инвестициялық портфелiндегi акцияларды сатып алуды талап етудi, сондай-ақ уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген басқа да жағдайларды қоспағанда, зейнетақы және (немесе) меншiктi активтерi есебiнен үлестес тұлғалармен мәмiлелер жасасу;
3-1) зейнетақы және (немесе) меншiктi активтердiң есебiнен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не параметрлерi қор биржасының акциялары нарығының индексiн есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тiзiмiне (қор биржасының өкiлдi тiзiмiне) не базалық активi осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар тiзiмiне кiретiн акцияларды қоспағанда, базалық активi осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алуға;
3-2) зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
3-3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлерiне қаржылық көмектi қоспағанда, меншiктi активтер есебiнен бiр жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға өтеусiз негiзде қаржылық көмек ұсынуға;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы және (немесе) меншiктi активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
56-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiленедi.
Пруденциалдық нормативтердiң тiзбесiн, олардың нормативтiк мәндерi мен есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Зейнетақы активтерiн немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептiлiк мәлiметтерiн түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетiлген уәкiлеттi органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердiң және басқа да мiндеттi нормалар мен лимиттердiң есебiн уәкiлеттi орган өздерi түзеткен есептiлiк негiзiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиiстi лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10. N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
59-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның жауапкершiлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгiленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бiр жақты тәртiппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi басқармаудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi бүкiл мүлкiмен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап бередi.
Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңдарымен.
59-1-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 59-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |