Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның



бет6/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#149436
1   2   3   4   5   6   7   8   9

                инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
                 iрi қатысушысы болғысы келетiн тұлғаларға
                келiсiм беруден бас тарту негiздерi

      1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы болғысы келетiн тұлғаларға келiсiм беруден бас тартуына:


      1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтiнiш берушi заңды тұлғаның басшы қызметкерлерiне қатысты);
      2) өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетiлген құжаттарды табыс етпеу;
      4) өтiнiш берушiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуi нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иелену жөнiндегi мәмiледе тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлға (оның iрi қатысушысы (iрi акционер) иеленушi тарап болып табылатын жағдайлар;
      6) өтiнiш берушiнiң осы Заңда белгiленген, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      7) өтiнiш берушi - қаржылық ұйым өзi орналасқан елде шоғырландырылған негiзде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      8) өтiнiш берушiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуiнiң қаржылық салдарына жасалған талдаудың жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
      9) өтiнiш берушi - Қазақстан Республикасының резидентi емес қаржылық ұйымда шыққан елi заңнамасының шеңберiнде қаржы қызметiн жүзеге асыру өкiлеттiгiнiң болмауы;
      10) өтiнiш берушi - Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғада осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi қажеттi рейтингiнiң болмауы;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйiнiң ықтимал нашарлауы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиiмсiздiгi;
      12) өтiнiш берушi - жеке тұлғада, өтiнiш берушi - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерiнде мiнсiз iскерлiк беделдiң болмауы;
      13) уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын iрi қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының iрi қатысушы-заңды тұлғасының бiрiншi басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкерi болып табылған не табылатын жағдайлар негiз болып табылады. Аталған талап уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл бойы қолданылады.
      2. Мына жағдайлардың бiрiнiң болуы:
      1) өтiнiш берушi - заңды тұлғаның өтiнiш берген күнге дейiн екi жылға жетпейтiн уақытта құрылуы;
      2) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiне орналастырылған және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде, өзiнiң активтерiнен асып кетуi;
      3) аяқталған соңғы екi қаржы жылының нәтижелерi бойынша залал шегуi;
      4) өтiнiш берушi мiндеттемелерiнiң мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайына айтарлықтай қауiп төндiруi;
      5) өтiнiш берушiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның алдында мерзiмi өткен және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның балансына жатқызылған берешегiнiң болуы;
      6) өтiнiш берушiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуiнiң қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтiру мүмкiндiгiн куәландыратын өзге де негiздер өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгiсi болып табылады.    
      3. Тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiн уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнсiз иеленген кезде, уәкiлеттi орган алты айдан аспайтын мерзiмде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сату бойынша талаптар бөлiгiнде осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.
      Ескерту. 36-2-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу

      Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.
      Рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, әдiлет органдарында қайта тiркеудi талап ететiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк қайта тiркелгеннен кейiн жинақтаушы зейнетақы қоры қайта тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар, құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
      Құрылтай құжаттарына мемлекеттiк қайта тiркеудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры әдiлет органының зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгiсi соғылған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға жинақтаушы зейнетақы қорының осы хатының көшiрмесiн, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Жарғылық капиталдың жүз процентi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттiк" деген сөз қолданыла алады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.
      3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбiр заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзiн зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

      39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы


               төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi
               лицензиялау

      Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.


      Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның мерзiмдi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы


               қызметкерлерiне қойылатын талаптар

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттi түрде iшкi аудит қызметiн құрады және мынадай алқалы органдарды:


      1) директорлар кеңесiн – басқарушы органды;
      2) басқарманы – атқарушы органды қалыптастырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлiмшесiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiн қоспағанда, директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы мен мүшелерi, басқарманың бiрiншi басшысы мен мүшелерi, бас бухгалтер, жинақтаушы зейнетақы қорының бiр немесе бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген есептiлiктiң әртүрлi нысандарын қоса алғанда, уәкiлеттi органға ұсынылатын ақпаратқа, сондай-ақ кастодиандық шартқа сәйкес зейнетақы активтерi бойынша ай сайынғы салыстыру жүргiзiлгенiн растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi деп танылады.
      1-1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы жылы аяқталған соң күнтiзбелiк жүз жиырма күн iшiнде уәкiлеттi органға қаржы жылы iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының барлық басшы қызметкерлерiне жинақтаушы зейнетақы қоры төлеген табыстар туралы мәлiметтердi қамтитын есептiлiктi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысанда ұсынуға мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудiң басқа да түрлерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының iшкi саясатына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
      1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi және (немесе) басқармасы мүшелерiнiң осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымын атқаруына болмайды.
      2. Мыналар:
      1) жоғары бiлiмi жоқ
      2) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгiленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргiзу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ
      3) мiнсiз iскерлiк беделi жоқ
      4) уәкiлеттi органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiмi қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқармасының бiрiншi басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтерi , iрi қатысушысы-жеке тұлғасы, iрi қатысушысы-заңды тұлғаның бiрiншi басшысы болып табылған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкiлеттi органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiмi қабылданғаннан кейiн бес жыл бойы қолданылады;
      5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңiнде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiм керi қайтарып алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкiлеттi органның басшы қызметкердi лауазымға тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн керi қайтарып алу туралы шешiмi қабылдағаннан кейiн қатарынан соңғы он екi ай бойы қолданылады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бiрiншi басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Басқарма мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшiн:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасының бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi лауазымдарына кандидаттар үшiн кемiнде үш жыл;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарма мүшелерi лауазымдарына кандидаттар үшiн кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуы қажет.
       Директорлар кеңесi мүшелерi, сондай-ақ тек қана жинақтаушы зейнетақы қоры қауiпсiздiгi мәселелерiне, әкiмшiлiк-шаруашылық мәселелерiне жетекшiлiк ететiн басқарма мүшелерi лауазымдарына кандидаттар үшiн осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етiлмейдi.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлiмшелерiндегi шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты жұмыс кiрмейдi.
      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алғанша күнтiзбелiк алпыс күннен аспайтын мерзiм iшiнде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн және құжаттардың толық пакетi уәкiлеттi органға келiсуге табыс етiлмеген жағдайда не уәкiлеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердiң өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi шараларды қолдануға мiндеттi.
       Уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiнiң мiндетiн осы тармақта белгiленген мерзiмнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм беру үшiн табыс етiлген құжаттарды олар табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкiлеттi органның келiсiм беру тәртiбi, келiсiм алуға қажеттi құжаттар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      7. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тартқан не ол жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi лауазымынан босатылған немесе оны осы жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейiн кемiнде күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң, бiрақ қатарынан он екi ай iшiнде екi реттен артық емес, осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкiн.
      8. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн лауазымға тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден қатарынан екi рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзiн уәкiлеттi органның осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден екiншi рет бас тарту туралы шешiмi қабылданған күннен бастап қатарынан он екi ай өткеннен кейiн жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкiн.
      9. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келiсiмiн:
      1) келiсiм беруге негiз болған дұрыс емес мәлiметтер анықталған;
      2) басшы қызметкерге және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның санкцияларды жүйелi түрде (қатарынан соңғы он екi ай iшiнде үш не одан да көп рет) қолдану;
      2-1) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелi түрде (қатарынан соңғы он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзуы;
      3) уәкiлеттi орган осы бапта көрсетiлген тұлғаларды жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейдi деп тану үшiн жеткiлiктi деректердiң негiзiнде қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету;
      4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негiздерi бойынша керi қайтарып алуға құқылы.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiмдi уәкiлеттi органның керi қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берiлген келiсiмдi (келiсiмдердi) керi қайтарып алу үшiн негiз болып табылады.
      Уәкiлеттi орган басшы қызметкердi лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келiсiмiн керi қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердiң өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi шараларды қолдануға мiндеттi.
      10. Уәкiлеттi орган осы Заңда белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiм қабылдаған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердiң өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi шараларды қолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      40-1-бап. Тәуекелдердi басқару мен iшкi бақылау жүйесi

      Жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар тәуекелдердi басқару мен iшкi бақылау жүйесiн құрады, ол:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесiнiң, басқармасының, бөлiмшелерiнiң тәуекелдердi басқару мен iшкi бақылау жөнiндегi өкiлеттiктерi мен функционалдық мiндеттерiн, олардың жауапкершiлiгiн;
      2) тәуекелдердi басқару мен iшкi бақылау жөнiндегi iшкi саясатты және рәсiмдердi;
      3) тәуекелдердiң жол берiлетiн мөлшерiне арналған лимиттердi;
      4) тәуекелдердi басқару мен iшкi бақылау жөнiндегi есептiлiктi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның органдарына ұсынудың iшкi рәсiмдерiн;
      5) тәуекелдердi басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың iшкi критерийлерiн қамтуға тиiс.
      Тәуекелдердi басқару мен iшкi бақылау жүйесiн қалыптастырудың тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      Ескерту. 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары,


               мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:


      1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
      2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
      3) уәкiлеттi орган берген лицензиялар негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi дербес жүзеге асыруға;
      4) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша сотта оның мүдделерiн бiлдiруге;
      5) өз мұқтажы үшiн сатып алынған мүлiктi жалға беруге;
      6) зейнетақы шартының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.           
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
      2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
      3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгi оның жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсiм бойынша анықталады.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетiлген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат жiберудi жүзеге асырмайды;
      3-1) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелiнiң құрылымы туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде зейнетақы активтерi есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      3-2) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жұмыс iстеуi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару мәселелерi бойынша өтеусiз консультациялық қызмет көрсетуге;
      3-3) рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төменгi рейтингiне ие болуға мiндеттi. Талап етiлетiн ең төменгi рейтинг және рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi;
      4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
      6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бiр жинақтаушы зейнетақы қорының iшiндегi басқа инвестициялық портфельге, немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аударуға;
      6-1) Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылуға тиiстi жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы туралы мәлiмет беруге;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
      8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде қаржылық есептiлiк пен аудиторлық есептi және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен өзге де есептiлiк пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәлiметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
      9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
      10) алып тасталды;
      11) салымшымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
      11-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасасылған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;
      12) салымшымен ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
      13) зейнетақымен қамсыздандыру туралы әрбiр жеке тұлғамен шарт жасасуды және оны бұзуды, салымшының (алушының) не сенiм бiлдiрiлген адамның жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға өтiнiштерiн олардың тұратын жерiне қарамастан қабылдауды және орындауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбiр филиалдың осындай қызметтердi көрсетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
      1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
      2) тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалған мүлiктi қоспағанда, мүлiктi сатып алуды немесе сатуды жүзеге асыруға;
      3) үлестес тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, параметрлерi қор биржасы акциялары нарығы индексiн есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тiзiмiне (қор биржасының өкiлдiк тiзiмiне) кiретiн акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және (немесе) меншiктi активтерi есебiнен сатып алуға;
      4) зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен аспайтын сомада көрсетiлетiн қаржы көмегiн қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi активтерi есебiнен өтеусiз негiзде қаржы көмегiн көрсетуге;
      6) сақтандыру қызметiмен айналысуға;
      7) зейнетақы және (немесе) меншiктi активтердi кепiлге беруге;
      8) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;
      9) жинақтаушы зейнетақы қорының мақсаттары үшiн банктерден күнтiзбелiк тоқсан күннен асатын мерзiмге, меншiктi капиталдың мөлшерiнен асатын мөлшерде қарыз қаражатын тартуға;
      10) қарыздарды кез келген тәсiлмен беруге;
      11) кез келген түрдегi кепiлдемелер мен кепiлдiктердi беруге;
      12) жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасаспаған тұлғаларды осы баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасында көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн тартуға тыйым салынады.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақталуы мiндеттi пруденциялық нормативтер белгiленедi. Пруденциялық нормативтердiң тiзбесiн, олардың нормативтiк мәнiн, есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасында көрсетiлген қаржылық және (немесе) өзге де есептiлiктегi деректердi түзету жөнiндегi талаптарды орындамаған кезде, пруденциялық нормативтердi және басқа да мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеудi уәкiлеттi орган өзi түзеткен есептiлiк негiзiнде жүзеге асырады.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентiн қолдау жөнiндегi шараларды қолдануға мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы уәкiлеттi органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншiктi капиталын ұлғайту бойынша шаралар қолдануға мiндеттi.

      5. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


      Ескерту. 41-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.11 N 562, 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      41-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымдары


                 және жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды
                 тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты
                 қатысуы

      Ескерту. 41-1-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.



       41-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
 
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерiн басқарумен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететiн мынадай факторларды:
      1) меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентiнiң төмендеуiн;
      2) номиналдық кiрiс коэффициентiнiң төмендеуiн;
      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететiн өзге де факторларды анықтау үшiн жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметке талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесiнде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген факторлар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлерiне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюын болғызбау жөнiндегi ертерек ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын табыс ету жөнiнде жазбаша түрде талап жiбередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлерi аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде әрбiр тармағы бойынша атқарылу мерзiмдерi мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлерi оны жоспарда белгiленген мерзiмдерде орындаудың нәтижелерi туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, оны iске асыруға кiрiседi.
      Iс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкiлеттi орган талаптар қою арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлерiне төменде тiзiп көрсетiлген ертерек ден қою шараларының бiреуiн немесе бiрнешеуiн:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертудi;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерiн лауазымынан шеттетудi;
      3) инвестициялық комитеттiң құрамын өзгертудi;
      4) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде дивидендтердi есептеп шығаруды және (немесе) төлеудi тоқтатуды;
      5) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымның басқаруына зейнетақы активтерiн берудi;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншiктi капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi мөлшерге дейiн, оның iшiнде олардың жарғылық капиталын арттыру жолымен ұлғайтуды;
      7) өтiмдi активтердiң үлесiн арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел дәрежесiн бәсеңдету мақсатында инвестициялық портфельдi қайта құрылымдауды жүргiзудi;
      8) әкiмшiлiк шығыстарды қысқартуды, оның iшiнде қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу жолымен қысқартуды қолданады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған iс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде табыс етпеген немесе осы жоспардың iс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкiлеттi органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлерiне осы Заңда көзделген шектеулi ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртiбi және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететiн факторларды анықтау әдiстемесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
       Ескерту. 41-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-3-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
      Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен нақтылауға құқылы.
      3. Мына тұлғаларға:
      зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлерi болып табылмайтын және жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкiлеттiк бермеген жеке тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы қорлары көрсететiн қызметтердi жарнама берушi ретiнде жарнамалауға тыйым салынады.
      4. Зейнетақы активтерi туралы ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиiстi инвестициялық кiрiс алынған кезеңдi көрсету арқылы ғана ұсынуы мүмкiн.
      Ескерту. 41-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      42-бап. Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал етудiң шектеулi


               шаралары және санкциялар

      1. Уәкiлеттi орган пруденциалдық нормативтердiң және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң бұзылғандығын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын тапқан, жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi анықталған, сондай-ақ уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулi шараларының бiрiн қолдануға:


      1) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiн қызметiнен шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;
      3) мiндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жiберуге;
      4) мiндеттi түрде қол қойылуға тиiс жазбаша келiсiм жасасуға құқылы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттеме-хатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды мойындау фактiсi, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою және (немесе) жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау жөнiнде кепiлдiгi қамтылуға тиiс.
      3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы және осы бұзушылықтарды жою жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды бекiту жөнiнде жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғандығы жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      5. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
      7. Уәкiлеттi орган санкция ретiнде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздемелер бойынша және тәртiппен консервациялау енгiзуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айыппұл салуға және өндiртiп алуға;
      3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн тану үшiн жеткiлiктi деректердiң негiзiнде, сонымен бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн керi қайтарып ала отырып, осы Заңның 40-бабында көрсетiлген адамдарды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетуге құқылы.
      8. Уәкiлеттi орган мынадай негiздемелердiң кез-келгенi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы:
      1) негiздемесi бойынша лицензия берiлген ақпараттың дәйексiздiгi;
      2) лицензия берiлген сәттен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң басталуын бiр жылдан астам уақытқа кешiктiруi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн жүйелi түрде (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы;
      4) уәкiлеттi орган белгiлеген нормативтердi және жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi жүйелi түрде (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелердi жүйелi түрде (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
      5-1) уәкiлеттi орган қолданған ықпал етудiң шектеулi шараларының талаптарын орындамауы;
      5-2) уәкiлеттi органмен жасалған жазбаша келiсiмге қол қоюдан бас тартуы;
      6) жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде жоймауы;
      7) есептiлiк пен мәлiметтер бермеу немесе қасақана дәйексiз
есептiлiк пен мәлiметтер беру;
      8) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзуы.
      9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру және бұрын тартылған салымшыларға зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметiн жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады.
      10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметiне берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдi жинақтаушы зейнетақы қоры екi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарлама жариялау арқылы он күн iшiнде салымшылар мен алушыларды хабардар етедi.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерiн белгiленген мерзiмде жоймаса, уәкiлеттi органның лицензиядан айыруы үшiн негiз болып табылады.
      12. Өзiне қатысты уәкiлеттi орган ықпал етудiң шектеулi шараларын немесе санкция қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. Уәкiлеттi органның аталған шешiмдерiне шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      13. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының iрi қатысушысы, iрi қатысушылары белгiлерiн иеленушi тұлғаларға қатысты, егер жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқанын немесе осы Заңның 34-бабының талаптарын бұзуға алып келгенiн анықтаса, осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында келтiрiлген шараларды немесе осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген санкцияны қолдануға құқылы.
      14. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау


                 ұғымы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.


      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 8-тармағының 3) - 7) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.
       Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi


                 уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын
                 уақытша басқарушы)

      1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.


      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
      3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 42-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына


                 консервация жүргiзу туралы шешiмi

      1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:


      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
      3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
      5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
      6) консервациялау режимiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
      7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
      2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
      Ескерту. 42-3-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау


                 кезеңiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы
                 зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша
                 әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын
                 уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi

      1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:


      1) эмитентi аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң акцияларды пайдалану және оған билiк ету бойынша құқығы тоқтатыла тұрады;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлерi жұмыстан шеттетiледi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң барлық құқықтары, сондай-ақ эмитентi аталған қор болып табылатын акцияларды пайдалану құқығы уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша меңгерушiсiне) өтедi;
      3-1) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысына) ауысады;
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
      1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
      4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.
     Ескерту. 42-4-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi


                 уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы
                 қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:


      1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
      2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
      4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
      5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      Ескерту. 42-5-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      42-6-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
      2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
      3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
      Ескерту. 42-6-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      42-7-бап. Iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаларға,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет