Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге



бет5/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#149436
1   2   3   4   5   6   7   8   9

               активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
               асыратын ұйымның iрi қатысушысы

      1. Бiрде-бiр тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бiрлесiп, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билiк ете алмайды, сондай-ақ уәкiлеттi органның алдын ала жазбаша келiсiмiн алмастан жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызына қатысты қабылдайтын шешiмдерiн бақылай алмайды немесе оларға ықпал ету мүмкiндiгi болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.


      Қазақстан Республикасының резидентi емес-заңды тұлғалар рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге уәкiлеттi органның келiсiмiн алуы мүмкiн. Талап етiлетiн ең төменгi рейтинг және рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленудi немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей иеленетiн, немесе талап етiлетiн ең төменгi рейтингi бар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкiндiгi бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) иелену (дауыс беру) арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама дауыс берудi көздейтiн Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға үшiн көрсетiлген рейтингтiң болуы талап етiлмейдi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты немесе сатып алынған акциялары шегерiле отырып) немесе дауыс беретiн акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызы тиесiлi және мынадай:
      1) акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесi акционерлердiң жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгiну;
      2) акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiне қосымша мәселелердi енгiзу;
      3) директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аудитiн өз есебiнен жүргiзуi мәселелерi бойынша олардың шешiм қабылдауын көздейтiн, өздерiнiң арасында жасалған келiсiмнiң негiзiнде әрекет ететiн акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы болып табылмайды.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру, келiсiмдi керi қайтарып алу қағидаларын, көрсетiлген келiсiмдi алу үшiн табыс етiлетiн құжаттарға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган айқындайды.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы болғысы келетiн тұлға келiсiм алу үшiн уәкiлеттi органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәлiметтердi қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иелену туралы өтiнiштi ұсынуға мiндеттi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушылары - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздерiнiң меншiк құқығына тиесiлi мүлiктiң құнынан аспайтын мөлшерде төлейдi. Бұл ретте мүлiктiң құны жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиiс.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражат көздерi мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын, оның iшiнде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражат көзi:
      кәсiпкерлiк, еңбек немесе басқа да ақы төленетiн қызметтен түскен кiрiстер;
      өтiнiш берушiнiң құжаттамамен расталған жинақ ақшасы болып табылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшiн сыйға тарту, ұтыс, өтеусiз алынған мүлiктi сатудан түскен кiрiс түрiнде алынған, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегi ақша осы тармақшаның екiншi бөлiгiнде көрсетiлген қаражат көздерiне қосымша пайдаланылуы мүмкiн.
      Өтiнiш берушi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сыйға тарту түрiнде алынған мүлiк есебiнен сатып алған кезде сыйға тартушы туралы және аталған мүлiктiң сыйға тартушыда пайда болу көздерi туралы мәлiметтердi;
      2) өтiнiш берушiнiң мүддесiн бiлдiру тапсырылған өтiнiш берушiнiң өкiлiне (ол болғанда) берiлген сенiмхатты;
      3) өзi iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болғанда, осы қорды немесе ұйымды қайта капиталдандыру жоспарын;
      5) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтердi;
      6) табыстары мен мүлкi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысанға сәйкес өтiнiш берушiнiң барлық мiндеттемелерi бойынша орын алған берешегi туралы ақпаратты;
      7) бiлiмi туралы, еңбек қызметi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш берушi туралы қысқаша деректердi ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес-жеке тұлға зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының резидентi емес-жеке тұлға тұратын елдiң тиiстi мемлекеттiк органының осы елдiң заңнамасында Қазақстан Республикасының резидентi-зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенi туралы жазбаша растауын не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының осындай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетiнiң заңнамасы бойынша талап етiлмейтiнi жөнiндегi өтiнiштi ұсынады.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) өтiнiш берушiнiң органының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу туралы шешiмiнiң көшiрмесiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң үлестес тұлғаларының тiзiмiн;
      2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он немесе одан көп пайызын иеленетiн, сондай-ақ шарттың күшiне қарай осы заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындауға не өзгеше түрде бақылауға (дербес немесе басқа тұлғалармен бiрге) мүмкiндiгi бар тұлғалар туралы мәлiметтер мен растайтын құжаттарды;
      3) осы баптың 6-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      4) оның басшы қызметкерлерiнiң мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтердi;
      5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн, өтiнiш берушiнiң iрi қатысушылары туралы, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң iрi қатысушыларының iрi қатысушылары туралы қысқаша деректердi;
      6) бiлiмi, еңбек қызметi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш берушiнiң басшы қызметкерлерi жөнiндегi қысқаша деректердi;
      7) аяқталған соңғы екi қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептiлiгiн, сондай-ақ тиiстi өтiнiштi табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептiлiгiн;
      8) iрi қатысушы мәртебесiн иеленгеннен кейiн өтiнiш берушiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебенi иеленудiң қаржылық салдарының талдауын, iс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса, өтiнiш берушiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның активтерiн сату, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметiн қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерiстер енгiзу жөнiндегi жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етедi.
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi емес-заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн, халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң бiрi берген заңды тұлғаның кредиттiк рейтингi туралы мәлiметтердi;
      3) Қазақстан Республикасының резидентi емес жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге өтiнiш берушi орналасқан елдiң қаржылық қадағалау органының жазбаша рұқсатын (келiсiмiн) не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының көрсетiлген мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келiсiм) талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдемесiн ұсынады.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 8-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) өтiнiш берушi орналасқан елдiң қаржылық қадағалау органының өтiнiш берушiнiң осы елдiң заңнамасының шеңберiнде қаржы қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi екендiгi туралы жазбаша растауын не өтiнiш берушi орналасқан елдiң қаржылық қадағалау органының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдемесiн ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын сатып алуға ниеттенетiн, өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидентi емес-қаржы ұйымы осы тармақта белгiленген құжаттардан басқа өтiнiш берушi орналасқан елдiң қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидентi емес-қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын ұсынады.
      10. Орналастырылған акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) иелену үлесiмен жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге тiлек бiлдiрген тұлғалар осы бапта көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге қосымша, қойылатын талаптарын уәкiлеттi орган белгiлейтiн таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесiмен iрi жинақтаушы ұсынған бизнес-жоспарды осы бапта белгiленген тиiстi мәртебенi иелену шеңберiнде қарайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелерi туралы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының бизнес жоспарын жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясына (даму жоспарына) енгiзу не енгiзбеу туралы тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға хабарлайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етедi.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) жиынтығында он немесе одан көп пайызын иеленетiн немесе жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым акцияларының он немесе одан көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беруге мүмкiндiгi бар және:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шешiмдерiне өздерiнiң арасындағы шарттың күшiне қарай не өзгеше түрде бiрлесiп ықпал ететiн;
      2) жеке алғанда немесе өзара бiр-бiрiнiң iрi қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бiрi лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкiлi болып табылатын;
      4) олардың бiрi өздерiнiң арасында жасалған шартқа сәйкес екiншi тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу мүмкiндiгiн берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлi-зайыптылар болып табылатын;
      6) олардың бiрi басқа тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздерiне сыйға тартылған ақша немесе өтеусiз алынған мүлiк есебiнен сатып алу мүмкiндiгiн берген тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кiрген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      12. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иелену үшiн осы баптың талаптарына сәйкес берiлген өтiнiш бойынша шешiмдi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап үш ай iшiнде қабылдауға тиiс.
      Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнi өз шешiмiнiң нәтижесi туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Бұл ретте тиiстi мәртебенi иеленуге келiсiм беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негiздерi көрсетiледi.
      13. Келiсiм беруге негiз болған анық емес мәлiметтер анықталған немесе өтiнiш берушi iрi қатысушы мәртебесiн иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе iрi қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган келiсiмдi қайтарып алуға негiз болып табылатын фактi анықталған күннен бастап екi ай iшiнде осы бапқа сәйкес берiлген келiсiмнiң күшiн жою туралы шешiм қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзiне тиесiлi акцияларының санын алты ай iшiнде осы бапта белгiленгеннен төмен деңгейге дейiн азайтуға мiндеттi.
      Осы бапқа сәйкес берiлген келiсiмi керi қайтарып алынған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын үшiншi тұлғаға сенiмгерлiк басқаруға беруге құқылы емес.
      Уәкiлеттi орган тиiстi келiсiмдi керi қайтарып алу жөнiнде өздерiне қатысты шешiм қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы тұлғалардың уәкiлеттi органның талаптарын орындауы үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.
      14. Егер тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiне уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiн алдын ала алмастан сәйкес келген болса, ол осы баптың ережелерiне сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiн алғанға дейiн жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бiр iс-әрекеттi қолдануға және (немесе) осы акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
      Көрсетiлген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiсiне сәйкес келетiн тұлға өзiнiң жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келетiнi оған белгiлi болған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органды бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.
      Тиiстi мәртебенi иелену туралы өтiнiш жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiсiне өзiнiң сәйкес келетiнi оған белгiлi болған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, егер бұл тұлға көрсетiлген мерзiмде акцияларды иелiктен шығарғысы келмесе, уәкiлеттi органға ұсынылады. Акцияларды иелiктен шығару жөнiнде шешiм қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешiм қабылданған күннен бастап дереу уәкiлеттi органға берiледi.
      15. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiне осы тұлғаның сәйкес келетiнiн көрсететiн мәлiметтер болған кезде, уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты ұсынуды талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетiн кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етiлуi мүмкiн.
      16. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзiне тиесiлi акциялар санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ол тiкелей немесе жанама иеленетiн немесе тiкелей немесе жанама дауыс беру мүмкiндiгi бар орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергенi туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына тиесiлi, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттiк мәнде) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы уәкiлеттi органға растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражат көздерi туралы ақпаратты ұсынуға тиiс. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушылары – жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшiн пайдаланатын қаражат көздерi осы баптың 6-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында айқындалған.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына тиесiлi он пайыздан кем болатындай санға дейiн өзгерген жағдайда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының өтiнiшi бойынша не көрсетiлген фактiнi өз бетiнше анықтаған жағдайда осы фактi анықталған күннен бастап екi ай iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру үшiн көзделген тәртiппен бұрын берiлген жазбаша келiсiмнiң күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.
      17. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) акцияларының санына жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушыларына тиесiлi акциялары санының пайыздық арақатынасын көрсете отырып, өзiнiң барлық iрi қатысушыларының тiзiмiн есептi тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға тоқсан сайын табыс етiп отыруға мiндеттi.
      18. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органды жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетiн акционерлер құрамының өзгергенi туралы өздерi осы фактiнi анықтаған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
      19. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушыларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 14–18-тармақтарына сәйкес талап етiлетiн ақпаратты көрсетiлген мерзiмде уақтылы бермеуi, бермеуi немесе дәйексiз мәлiметтердi беруi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 36-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      36-2-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы


                 қорының немесе зейнетақы активтерiн

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет