Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


-БӨЛIМ. Орталықтан зейнетақымен  қамсыздандыру



бет2/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#149436
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2-БӨЛIМ. Орталықтан зейнетақымен  қамсыздандыру

2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.
      Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сiңiрген жылдары үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы берiледi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.01.04 N 278 Заңымен.

      8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар


             азаматтар санаттары

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:


      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
      2) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға - еңбек стажына бара-бар мөлшерде;
      3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.
      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы, соның iшiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
      3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған, Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау



      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:
      1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
      1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
      1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
      2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
      2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
      2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
      еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
      әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
      3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап жыл сайын 6 айға өсiп отырады, бiрақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиiс.
      4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi;
      2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.
      5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың 1-тармағында аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн қызметтен босатылған кезiнен бастап тағайындалады.
      6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретiнде есептеледi. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.01.08 N 378, 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi

      Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса төленедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек
стажы

      11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек


               стажын есептеу

      1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:


      1) еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
      2) әскери қызмет;
      3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызмет;
      4) мемлекеттiк қызмет;
      5) кәсiпкерлiк қызмет;
      6) бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
      7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
      8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
      9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
      10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
      11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
      12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
      13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келiсiмшарт бойынша қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
      13-1) арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерi зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс мерзiмде;
      14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
      15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
      16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
      2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:
      1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
      2) әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екi есе мөлшерде;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
      4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;
      5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;
      6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;
      7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;
      8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;
      9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
      10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253, 2007.05.22 N 255, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Еңбек стажын растау

      1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.
      2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешiмiнiң негiзiнде анықталады.
      3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу

      13-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң


               мөлшерiн есептеу

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi.


      2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
      1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен белгiленедi.
      3. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.
      4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң N 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс бес пайызынан аса алмайды.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 1999.11.16 N 482 (2000.01.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.24 N 110-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 N 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.15 N 363-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн


               есептеу үшiн табысты анықтау

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.


      2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.24 N 110-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 N 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.15 N 363-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

      15-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға


               өтiнiш беру тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа берiледi.


      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
      3. Зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелерi бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмдеуiне көмек көрсетуге мiндеттi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      16-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға


               арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган құжаттар табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.


      2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы арыз берушiге хабарлайды.
      3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, табыс етiлген құжаттарды арыз берушiге қайтаруға мiндеттi.
      4. Зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      17-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау


               мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.


      2. Арыз бен қажеттi құжаттарды Орталыққа бiр мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу және олардан
ұстап қалу тәртiбi

      18-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк


              монополия

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



      1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы төлемдерiн, бiржолғы және өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      1-1) тармақша 2012.01.12 бастап қолданысқа енгiзiледi және 2013.01.01 бастап күшiн жояды.
      1-1) әлеуметтiк жеке кодтар берудi;
      2) алып тасталды - ҚР 2007.01.12 N 224 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      2-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
      2-2) салымшы зейнетақы төлемдерiне құқық алған кезде нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның жобалы деңгейiн ескерiп анықтауды;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      4-1) тармақша 2012.01.12 бастап қолданысқа енгiзiледi және 2013.01.01 бастап күшiн жояды.
      4-1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi жоқ (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналарын агентке қайтаруды;
       4-2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы қаражатының аударылғаны туралы электрондық хабарламалар жiберудi және салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналарынан құралған жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыруды;
      4-3) салымшы (алушы) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр жыл iшiнде екi рет шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 45-2-бабының 4-1-тармағында белгiленген жағдайда мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаларды деректердiң бiрыңғай тiзiмiне енгiзуден бас тартуды ресiмдеудi;
      4-4) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аудару кезiнде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша өзара есеп айырысуды;
      5) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға агенттердiң Орталық есебiне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тiзiлiмдер мен төлем құжаттарын табыс етудi;
      5-1) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органның төлемдердi тағайындауы үшiн зейнетақы, жәрдемақы алушылардың iстерiнiң макеттерiн қалыптастыруды;
      5-2) зейнетақы, жәрдемақы төлемдерiн және өзге де төлемдердi алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;
      5-3) бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды;
      5-4) мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара iс-қимыл жасауды;
      5-5) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды;
      5-6) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша ақпараттық қызметтер ұсынуды;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi ағымдағы ай үшiн төленедi.
      2. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және 60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң зейнетақыны толық мөлшерiнде алуға құқығы бар.
      3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша төленуi мүмкiн.
      4. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      20-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу

      1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.

      21-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

      1. Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерiн алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жасалуы мүмкiн.
      2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.
      3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет