45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.
Өтiнiшке мына құжаттар:
1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
2) тарату туралы шешiм қабылданған күнге зейнетақы активтерiн бағалау;
3) зейнетақы активтерiн тапсыру мерзiмi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар жоспары және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының өзiнiң қызметiн тоқтатуға әзiрлiк жоспары;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.
Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
Өз еркімен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн iшiнде салымшылар мен алушыларға Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдi екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға мiндеттi.
3-1. Ерiктi түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен өткiзу жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратудың ерекшелiктерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияларынан айыруға;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыруға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселенi қарайды.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиясынан айыру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындаудың тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзу жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
Уақытша әкiмшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) өз қызметiн уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебi жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған уәкiлеттi органға және сотқа табыс етіледi.
Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) атқарылған жұмыс туралы есебiн сот бекiтедi.
Уақытша әкiмшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкімшіліктен (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыдан) қабылдап алу және тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етіп жасалатын актімен ресімделеді және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекітілген актінің бір данасы iстің материалдарына тiркеу үшiн сотқа жiберіледi.
4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті және өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауына болмайды.
6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін бағалауды тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
7-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратуға байланысты шығыстар, осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен жүргізіледі.
7-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнінде сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау жөніндегі шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын әділет органының мемлекеттік тіркеуіне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорларының таратылу процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
6) тарату шығыстары сметасын түзудің және бекітудің ерекшеліктері мен тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссияларының қолма-қол ақшаны кассада сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерінің жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақша тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
өз капиталы
46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.
47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. алып тасталды
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер басқа тұлғалардың акцияларға орналастырылған активтерін және жарғылық капиталына қатысу үлестерін шегере отырып, өз капиталының шегінде жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкі туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық төленуге тиiс.
6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерінен құрылтай құжаттары мен қаржы есептілігін табыс етуді талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
сыйақылары
1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) инвестициялық табыстың он бес процентiнен;
2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейдi.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын кемiнде мерзiмдi екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталардан кемiнде бiр ай бұрын хабарландырылуға тиiс. Комиссиялық сыйақыны өндiрiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі болады.
10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi
мен есеп берiп отыруы, жинақталған
зейнетақы қаражатының құпиясы
49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептiлiк
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық және статистикалық есеп бередi.
2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
2-1. Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiсiмен белгіленедi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігінің және басқа да ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Басқа да ақпараттың аудиті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерді және зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алу жөнінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды орындауын тексеруді қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда басқа да ақпараттың аудиті зейнетақы активтерін инвестициялау мен бағалау жөніндегі талаптардың орындалуын тексеруді де қамтиды.
Ілеспе қызметтерді жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.
49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі
қатысушысының есептілігі
1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде кірістер және мүлік туралы мәліметтерді, сондай-ақ:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге өзінің басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы болатын;
2) жарғылық капиталдарға қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) алынған қарыздар есебінен сатып алуы туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты қамтитын есептілікті уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбасында мынадай ақпарат:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;
3) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғасының басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлғасы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушыларына және жинақтаушы зейнетақы қорының
қомақты қатысуы бар заңды тұлғаларға аудит
1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына ықпал ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш айдың ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке берілген лицензияның қолданылуын осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағы 5-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жылдың ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жинақтаушы зейнетақы қорын осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізінде лицензиясынан айыруға;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және Орталық жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша .
4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргізуіне байланысты;
5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырылған сенімхат негізінде;
6-1) Орталыққа - міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшін;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда жазбаша сұрау бойынша өсиетте аталған адамдарға, олардың қарауындағы мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.
6. Жеке зейнетақы шотының болуы және ондағы ақша туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша нотариат кеңселерiнe, жеке нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге беріледi.
11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерiн басқару
51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
1-1. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
1-2. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.
1-4. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
1-5. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.
53-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
3. алып тасталды
4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
55-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
56-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
57-бап. Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Зейнетақы активтерін немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептілік мәліметтерін түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердің және басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
58-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
59-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жауапкершiлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
59-1-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігінің және басқа да ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Басқа да ақпараттың аудиті зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және зейнетақы активтерін инвестициялау мен бағалау жөнінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды орындауын тексеруді қамтиды.
Ілеспе қызметтерді жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.
4 Бөлім
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілердің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және
Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы
мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін
зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн
зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:
1) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
2) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
3) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген, әскери қызметте және ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери қызмет және ішкі істер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
4) алып тасталды
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сіңірген, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, осы баптьщ 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес, жалпы негіздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерді әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
61-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері:
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемінде;
2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін жағдайда толық емес көлемде тағайындалады.
2. Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жыдцарының және еңбек стажының өр жыльгаа шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жыддан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңцарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.
62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есепетеледі.
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін бюджет қаражаты есебінен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгіленген ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының тандауы бойынша жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі.
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
66-бап. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қодданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік ертке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
5 Бөлім
Қорытынды ережелер
67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi
Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |