Қазақстан республикасындағы адам қҰҚЫҚтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы есебі мазм ұ н ы кіріспе


Білім және ғылым министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп



бет8/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#21959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Білім және ғылым министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп:

  • мектеп полицейлерінің және бала бөлмесі инспекторларының құқықтық және педагогикалық білім деңгейін арттыру курстарының арнайы бағдарламаларын әзірлеудің мақсатқа сәйкестігін қарауды;

  1. Денсаулық сақтау министрлігіне:

  • Қолданыстағы заңнамаға балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастырылатын 18-ден 23жасқа дейінгі балалардың жасын ұзарту туралы жаңа норма енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарауды ұсынады.

Есептік жылдың екінші жартыжылдығында Уәкіл республиканың баспа және электрондық БАҚ-та жария етілген балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу фактілеріне мониторинг нәтижелері бойынша Бала құқықтары жөніндегі комитетке және Бас прокуратураға ақпарат алғаны туралы тиісті сауалдар жолдады.

Комитеттің мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Қазақстанда 48 456 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 14 мыңға жуығы балалар үйлерінде тәрбиеленеді.

Соңғыларының ішінде тек әрбір оныншы балада меншік иелерінің атында кәмелет жасына толғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органдары қорғайтын тұрғын үйлері бар.

Бас прокуратурадан алынған ақпаратқа сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамайды және балалар үйінде тәрбиеленетін балалардың тұрғын үй құықтарын қорғау шаралары қабылданбайды. Прокуратура органдары балалар үйінің тәрбиеленушілерін әкімдіктерде уақытында есепке қоймау, балалар үйі директорларының лауазымдық міндеттеріне кіретін мұрагерлік құқығы бойынша тұрғын үй алуға тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпеу фактілерін анықтады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімінсіз балалар үйінде тәрбиеленушілердің пәтерлерін иеліктен айыру оқиғалары да анықталды.

Соңғы үш жылдың өзінде қорғаншылық және қаморшылық органдарының келісімінсіз жетім балаларға тиесілі Қарағанды облысында 27 пәтер, Оңтүстік Қазақстан облысында 8 пәтер иеліктен айырылған.

Прокурордың тексеру барысында аудандық әділет органдарында балалар үйі тәрбиеленушілерінің немесе қорғаншылық және қамқоршылықпен отбасында, немесе патронаттық отбасыларында тұратын жетім балалардың жылжымайтын мүлкін табу туралы хабарламалар жоқтығы анықталды.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша балалар үйінің директорлары тәрбиеленушілердің тұрғын үй құқықтарын қорғау, немесе жеңілдікпен тұрғын үй алу үшін әкімдіктерге өз түлектерін есепке қою шараларын әрқашан қабылдай бермейді.

Мысалы, Уәкілдің атына жетім балалар И. мен оның інілерінің мүддесі үшін Парламент Мәжілісінің депутаты Т.И.Яковлева жүгінді. Балаларды балар үйіне орналастырғаннан кейін олардың ата-аналарына 2 бөлмелі үй жергілікті атқарушы органның шешімімен бір бөлмеге пәтерге айырбасталды. 2006 жылы балалар үйінің түлегі И. осы шешімді заңсыз деп тану туралы талап арызбен Астана қаласы алматы аудандық сотына жүгінді. Талапкердің талаптары қағанаттандырылып, Астана қаласының әкімдігіне жетім балаларға екі бөлмелі тұрғын үй бөлуді міндеттейтін шешім шығарылды. Алайда әкімдік екі жыл бойы сот шешімін орындаған жоқ.

Уәілдің Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне сауалы бойынша борышкердің заңды күшіне енген сот шешімін орындаудан жалтаруына байланысты сот орындаушысы Ішкі істер департаментіне әкімдіктің лауазымды тұлғаларын ҚР ҚК-нің 362-бабындағы тәртіппен (сот шешімін қасақана орындамау) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыным жібереді. Сонымен бірге Уәкіл Астана қаласының прокуратурасына заңнаманы бұзушылықты жою туралы ұсынымды Астана әкімдігіне енгізуі туралы сауалмен жүгінді.

Жалпы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу олардың қолындағы мүліктерін қорғауды қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен бірге заңда көзделген тұрғын үй алуға құқықтарын іске асыруда да анықталды.

Мәселен, Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, 2007 және 2008 жылдары республикадағы балалар үйлері мен интернаттардан 3741 бала шықты, бұл ретте олардың ішінде тұрғын үйге 2109-ы мұқтаж болды. Көрсетілген балалардың ішінен «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабына сәйкес жоғарыда аталған кезеңде тек 58 адам тұрғын үй алды.

Бұл ретте аталған заңға сәйкес балалар үйінің түлектері жиырма жасқа толған соң жеңілдікпен тұрғын үй алуға өз құқығын мүлдем жоғалтады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тұрғын үй құқықтарын қорғау мақсатында Уәкіл Білім және ғылым министрлігіне:


  • Министрліктің арнайы алқа отырысында жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде, Қазақстан азаматтарында, патронаттың тәрбиедегі отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін қарау, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді;

  • Осы санаттағы балалардың тұрғын үй құқықтарының есебін және өзгеруін көрсететін бірыңғай республикалық электрондық базаны жасаужы ұсынды.

Орталық Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы форум есебінің қорытындыларында мемлекеттің назар аударуын талап ететін проблемалардың қатарына ерекше талапты балаларды жұмысқа орналастыруды қамту, оларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кәсіби талап ету тетіктерін әзірлеу проблемалары жатқызылғандығын атап өту қажет.

Аталған қорытындыларда Үкіметтің назары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қажеттігіне де аударылды.

Есептік жылы түрлі салаларда балалардың құқықтарын бұзу туралы Уәкілдің атына нақты адамдардан келіп түскен шағымдарды жалпы шолу мынадай түрде:

Жыл басынан бері осы проблема жөнінде 71 өтініш келіп түскен, оның 7-еуі ұжымдық түрде жазылған.

Атап айтқанда, Оітүстік Қазақстан облысынан келген үш ұжымдық шағымда балалардың ата-аналары мектеп директорларының ақшалай қаражат жинауда көрінген сыбайлас жемқорлықпен бұзушылыққа шағымданады. Ұжымдық шағымдар оқу туралы шарттардан туындайтын өз міндеттемелерін басшылықтың орындамауына ҚазМЗУ студенттерінен де келіп түсті.

Білім беру мәселелері жөніндегі әрбір үшінші шағым мектептерде балалардың алатын білім сапасына әсер ететін оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтарды көрсетеді. бұл ретте жекелеген ата-аналар – шағым авторлары Уәкілдің назарын «Білім туралы» заңға сәйкес білім сапасы осы салада мемлекеттік кепілдіктердің қатарына жататындығын аударды.

Азаматтардың жекелеген өтініштері өтініш иелерінің мемлекеттік жәрдемақы тағайындауымен немесе балаларына алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерімен келіспейтіндігін қамтиды. Олардың бір бөлігін балаларына санаторияда емделуге жолдама алуына немесе балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға жәрдемдесу туралы өтінген өтініштерге топтастыруға болады.

Үкіметтік емес ұйымдардан балалардың мүддесі үшін алған 3 шағым бірыңғай ұлттық тестілеуді тиісінше үйымдастырылмауынан және өткізілмеуінен, 2-еуі - құқық қорғау органдарындағы лауазымды адамдардың әрекетінен, 3-еуі – балаларды асырауға алименттер бойынша сот шешімдерінің орындалмауынан туындаған.



Балалардың өздерінен қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ.

Барлық шағымдар бойынша Уәкіл білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылданды.





    1. Босқындар мен оралмандардың құқықтары

Көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету аса өзекті халықаралық проблемалардың бірі болып табылады. Былтырғы жылы қабылданған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Астана декларациясында расталды.

Осы проблема жалпы көші-қон саласындағы ахуалға және атап айтқанда Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтарымен 2007 жылы Уәкіл мекемесі Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссар Басқармасымен бірлесіп жүргізген мониторинг объектісі болып табылды. Оның нәтижесі бойынша 2008 жылы талдау және бірқатар нақты ұсыныстар қамтылған арнайы баяндама дайындалды.

Баяндама Президент әкімшілігіне, Парламентке, Үкіметке, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ құқық қорғау және халықаралық ұйымдарға жіберілді.

Қазіргі кезде Қазақстанда көші-қон процестерін реттеу үшін тиісті нормативтік құқықтық база жасалды. «Қазақстан-2030» стратегиясының аясында Көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, оны іске асыру жөніндегі үкіметтік іс-шаралар жоспары және осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Салалық бағдарламасы әзірленді, халықаралық келісімдерге қол қойылды.

2008 жылдың басында Қазақстанда 451 босқын тұрды. 27 адамға баспа алудан бас тартылды.

Жалпы қандай да бір бұзушылықтарды зерттеу барысында тиісті халықаралық-құқықтық құжаттар шеңберінде Қазақстанның міндеттемелеріне қайшы келетін босқындардың құқықтарын немесе мүмкіндіктерін шектеу анықталған жоқ.

Сонымен бірге, оралмандардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларын зерделеу мемлекет Басшысы жария еткен шетелдік отандастардың оралу және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды баяулататын бірқатар факторларды анықтады.

Мәселен, 1991 жыл мен 2007 жыл аралығындағы кезеңде Қазақстанға
166 мың отбасы (651 299 адам) келді, белгіленген көшіп келу квотасына сәйкес тек әрбір екінші отбасы ресми қабылданған (48, 7%).

Квотадан артық келген көшіп келушілерді қолданыстағы заңнама практикада олардың көптеген проблемаларымен ұшырасатын еңбек мигранттарының санатына шартты түрде жатқызды. Атап айтқанда, ішкі істер органдары олардан азаматтықты ресімдеуге құжаттарды тезірек берулі талап етті, ал бұл квотаға қосуды ұзақ күтумен жіне оралмандарға тиесілі жекілдіктер мен әжрдемақыларды алу құқықтарынан айырылуға ұштасады.

Осы ахуал заңнамалық шешуді талап ететін барлық параметрлер бойынша мәселелерді реттейтін ведомстволық нормативтік актілердің шамалы санының қабылдануынан туындап отыр. Мысалы, 2008 жылдың басына дейін қолданылған Ереже жергілікті атқарушы органдарға квотаға қосу үшін адамдарды анықтау кезінде көшіп келуге нақты мұқтаждарды емес, дәулетті оралмандар отбасына басымдық беруге мүмкіндік берді. Мұндай іріктеу амалы, Босқындардың ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар Басқармасының пікірі бойынша, осы саладағы негізгі халықаралық қағидаттардың бірі – оралмандардың қажеттіліктерін сақтау қағидатына қайшы келеді және жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарға алғышарттар тудырмайды (анықтама: жоғарыда аталған Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан көшіп келушілерін іріктеудің селективтік қағидатына тек 2012 жылдан бастап көшеді).

2008 жылдың ортасына дейін оралмандар мәртебесін алған көшіп келушілерді жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік-жеке кодтарын (ӘЖК) алуға құқықтық негіздері болмады. Үкімет осы проблеманы тағы да өзінің заңнамалық актісінің деңгейінде 1997 жылы қабылданған, оралмандарды оның субъектілерінің тобына қосу арқылы «Уәкілетті ұйымдардың әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» қаулымен шешті.

Алыс шетелден келген және аса ерекшелігі бар оралмандарды жұмысқа орналастыру олардың кәсіби қазақ және орыс тілдерін білмеуі, олардың жоғары білім туралы дипломдарында ностирификацияның болмауы сияқты фактілермен қиындай түсті.

Дегенмен, алдыңғы Салалық бағдарламада «Оралмандарды жұмысқа орналастыру – жұмыс бастылық, кәсіби оқыту, өз ісімен айналысу» деген жыл сайынғы өңірлік бағдарламаларды әзірлеу көзделді. Нақтығында осы бағдарламаларды әзірлеу мониторингі анықталған жоқ.

Қытайдан және Ираннан келген оралмандарда осы елдердің бұл салада екі жақты келісімдерінің жоқтығына байланысты зейнетақы алуда елеулі проблемалар туындады. Қазіргі кезде осы санаттағы оралмандар азаматтық алған жағдайдың өзінде тек жасы бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алады.

Оралмандардың тұрғын үй алу құқығы да бұзылды.

Ресми статистикаға сәйкес 2008 жылдың басындағы жай-күй бойынша квота бойынша келген отбасылардың ішінен тек 68 % тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Квотадан артық келген отбасылар өздерінің тұрғын үй проблемаларын, әдетте өз күштерімен шешеді. Ал салалық бағдарлама оралмандар үшін тұрғын үй салуды қайтару негізінде бюджет қаражатын бөлу тетігін әзірлеуді көздеді. Алайда осы шара аяғына дейін іске асырылмай қалды.

Жергілікті жерлерде оралмандарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілмеуі тағы бір елеулі проблеманың пайда болуын – олардың ел ішіндегі қайтадан көшіп қонуын тудырды. Бұл көшіп келу квотасына енуді мақсат еткен және азаматтық алуға солтүстік облыстарға баратын, содан кейін оңтүстік өңірлерге қоныс аударатын Өзбекстаннан келген көшіп келушілерге тән.

Осындай мән-жайлар жалпы көші-қон процесін қадағалауды және оралмандардың қоғамға кірігуін қиындатты. Осындай реттелмеушіліктің айқын салдары мониторинг барысында квотаға енген және азаматтық алған оралмандардың саны туралы объективті әрі шынайы статистиканы белгілеуге мүмкіндік бермеді.

Уәкілдің пікірі бойынша, көші-қон процесінің бақылаусыз қалуы құқық қорғау саласының шеңберінен шығатын проблемаларға әкеледі және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді қозғайды.

Баяндамада көші-қон проблематикасымен айналысатын халықаралық сарапшылардың саяси-экономикалық ахуалы орнықты ел ретінде Қазақстанда жақын жылдарда сырттан көші-қон процесінің өсуі ішкі жағдайға елеулі әсер етеді деп болжайтындығы көрсетілген. Осыған байланысты, 2007 жылы жүргізілген шетелдік еңбек мигранттарының ағынын жария ету орын алған проблемаларды шешу үшін жеткілікті шара болмады.

Арнайы баяндаманың ұсынымдарында Үкіметке жергілікті мемлекеттік басқару органдарының оралмандарды перспективалы жерлерге, бболашақта өндірістік күштері орналасатын орындарға жоспарлы орналастыруды кеңінен қолданудың мақсатқа сәйкестігін қарастыру ұсынылды.

Баяндамада Үкіметке 1990 жылғы БҰҰ-ның барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенцияны ратификациялау алдында Босқындар туралы конвенцияны ратификациялаудан туындайтын Қазақстанның міндеттемелерін ескеріп, көші-қон саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын стратегияны және аталған халықаралық шарттарға олардың нормаларын имплементациялаумен босқындардың және этникалық иммигранттардың мәселелері жөніндегі тұжырымдық жаңа құқықтық актілерді әзірлеу ұсынылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен есептік жылдың аяғында алынған Арнайы баяндамада қамтылған ұсынымдардың орындалуы туралы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда босқын деп танылғандардың саны 2009 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша 128-ге көбейді және 578 адамды құрайды. Оның екеуі Эфиопиядан, біреуі Сомалиден, қалғандары Ауғанстаннан келген.

Қазіргі кезде Білім министрлігінің жанында Босқындар деп танылмаған адамдардың өтініштерін шағымдану жөніндегі республикалық орталықтандырылған комиссия құрылып, жұмыс істейді.

2008 жылы БҰҰ БЖКБ, ХКҚҰ өкілдерінің және қазақстандық Омбдусменнің қатысуымен Минситрлік әзірлеген «Босқындар туралы» жаңа заң жобасы Парламентке енгізілді.

Жоғарыда аталған ұсынымдардың шеңберінде Үкімет былтырғы жылдың соңында «Нұрлы көш» Бағдарламасын қабылдады, оның мақсаты этникалық мигранттарды, сондай-ақ елдің экологиялық қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды орналастыру және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.

Облыс әкімдіктерінің жанында көшіп-келушілердің проблемаларын зертетумен және жылжытумен айналысатын Оралмандар кеңесі құрылды.





    1. Сотталғандардың құқықтары

Сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық база қылмыстық-атқару заңнамасының тиісті нормалары, сондай-ақ жалпы елімізде сақталатын Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) шеңберінде мемлекет қабылдаған міндеттемелер болып табылады.

Осы тұрғыда жылдың басты оқиғасы, сөзсіз, Қазақстанның жоғарыда аталған Конвенцияға Факультативтік хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) ратификациялауы болды. Хаттама адам құқықтарын қорғау саласында еліміздің имиджін нығайтуға ықпал етті және халықаралық стандарттарға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылау үшін оның ашықтығын растады.

Тағы бір маңызды оқиға былтырғы жылдың қарашасында Женевада Азаптауларға қарсы БҰҰ комитетіне Конвенцияның орындалуы жөніндегі Қазақстанның екінші ұлттық есебін ұсынуы болды.

Осыған байланысты, Уәкіл мекемесі мен ҚР әділетмині ҚАЖК олардың арасныда жасалған Ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде қабылдаған барлық бірлескен шаралары көрсетілген есепке дайындалумен байланысты болды.

Атап айтқанда, Уәкілдің бастамасымен Бас прокуратураның, ІІм, ҰҚК, Жоғарғы соттың, ҚАЖК-нің басшы қызметкерлерінің ішінен, сондай-ақ белгілі құқық қорғау ұйымдарының өкілдерінен азаптау фактілерін тергеу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды.

Объектілерді мониторингтік аралаумен қатар Жұмысшы топ Хаттаманың талаптарын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысты.

Жоғарыда аталған есепке енген Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан ҚАЖ-тың заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерін халықаралық стандарттарға жақындастыру жөніндегі бірқатар шараларды іске асырды; жазаны өтеудің прогрессивті жүйесі заңнамалық тұрғыдан бекітілді, сотталғандардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуы тиімді бола түсті, жүйенің материалдық базасы нығайды.

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жүйені басқаруды жетілдіру шараларын қабылдау, колонияларда адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту, сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау белгіленді.

Женевада ұлттық есепті қорғауға Бас прокуратура, ІІМ, Денсаулықсақтаумині, әділетмині және СІМ өкілдерімен қатар уәкілдің өкілі де атсалысты.

Азаптауларға қарсы БҰҰ комитеті есебінің нәтижелері бойынша 2001 жылы осы Комитетке ұсынылған алдыңғы есептен кейін Қазақстан қабылдаған мынадай оң шаралар атап өтілді:



  • адам құқықтары жөніндегі екі негізгі халықаралық пактіні ратификациялау;

  • Азаптауларға қарсы БҰҰ конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялау және аталған Конвенцияның 21 және 22-баптарына сәйкес Қазақстанның БҰҰ комитетінің мемлекеттердің хабарламасын және азаматтардың өтініштерін алу және қарау құзыретін тануы туралы мәлімдемесі;

  • Конвенцияға сәйкес ұлттық заңнамаға түзетулер қабылдау;

  • сот жүйесін реформалау, көптеген қылмыстарға қатысты ізгілендіру, балаламалы жазаны енгізу, сондай-ақ түрме контингентінің санын азайту;

  • 2004 жылы өлім жазасына мораторий енгізу және осы мәселеде конституциялық өзгерістерге сәйкес Қылмыстық кодекске түзетулер енгізу.

БҰҰ Комитеті Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты мекемесін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге Комитет конвенциялықміндеттемелерді орындауды ескертулер мен кемшіліктер ретінде мыналарды атап өтті:



  • уақытша ұстау кезеңінде азаматтардың құқықтарын толық қамтамасыз етпеу (күдіктіні ұстау мен оны қамауға алудың нақты уақытын тану туралы нормалардың заңнамада болмауы, адвокаттар мен дәрігерлердің ұсталғандарға баруының шектеулігі, Хабиес корпус институтын енгізуден бас тарту);

  • Қазақстанда 2006 жылы басталған пенитенциарлық жүйе реформа барысының баялауы;

  • бас бостандығынан айыру орындарында адамдарды ұстау жағдайларының БҰҰ-ның түрмедегілермен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережесіне сәйкес келмеуі;

  • қоғамдық байқау комиссияларының уақытша ұстау изоляторларына және пенитенциарлық жүйенің медициналық қызметтеріне кіруінің заңнамалық кепілдіктерінің жоқтығы;

  • ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі тергеу изоляторларының жабықтығы;

  • қатыгездік құрбандарын тәуелсіз медициналық тексеру мәселелері бойынша Стамбул хаттамасының ұсынымдарын сақтамау;

  • қорғаушының тергеу изоляторларында ұсталғандарға кіруінің шектелуі;

  • бас бостандығынан айыру орындарында өлім-хітім деңгейінің өсуі.

Бұдан басқа, хаттама Конвенцияға қатысушы мемлекеттерді бір жылдың ішінде оны ратификациялаған күннен бастап бас бостандығынан айырылған немесе шектелген адамдардың құқықтарын сақтау мониторингі жүйесін жасауды міндеттейді. Жасалатын жүйеде басты роль мониторингтің ұлттық алдын алу тетігіне (бұдан әрі - ҰАТ) тиесілі болуға тиіс.

Осыған байланысты 2008 жылы Қазақстанда Уәкіл мекемесі белсене атсалысқан ҰАТ қазақстандық үлгісін әзірлеу жөніндегі екі жобаны сынақтан өткізді.



Бірінші жобаны Халықаралық түрме ұйымы (PRI) жүзеге асырады және қаржыландырады. Былтырғы жылы ҰАТ бойынша ұстанымды әзірлеу жөнінде екі «дөңгелек стол» өткізді. Оның біреуі ҚР Әділетмині облыстық ҚАЖ басқармалары басшыларының және бүгінгі таңда заңнамалық тәртіппен көзделген бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылаудың нақты тетіктері ретінде танылатын қоғамдық байқау комиссиялары (бұдан әрі - ҚБК) төрағаларының қатысуымен өткізілді. Пікір-талас барысында Уәкілдің өкілі оның қатысушыларының назарын ҚБК жұмысын реттейтін үкіметтік Ережелер мазмұны бойынша оларды құру проблемаларына ғана негізделгеніне және осы комиссиялардың қызмет тәртібі мен шарттарын регламенттейтін ережелер қамтылмағандығына аударды. Олардың қызметі әкімшілік колонияларға тәуелді, өкілеттіктері медициналық қамсыздандыру, еңбекті ұйымдастыру, сотталғандардың демалысы мен оқып-үйрену мәселелерімен танысумен шектелген.

Екінші форумда РRI қатысушылары қазақстандық ҰАТ үлгісін халықаралық мониторинг объектілері тек пенитенциарлық мекемелер ғана емес, сонымен бірге басқа да мемлекеттік бостандықты шектеу мекемелері: психоневрологиялық диспансерлер, балалар үйі, әскери бөлімдер де болып табылатындығына байланысты «Омбудсмен Плюс» формуласы бойынша заңнамалық тұрғыда бекіткен мақсатқа сәйкес келеді деп мәлімдеді.

ҰАТ әзірлеу жөніндегі екінші жоба Қазақстанда Еурокомиссияның қолдауымен жұмыс істейді және «Фридом Хаус» Халықаралық құқық қорғау ұйымы мен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы іске асыруда.

Алматы қаласы мен Алматы облысы тергеу изоляторларының және колонияларының мониторинг нәтижелері бойынша жұмысшы тобы 2008 жылдың қыркүйегінде Уәкіл бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдемесінде ҚАЖ мекемелеріне тән кемшіліктерге қатысты оның мүшелерінің ортақ пікірін білдірді:



  • колониялардағы жатын үй-жайларының асыра толуы;

  • уақытша ұстау изоляторларында ұсталғандарды ұстаудың тиімсіз жағдайы;

  • өтініш иесі сотталғанның азаптауды қолдануға оның шағымдарын қарауға қатысу мүмкіндігінің жоқтығы;

  • колония әкімшілігі қызметкерлерінің түрмедегілермен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелерін жеткілікті білмеуі;

  • ҚАЖК медицина қызметінің азаматтық денсаулық сақтаудан «автономдығы»;

Есептік жылы Уәкілдің атына сотталғандардан немесе олардың мүддесіндегі басқа да адамдардан 106 өтініш келіп түсті, оның 67-сі сот қаулыларымен келіспейтіндігіне қатысты. Олардың кейбіреулерінде сотталғандар бір мезгілде қадағалау шағымын жасауға немесе аппеляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот отырыстарына қатсуға көмектесуді өтінеді. Жекелеген өтініштер соттарға немесе прокуратура органдарына «беруге» арналды. Осы статистикаға сотталғандар мамандандырылған прокурорлардың әрекетіне немесе соттарда осы мәселенің оң шешілуі үшін сыбайлас жемқорлық көріністеріне шағымданған шартты-мерзімінен бұрын босатуға соттың бас тартуына сотталғандардың шағымдары кірді. Заңды күшіне енген сот актілеріне қатысты барлық осы өтініштер және осыған байланысты Уәкілдің құзыретіне кірмейтін ретінде мәнісі бойынша қараусыз қалдырылды. Бұл туралы өтініш иесі-ссотталғандарға заңнамада белігленген тәртіппен хабар берілді.

Қалған 39 өтініш, соның ішінде 15-і сотталғандардың мүддесі үшін жақын туыстарынан, 10-ы – адвокаттардан, сондай-ақ 10-ы – құқық қорғау және діни ұйымдардан, 14-і – сотталғнадардың өздерінен алынды. Оларды мазмұны бойынша мынадай тәртіппен топтастыруға болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет