А. Шәкіров
2008.14.07.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Б.А. Мұхамеджановқа
Ұ С Ы Н Ы С
Қымбатты Бауыржан Әлімұлы!
Үстіміздегі жылғы бірінші жартыжылдықта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына келіп түскен шағымдардың талдауы олардың төрттен бір бөлігі ішкі істер органдарының және олардың лауазымды адамдарының іс әрекеттерімен байланысты екенін көрсетеді.
ІІМ жүйесі қызметкерлерінің әрекеттеріне келіп түскен 200 арыздың (2007 жылы келіп түскен шағымдардың жалпы санының 30 пайызы) тек 27 жағдайында біздің кірісуіміз шағымданушылардың құқықтарын қалпына келтіруге ықпал етті.
Іс тәжірибесінде бізге келіп түскен шағымдардың барлығы бойынша ІІМ не қызметтік тексеру жүргізу жөнінде сұратулар жіберіледі. Бірақ, министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінен және Тергеу комитетінен келіп түскен жауаптардың бір ерекшеліктері – оларды қарау мерзімдерін өткізіп алу және үстірт қарау.
Жоғарыда мазмұндалғанға П.В.Заикинді Сарань қаласы полициясының қызметкері ұруы фактісі бойынша өткен жылдың мамыр айында болған оқиғадан 7 ай өткеннен кейін қозғалған қылмыстық іс оны дәлелдейтін мысал болып табылады.
Жарты жыл өткеннен кейін 2007 жылғы қараша айында аталған азамат біздің мекемеге Қарағанды облысы ІІД ТБ тергеушісі Т. Рыбалкинаның істі әуре сарсаңға салып жүргеніне шағымданған.
Министрлікке азамат Заикиннің жеке құқықтарын қорғау аясында жолдаған сұратуларға осы қылмыстық іс қозғалғаннан бастап ІІМ ӨҚДнен 3 жауап келіп түсті: екі рет комиссиялық сараптама жасауға байланысты қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, сондай ақ осы істің Сарань қаласы прокуратурасында болуы туралы.
ҚР ҚПК мен Медициналық сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу ережесімен бекітілген мерзімдер бұзыла отырып, азамат Заикиннің қылмыстық іс бойынша тергеу барысымен бір жылдан артық уақыт танысу мүмкіндігі жоқ.
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық ІІБ өзіне және інісіне қатысты күш қолданған қызметкерлерінің әрекеттеріне Ш.М. Мустафаева жолданды. Осы шағым бойынша біз тағы да министрлікке 2008 ж. 16.01. сұрату жібердік.
Өзінің жауабында ӨҚД бізге полиция қызметкерлеріне қатысты ү.ж. 25 қаңтарында қылмыстық іс қозғағаны туралы ақпарат берді. Сонымен бірге 3 күннен кейін келесі сұратуға аталған департамент іс қозғалысымен келесі күні облыстық прокуратурасына сұрату бойынша жіберілді деген жауап берді. Бірақ Қарағанды облыстық прокуратурасы істің ү.ж. ақпан айында ӨҚД жіберілгенін хабарлады.
Аталған жағдайда осы күнге дейін Мұстафаеваның арызы бойынша Сіздің министрлігіңізден әлі күнге шейін жауап келмеді.
Волкова отбасының (5 ай), Л.А. Қадірованың және Ж.З. Қожахметованың (4 ай), А.К. Серғазинованың (3 ай) арызы бойынша да біздің ІІМ жіберген сұратуларымызды қарау осындай созылмалы сипатта.
Мазмұндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағын басшылыққа ала отырып, Құрметті Бауыржан Әлімұлы Сізден шағымданушылардың құқықтарын қорғау мен қалпына келтіруге байланысты сұратуларды қарауда сарсаңға салуға жол беретін полиция қызметкерлеріне қатысты заңнамада көзделген шараларды қолдануды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.14.07.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Д.К. Ахметовке
Ұ С Ы Н Ы С
Құрметті Даниал Кенжетайұлы!
Үстіміздегі жыл бойы менің атыма 12 әскери қызметшіден олардың тұрғын үй құқықтарының бұзылуы туралы шағымдар келіп түскен.
Аталған шағымдардың мазмұндарынан олардың жеткілікті әскери қызмет өтілі бола тұра «Әскери қызметшілердің және олардың отбасылары мүшелерінің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы » заңның 12 және 17- баптары бұзыла отырып, оларға және отбасы мүшелеріне баспана берілместен жұмыстан босатылған.
Қорғаныс министрлігіне шағымданудан нәтиже болмағандықтан, олар сотқа талап арыз беруге мәжбүр болған, сотта олардың талаптары қанағаттандырылған. 2006 ылдан бастап осы уақытқа дейін, шағымданушылардың айтуынша, сот орындаушылардың орындауында Алматы гарнизонынан запасқа босатылған әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету туралы 30 жуық сот шешімдері бар.
Қарулы Күштер зейнеткері запастағы полковник Братченко Михаил Анатольевичтің өтініші осындайлардың бірі.
2006 жылғы 31 тамызда Әскери сот Министрлікті талапкерге және оның отбасына жоғарыда аталған гарнизоннан баспана беруге міндеттейтін шешім шығарған. Бірақ сот орындаушылар, Министрліктің түсініктемесіне келсек, бұл шешімді тұрғын үй сатып алу жөніндегі конкурстардың өтпегеніне байланысты оларды сатып алу мүмкіндік болмағандықтан орындай алмаған.
Ү.ж. ақпанында республиканың Бас әскери прокуроры Қорғаныс министрлігінің атына заң бұзушылықтарды жою және әскери қызметшілерге баспана беруге байланысты сот қаулыларын орындау жөнінде шаралар қолдану қажеттігі туралы нұсқау енгізген. Бірақ сот шешімдері осы күнге дейін орындалмаған.
Сот шешімін өтемақы төлетуге өзгерту жөнінде сотқа қайта жүгінген шағымданушының біріне сот талабын қанағаттандырудан бас тартқан, себебі Министрліктің өкілі 13 әскери қалашық ауданында 2008 жылы тапсыру мерзімімен 120 пәтерлік үйдің салынатыны туралы құжат үсынылған.
Сонда да «Время» газетінде ү.ж. 21 шілдеде жарияланған «Солдаты отчаяния» атты мақалада жазылғандай құрылыс болжанған жерде ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ, оған ешқандай рұқсат та жоқ. Одан басқа шағымданушылардың айтуынша, Министрліктің ү.ж. бюджетінде жоғарыда аталған үйдің құрылысына шығыстар көзделмеген.
Қазақстан 2005 жылғы қазан айында ратификациялаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11- бабына сәйкес мемлекет әр адамның өзіне және оның отбасының жеткілікті өмір деңгейіне, соның ішінде баспанаға құқығын мойындайды деп көзделген.
Қазақстанның осы аталған халықаралық актіден туындайтын міндеттемелеріне сүйене отырып, сондай ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25- тармағына сәйкес маған берілген өкілеттерімді пайдалана отырып, құрметті Даниял Кенжетайұлы, Сізден әскери қызметшілердің қолданыстағы заңнамамен кепілдік берілген тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін қарауды тапсыру мен олардың тұрғын үй мәселелері бойынша сот шешімдерін орындау жөнінде шара қолдануды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.30.07.
Қазақстан Республикасы
Президентінің Көмекшісі
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Б.М. Имашевқа
Құрметті Берік Мәжитұлы!
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «Адвокаттар форумы» қоғамдық бірлестігі төрағасының хаты келіп түсті, онда ол шет елдердің аумағында қылмыстық жауапкершілікке тартылған және бостандығынан айыру орындарындағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат алуға көмек көрсетуді сұрайды.
Бұрын осындай мазмұндағы сұрақпен ол Бас прокуратураға және Сыртқы істер министрлігіне сұрату жіберген.
Бас прокуратура өзінің жауабында 1963 жылғы Консульдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 36- бабының 6- тармағына сілтеме жасап өтінішті СІМ қайта жіберген, осы Конвенцияға сәйкес азамат болған мемлекеттің құзырлы органдары біздің консулдық мекемені біздің мемлекеттің қандай да бір азаматы тұтқындалғаны немесе сотқа дейін қамауға алынғаны немесе қандай да бір тәртіпте ұсталғаны туралы жедел хабарлауы тиіс.
Өз кезегінде алған сұратуға сыртқы саяси ведомствосы қолданыстағы заңнама оған шетелдегі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бөлігінде ғана міндеттеме жүктейді , ал шетелде ұсталған қазақстандық азаматтардың бірыңғай есебін жүргізу Бас прокуратураның құзырына жатады деп түсіндірме берді.
Аталған органдардың жауаптарының мазмұндарына келсек, республиканың құзырлы органдары ҚР Конституциясының республика азаматтарына елден тыс жерлерде қорғау мен қолдау көрсетуге кепілдік беретін 11- бабының 2- тармағының нормасын сақтауды қамтамасыз етпейтіні туралы қорытынды шығаруға болады.
Вена конвенциясының жоғарыда келтірілген 36- бабының 6- тармағы азаматтар болатын мемлекеттер осындай фактілер туралы консулдық мекемеге, егер «осы азамат оны талап етсе» консулдық мекемеге мәлімдеуді болжайтынын атап өткен жөн.
Біздің ойымызша Қазақстанның барлық азаматтары шетелде ұсталған, тұтқындалған немесе қандай да бір түрде қамалған жағдайда осы халықаралық құжаттың нормасын білетіні күмән тудырады.
БҰҰдың Бас Ассамблеясы мемлекеттердің өз азаматтарын шет елдерде қорғауы жөнінде бірқатар ұсыныстар, соның ішінде Тұратын елдің азаматы болып табылмайтын азаматтарға қатысты адам құқықтары туралы декларацияны, Қандай да бір түрде ұсталған немесе қамауға алынған барлық адамдарды қорғау қағидаларының жинағын қабылдаған.
Қазақстанның БҰҰның толық құқықты мүшесі ретінде жоғарыда аталған халықаралық актілерде көзделген стандарттарды мойындауы, отандастарымызды заңгерлік, психологиялық, медициналық және өзге де көмек түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі жалпы қабылданған міндеттемелерді жүктейді. Шетелде құқықтарының шектелу субъектісі болған әр адамға осындай тиімді және уақытылы көмек көрсету тек олардың есебін уәкілетті мемлекеттік құрылым жүргізгенде ғана мүмкін болады.
Сонымен бірге, қаралып отырған мәселе құқықтық қорғау мәселесінің шегіне сыймайтын және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын сияқты көрінеді.
Мазмұндалғанның негізінде, сондай ақ халықаралық байланыстардың жедел дамуы мен азаматтардың шет елдерге баруын ескере отырып, шет елдерде осындай жағдайға ұшыраған қазақстандықтардың құқықтарын тиімді қорғау тұрғысынад олардың есебін жүргізу жөніндегі функция жүктелетін мемлекеттік органды белгілеу қажет деп санар едік.
Қарауды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.31.07.
Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қ.Н. Келімбетовке
Құрметті Қайрат Нематұлы!
Қазіргі заманда көші қондардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі көкейтесті халықаралық мәселелердің бірі болып табылады, бұл жуырда қабылданған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Астана декларациясының қорытынды құжаттарында расталды..
Бұл тақырып Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен БҰҰдың Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссардың Басқармасымен бірлесіп өткізген бүкіл миграциялық саладағы және, атап айтқанда Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтары мониторингісінің объектісі болды. Оның нәтижесі бойынша мәселенің талдауы мен бірқатар нақты ұсыныстар қамтитын арнайы баяндама әзірленді.
Елімізде миграциялық процестерді реттеу үшін тиісті нормативтік құқықтық база құрылған. «Қазақстан – 2030» стратегия аясында 2007-2015 жылдарға арналған кезекті миграциялық саясат тұжырымдамасы әзірленген, оны іске асыру жөнінде Үкіметтік жоспар және осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің салалық бағдарламасы әзірленген, халықаралық келісімдерге қол қойылған.
Бүгінгі күні Қазақстанда 451 босқын тұрады. 27 адамға босқындық пана үсынудан бас тартылды.
Атап айтқанда зерттеу кезінде босқындардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тиісті халықаралық құқықтық құжаттар шегінде Қазақстанның міндеттемелеріне қайшы келетін қандай да бір бұзушылығы пен шектелуі анықталған жоқ.
Сонымен бірге оралмандар құқықтарын қамтамасыз ету мәселесінің талдауы біздің шетелдегі отандастарымыздың қайта оралуы мен орналастырудың Елбасы жариялаған бағдарламасын іске асыруда кедергі болып отырған бірқатар факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Мемлекеттің осы салада дұрыс жасалған саясатын жергілікті билік органдарының әрекеттері жоққа шығарады.
Мысалы, 1991 -2007 жылдар арасында 166 мың оралмандар отбасылары келген, олардың әрбір екіншісі қана (48,7 %) белгіленген иммиграциялық квоталарға сәйкес ресми түрде қабылданды деп танылған.
Квотадан тыс келген иммигранттарды қолданыстағы заңнама ресми түрде еңбек мигранттары санатына жатқызады, олар толып жатқан мәселелерге тап болады. Атап айтқанда, ішкі істер органдарыолардан азаматтықты ресімдеуге тезірек құжат тапсыруды талап етеді, ол квотаға енгізу үшін ұзақ уақыт күтуге және оралмандарға арналған жеңілдіктер мен төлемақылар алу құқығынан айырады.
Бұндай жағдайға барлық өлшемдер бойынша заңнамалық шешуді талап ететін мәселелерді реттейтін толып жатқан ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы әсер етеді. Мысалы осы жылдың басына дейін қолданыста болған ережелер жергілікті атқару органдарына квотаға енгізілетін адамдарды белгілеу кезінде шынымен көшуге мұқтаж адамдарға емес, неғұрлым жағдайы жақсы оралмандар отбасыларына басымдық беруге мүмкіндік берген. Бұндай әдіс БЖКБ пікірінше, бұндай әдіс бұл саладағы негізгі халықаралық қағидалардың бірі репатрианттардың мұқтаждық қағидасына қайшы келеді және жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа итермелейді. (анықтама ретінде: Қазақстан жоғарыда аталған Концепцияға сәйкес иммигранттарды селективтік таңдау қағидасына 2012 жылдан ғана бастап көшеді.).
Ү.ж. маусым айына дейін оралмандар мәртебесін алған иммигранттар жұмысқа тұру үшін қажет әлеуметтік жеке кодты алу үшін құқықтық негіздерге ие болмаған. Үкімет бұл мәселені тағы да өзінің заңға тәуелді актісі деңгейінде, оралмандарды «Уәкілетті органның әлеуметтік жеке кодты беру тәртібін бекіту туралы» 1997 қабылданған қаулының субъектілеріне жатқызу арқылы шешкен.
Алыс шетелден келген және өзіндік ерекшеліктері бар оралмандарды жұмысқа орналастыру олардың кәсібі қазақ және орыс тілдерін білмеуі немесе жоғары білімі туралы дипломдарының нострификацияланбағаны сияқты факторлармен күрделенген, осыған байланысты қазіргі кезеңде олардың ішінен тек 65 % еңбекпен қамтылған.
Сонымен қатар алдыңғы салалық бағдарламада «Оралмандарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту , кәсіби оқыту, өзіндік еңбекпен қамтылуы» атты жыл сайынға аймақтық бағдарламаларды әзірлеу көзделген. Іс жүзінде ол бағдарламалар әзірленген жоқ.
Қытай мен Ираннан келген оралмандардың зейнетақыларын алуда осы елдере арасында осы салада екі жақты келісімдер болмағандықтан күрделі мәселелер туындайды. Бүгінгі күнде осы санаттағылар азаматтық алғанның өзінде де жасына байланысты мемлекеттік арнайы төлемақыны ғана алады.
Оралмандардың баспана алу құқығы да бұзылады.
Ресми статистикаға сүйенсек ү.ж. басындағы жағдайда квота бойынша келген отбасылардың 65 % ғана баспанамен қамтылған. Квотадан тыс келген отбасылар әдеттегідей өздерінің тұрғын үй мәселелерін өз күштерімен шешеді. Сонымен бірге 2001-2005 жылдарға арналған көші қон жөніндегі аталған салалық бағдарлама оралмандарға үй салу үшін қайтару негізінде бюджеттік қаражат бөлу механизмін әзірлеуді көздеген. Бірақ бұл шара да аяғына дейін іске асырылмай қалды.
Жергілікті жерлерде оралмандарды жұмыспен және баспанамен қамту мәселесінің шешілмеуі ел ішінде екінші иммиграция деген басқа күрделі мәселені туғызды, Бұл Өзбекстаннан келген иммигранттарға тән, олар иммиграциялық квотаға кіру және азаматтық алу мақсатында солтүстік аумақтарға барады да , кейін оңтүстік аумақтарға көше бастайды.
Осы жағдай миграциялық процесті тиімді бақылауды және оралмандардың қоғамға сіңіп кетуін күрделендіреді . Бүгінгі таңда, квотаға енген және азаматтық алған оралмандардың статистикасы мен санының объективтілігі мен дәйектілігінің мониторингі барысында анықтау мүмкін болмауы осындай ретсіздіктің салдары болып табылады.
Осындай жаңа келіп жатқан қазақстандықтардың миграциясын бақылаусыз қалдыру бұл мәселені құқықтық қорғау саласы шегінен асырып жібереді және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікке байланысты мәселелерді қозғамауы мүмкін емес. Осы санаттағыларды жалпы миграциялық процеске тарту осы саладағы жай да осал емес жағдайды күрделендіреді.
Аталған мәселелермен айналысатын халықаралық сарапшылар Қазақстанда тұрақты саяси экономикалық жағдайы бар ел ретінде алдағы жылдары сырттан келетін миграциялық процестердің артуы ішкі ахуалға айтарлықтай әсер етеді деп болжайды. Осыған байланысты 2007 жылы өткізген шетелдік еңбек мигранттарының ағынын жария ету аталған мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз шара болды, олар ішкі еңбек миграциясы процесінің одан әрі дамуымен күрделенеді.
Осы тұрғыда, біздің ойымызша, жергілікті билік органдары оралмандарды келешегі бар жерлерге, келешекте өндірістік күштерді орналастыру жерлеріне қоныстандыру практикасын кеңінен қолданғаны оңтайлы болар еді.
Мазмұндалғанның негізінде аудандардың демографиялық және әлеуметтік экономикалық дамуы мүдделеріне сүйене келе иммигранттарды қоныстандыру механизмдерін және жаңа кестесін әзірлеуді тездету, сондай ақ тиісті құқықтық және ұйымдық реттеу шараларын қабылдау қажет көрінеді.
Қазақстанның босқындар туралы конвенцияны ратификациялаудан туындайтын міндеттемелерін, БҰҰдың 1990 жылғы барлық еңбекшң мигранттардың және олардың отбасылары мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенцияға алдағы уақытта қол қойылуын ескере отырып миграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатын стратегияны және босқындар мен этникалық иммигранттар мәселелері бойынша мүлде жаңа құқықтық актілерді, олардың нормаларын ұлттық заңнамаға енгізе отырып әзірлеу уақытылы деп көрінеді.
Енгізіліп отырған ұсыныстар иммигранттардың мемлекет пен қоғамның әлеуметтік экономикалық өміріне кірігу процесін жеделдетуге бағытталған.
Қарауды сұраймыз.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.07.08.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
А.С. Бергеневке
Ұ С Ы Н Ы С
Құрметті Әділғазы Садуақасұлы!
Менің атыма Өскемен қаласы, 1-ші Коммунальная көшесі, 20 үй тұрғындары олардың жеткілікті деңгейдегі тұрғын үй жағдайына құқықтарының бұзылуы туралы шағымы түсті.
Шағымнан аталған үй апатты үй ретінде қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 21 маусымдағы Х сессиясының шешіміне сәйкес бұзуға жатқызылған. Бірақ қалалық әкімдік «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңның 105- бабының 1-5-тармағын, сондай ақ жергілікті өкілді органның аталған шешімін бұза отырып, осы апатты үйді бұзуды және осы күнге дейін онда тұратын адамдарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 105- бабының 3- тармағына сәйкес тиісті үй беруді ұйымдастырмаған.
Қала әкімінің орынбасары А. Каширов осы шағым бойынша біздің сұратуға берген жауабында Уәкіл мекемесін аталған үй сол мәслихаттың 2006 жылғы желтоқсандағы сессиясы бекіткен Ескі тұрғын үйді жөндеу, бұзу, және азаматтарды апатты мемлекеттік үйден көшірудің 2007-2009 жылдарға арналған жергілікті бағдарламасына енгізілгені туралы мәлімдеді.
Бірақ осы бағдарламаны іске асыру іс шараларының жоспарына бұл үй белгісіз себептермен кірмей қалған. Одан басқа А. Кашириннің жауабының мазмұнына келсек, апатты үй тұрғындарының ұжымдық шағымын қарау шағымданушылардың бірі Э. Петрусенконың үй жағдайын қараумен ғана шектелген, ал шағымға 8 пәтердің тұрғындары қол қойған.
Қазақстанның әр адамға тиісті деңгейде өмір сүру құқығына кепілдік беретін Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11- бабына сүйене келе, ҚР Конституциясының 25- бабын басшылыққа ала отырып, сондай ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25- тармағына сәйкес маған берілген өкілеттерімді пайдалана отырып, құрметті Әділғазы Садуақасұлы Сізден шағымданушылардың тұрғын үй құқықтары саласындағы бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдануды сұраймын.
Жауапты Жарлықпен белгіленген мерзімде күтемін.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.03.09.
Қарағанды облысының әкімі
Н.З. Нығматуллинға
Ұ С Ы Н Ы С
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Менің атыма ерлі зайыпты Л.Э. Парамонов пен Ю.С. Александровадан олардың тұрғын үй құқықтарының бұзылуы туралы шағымы келіп түсті.
Шағымның мазмұнына келсек, шағымданушылар соңғы 7 жыл бойы тұрған пәтердің иесінен алған сенімхатқа сәйкес әрекет ететін Т.Ф. Матвиенконың талап арызы бойынша сот шешімімен сол пәтерден шығарылған.
Арызды және соған қоса берілген құжаттарды қарай келе даулы болып отырған Қарағанды қаласы 23 шағын аудан, 8 үй, 40 пәтердің бұрынғы иесі 2000 жылғы қарашада одан бас тартатыны туралы арыз бергені анықталады.
Осыған байланысты 2001 жылғы қараша айында Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімдігі (бұдан әрі әкімдік) аталған пәтерді осы мемлекеттік орган мен Александрова азаматша арасында жасасқан уақытша жоқ азаматтың заттарына қамқорлық туралы шарт негізінде соңғысына берген.
Аталған шарттың талаптарының бірі жоғарыда аталған пәтерді әкімдік сот шешімі бойынша коммуналдық меншік қорына есептелгеннен кейін қамқоршы Александрованың меншігіне беруге міндеттелген.
Бірақ кейінгі жылдары, аталған әкімдік қамқордағы пәтерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес иесіз деп тану және оны коммуналдық меншікке ресімдеу үшін сотқа беру жөнінде тиісті шара қолданбаған.
Осындай жағдайда алты жыл өткеннен кейін 2006 жыдғы мамырда азамат Матвиенко азаматша Капитоновадан қолында сенімхаты бола тұра жылжымалы мүлікке меншік құқығы туралы өтініш берген және Александрованы отбасын шығару туралы сотқа талап арыз берген.
Сотта қарау кезінде сотта әкімдіктік мүддесін білдіретін коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы бөлімі, Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдері сотқа қатысудан бас тартып пәтер үшігші тұлғаға берілген.
Әкімдіктің аталған әрекетсіздігі нәтижесінде, сондай ақ өзінің шарттағы міндеттемелерін орындау жөнінде уақытылы шаралар қолданбағандықтан Александрованың отбасы баспанасыз қалды.
Жоғарыда мазмұндалғанның нәтижесінде шағымданушылар үшін туындаған салдарларды Қарағанды қаласының әкімдігі өзінің біздің сұратуымызға берген жауабында ОЖКХ мен әкімдіктің заң бөлңмдерң меншік құқығының жойылу мерзімін өздері бақылау мүмкіндіктері жоқ деген сылтау білдіреді және «меншік иесінің тарапынан претензия қойылмау үшін шағымданушы өзі мемлекеттік органнан меншік құқығының жойылуы туралы сотқа талап арыз беруді талап ету қажет деп санайды.».
Бұндай түсіндіруді біз атқарушы орган жауапкершілікті азаматша Александроваға жүктеп отыр деп бағалаймыз, ол мемлекеттік биліктің қызмет ету қағидаларына жатпайды.
Әкімдік пен ОЖКХ заң бойынша дербес мемлекеттік орган болып табылады, оларға орындалуы дербес шешім қабылдау мен уақытылы іс әрекет жасауды талап ететін бірқатар функциялар заңмен жүктелген.
Қалалық биліктің жауабына келсек, Қарағанды қаласы тұрғындарының тұрғын үй құқықтарының бұзылуы бірінші рет емес екенін ерекше атап өткен жөн, себебі азаматтармен мүлікке қамқор болу туралы 6 мыңнан астам шарт жасалған.
Қазақстан ратификациялаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11- бабына сәйкес мемлекет әр адамның өзіне және оның отбасының жеткілікті өмір деңгейіне, соның ішінде баспанаға құқығын мойындайды деп көзделген.
Осыған байланысты, құрметті Нұрлан Зайроллаұлы Қазақстанның осы аталған халықаралық актіден туындайтын міндеттемелеріне сүйене отырып, сондай ақ ҚР Конституциясының 25-бабына негізделіп және менің өзңме берілген өкілеттігімді пайдалана отырып, Сізден шағымданушылардың тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру жөнінде, сондай ақ аталған құқықтардың бұзылғанына кінәлі лауазымды адамдарға қатысты шара қолдануды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.24.09.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А.Г. Дерновойға
Құрметті Анатолий Григорьевич!
Менің атыма келіп түскен шағымдар мен БАҚтағы әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғауға құқықтарына қатысты жарияланымдар бұл саладағы ахуалдың нашарлау тенденциясының куәсі.
Мысалы, Волкованың хатына келсек, олардың қызы Ю.М. Волкованың 7 айлық жүктілігі кезінде қайтыс болуы Кентау қаласы перзентханасының дәрігерлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы және кәсіби деңгейінің төмендігіне байланысты, олар марқұмның шағымдары негізінде оны тексермей осыған байланысты болуы мүмкін тәуекелдерді дұрыс бағаламай тиімді ем тағайындамаған.
Е.Н. Новикованың шағымында Қарағанды қаласының №3 перзентханасында оған туылу кезінде уақытылы білікті көмек көрсетілмегені, ал кейін балалар емханасында балаларды қабылдау кезінде санитарлық гигиеналық нормалардың бұзылуы туралы жазылған.
Айтмолданова К. Алматы қаласының № 1 балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің әрекеттеріне шағымданады, олар оның келісімінсіз және оған хабарламай бір жастағы қызына жұлынына пункция жасаған.
Текелі қалалық аурухана дәрігерлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны және оның баласы Е.С. Бегалинға дұрыс диагноз қойылмағандықтан қажетті медициналық көмек көрсетілмеген, соның салдарынан бала қайтыс болған.
2008 жылдың 9 айында қаралып отырған мәселеге қатысты 20 жуық шағым түсті.
Азаматтар көбінесе медицина мекемелерінің мамандардың жетіспеуіне байланысты жүктемелердің шегінен тыс болуына, сондай ақ жаңа туған нәрестелердің ауруханада балалардың жұқпалы ауруларын жұқтыру фактілеріне назар аударады.
Ресми деректерге сүйенсек, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес тірі туудың жаңа өлшемдері енгізілген. Бірқатар медициналық қызметкерлердің пікірінше бұл бала өлімі көрсеткішінің өсуіне себеп болды, себебі аталған жаңалық баланы күтуге дайындық жоқтығын, сондай ақ тәжірибенің , білімнің және қажетті жабдықтардың жоқтығын көрсетті. «Время» газетінің 2008 ж. 18.09 нөміріндегі деректер бойынша Семей қаласында нәрестенің өлімі екі есе көбейген және бұндай жоғары көрсеткіштер республикамыздың көптеген облыстарында тіркелген. Сол Семейдің өзінде перзентханада салмағы аз нәрестелер үшін барлығы бір ғана жұмыс істейтін кувез бар.
Бала мен сәбидің өлу фактісін жасыру практикасы кеңінен тараған. Бұл мағынада жәбірленушілер мен олардың туыстары медицина қызметкерлерінің «корпоративтік тәртіп кодексіне» тап болып емдеудегі қатенің болу фактісін растауға мүмкіндігі болмайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары («Литер» газетасы, 2008 жылғы 19.09), «сирек» аталатын ауруларды емдеу деңгейінің нашарлығыа назар аударады. Мысалы, Қазақстанда эпилепсияны емдейтін мамандандырылған медициналық орталық жоқ, бұл сырқатпен елімізде 200 мыңға жуық адам ауырады, олардың ішінде үштен бір бөлігін балалар құрайды. «Муковисцидоз» деген сырқат қазақстандық медициналық қызметкерлерге белгісіз, ал онымен ауырған балалар айығудан құдер үзген болады.
Бұл сырқат тамыр қуалайтын ауру, Қазақстанда онымен науқастанатындардың өмірінің ұзақтығы орташа 5-7 жасты құрайды., ал Ресейде 20-30 жасқа дейін өмір сүреді, Еуропада 50-60 жасқа дейін.
Азаматтардың пікірінше, денсаулығын сақтауға құқығын қорғауды сақтау ахуалына медицинаны коммерцияландыру теріс әсер етеді. Конституциямен әйелдер мен балаларға тегін медициналық көмек көрсету көлеміне кепілдік берілгеніне қарамастан прокуратура органдары ақылы түрде медициналық көмек көрсету және күші жоқ әрі арзан вакциналар мен дәрілерді сатып алу фактілерін анықтап келеді.
Қолданыстағы заңнамада жоғарыда аталған құқықтарды бұзуға ықпал ететін бірқатар олқылықтар бар: ол кепілді тегін қызметтердің тізімін анықтау жөнінде нақты белгіленген нормаларының болмауы, кінәлі медицина қызметкерлері үшін жұмсақ жазалау шаралары, мемлекеттік сатып алуларды бағалық әдісімен өткізу, әкімдіктердің әр ауылды немесе кентті медициналық пунктпен қамтамасыз ету міндетінің болмауы және басқалар.
Министрліктің облыстардағы денсаулық сақтау департаменттерінің шешім қабылдау процесіне ықпал ету мүмкіндіктерінің жоқтығы көзге түседі. Медициналық қызмет көрсету саласында бақылау жасау комитеті өткізілген сараптама нәтижелері бойынша емдеудегі тактикалық және ұйымдық қателерді анықтаған жағдайлары аз емес, материалдар құқық қорғау органдарына берілген, бірақ медицина персоналына оның науқас өліміне кінәлі болған жағдайында әдеттегідей, тәртіптік немесе әкімшілік жазалау қолданылған. Бұл фактор біздің ойымызша , құқық бұзушылардың жазасыздық сезімін қолдауға тиіс емес.
Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйегінде Денсаулық сақтау министрлігінде алқаның кезектен тыс шұғыл отырысының өтуі жоғарыда аталған мәселелердің шешілуіне алдағы уақытта белгілі бір сенім тудырады деуге болады. Қазақстан медицинасының бастан кешіп отырған қиындықтарын және оларды келешекте болдырмау үшін қолданылып отырған кешенді шаралар туралы көпшілік алдында жариялауға әрекеттенуін мақұлдауға және қолдауға тұратын нәрсе.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылып жатқанына қарамастан, жарияланған фактілер денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру қажет екенін куәландырады.
Одан басқа , медициналық қызмет көрсету саласында анықталған кемшіліктер жекелеген медициналық қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа баруға қолайлы жағдай жасайды.
Осыған байланысты мынадай ұсыныстар енгізу орынды болып көрінеді:
-
Бүкіл медициналық саланы мамандардың, техниканың болуына, ауруханалар, емханалар орналасқан ғимараттардың жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігіне инвентаризация жасау;
-
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық және қаржы құралдары қажеттілігін анықтау мақсатында оларға паспорттау жүргізу.
-
Медициналық қызметкерлерге тиісті әлеуметтік пакет ұсына отырып, олардың құқықтары мен кепілдіктерін заңнама жүзінде бекіту.
-
Отандық Ғылыми зерттеу институттары мен орталықтар негізінде медициналық қызметкерлердің кәсіби білім деңгейлерін арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеу, қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тарту.
-
Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Медициналық оқу орындарында студенттерді оқытуды озық халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі бойынша жұмыс істеу.
-
Денсаулық сақтау министрлігі арқылы қажетті медициналық техниканы құнын емес, тиімділігі мен сапасын ескере отырып сатып алу, кейін аймақтарға бөліп беру
-
Әділет министрлігімен және Бас прокуратурамен бірлесіп заңнамада медициналық қызметпен айналысуға тыйым салуды енгізе отырып, медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ олардың кәсіби қызметін атқару кезінде жасаған құқықбұзушылықтары туралы бірыңғай деректер базасын жасау мүмкіндігін қарау.
-
Тегін көрсетілетін кепілді медициналық көмек тізімін кеңейту мәселесін қарау және оны әртүрлі түсінуге жол бермеу үшін заңнамалық актімен бекіту.
Жоғарыда мазмұндалғанды, жіберіп отырған ұсыныстарды ескере отырып, құрметті Анатолий Григорьевич, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жоспарын актуальдандыру мүмкіндігін қарауды ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |