«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі қысқартылған іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді одан әрі жетілдіруді көздейді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмыстық жазаны орындау және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен жағдайларын, сондай ақ қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқарудың жекелеген мәселелерін жетілдіруді көздейді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне наным бостандықтары және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған Заңның кейбір жекелеген нормалары азаматтар мен діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігінің конституциялық негіздерін бұзушылықтарды қамтыған, осыған байланысты Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің хаты бойынша өзінің нормативтік қаулысымен жоғарыда аталған заңды республика Конституциясына сәйкес емес деп таныған.
Конституциялық Кеңес, сондай-ақ, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді жария етуге және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру туралы» және «Заңсыз жолмен алынған кірістерді жария етуге және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламент қабылдаған Заңдарды қараған. Оларды қарау нәтижелері бойынша әркімнің жеке салымдары мен жинақтарының құпиялылығына құқығын көздейтін конституциялық норма ресми түрде түсіндірілді және Үкіметке аталған заңдар қолданысқа енгізілгенге дейін (олардың бірінші рет ресми жарияланғанынан алты ай ішінде) заңнамаға қажетті түзетулер енгізуге бастамашылық ету ұсынылды.
1.5. Халықаралық ынтымақтастық
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылы құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы бірқатар жағайларға байланысты өткен жылдардан көрі ерекше белсенділікпен көзге түсті. Біріншіден, Қазақстанның ЕЫҚҰда төрағалық етуіне жан жақты және қарқынды дайындық жүзеге асырылып жатты. Екіншіден, жыл бойы азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуеттік және мәдени құқықтар туралы халықаралық патілер, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция бойынша елдік баяндамалар, сондай ақ БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде адам құқықтарыбойынша жалпы мерзімді шолу рәсімін өту үшін Ұлттық баяндама әзірленіп жатты. Үшіншіден, жыл бойы Қазақстанға БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысы және БҰҰы азшылықтар мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы, Еуропа Одағын, ЕЫҚҰ, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды білдіретін жоғары деңгейдегі бірқатар делегациялар сапар шекті. 2010 жылы, атап өткендей, БҰҰдың жеткілікті баспана туралы мәселе бойынша арнайы баяндаушысы Р. Рольниктің сапармен келуі күтілуде.
Уәкіл мекемесі, жоғарыда мазмұндалғанға байланысты кейбір жағдайларда адам құқықтары мәселелері бойынша негізгі сарапшы ретінде болды. Ол мемлекеттік органдар үшін құқықтық қорғау тақырыбы бойынша бірқатар талдау және ақпараттық материалдар дайындады, ал оның қызметкерлері мемлекет ішіндегі, сондай-ақ халықаралық іс шараларда адам құқықтары жөніндегі пікірсайыстарға белсенді қатысты.
Уәкіл адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылау мен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шара қолданудағы негізгі міндетін жүзеге асыра отырып, Ресей Федерациясындағы, Қырғыз Республикасындағы, Өзбекстандағы, Молдова Республикасындағы, Әзірбайжандағы, Польшадағы әріптестерімен бірге хат жолдаған азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау мәселесі бойынша өзара тығыз іс қимыл жасады.
Өткен жылы шет елдерден 33 хат (2008 жылы -26) түсті, оларың мазмұны әдеттегідей, азаматтарды құжаттандыру, оларды зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек қатынастары және т.б мәселелерге қатысты болды.
Барлық түскен хаттар қаралды, оларға білікті жауаптар берілді, ал бірқатар арыздар бойынша шетелдік азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Халықаралық қауымдастықты Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтары ахуалы туралы ақпараттандыру тұрғысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есебінің 2009 жылғы қарашада Вашингтонда, атап айтқанда, Мемлекеттік департаментте, АҚШ Конгресінің Азия, Тынық мұхит аймағы бойынша және ғаламдық қоршан орта жөніндегі өкілдері Палатасының шағын комитетінде және халықаралық ҮЕҰ қатысуымен өткен дөңгелек столдар аясындағы тұсаукесерін аса маңызды оқиға деп санауға болады. Уәкілдің 2009 жылғы қыркүйекте Варшава қаласында өткен адами өлшемдер саласындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі ЕЫҚҰ жыл сайынғы кеңесіне қатысуы да сондай маңызды оқиға болды, онда Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұлттық құқықтық қорғау мекемесінің ұстанымы туралы айтылды, ЕЫҚҰға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен пікір алмасу болды, бұл сондай ақ халықаралық қауымдастыққа мемлекеттің осы салада қолға алып жатқан шаралары туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік берді.
Уәкіл мекемесі 2009 жылғы мамырдағы Қазақстанға БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысы М. Новактың инспекторлық сапары алдында белсенді жұмыс жасады. Осы дайындық жұмыстарының мазмұндық және ұйымдастырушылық бөліктері жалпы осы сапардың ойдағыдай жүзеге асырылуына ықпал етті. Тиісті арнайы баяндама 2010 жылғы наурызда БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде ұсынылады.
БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысының сөйлеген сөзіне аса назар аударылатын болады және БҰҰдың кеңесінде маңызды да жан-жақты пікірсайыстар туғызатын болады, оның қорытындысы бойынша құжат бекітіледі, кейін елімізде әртүрлі салалардағы ахуалды бағалауға қатысты БҰҰдың ресми ақпарат көзі ретінде пайдаланылатын болады.
2009 жылғы шілдеде Уәкілдің БҰҰы азшылықтар мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы Г. МакДугалмен кездесуі өтті, ол осы саладағы ахуалды бағалау және ҚР Үкіметіне Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияда және Ұлттық азшылықтарға немесе этникалық, діни және тілдік азшылықтарға жататын адамдардың құқықтары туралы декларацияданың ережелерін іске асыруға көмектесу мақсатымен келген. Халықаралық шенеунік осы кездесу барысында мемлекеттің Қазақстанда этникааралық және конфессияаралық теңдікті қамтамасыз ету саласындағы қызметімен таныстырылды.
Жыл бойы Уәкіл мен БҰҰның Астанадағы орталығы арасында әртүрлі деңгейлерде көптеген мәселелер бойынша кеңестер ұдайы болып тұрды.
Уәкілдің ЕЫҚҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Я. Ленарчичпен кездесуі, сондай ақ кейін ЕЫҚҰ Елшілері делегациясымен кездесуі барысында Уәкіл мекемесі мен осы ұйым арасындағы аймақтық және екі жақты ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.
2009 жылғы маусымда Уәкілдің Данияны Сыртқы істер министрі П.С. Меллермен кездесуі өтті, оның қорытындылары бойынша Данияның адам құқықтары жөніндегі институтымен және ЕЫҚҰ Астана қаласындағы орталығымен бірлесіп ынтымақтастық жобасы әзірленген, ол ұлттық құқықтық қорғау институтына адам құқықтарын қорғау және қолдау саласындағы өзінің қызметін одан әрі жетілдіруге, еуропа елдері омбудсмендердінің жұмыс тәжірибесімен танысуға көмек көрсетуді көздейді,
Екі жақты ынтымақтастық мәселелері Уәкілдің «Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқықтық қорғау ұйымының атқарушы директоры К.Росспен болған кездесу барысында да көтерілген.
2009 жылғы қазанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы құрылымдық диалогқа қатысты, ол көптеген мәселелер аясында адам құқықтарын жылжыту және қорғау әселелеріне аса назар аударды.Ол сонымен қатар Брюссельде 17 қарашада өткен «Қазақстан Республикасы- Еуропа одағы» Ынтымақтастық кеңесінің 11ші отырысына қазақстандық делегация құрамына енгізілді.
Уәкіл офисі БҰҰ жүйесі мекемелерімен де байланыс жасайды. 2009 жылы ПРООН халықаралық сарапшысы В. Сироткинмен (2009.14.09), БҰҰ ЖҚКБ өкілдері М. Фаркуарсонмен және К. Оразовпен (2009.28.09), БҰҰ АҚЖКБ Орталық Азияға арналған Аймақтық Өкілінің міндетін атқарушы Ф.Фрейзермен (2009.29.10) кездесулер ұйымдастырылды.
Ақпарат алмасуға ықпал ететін отырыстарға, конференцияларға, семинарларға қатысу ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады.
Уәкіл есепті кезеңде Ыссық көлде өткен Адам құқықтары жөніндегі ІІІ халықаралық форумға қатысты, бұл форум омбудсмендер үшін өзекті құқықтық қорғау мәселелерін талқылау жөніндегі пайдалы диалог алаңы болды.
Уәкіл Бас прокуратурамен, Сыртқы істер министрлігімен БҰҰдың Балалар қорының (ЮНИСЕФ) көмегімен және Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, «БҰҰдың Бала құқықтары туралы конвенциясына 20 жыл: қазіргі заманғы талаптар мен Қазақстан Республикасындағы инновациялық әдістер» тақырыбында Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына және оны Қазақстанның ратификациялағанына 15 жыл толуына арналған конференция өткізді.
Қазақстанның алдағы уақытта БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Жалпы мерзімді есебін өтуін ескере отырып, Орталық қызметкерлері жылғы 24-26 қарашада Женева қаласында өткен, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлі мен БҰҰдың адам құқықтары жөніндегі механизмдерімен ынтымақтастығына арналған семинардың жұмысына қатысты.
Мекеме қызметкері 2009 жылғы желтоқсан айында БҰҰ ҚЖКБ ұйымдастырған Орталық Азияда азаматсыздықтың алдын алу мен оны азайту және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау жөніндегі аймақтық конференцияға қатысты, конференция аясында азаматтығы жоқ адамдарды қорғаудың халықаралық және аймақтық механизмдері зерттелді.
2009 жылғы 12 желтоқсанда Бангкок әуежайында ИЛ- 76 ұшағы мен құрамында мемлекетіміздің төрт азаматы бар экипаждың ұсталуына байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Тайланд Корольдігінің Омбудсменіне оқиғаны елдің құзырлы органдары жан жақты және объективті қарауын қамтамасыз етуді сұрап хат жолдады.
Уәкілдің қатысуымен халықаралық ынтымақтастықтың қарқындығы мен жандандырылуы адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттың мемлекеттік механизмдегі рөлі мен орны, сондай-ақ оған халықаралық қауымдастық тарапынан қызығушылықтың артатынын куәландырады, бұл құқықтық қорғау қызметіне жаңаша қарауды талап етеді.
Уәкіл 2008 жылғы қызметтің есебінде Халықаралық шарттарға қосылу және ратификацияланған шарттардың нормаларын заңнамаға енгізу стратегиясын , сондай-ақ халықаралық шарттар жүйесі аясында Халықаралық ұйымдармен серіктестік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Халықаралық гуманитарлық құқық пен халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия аталған ұсыныстарды Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттармен жұмыс істеу жөніндегі іс әрекеттердің 2009- 2012 жылдарға арналған жоспарын бекіту кезінде назарына алды.
2. Арнайы бөлім
-
Өмірге құқық. Бостандыққа және жеке қолсұқпаушылық құқығы
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларын ұстай отырып, өлім жазасын кезең кезеңмен жою саясатын жүргізеді. Қазақстан Конституциясының 15- бабының 2-тармағына 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осының куәсі бола алады, олар қолданыстағы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің нормаларын Ата Заңның ережелеріне сәйкестеніретін «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын қабылдау үшін негіз болды.
Қолданылып жүрген заңнаманы жетілдіру, адамның өмірге негізгі құқығын қамтамасыз ету осы заңды қабылдаудың мақсаты болып табылады.
Республиканың Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы ратификациялауы 2009 жылғы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Хаттама жеке адамдарға Пактіде бекітілген құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндігін береді., атап айтқанда, ол БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетіне АСҚХП қатысушы мемлекеттердің осы шарт бойынша міндеттемелерін бұзуына қатысты жеке хабарларды қабылдау және қарау жөнінде өкілет беруді қарастырады. Қазақстан юрисдикциясындағы адам, егер ол құқықтық қорғаудың барлық қолда бар ішкі амалдарын пайдаланып болса, Пактіде мазмұндалған қандай да бір құқықтардың бұзылуы туралы БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетіне хабарлай алады.
Бостандыққа және жеке қолсұқпаушылық құқығы 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының да 3-тармағында бекітілген, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9- бабында, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы осы құқықтың негізгі кепілі ретінде тұтқынға алу және қамауда ұстау тек заңнамада көзделген жағдайларда және тек соттың санкциясы бойынша ғана тұтқындалғанға қарсылық жазу құқығын бере отырып, мүмкін болатынын көздейді. Соттың санкциясынсыз адам жетпіс екі сағаттан артық ұсталмайды.
Уәкілдің атына келген шағымдардың талдауы өткен жылы тек анықтау және алдын ала тергеу органдары қызметкерлерінің ғана әрекеттеріне 199 хат түскенін көрсетеді, бұл барлық келіп түскен шағымдардың жалпы санынан 17 пайызын құрайды. Соның ішінде прокуратура органдарына 12, ҰҚК – 17, қаржы полициясына 18, ішкі істер органдарына 152 шағым түсті.
Прокуратура органдарына шағым үшін көбінесе: азаматтардың хаттарына шара қолданбауы, қылмыстық істерді тергеу барысында уақыт созу фактілері бойынша прокуратура қызметкерлерінің әрекетсіздігі, қылмыстық істерді қозғаудан бас тартуға келісім беруі негіз болды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне түскен шағымдар, арызданушылардың айтуынша, күдіктенушілерді ұстау кезінде қызметтік өкілеттіктерін аса пайдаланумен, тергеу изоляторларында ұстау жағайлары мен жеткіліксіз медициналық қызмет көрсетумен байланысты.
Қаржы полициясы органдарына коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, олардың қызметтерін тексерудің негізділігімен, байланысты шағымдар, саябақ қоғамдарынан жер бөлу мәселелері бойынша және т.б. арыздар түсті.
Азаматтардың шағымдарының көптен бір бөлігі (152) ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әрекеттеріне арызданумен байланысты, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: заңсыз ұстау, ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан күш және психологиялық зорық зобылық қолдану, процессуалдық әрекеттерді жүргізу кезінде құқықтарды негізсіз шектеу, дәлелдемелерді дұрыс бағаламау, қамауда ұстаудың тиісті жағдайларының болмауы.
Ақмола облысының Қоғамдық бақылау комиссиясына өзінің ұлы С.ті ұстау кезінде Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне азамат Н.нан түскен арыз осыған мысал бола алады. ҚБК басшысы және бір мезгілде «Луч надежды» қоғамдық қорының директоры Л.А. Рубежанская Ақмола облысы ішкі істер департаментіне дереу тиісті шара қолдану туралы хат жазған, себебі Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері тарапынан қатыгездік көрсетуіне азаматтардан келіп түскен шағымдар көбейіп барады. Сонымен қатар хатта облыс ІІД ҚҚБ тексеретін барлық хаттарға фактілер расталмады деген жауаптар келетіні көрсетілген, сонымен бірге шағымдарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері тарапынан «корпоративтілік» орын алатындығы көрсетілген. Бр езгілде, Қоғамдық қордың директоры жабық мекемелерде азаптау және қатыгезіктерді қолдану фактілерін қарау жөнінде кеңес беру үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобына хат жолдады, сонымен бірге осы факті бойынша құжаттар пакеті ұсынылды, осыны Уәкіл мекемесі бақылауға алды. Жоғарыда аталған бұзушылықтар туралы облыс әкімі хабардар етілді, одан кейін қысқа мерзімде осы іс бойынша материалдар ҚР Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік кеңесіне ұсынылды.
Нәтижесінде Н. айыптау жөніндегі қылмыстық іс жүргізу оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталу негіздерімен тоқтатылды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Көкшетау қаласы ІІБ ТБ бастығы М.З. Букебаев полиция қызметкері атағына кір келтірген әрекеттер үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Облыс ІІД және ІІБ азамат Н. құқықтарының бұзылуына қатысты бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды.
|
Қадір қасиетіне қолсұқпаушылық құқығы Ата Заңның 17-бабында көзделген, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтайтын заңнама нормаларымен кепілдік беріледі. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу барысынад алып келу, ұстау, үйде қамап ұстау, қамауға алу, жеке тінту және сипаты бойынша басқа да мәжбүрлеу әрекеттерге тек заңда келтірген негіздемелер болғанда ғана және онда белгіленген тәртіппен мүмкін болады (ҚР ҚІЖК 134, 135, 149, 150, 158- баптары). Одан басқа, куәландыру және тергеу эксперименті сияқты процессуалдық әрекеттерді жүргізу ҚР ҚІЖК 226, 239-баптарына сәйкес тек адамның денсаулығына қауіп болмайтын жағдайда ғана мүмкін болады. Ал Уәкіл поштасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының осы талаптары ұдайы сақталмайтынын көрсетеді. «Профилактикалық» деп аталатын полиция іс шараларын өткізу кезінде заңсыз ұстау, кейде зорлық зомбылық әрекеттерге жол берілетін заңсыз ұстаулармен байланысты болады.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағымданған азаматтардың заңсыз анықтау және тергеу әдістері туралы сөздері кейде анықталмай жатады, бүл құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдардың мазмұнымен сондай ақ өзге де жағайлармен расталады. Көптеген жағдайларда Уәкіл прокуратураға хат жолдағаннан кейін қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулылардың күші қадағалау, сондай ақ жоғары тұрған прокурорлармен жойылған, ал атериалдар қосымша тексеруге жіберілген. Аталған тексерулердің қорытындылары бойынша , әдеттегідей, ІІБ қызметкерлерінің әрекеттерінде қылмыс құрамы болағандықтан қылмыстық іс қозғаудан қайта бас тарту туралы шешім қабылданған.Тәжірибе шағымда мазмұндалған дәлелдердің расталмауы осы шағымдар негізсіз болып табылады деген ұғымды білдірмейтінін көрсетеді. Жекелеген жағайларда прокуратура органдары, ішкі істер органдарының өздері де бұзушылық шынымен орын алғанын мойындайды, бірақ «жағдай өзгеруіне байланысты» (қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткен, ал қылмыстық іс мәні бойынша соттың қарауына берілген) не бұзушыларды тәртіптік жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты шара қолданылмайды немесе өте сирек қолданылады.
ҚР Жоғарғы Сотының жеке бостандықты және адамның қадір қасиетіне қолсұқпаушылықты сақтау, азаптауға, зорлық зомбылыққа, басқа да адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін қарым қатынастарға немесе жазаларға қарсы тұру туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөніндегі 2009 жылғы 28 желтоқсандағы Нормативтік қаулысы адамның қадір қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын іске асыруда маңызды рөл атқаруы тиіс.
-
Сотта қорғалу және әділ сот талқылауына құқық
2009 жылғы тәжірибе, бұрынғыдай, азаматтың сотта қорғалу және әділ сот ісіне құқығын қамтамасыз етудің өзектілігін дәлелдейді.
Осы құқықты іске асыру әркімнің әіл сот билігіне қол жетімділігін, оның ісін заңмен соттылығы жататын сотта қаралуын, сотта талқылаудың барлық рәсімдерін, сондай ақ оны жргізудің ақылға сыйымды мерзімдерін тиісті түрде сақтауды, қатысшылар үшін процессуалдық құқықтар мен кепілдерді қамтамасыз етуді, сот актілеріне наразылық білдіру мүмкіндігін және мемлекет тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етуді көздейді.
Сот актілерімен және әрекеттерімен келіспеушілік пен байланысты арыздардың санаты Уәкіл атына түскен шағымдардың ішінде бұрыңғыдай ең көбі болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес, ол соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарамайды, ол туралы шағымданушыларға белгіленген тәртіппен хабарланған.
Сонымен қатар, сотта қорғалу және әділ сот ісіне құқығы негізгі құқықтар жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатынына сүйенсек, осы бөлімде Уәкіл мекемесіне есепті мерзімде келіп түскен аталған санаттағы шағымдарға талдау ұсынылады (318, соның ішінде 191 – қылмыстық істер бойынша, 119 - азаматтық , 8 - әкімшілік істер бойынша).
Осындай 150 шағым бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардан түсті. Сот үкімдерімен келіспеушілік туралы шағымдар жиі құқық қорғау органдарының әрекеттеріне берген шағымдармен қоса жүреді. Олардың саны 67 құрайды.
Шағымдар талдауынан шағымданушылар соттардың қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларын сақтамайтынына, жазалау шараларымен өздерінің келіспейтініне, соттың сот құжаттарын бермейтініне, куәгерлерді шақырудан бас тартатынына, сот отырысының хаттамасында процесс барысын объективті көрсетпеуіне келіспеушілік білдіреді.
Әлеуметтік және экономикалық қатынастар саласында құқықтардың бұзылуына шағымдар хаттардың үлкен тобын біріктіреді. Осылайша, Уәкіл атына азаматтық заңнамамен реттелетін тұрғын үй, жер, еңбек және өзге де дауларға негізделген 119 хат түскен.
Ең көп түскені баспана, мүлікті бөлу және жұмысына қайта орналастыру туралы даулар бойынша хаттар.
Әкімшілік істер бойынша шағымдар көбінесе айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік шараларды қолдану туралы қаулылармен келіспеушілікке қатысты.
Елде болу ережелерін бұзған үшін Қазақстаннан кетіру бөлігінде сот шешімімен келіспейтіні туралы шетелдіктерден 4 шағым түсті.
Уәкіл атына елден тыс жұмыс істейтін 1 Қазақстан азаматшасы шағымданды.
Құқықтық қорғау ұйымдарынан, адвокаттардан, қорғаушылардан қорғалушылар мен сенім білдірушілердің мүддесіне 80 шағым түсті.
Шағымданушылар сот әрекеттеріне берген 67 шағымдарында бәрнен де сот отырысына келу туралы тараптарды уақытылы хабарлар етпейтінін және сырттай сот шешімін шығаратынын көрсетеді.
Сот актілерімен келіспеу туралы шағымдар аумақтар бойынша мынадай болып түсті: Алматы қаласының және Алматы облысының (39дан), Қарағанды облысының (35), Астана қаласының (32), Ақмола облысының (32), Шығыс Қазақстан облысының (31), Қостанай облысының (22), Павлодар облысының (22), Солтүстік Қазақстан облысының (14), Маңғыстау облысының (10), Оңтүстің Қазақстан облысының (9), Батыс Қазақстан облысының, Қызылорда облысының (6дан), Ақтөбе облысының (2) соттарына қатысты түскен.
2008 жылғы наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Жоғарғы Сот Төрағасы арасында қол қойылған меморандумға сәйкес 88 шағым Жоғарғы Сотқа ақпарат ретінде жіберілді.
Осы санаттағы шағымдар саны соңғы екі жылдарда 2005-2007 жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда азайып келуі фактісі назар аудартады.
Әділ сот билігіне Конституцияның 13-бабының 2-тармағымен кепілдік берілген кедергісіз қол жеткізу құқығы толығымен қамтамасыз етілгенін атап өткен қажет қажет: жеткілікті заңнамалық негіз бар, сот құрылысы жүйесінде реформалар жүргізіліп жатыр, мамандандырылған соттар құрылды. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы құқықтың бұзылуымен байланысты күрделі мәселелер сот процесін жүргізу кезінде туындайды.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заңында сот жүйесі құрылымын үш буынды етіп өзгерту, сот талқылауының үзіксіздік қағидасын енгізу, жаңа мамандандырылған соттарды құру, кассациялық іс жүргізуді қайта жананыру көзделген.
Сот құрылысын және сот ісін жүргізуді осылайша оңтайландыру әртүрлі сот органдары функцияларының қайталануын азайтуға тиіс, яғни соттағы істердің қысқаруына және өтуі мен шешілуін тездетуге, жалпы әділ сот билігіне қол жеткізуді жеңілдетуге әкеп соғуы тиіс, бұл сот жүйесінің транспаренттігі туралы халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Заңнама тек прокурорлардың ғана емес, тергеу және анықтау органдарының да әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотта қарау тәртібін көздейді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білікті заңгерлік көмек көрсетумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» маңыздылығы кем емес Заң қабылданды, ол адвокаттың қылмыстық процестегі рөлін арттыруға ғана емес, жәбірленушінің де құқығын, соның ішінде тегін заңгерлік көмек алу, сондай ақ қылмыспен келтірілген шығындарын мемлекет есебінен өндіріп алу құқықтарын кеңейтуге бағытталған.
Қорғаушы ҚР ҚІЖК талаптарына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде іске қатысуға жіберілген сәттен бастап қанапроцеске қатысушы болып саналған. Қабылданған заңға адвокат қылмыстық іске қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және ордерді ұсынуы бойынша жіберіледі деген норма енгізілген.
Басқа да заңмен көзделген адамдар қылмыстық іске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды ұсынған сәттен қылмыстық іске қатысуға жіберілген деп саналады.
ҚІЖК енгізілген өзгерістер тараптардың сот процесіндегі жарыспалылығын және тең құқықтылығын күшейтеді.
Адам мен азаматтың Конституциямен кепілдік берілген сотта қорғалу құқығын қамтамасыз ету саласындағы ұсыныстар мен одан кейінгі іс әрекеттер Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында және ҚР Адам құқықтары саласындағы іс шаралардың 2009- 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспарында көзделген.
2.3. Сот шешімдерінің орындалу сатысындағы адам құқықтары
Достарыңызбен бөлісу: |