Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы n 345 Заңы



бет7/11
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#16294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

              көздей отырып жүзеге асыру

      Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерiне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерiн қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негiзгi мәнi болуға тиiс.


      Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдiстерiнде адамның қадiр-қасиетiн кемсiтетiн немқұрайлылық, қатыгездiк, дөрекiлiк, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
      Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.

      65-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың


              ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

      1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың бiлiм алуы мәселелерiн шешуге қатысуға құқығы бар. 


      Бала бiрге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк дамуына зиян келтiрмесе, баланың екiншi ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергi болмауға тиiс. 
      2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жерi ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi. 
      Келiсiм болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерiн негiзге алып және балалардың пiкiрiн ескере отырып сот шешедi. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi мен апа- сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшiн балаға жағдай жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрi, жұмыс режимi, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескередi. 
      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм жасасуға құқылы. 
      Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса, ата-аналардың (олардың бiреуiнiң) талап етуi бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешедi. 
      4. Соттың шешiмi орындалмаған жағдайда кiнәлi ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. 
      Сот шешiмi қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы соған беру туралы шешiм шығара алады. 
      5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелерi мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. 
      Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн. 

      66-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан


             балаларын талап етуге құқығы

      1. Ата-аналар заң немесе сот шешiмi негiзiнсiз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа шағымдануға құқылы. 


      Бұл тараптарды қарау кезiнде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
      2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендiгiн анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына бередi.

 11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және


оларды шектеу

      67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру

      1. Егер ата-аналар (олардың бiреуi):
      1) ата-ана мiндеттерiн орындаудан, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса; 
      2) өз баласын перзентханадан (бөлiмшесiнен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелдi себептерсiз бас тартса; 
      3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса; 
      4) балаларға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде олардың денесiне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктiгiне қастандық жасаса; 
      5) заңдарда белгiленген тәртiппен маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкiн. 
      2. Өз балаларының не жұбайының өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың бiреуi) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкiн. 

      68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi

      1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 
      Ата-ана құқығынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердiң және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. 
      2. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. 
      3. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi. 
      4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата- аналардың (олардың бiреуiнiң) iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекеттi байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткiзуге мiндеттi. 
      5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күннiң iшiнде бұл шешiмнiң көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға мiндеттi. 

      69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары

      1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактiсiне негiзделген барлық құқықтардан, оның iшiнде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның 131бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады. 
      2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау мiндетiнен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады. 
      3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе сот тәртiбiмен шешiледi. 
      4. Ата-анасы (олардың бiреуi) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата- анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактiсiне, оның iшiнде мұра алу құқығына негiзделген тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүлiктiк құқықтарын сақтап қалады. 
      5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата- анасының екеуi де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына берiледi. 
      6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың бiреуiнiң) өтiнiшi бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады. 
      7. Ата-анасы (олардың бiреуi) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың бiреуiн) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiм шығарған күннен бастап кемiнде алты ай өткенде жол берiледi. 

      70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру

      1. Егер ата-аналар (олардың бiреуi), мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 
      2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. 
      3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың мүдделерiне қайшы келсе, сот баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы ата-ананың (олардың бiреуiнiң) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. 
      Он жасқа толған бала жөнiндегi ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың келiсiмiмен ғана жасалуы мүмкiн. 
      Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күшi жойылмаса (осы Заңның 96-бабы), ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге жол берiлмейдi. 

      71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу

      1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың бiреуiнен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығара алады. 
      2. Егер баланың ата-аналармен (олардың бiреуiмен) қалуы: 
      1) ата-аналарға (олардың бiреуiне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшiн қауiптi болса; 
      2) олардың мiнез-құлқының салдары бала үшiн қауiптi болса, алайда ата- аналарды (олардың бiреуiн) ата-ана құқықтарынан айыру үшiн жеткiлiктi негiздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол берiледi. Егер ата-аналар (олардың бiреуi) өз мiнез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешiмi шыққаннан кейiн алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға мiндеттi. Баланың мүдделерiне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзiм аяқталғанға дейiн ата-аналарды (олардың бiреуiн) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы. 
      3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мiндетi заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейiнгi ұйымдар, орта бiлiм беретiн ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады. 
      4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. 
      5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата- аналардан (олардың бiреуiнен) балаға алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуге құқылы.
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      72-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудiң салдары

      1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аталар баланы жеке өзi тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал 71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады. 
      2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөнiндегi мiндеттерден босатпайды. 
      3. Өзiне қатысты ата-аналарының (олардың бiреуiнiң) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқығын, соның iшiнде мұра алу құқығын сақтап қалады. 
      4. Ата-анасының екеуiнiң де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына берiледi. 
      5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерiн тигiзбесе, баламен қатысуға рұқсат етiлуi мүмкiн. Ата- аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушiлерiнiң немесе бала тұратын мекеме әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жол берiледi. 

      73-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою

      1. Егер ата-аналардың (олардың бiреуiнiң) ата-ана құқықтары шектелген негiздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың бiреуiнiң) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың бiреуiне) қайтарып беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген шектеулердiң күшiн жою туралы шешiм шығара алады. 
      2. Егер ата-анасына (олардың бiреуiне) баланы қайтарып беру оның мүдделерiне қайшы келетiн болса, сот баланың пiкiрiн ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. 

      74-бап. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына


              тiкелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу

      1. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың бiреуiнен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. 


      Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының тиiстi актiсi негiзiнде қорғаншы және қамқоршы орган жүргiзедi. 
      2. Баланы айырып алу кезiнде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының актiсi шыққаннан кейiн жетi күн iшiнде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға мiндеттi.
      Ескерту. 74-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi). 

      75-бап. Баланы айырып алуға байланысты iстер бойынша


              сот шешiмдерiн орындау

      1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешiмдi мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс. 


      2. Баланы беру туралы сот шешiмiн оның мүдделерiне нұқсан келтiрмей орындау мүмкiн болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесiне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкiн.

 12-тарау. Бала асырап алу

      76-бап. Бала ретiнде асырап алуға жол берiлетiн балалар

      1. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделерiне сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол берiледi. 


      2. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкiн болмаған жағдайларда ғана шетелдiктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жерiне қарамастан асырап алуға берiлуi мүмкiн. 
      Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдiктерге аталған балалар осы Заңның 101-бабының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берiлуi мүмкiн. 
      3. Бала асырап алғысы келетiн шетелдiктер баланы жеке өзi таңдап алуға, онымен кемiнде екi апта бойы тiкелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетiнi туралы жазбаша арыз, сондай-ақ мемлекеттiк лицензиялар негiзiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын агенттiктер беретiн ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершiлiк қасиеттерi туралы анықтама беруге мiндеттi. 

      77-бап. Баланы асырап алу тәртiбi

      1. Баланы асырап алуды бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргiзедi. Бала асырап алу туралы iстердi сот азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен жүргiзедi. 
      Балаларды асырап алу туралы iстердi сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды. 
      2. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен мiндеттерi (осы заңның 89-бабы) баланы асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап туындайды. 
      Сот баланы асырап алу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде осы шешiмнiң көшiрмесiн шешiм шығарған орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жiберуге мiндеттi. 
      Бала асырап алу азаматтық хал актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеуi үшiн белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс. 

      78-бап. Асырап алынуға тиiстi балаларды және бала


              асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды
              есепке алу

      1. Асырап алынуға тиiстi балаларды есепке алу осы Заңның 101-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 


      2. Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке алу облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тiлек бiлдiрген шетелдiктердi есепке алу Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 78-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi). 

      79-бап. Бiрнеше бала асырап алу

      1. Бiр адамның ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасты) болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуына болады.
      Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасты) сияқты құқықтар мен мiндеттер пайда болады.
      2. Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн жағдайларды қоспағанда, ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлердi (қарындастарын) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

      80-бап. Бала асырап алуға құқығы бар адамдар

      1. Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде рұқсат етiледi. 
      2. Мыналарды: 
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарды; 
      2) сот бiреуiн әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған ерлi-зайыптыларды; 
      3) сот арқылы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды; 
      4) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншылық (қамқоршылық) мiндеттерден шеттетiлген адамдарды
      5) егер өз кiнәлары бойынша сот шешiмiмен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдарды; 
      6) денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар бола алады. Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына (қамқоршылығына) алуға, патронатқа алуға болмайтын адамның бойындағы ауруларының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
      3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын адамдардың белгiлi бiр баланы бiрлесiп асырап алуына болмайды. 

      81-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы


              баланың арасындағы жас айырмасы

      1. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиiс. Сот дәлелдi деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкiн. 


      2. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алғанда, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасы талап етiлмейдi. 

      82-бап. Бала асырап алуға ата-аналардың,


              қорғаншылар мен қамқоршылардың келiсiмi

      1. Баланы асырап алу үшiн оның ата-аналарының келiсiмi қажет. Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешiлерiнiң келiсiмi, ал ата-аналары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi қажет. 


      2. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменiң басшысы растаған не бала асырап алу жүргiзiлген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жерiндегi қорғаншы және қамқоршы орган бекiткен арызда көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн. 
      Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы. 
      3. Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келiсiм беруi мүмкiн. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделерiне сай келетiнi туралы қорытынды бередi. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған кезде талап етiлмейдi. 
      4. Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшiн олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегi келiсiмi қажет.
      5. Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан балаларды асырап алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша түрдегi келiсiмi қажет.
      6. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелерi мен басқа да мекемелердегi балаларды асырап алу үшiн осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегi келiсiмi қажет.
      7. Сот баланың мүдделерiн көздей отырып, оны асырап алу туралы осы баптың 1, 4-6-тармақтарында аталған адамдардың келiсiмiнсiз шешiм шығаруға құқылы.

      83-бап. Баланы ата-аналарының келiсiмiнсiз асырап алу

      Егер ата-аналарын:
      1) сот белгiсiз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
      2) сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса;
      3) сот ата-ана құқықтарынан айырса (осы Заңның 69-бабының 7-тармағындағы талаптар сақталған жағдайда);
      4) баламен бiрге тұрмайтын және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келiсiмi талап етiлмейдi.

      84-бап. Асырап алуға баланың келiсiмi

      1. Он жасқа толған баланы асырап алу үшiн оның келiсiмi қажет.
      Баланың асырап алынуға келiсiмiн сот белгiлейдi. 
      2. Егер бала асырап алу туралы арыз берiлгенге дейiн бала асырап алушының үйiнде тұрып, оны өзiнiң ата-анасы деп есептейтiн болса, асырап алуға баланың келiсiмi бар деп ұйғарылады.

      85-бап. Бала асырап алуға ерлi-зайыптылардың


              бiреуiнiң келiсiмi

      1. Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi бiрдей асырап алмаса, баланы ерлi-зайыптылардың бiреуi асырап алған кезде бала асырап алуға ерлi- зайыптылардың екiншiсiнiң жазбаша келiсiмi талап етiледi. 


      2. Егер ерлi-зайыптылар отбасылық қатынастарды iс жүзiнде тоқтатып, бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса және екiншi жұбайының тұрғылықты жерi белгiсiз болса, бала асырап алу үшiн екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi. 

      86-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесiнiң


             аты және тегi

      1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты және тегi сақталады. 


      2. Бала асырап алушының өтiнiшi бойынша, егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмейтiн болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол ұсынған ат берiледi. Асырап алынған баланың әкесiнiң аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесi ретiнде сол әйел ұсынған адамның аты танылады. Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмдерi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi. 
      3. Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның өтiнiшi бойынша туу туралы кiтапқа асырап алынған бала шешесiнiң (әкесiнiң) тегi, аты мен әкесiнiң аты осы адамның (бала асырап алушының) көрсетуi бойынша жазылады. 
      4. Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды қоспағанда, он жасқа жеткен асырап алынған баланың тегi, аты мен әкесiнiң аты тек сол баланың келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн. 
      5. Асырап алынған баланың тегi, аты және әкесiнiң аты өзгертiлгенi туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi. 

      87-бап. Асырап алынған баланың туған күнi 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет