бұзғаны үшiн лауазымды адамдардың
жауапкершiлiгi
Лауазымды адамдар азаматтық хал актiлерiн тiркеуден негiзсiз бас тартқаны үшiн, халықтың табиғи қозғалысын есепке алу жөнiндегi мәлiметтердi белгiленген мерзiмде тапсырмағаны немесе терiс мәлiметтер тапсырғаны үшiн, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткенi үшiн (осы Заңның 91-бабы) заңда белгiленген тәртiппен жауап беруге тиiс.
171-бап. Азаматтардың некеге тұруға кедергi келтiретiн
мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал
актiлерiн жазатын органдарға жалған мәлiметтер
бергенi үшiн жауапкершiлiгi
Некеге тұруға кедергi келтiретiн мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарға жалған мәлiметтер бергенi үшiн азаматтар заңдарға сәйкес жауап бередi.
23-тарау. Тууды тiркеу
172-бап. Тууды тiркеу тәртiбi
1. Балалардың тууын тiркеудi азаматтық хал актiлерiн жазатын органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.
2. Туу туралы арызды ата-аналары немесе олардың бiреуi, ал ата-аналары қайтыс болған, науқастанған жағдайда немесе басқа да себептермен арыз беру мүмкiн болмаған ретте мүдделi адамдар немесе бала туған кезде шешесi жатқан емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi жазбаша немесе ауызша түрде бередi. Арызға емдеу мекемесiнiң анықтамасы, ал бала үйде туған жағдайда дәрiгердiң, басқа бiр медицина қызметкерiнiң немесе олар болмаған жағдайда кемiнде екi куәнiң арызы қоса берiледi. Азаматтық хал актiлерi жазылатын кiтаптарға ата-анасын,ата-анасының атын, әкесiнiң атын, тегiн, ұлтын жазу осы Заңның 49, 50, 55-баптарының 1-3-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын тiркеу (осы Заңның 61-бабы) жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
173-бап. Әкесi қайтыс болғаннан кейiн немесе неке
бұзылғаннан кейiн не неке заңсыз деп
танылғаннан кейiн туған балалардың
тууын тiркеу
Некеде тұрған кезде бойға бiткен және әкесi қайтыс болғаннан кейiн немесе неке бұзылғаннан кейiн не неке заңсыз деп танылғаннан кейiн туған баланың тууын тiркеу, егер әкесi қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен екi жүз жетпiс күннен аспаған болса, жалпы негiзде жүргiзiледi.
174-бап. Туу туралы арыз беру мерзiмдерi
Туу туралы арыз азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына бала туған күннен бастап екi айдан, ал бала өлi туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрмей жасалуға тиiс.
175-бап. Тауып алынған баланың туылғанын тiркеу тәртiбi
Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын тiркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесi әкiмшiлiгiнiң немесе iшкi iстер органдарының мәлiмдемесi бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрмей тiркелуге тиiс. Мәлiмдемеге бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетiп, iшкi iстер органы немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жасаған хаттама қоса тiркеледi.
Ескерту. 175-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
176-бап. Тууды салтанатты жағдайда тiркеу
Ата-аналардың тiлегi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы баланың тууын салтанатты жағдайда - азаматтық хал актiлерiн жазу органының үй-жайында, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн жазатын органдар мен жаңа туған баланың ата-аналарының келiсiмiмен өзге жерде тiркеудi Азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбiне сәйкес қамтамасыз етедi.
177-бап. Туу туралы жазбалар кiтабына енгiзiлетiн
мәлiметтер
1. Баланың туу туралы жазбалар кiтабына баланың туған уақыты, туған жерi, жынысы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, оған қойылған аты, тегi, әкесiнiң аты, сондай-ақ ата-аналарының аты, әкесiнiң аты, тегi олардың тұрақты тұратын жерi және ата-ананың тiлегi бойынша олардың ұлты жазылуға тиiс.
Жазылған жазбаға сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырып, тууы туралы куәлiк берiледi.
2. Бала өлi туған жағдайда туу туралы жазбалар кiтабындағы ерекше бағанада тиiстi белгi жасалады.
Ескерту. 177-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 12.01.2007. N 224 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
24-тарау. Әке болуды анықтауды тiркеу
178-бап. Әке болуды анықтауды тiркеу тәртiбi
1. Әке болуды анықтауды тiркеу осы Заңның 46-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда ата-ананың бiреуi тұратын жер бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында, ал осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда әке болуды анықтау туралы сот шешiмi шығарылған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында жүргiзiледi.
2. Кәмелетке толған адамдар жөнiнде әке болуды анықтауды тiркеуге олардың келiсiмiмен ғана жол берiледi.
179-бап. Әке болуды анықтау туралы куәлiк және
баланың тууы туралы жаңа куәлiк беру
Әке болуды анықтауды тiркеген кезде азаматтық хал актiлерiн жазу органдары әке болуды анықтау туралы актiлердi тiркеу кiтабына бала, оның анасы мен әкесi туралы мәлiметтердi жазады, әке болуды анықтау туралы куәлiк және баланың тууы туралы жаңа куәлiк бередi.
25-тарау. Некенi тiркеу
180-бап. Некенi тiркеу туралы арыз
Некесiн тiркегiсi келетiн адамдар арыз берушiнiң бiреуi тұратын жердегi не өздерiнiң ата-аналары тұратын жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз бередi.
181-бап. Некеге тұратын адамдардың арыздарын қабылдау
1. Некеге тұратын адамдар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;
2) белгiленген неке жасын кемiту қажет екенiн растайтын, осы Заңның 10-бабында аталған құжаттарды;
3) бұрынғы некелерi туралы мәлiметтердi;
4) балалары туралы мәлiметтердi көрсетуге мiндеттi.
2. Некеге тұратын адамдармен келiсе отырып, некенi тiркеу мерзiмi белгiленедi (осы Заңның 13-бабы).
182-бап. Некенi тiркеу тәртiбi
1. Некенi тiркеу азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында (бөлiмдерiнде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы:
1) некеге тұру ниетi туралы берiлген арыздарды жария етедi;
2) некелесушiлерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
3) некеге тұруға келiсетiнiн және жұбайлардың қалап алатын тектерiн анықтайды.
2. Неке қиюға кедергi жоқ болған жағдайда азаматтық хал актiлерi жазылатын кiтапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актiлерiн жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекiтедi.
Ескерту. 182-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
183-бап. Некенi салтанатты жағдайда тiркеу
Некенi тiркеу салтанатты жағдайда - азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының некенi салтанатты түрде тiркеуге арнайы белгiленген үй-жайларында, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн жазу органдары мен некеге отыратын адамдардың келiсуi бойынша өзге жерлерде де жүргiзiлуi мүмкiн.
184-бап. Неке туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке туралы жазба жасалғанға дейiн некенi тiркеу үшiн кедергiлер бар екендiгi туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушiден белгiленген мерзiмде тиiсiнше деректi айғақтар берудi талап етуге мiндеттi. Бұл мерзiм бiр айдан аспауы керек.
185-бап. Ерлi-зайыптыларға неке туралы куәлiк беру
Некенi тiркеу өткiзiлгеннен кейiн ерлi-зайыптыларға неке туралы куәлiк берiледi.
26-тарау. Некенiң бұзылуын тiркеу
186-бап. Сот шешiмi бойынша некенiң бұзылуын тiркеу
Некенiң тоқтатылуын соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде тiркеу (осы Заңның 22-бабы) сот шешiмi шығарылған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органында некенiң бұзылғаны туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi және сот шешiмi бойынша өндiрiп алынуға тиiстi соманың төленгенi туралы түбiршектiң негiзiнде жүргiзiледi.
187-бап. Некенiң бұзылуын ерлi-зайыптылардың
өзара келiсiмi бойынша тiркеу
1. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенiң бұзылуын тiркеу (осы Заңның 16-бабының 1-тармағы) ерлi- зайыптылардың екеуi немесе бiреуi тұратын жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына некенi бұзу туралы ерлi-зайыптылардың бiрлесiп берген арызы негiзiнде жүргiзiледi.
2. Некенiң бұзылуын ресiмдеу және некенiң бұзылғаны туралы куәлiктi ерлi-зайыптыларға беру олар өтiнiш берген күннен бастап бiр ай өткеннен кейiн жүргiзiледi.
188-бап. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз
немесе ұзақ мерзiмге бас бостандығынан айыруға
сотталған адаммен некенiң бұзылуын тiркеу
1. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған (осы Заңның 16-бабының 2-тармағы) адаммен некенiң бұзылуын тiркеудi екiншi жұбайдың арызы мен соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң немесе үкiмiнiң көшiрмесiн не шешiм яки үкiмнен алынған үзiндiнi көрсету негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу органы жүргiзедi.
2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы арыз түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкiне қорғаншыға хабарлама алынған күннен бастап он бес күн мерзiм белгiлей отырып хабарлауға мiндеттi, осы мерзiм iшiнде олар арыз бойынша өздерiнiң арасында дау бар екенi туралы хабарлауға құқылы.
189-бап. Некенiң бұзылуы туралы куәлiк беру
1. Некенiң бұзылуын тiркеу жасалғаннан кейiн тараптардың әрқайсысына олардың арызы бойынша некенi бұзылғаны туралы куәлiк берiледi.
2. Егер неке сот тәртiбiмен бұзылса, некенiң бұзылуы туралы куәлiкте некенiң бұзылуы туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгiзiлетiн күнi көрсетiлуге тиiс.
27-тарау. Бала асырап алуды тiркеу
190-бап. Бала асырап алуды тiркеу негiзi
Бала асырап алу соттың заңды күшiне енген бала асырап алу туралы шешiмi негiзiнде бала асырап алу азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында тiркеледi.
191-бап. Бала асырап алуды тiркеу орны
Бала асырап алуды тiркеу бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылған жерде жүргiзiледi.
192-бап. Бала асырап алу туралы куәлiк және
баланың тууы туралы жаңа куәлiк беру
Азаматтық хал актiлерiн жазу органдары бала асырап алу туралы куәлiк бередi. Асырап алынған баланың тегiн, атын және әкесiнiң атын өзгерткен жағдайда (осы Заңның 86-бабы), сондай-ақ туу туралы жазбалар кiтаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретiнде жазғанда (осы Заңның 88-бабы) туу туралы жаңа куәлiк берiледi.
193-бап. Бала асырап алу туралы жазбаны жою
1. Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшiн жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде жойылады.
2. Егер бала асырап алудың күшi олардың өтiнiшi бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтiнiштi баланың ата-анасы, егер оның талап етуi бойынша бала асырап алудың күшiн жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган бередi.
28-тарау. Атын, әкесiнiң атын және
тегiн өзгертудi тiркеу
194-бап. Атын, әкесiнiң атын және тегiн
өзгертудi тiркеу тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертуiне олар он алты жасқа толғаннан кейiн рұқсат берiледi. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi және оны тiркеудi арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi азаматтық хал актiлерiн жазу органдары жүргiзедi. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертуден бас тарту жөнiнде сотқа заңда белгiленген мерзiмде шағым жасалуы мүмкiн.
2. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы өтiнiштердi қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
29-тарау. Қайтыс болуды тiркеу
195-бап. Қайтыс болуды тiркеу тәртiбi
1. Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлдi деп жариялау туралы және өлу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмдерi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында тiркеледi.
2. Қайтыс болуды тiркеу өлген адамның тұрған жерiндегi немесе ол қайтыс болған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында жүргiзiледi.
3. Адамды өлдi деп жариялау туралы және өлу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмдерiн тiркеу шешiм шығарылған жерде жүргiзiледi.
196-бап. Қайтыс болуы туралы мәлiмдеме беру мерзiмi
Қайтыс болу туралы мәлiмдеме жетi тәулiктен кешiктiрмей, ал адам зорлықпен өлтiрiлсе, өзiн-өзi өлтiрсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ өлiк табылған жағдайда өлген немесе өлiк табылған кезден бес күннен кешiктiрмей берiлуге тиiс.
197-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеме беретiн
адамдар мен органдар
Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi өлген адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi немесе адам қайтыс болған жердегi мекеменiң әкiмшiлiгi немесе өлiктi тапқан iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша түрде жасайды.
198-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеменiң мазмұны
Қайтыс болу туралы мәлiмдемеде мәлiмдеушi өлген адам туралы мына мәлiметтердi: өлген адамның аты, әкесiнiң аты, тегi, туған жылы, соңғы тұрған жерi және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күнi, қайтыс болу себебi, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған адамның аты, әкесiнiң аты, тегi және тұрғылықты жерi көрсетiледi.
199-бап. Қайтыс болу фактiсiн куәландыру
1. Қайтыс болу фактiсi дәрiгердiң куәлiгiмен, ал оны беру мүмкiн болмаған жағдайда екi куәнiң айғағымен куәландырылады.
2. Өлiктiң табылғаны туралы мәлiмдемеге тиiстi мемлекеттiк органдар жасаған хаттама қоса тiркеледi.
7-бөлiм. Неке-отбасы заңдары нормаларының
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарға қолданылуы
200-бап. Қазақстан Республикасының аумағында неке қию
1. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың ережелерi, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттiң азаматы болса, сол мемлекеттiң заңдарымен, осы Заңның 9-11-баптарының неке қиюға кедергi болатын мән-жайлар жөнiндегi талаптарын сақтай отырып белгiленедi.
3. Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында некесiн қию ережелерi сол адамның тұрақты тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi.
201-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк
мекемелерiнде неке қию
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде қиылады.
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде шетелдiктер арасында қиылған некелер, егер бұл адамдар некелескен кезде Қазақстан Республикасындағы елшiсiн немесе консулын тағайындаған шет мемлекеттiң азаматтары болып табылса, екi жаққа бiрдей болу шартымен Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
202-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерде қиылған некенi тану
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттiң заңын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
203-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерде қиылған некенiң заңсыздығы
Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенiң заңсыздығы осы Заңның 200, 202- баптарына сәйкес неке қию кезiнде қолданылған заңдармен айқындалады.
204-бап. Некенiң бұзылуы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер арасындағы некенi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некенi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
205-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және
мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi
Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi аумағында екеуiнiң бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен, ал екеуiнiң бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда - аумағында екеуiнiң бiрге тұрған соңғы жерi болған мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бұрын бiрге тұрған жерi болмаған ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
206-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау
1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттiң заңдарымен айқындалады.
2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берiлсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне арыз беруге құқылы.
207-бап. Ата-аналардың және балалардың
құқықтары мен мiндеттерi
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөнiндегi мiндетi аумағында олардың бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Ата-аналар мен балалардың бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Талапкердiң талап етуi бойынша алименттiк мiндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттiң заңдары қолданылуы мүмкiн.
208-бап. Кәмелетке толған балалардың және басқа да
отбасы мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттiк мiндеттемелерi, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi аумағында олардың бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда мұндай мiндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi.
209-бап. Бала асырап алу
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның iшiнде бала асырап алудың күшiн жою осы заңның 76-78, 82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдiк болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкiлiнiң және бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмiн, сондай-ақ егер аталған мемлекеттiң заңдарына сәйкес талап етiлетiн болса, асырап алуға баланың да келiсiмiн алу қажет.
3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi орган жүргiзген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейiн баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың бiреуiнен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
4. Егер бала асырап алудың нәтижесiнде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күшi сот тәртiбiмен жойылуға тиiс.
5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдiктерге асырап алуға берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
6. Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады.
Ескерту. 209-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының
азаматтық хал актiлерiн тiркеу
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде, егер мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
211-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын
шет мемлекеттердiң құжаттарын тану
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң заңдары бойынша азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары берген құжаттар консулдық ресмилендiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
212-бап. Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының
Қазақстан Республикасында қолданылуы
Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
213-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгiленгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
29.11.2005
Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған
Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы
Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілсін (бұдан әрі - Стратегия).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) қабылданатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиясымен келісуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияға Стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметін Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Мемлекет басшысын жыл сайын 20 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етіп отырсын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы 29 қараша
№ 1677
Достарыңызбен бөлісу: |