Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы n 345 Заңы



бет4/11
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#16294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МАЗМҰНЫ
Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттiң қорғауында болады.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.

Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн аумақтық өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық актiде осы Заңда баяндалғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық актiнiң ережелерi қолданылады.

Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.
4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың қосылуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiң қаржыландыруына жол берiлмейдi.

Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.

Қоғамдық бiрлестiктер аппараттарының жалданып жұмыс iстейтiн қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.

Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.
5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.

Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар үлгiсiндегi қоғамдық бiрлестiктер құруға тыйым салынады.

Басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.

Азаматтардың денсаулығы мен адамгершiлік негiздерiне қастандық жасайтын қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ тiркелмеген қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.02.23. N 33 Заңымен.
6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi
Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актiлерi шеңберiнде жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi.

Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.
7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi
Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер республикалық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер аймақтық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.

Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының бiр облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер жатады.

Республикалық және аймақтық қоғамдық бiрлестiктер өз мәртебесiн растау үшiн тiркелген күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн осы бiрлестiктi тiркеген органға құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары)
Белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген қоғамдық бiрлестiктер, түрiне қарамастан, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттары мен жарғылары негiзiнде жаңа заңды тұлға жасай отырып, қоғамдық бiрлестiктер одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға) қатысушы болуға құқылы.

Қоғамдық бiрлестiктер, соның iшiнде халықаралық бiрлестiктер одақтарының (қауымдастықтарының) қызметi мен мемлекеттiк тiркелу тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.


9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi
Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) құрылып, жұмыс iстей алады.

Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бiрлестiктердiң жарғыларын басшылыққа алады.


2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату
10-бап. Қоғамдық бiрлестiктi құру
Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы қабылданып, басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемiнде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.

Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретiндегi құқық қабiлеттiлiгi ол Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кезiнен бастап пайда болады.


11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)
Қазақстан Республикасының азаматтары қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларымен оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.

Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және балалар бiрлестiктерi мүшелерiнiң жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерiмен) белгiленедi.

Мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережелерi мен тәртiбi қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларымен белгiленедi.

Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап әрекет етпеуге тиiс.


12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы
Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында мыналар көзделуге тиiс:

1) қоғамдық бiрлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;

2) қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу), мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережесi мен тәртiбi, мүшелердiң (қатысушылардың) құқықтары мен мiндеттерi;

3) қоғамдық бiрлестiктiң ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлiмшелердiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) құқықтық жағдайы және шегiнде өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ;

4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың құзыретi мен өкiлеттiк мерзiмдерi, қоғамдық бiрлестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн басшы органы орналасқан орын;

5) қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты мен өзге де мүлкiнiң қалыптастырылу көздерi, қоғамдық бiрлестiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару жөнiндегi құқықтары;

6) қоғамдық бiрлестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;

7) қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi, қоғамдық бiрлестiк таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры.

Жарғыда қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне қатысты, Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердiң көзделуi мүмкiн.

Жарғы қабылдау, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы - съездiң (конференцияның, жиналыстың) құзыретiне ғана жатады.


13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
Республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi, шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi.

Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бiрлестiктi құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi.

Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бiрлестiк қайта тiркелуге тиiс.

Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.03.23. N 39, 2001.12.24. N 276 Заңдарымен.
14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу
Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) есептiк тiркелуге тиiс.

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүргiзедi.

Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу аумақтық әдiлет органдарында жүргiзiледi.

Есептiк тiркеуден өту тәртiбi мен мерзiмдерi заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдармен реттеледi.


15-бап. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiндегi үзiлiс
Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiнде құрылтай құжаттарына сараптама жүргiзiлген, саяси партиялар мүшелерiнiң тiзiмдерi тексерiлген жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заң актiлерiнде көрсетiлген негiздер бойынша үзiлiс жасалады.
16-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
Қоғамдық бiрлестiктi, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден бас тарту заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

Тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.


17-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру оның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бiрлестiк органының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамдық бiрлестiктi тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.


18-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi
Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өз рәмiзi (жалауы, гимнi, эмблемасы, вымпелдерi, омырау белгiлерi) болуы мүмкiн.

Қоғамдық бiрлестiктердiң толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң, мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Peспубликасында тiркелген қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгін қайталамауға тиiс.

Қоғамдық бiрлестiк рәмiзінiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда бекiтiледi.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67 Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi
19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi
Қоғамдық бiрлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады.

Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

- өз қызметi туралы ақпарат таратуға;

- соттар мен басқада мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;

- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

- жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;

- баспа қызметiн жүзеге асыруға;

- халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;

- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.

Қоғамдық бiрлестiк:

- Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;

- өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;

- ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;

- тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеге енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi.


20-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi
Қоғамдық бiрлестiктер жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiндей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыра алады. Кәсiпкерлiк қызметтi қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.

Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысты қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшiн пайдаланылуға тиiс. Қоғамдық бiрлестiктердiң өз қаражатын қайрылымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
21-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi
Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер оның меншiгi болып табылады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған объектiлер қосылмайды.

Қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты, егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса, кiру жарналары мен мүшелiк жарналардан; ерiктi жарналар мен жиналған жылудан; жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотереялар өткiзуден түскен түсiмдерден; өндiрiстiк және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан; заң актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да түсiмдерден қалыптасады.

Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша олар жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.


4-тарау. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
22-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiп бойынша жауап беруге әкеп соқтырады.

Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн бұған кiнәлi заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары және қоғамдық бiрлестiктердiң басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауапты болады.


23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бiрлестiк өз жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттер шегiнен шығатын әрекеттерi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, iшкi iстер органдарының ұсынуы немесе азаматтардың арыздары негiзiндегi сот шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа бұқаралық шаралар өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Оның банк салымдарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығынның орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.

Егер қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты қызметi тоқтатыла тұратын болып белгiленген мерзiм iшiнде жойса, аталған мерзiм аяқталған соң қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды. Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ азаматтар сотқа оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.02.23. N 33 Заңымен.
5-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерi өздерiнiң жарғыларына сәйкес халықаралық байланыстар орнатып, тиiстi келiсiмдер жасасуы, дiни бiрлестiктерден басқа халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге ұжымдық мүшелер ретiнде кiруi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерi жалпы жұрт таныған принциптер мен халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар мен тиiстi мемлекеттердiң заңдары негiзiнде шет мемлекеттерде өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құра алады.


Қазақстан Республикасының

Президентi




Неке және отбасы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан N 321-I
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23

 Ескерту. Мәтiндегi сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. №13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепiлдiктерiн белгiлеп, реттейдi, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әлеуметтiк саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi.

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Неке-отбасы заңдары

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1) неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ 

2) жалған неке - отбасын құру ниетiнсiз заңда белгiленген тәртiппен жасалған және ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызбайтын неке; 

3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы; 

4) неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегi жасы; 

5) балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйi; 

6) мүлiктiң шарттық режимi - ерлi-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгiленген меншiгiнiң режимi; 

7) суррогат ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келiсiмiн берген әйелдiң арасындағы келiсiм; 

8) патронат - уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адамның (патронат тәрбиешiнiң) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берiлетiн тәрбие нысаны;

9) алименттер - алуға құқығы бар екiншi адамға бiр адам беруге мiндеттi болатын асырау қаражаты; 

10) отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерiнiң болуы немесе болмауы;

11) материалдық жағдай - жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшерi; мүлiктiң болуы; еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi; отбасының басқа мүшелерiнен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

12) азаматтық хал актiлерi - адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресiмделген мән-жайлар;

13) жақын туыстары - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

14) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған адам;

15) қорғаншылық (қамқоршылық) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;

16) репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабiлетiн көрсететiн денсаулығы;

17) суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және туу;

18) қорғаншы және қамқоршы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы.

 Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Неке-отбасы заңдарының негiздерi

      1. Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;

2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;

3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;

4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 

7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 

8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптерiне негiзделедi. 

3. Мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылған неке ғана танылады. 
      4. Некеге тұруы кезiнде және отбасылық қатынастарда әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық тiл және дiни белгiлерi бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудiң кез келген нысандарына тыйым салынады. 

Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негiзiнде және отбасы мүшелерi мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершiлiгiн, құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуi мүмкiн.

      3-бап. Неке-отбасы заңдарымен реттелетiн қатынастар

Неке-отбасы заңдары: 

1) некеге тұрудың, некенi тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртiбiн белгiлейдi; 

2) отбасы мүшелерiнiң: ерлi-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен мiндеттердi, мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке қатынастарды реттейдi; 


      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртiбiн айқындайды;

4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу және заңдарда белгiленген тәртiппен ақылы қызмет көрсету тәртiбiн реттейдi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет