Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы


-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#124597
1   2   3   4   5   6   7   8   9
17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері

1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг орналастырылған акциялардың жалпы санының кемінде он проценті мөлшерінде сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы.

Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:



банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;

мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.

3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.



Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.

Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:



1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;

2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

3) банкке акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және тіркеуші мен орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.

Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.

5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз процентінен аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.



Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.

5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған кезден бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.

6. Банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.

Банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.



Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.

 

18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi



1. Рейтинг агенттiктерi бірiнiң белгiлi бір рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2. алынып тасталды

19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiш

1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.

2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.

3. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:



а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;

б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;

б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;

б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

в) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды

г) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды

д) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды

е) жаңадан құрылатын банкінің егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;

ж) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды

з) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды

и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;

к) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды

л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат;

«Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы) бекітуi тиiс»;

4. Аудиторлық ұйымның есебi:

ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;

ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.

5. уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.

6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.



 

20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар



1. Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.

Банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.

1-1. Банк қаржы жылы аяқталған соң уәкілетті органға күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.

Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін төлеу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2. Мыналар:

1) жоғары білімі жоқ;

2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;

3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.



Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

Банктің еншілес ұйымының басқару органының немесе банк капиталына қомақты қатысатын ұйымның құрамына кіретін банктің атқарушы органы мүшелерінің саны, ұлттық басқару холдингі бас ұйым болып табылатын банктің атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, банктің еншілес ұйымының басқару органы немесе банк капиталына қомақты қатысатын ұйым мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін:



1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, банк басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;

2) банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;

3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.

Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана банк қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.



Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.



Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.



Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

6. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

7. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.

8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:

1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;

2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдану;

3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету;

4) алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болу негіздері бойынша қайтарып алады.

Банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болады.

Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

11. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы осы бапта банк басқармасының бірінші басшылары үшін белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бірінші басшы осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.

12. Басқару органдарының, атқарушы органның бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымдар мен банк холдингіне қомақты қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері ретінде танылады.

13. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының резиденттері емес банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар



Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.

 

22-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды



 

23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі

1. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бірақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.

2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.



3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.

 

24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту



1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:

а) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;

б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;

в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкінің жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;

г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;

г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;

уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;

д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;



д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;

е) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды

ж) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды

з) құрылатын банкінің бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:

алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;

банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;

банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;

банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.

2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.

 

25-бап. Банкіні мемлекеттік тiркеу



Банкіні мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келісілгендiгiн растайтын деректер.

Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бір ай iшiнде банкіні мемлекеттік тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.

 

26-бап. Банк операцияларын лицензиялау



1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.

Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.

Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.

Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;

 4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;

8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;

9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);

10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;



11) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс.

2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:



1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.

3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен беруге мiндеттi.

4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.

7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.

9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.

 

27-бап. Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері



Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:

1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;

1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамаған;

2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;

3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды

5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.

 

28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар



1. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды

2. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды



2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, әділет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн олар қайта тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, банк әдiлет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап банк күнтізбелік он төрт күн ішінде банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу



1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:



1) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;

2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;

3) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды

4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.

4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.

6. Банктің филиалдар ашуының, бірнеше мекен-жайлар бойынша орналасқан жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін:

1) банктің соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша залал шектірмеген қызметі;

2) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банктің пруденциалдық нормативтерді сақтауы;

3) уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б)-з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 168-2-бабының 2, 3, 5, 7 және 8 бөліктерінде және 356-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза түріндегі санкцияларды қолданбауы міндетті шарттар болып табылады.

4) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды

7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.

8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркелуді қажет ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:

1) филиал, өкілдік туралы ережеге енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;

2) филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.

Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттың көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалдың үй-жайының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын қорытынды мен актінің нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға қосымша табыс етеді.

8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.

9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.

10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.

11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:

1) Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдiгiн есептік тіркеу туралы анықтаманы;

2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;

4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;

5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

13. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабардар етуге міндетті.

Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органының Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.

15. Уәкілетті орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын және (немесе) өкілдігін және резиденті емес-банк өкілдігін жабуды талап етеді.

 

30-бап. Банк қызметі



1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.

2. Банк операцияларына:

1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

4) банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;

5) кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

6) 6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға беріледі;

7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;

9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

10) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды

11) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды

12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.

3. Банк операцияларына мыналар жатпайды:



1) Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;

2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын қаржылық қызметтен басқа, көрсетілетін қызметтер үшін төлеуге тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін берілуге тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағында тізбеленген банк операциялары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.

5. Банктерге осы бапта көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.

6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін жүргізуді банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай:



1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;

2) осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым лицензиясыз жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясы болғанда жүзеге асырады.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.

6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий, аталған заңды тұлғаларда уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аудару жүйесінің операторы жүзеге асырады.

Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізеді.

7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.

7-1. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.

8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

10. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банктерге және жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялар алуына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;

4) лизинг қызметін жүзеге асыру;

5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;

6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;

7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;

8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен - брокерлік;

2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;

3) кастодиандық;

4) трансфер-агенттік.

Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.

13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.



Бас банкі не тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банк холдингі не ірі қатысушысы - жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.

14. Осы баптың ережелері ислам банктерінің қызметіне осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген ислам банктері қызметіне қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

 

31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар



1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесi бекітуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер:

1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердің шектi сомалары мен мерзiмдерi;

2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шектi шамасы;

3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;

4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

5) банк операцияларын жүргiзуге арналған ставкалар мен тарифтер;

6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;

7) банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі;

8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;

9) ислам банкінің және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкінің банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер;

10) клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ереже;

11) банктің директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгізу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.

2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерді ислам банкінің директорлар кеңесі осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекітеді.

3. Банкінің iшкi ережелерi:

а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;

б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;

в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;

г) банкінің атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.

4. Банктердің кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапты болады.



Банк пен банкке клиенттерді тарту жөнінде, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөнінде, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.

 

32-бап. Банкінің банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндетi



1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.

2. Банкiлер клиенттiң бірiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесін беруге мiндеттi.

3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.

4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды



5. Ислам банктері клиенттерге осы Заңның 52-5-бабында көрсетілген банк операциялары ерекшеліктерін және солармен байланысты тәуекелдерді түсіндіруге міндетті.

 

33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты



1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.

34-бап. Банктік қарыз операциясы

1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдердi есепке алу, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығару шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде беруге жатады.

2. Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын оларды қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

4. Кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды.

5. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады.



6. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мынадай:

1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын, банктік қарыз шартында көзделген;

2) қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы өз міндеттемелерін бұзған;

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған;

4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы жоқ.

7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.

Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.

8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

9. Банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады.

10. Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалады және мыналарды:

1) жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын;

2) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне кредит беру шарттарын;

3) кредиттік комитеттiң ұйымдық құрылымын, функциясын және өкiлеттiгiн;

4) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;

5) кредит берудiң лимиттерін;

6) кредиттік шарттарды бекіту рәсiмiн;

7) кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін айқындайды.

11. Егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.

Қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.

12. Осы баптың 4, 5, 8 - 11-тармақтарында белгiленген нормалар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген ислам банктерiнiң операцияларына қолданылады.

13. Ислам банкінің банктiк қарыз және өзге де операцияларды жүргiзу ерекшелiктерi мен шектеулерi осы Заңның 4-1-тарауында белгiленедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет